Жаңа Қазақстандық патриотизм. Азаматтық қалыптасу мен жастарды патриоттык тәрбиелеу.
Мемлекеттік институттардың саяси даму – сапалық өзгерістерге негізделінген, ішкі және сыртқы факторлардың ықпалына тәуелді, эволюциялық сипаттағы көпқырлы және күрделі процесс. Саяси даму, бұл саяси жүйенiң негізгі институты мемлекеттің өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң дамуы және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуы.
Қазақстан егеменді мемлекет болып қалыптасу үшін саяси дамудың ұзақ жолынан өтті. Қазіргі әлемдегі мемлекеттердің даму қарқыны мен бағыты көп жағдайда стратегиялық бағытының дұрыстығы мен көлеміне тәуелді болып табылады. Еліміздегі саяси даму стратегиясының негізгі бағыттары «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму» стратегиясында (1992 ж.), «Қазақстан- 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасында (1997 ж.) және «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»стратегиялық бағдарламасында (2012 ж.) айқындалған.
Белгілісі, ұзақ мерзімге белгіленген саяси дамудағы стратегиялық міндеттерді шешуде кедергілер мен қиыншылықтар да кездесті. Дегенмен, Президент Н.Ә. Назарбаевтың ұстанған саяси стратегиялық бағытының тиімділігі нәтижесінде Қазақстанның саяси жүйесі даму жолына түсіп, халықаралық қауымдастықтың оң бағасына ие болды. Бұл жөнінде Н.Ә. Назарбаев «Мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудың дұрыс стратегиясын таңдап алудың өміршең мәні бар. Екшеле талданып жасалған стратегиялық жоспар назарды жинақтайды, тәртіпке жұмылдырады және жәрдемдеседі» – деп атап көрсеткен болатын.
Қоғамдық-саяси тұрақтылық уақыт бойынша тұрақты және өзгеріссіз болмайды. Бұл объективті және субъективті факторлар ықпал ететін қолдан жасалған процесс. Қазақстанның 22 жылдан аса әлеуметтік күйзеліссіз және этноконфессиялық шиеленіссіз болуы – бұл сөзсіз ел Президенті Н.Ә. Назарбаев пен оның командасының зор еңбегінің, өздерінің саяси шешімдерінде саясатта маңызы зор саяси көрегендік қабілеттеріне ғана емес, сондай-ақ саяси дамудың болжамдық нұсқаларын құрастыру мен жағымды және жағымсыз сәттерді қатал есептеуге негізделген салауатты прагматизмге де сүйенулері болып табылады.
Н.Ә. Назарбаевтың: «Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз, асқақ армансыз өмір сүретін адамдар ұсақ, тоғышарлық мүдде, жеке бастың бір сәттік материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтіп, соның салдарынан қоғамдық азғындау басталады. Бүгінде біздің қоғамымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге әркімнің сенімді болуына мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын да нақты тұжырымдамасы, міне сондықтан да қажет» – деген сөзі бұл істің қаншалықты жауапты және аса күрделі екендігін көрсетеді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ЖолдауыҚазақстан-2050» Стратегиясын әрі қарай тарата түсетін Жолдау болып табылады
Н.Ә. Назарбаев елімізде алдымен экономика содан соң саясат деген принципті ұстану міндетін ұсынды, дегенмен, қоғам өмірінің барлық саласында жүргізілетін реформалар тиімділігі саяси тұрақтылық пен демократиялық қағидалардың қоғам өмірінің барлық саласы мен саяси санаға саяси құндылық ретінде енуіне тәуелді. Мәселен, Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа елдің іргесін қалау міндеттін үш бірдей жаңғырту негізінде шешілді деп атап көрсетілген болатын, олар:
· мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау;
· әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау;
· қоғамдық сананы қайта өзгерту
Қазақстанда саяси тұрақтылықтың сақталынуы, бұл мемлекеттіміздің даму кезеңдерінде саяси реформаларға басымдық мән беруінің нәтижесі деп санаймыз. Қазақстан-2050 Стратегиясында қалыпасқан мемлекеттің жетістіктері атап көрсетілді, олар мыналар:
1. Қуатты да табысты мемлекет;
2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі;
3. Түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен татулығы;
4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз;
5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен әлеуметтік саясат;
6. Әлемдік қауымдастық таныған ел;
7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев бұл жетістіктеріміз қазақстандық дамудың үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс деп атап көрсетті.
Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, ол үшін мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру міндеті ұсынылды. Мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастырудың негізгі саяси бағыты мыналар:
8. Мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу;
9. Басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізу,
10. Кәсіпқой мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;
11. Мемлекеттік аппарат пен бизнес- қауымдастықтың жаңа өзара іс-қимыл
жүйесін құру;
12. Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс;
13. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс;
14. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасы негізінде ұсынған ұзақмерзімді басымдылықтың жетіншісі – мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру, мына міндеттерді ұсынды:
1. Адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі, жоғары құқықтық мәдениет ахуалын қалыптастыру;
2. Мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдерін қалыптастыру;
3. Сот жүйесі ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс;
4. Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуі;
5. Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру;
6. Жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру .
«Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміздің мемлекеттік институттарының саяси дамуына, мемлекеттің өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң жетілуіне және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуына алып келеді. Еліміздегі саяси жаңғыртудың мақсаты мемлекеттік институттар және ашық түрдегi саяси билік арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады.
Американдық ғалым Г. Алмонд саяси даму саяси жүйенің тұрақтылықты қолданып қоғамды жаңғыртуды жүзеге асыруға қабілеттілігі, ал екінші жағынан, элементтердің өзара байланысының жиынтығы деп сипаттаған болатын. Демек, қоғамдағы саяси даму бүкіл қоғам өмірінің барлық саласындағы сапалық өзгерістерге тәуелді болады. Мұнда шешуші рөлді мемлекеттік институттардың дамуы мен сапалық өзгерістері атқарады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы мемлекеттің болашақ даму міндеттері мен саяси бағытын айқындайтын кешендік және жүйелілік сипатқа ие тарихи құнды құжат. Қоғамдық-саяси тұрақтылық уақыт бойынша тұрақты және өзгеріссіз болмайды. Бұл объективті және субъективті факторлар ықпал ететін қолдан жасалған процесс. Қазақстанның 22 жылдан аса әлеуметтік күйзеліссіз және этноконфессиялық шиеленіссіз болуы – бұл сөзсіз ел Президенті Н.Ә. Назарбаев пен оның командасының зор еңбегінің, өздерінің саяси шешімдерінде саясатта маңызы зор саяси көрегендік қабілеттеріне ғана емес, сондай-ақ саяси дамудың болжамдық нұсқаларын құрастыру мен жағымды және жағымсыз сәттерді қатал есептеуге негізделген салауатты прагматизмге де сүйенулері болып табылады.