Тақырып 18. ҚазаҚстан республикасындаҒы денсаулыҚ саҚтаудыҢ дамуы мен реформалаудаҒы басымдылыҚтары

Мақсаты: Студенттер Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі жаңаруының негізгі бағыттарын білуі қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің 13 қыркүйек 2004 ж. № 1438 Жарлығымен 2005-2010 жж. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың дамуы және реформалау атты Мемлекеттік бағдарлама бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты: Халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған алғашқы медициналық санитарлық көмекті дамыту жолдарын жаңадан ойлап табу, адам мен мемлекет арасында денсаулық сақтауда ынтымақтас жауапкершілік ұстанымдары негізінде медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

1. Адам мен мемлекет арасында денсаулық сақтауда жауапкершілікті бөлу;

2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ауыр түрлерін орталыққа тасымалдау арқылы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың халық аралық ұстанымдарына өту;

3.Денсаулық сақтауды басқарудың жаңа үлгілерін және жүйенің ақпараттық бірегей саласын құру;

4. Ана мен баланың денсаулығын нығайту, медициналық-демографиялық жағдайды жақсарту;

5. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың деңгейін тұрақты төмендету.

6. Медициналық білімді реформалау.

Бағдарламаның іске асуындағы нәтижелер:

- мемлекет, сала және халық қажеттіліктерін қанағаттандыратын денсаулық сақтаудың оңтайлы үлгісі құрылады;

- денсаулық сақтау қызметімен қамтамасыз ету деңгейін жоғарлату және адамдардың өз денсаулықтарын сақтауға жұмылдырылатын болады;

- медициналық көмекке азаматтардың тең құқылы қол жетімділігі қамтамасыз етіледі және денсаулық сақтауда азаматтар мен мемлекеттің ынтымақтас жауапкершілігінің ұстанымдары іске асырылады;

- алдын алу, сауықтыру шараларының көлемі ұлғаяды, ауруларды диспансерлік тіркеуге алудың сапасы мен тиімділігі жоғарлайды, АМСК деңгейінде кепілді тегін медицаналық көмек көлемінің кеңейтілуі есебінен тұрақты және уақытша еңбекке жарамсыздық деңгейі төмендейді;

- алдын алу шараларын жүргізу есебінен халық аурушылдығы төмендейді, денсаулық жағдайына қауіпті факторлардың әсері туралы ақпарат беру деңгейінің жоғарлауынан госпитализациялаудың бірінші кезеңінде - 10-15 %, ал екінші кезеңінде - 25-30 % кезеңденіп төмендеуіне алып келеді;

- алғашқы медициналық санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде көмек көрсетілу деңгейінің кеңейтілуінен жедел медициналық көмек көрсету сапасы жоғарлайды және шақыртулар саны азаяды;

- 2010 жылы АМСК ұйымдары білімді дәрігерлермен және орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар нормативтерге сәйкес қондарғылармен жабдықталады;

- стационар алмастырушы технологияны тиімді қолданудан, стационарлық сектордан амбулаторияға бөлім көлемін бөлу негізінде медициналық көмектегі үйлесімсіздіктер шектеледі;

- медициналық қызмет сапасын басқарудың тиімді жүйесін енгізіледі;

- медициналық қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастық, тиімділік және қол жетімділік көлемі ұлғаяды;

- қаржыландыру жүйесі жетіледі, кепілді көлемдегі тегін медициналық көмекті қаржыландырудағы жеткіліксіздік жойылады, сала субъектілері арасындағы өзара есептесу механизмі енгізіледі;

- денсаулық сақтау саласында халыққа мемлекеттік бюджеттік заттарды тиімді қолдануды жоғарлату, осыған орай бейресми төлемдер көлемі төмендейді;

- денсаулық сақтаудың бірегей ақпараттық жүйесі құрылады;

- балалар мен репродуктивтік жастағы әйелдердің денсаулық индексін жоғарлату, сәбилер мен әйелдер өлім көрсеткішін тұрақты төмендету, 2010 жылға әйелдер өлім көрсеткішін 42,1 % төмендету, 2003 жылға 100 мың тірі туылғандарға 30,0 % дейін және сәбилер өлім көрсеткішін 1000 тірі туылғандар санына 15,3 % тен 10,0% дейін төмендету (есептеу әдістемесі бойынша);

- әлеуметтік маңызы бар аурулар жағдайын тұрақтандырылады, жұқпалы және жұқпалы емес аурулар деңгейі төмендейді;

- туберкулез ауруын 2003 жылы 160,4 тен 2007 жылға 150,0 дейін, 2010 жылы 100 мың халық санына 135,0 дейін төмендетіледі;

- жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы ауруларды жыл сайын 10% дейін төмендейді;

- дәрі-дәрмектік заттар бойынша мемлекеттік реттеудің тиімділігі жоғарлайды;

- отандық бәсекеге қабілетті фармацевтикалық және медициналық өнімдер өндірісінің көлемі жоғарлайды;

- емдеудің халықаралық стандарттары мен заманауи диагностикалау әдістері енгізіледі;

- санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың халықаралық стандарттары мен мемлекеттік жүйе құжаттары үйлесімді болады;

- медициналық білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жақсарады, медициналық мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы жетілдіріледі және медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледждерде оқу талаптары жоғарлайды. Мемлекеттің тапсырыс бойынша медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледждерге қабылдау санын жоғарлатудан саланы мамандармен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі;

- медициналық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау сапасы жоғарлайды, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің қоғамдағы әлеуметтік мәртебесі жоғарлатылып, олардың жауапкершілігі артады және құқығы кеңейтіледі;

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 21 қаңтардағы № 1260 Қаулысымен «2008-2016 жылдарында салауатты өмір салты» атты мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Бағдарламаның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жүйесі негізінде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын жоғарлатып, сауықтыру.

Бағдарламаның міндеттері:

1) салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын жетілдіру;

2) салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұрақты және үздіксіз, бірегей кешенді жүйесін құру;

3) салауатты өмір салтын қалыптасыруда барлық Қазақстандық бірлестіктерді қызықтыру арқылы сектор аралық өзара әрекеттестікті күшейту;

4) денсаулықты сақтаумен нығайтуға қолайлы жағдай жасау; барлық Қазақстандықтардың «денсаулық мүмкіндігін» дамыту және толығымен іске асыруда салауатты өмір салтының қалыптасуына көмектесу;

5)салауатты өмір салтының дағдыларына оқыту;

6) салауатты қоғам парадигмасын енгізу және денсаулықты сақтауға қатысты түсініктерді қалыптастыру.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А. Политика охраны здоровья населения в Казахстане: опыт разработки, реализации национальных программ здравоохранения и перспективы на 2010-2015 годы. – Астана, 2006. – 243 с.

2. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: Концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001. – 100 с.

3. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 с.

4. Девятко В.Н., Куралбаев Б.С., Захаров И.С., Исаев Д.С., Чен А.Н. Ключевые аспекты развития региональных программ общественного здравоохранения. – Алматы, 2004. – 342 с.

5. 2005-2010 жж. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың дамуы және реформалау атты Мемлекеттік бағдарлама.

Бақылау сұрақтары:

1. 2005-2010 жж. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың дамуы және реформалау атты Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты.

2. 2005-2010 жж. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың дамуы және реформалау атты Мемлекеттік бағдарламаның міндеттері.

3. АМСК деңгейінде жетілдірудің негізгі бағыттары.

4. Ана мен баланы қорғау аясында жетілдірудің негізгі бағыттары.

5. Медициналық білім беру жүйесін жетілдірудің негузгі бағыттары.

Наши рекомендации