АҚш-тың өндірістік инфрақұрылымы
АҚШ экспортының маңызды түрлері | Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардағы АҚШ ұстанымы |
Әуе және ғарыш аппараттары | Төраға және хатшылық, ISO/TC 20 «Әуе және ғарыш аппараттары» техникалық комитеті |
Электронды жабдық | IEC/TC 47 «Жартылай өткізгіш аспаптар» техникалық комитетінің Төрағасы |
Қаржылық қызмет көрсетулер | Төраға және хатшылық, ISO/TC 68 «Банк ісі» техникалық комитеті |
Ақпараттық-технологиялық қызмет көрсетулер | Төраға және хатшылық, ISO/IEC JTC1 «Ақпараттық технологиялар» бірлескен техникалық комитеті |
Машина жасау | Төраға және хатшылық, ISO/TC 11 «Қысыммен жұмыс жасайтын от қазандықтары мен ыдыстар» және ISO/TC 192 «Газ турбиналары» техникалық комитеті |
Пластмассалар | Төраға және хатшылық, ISO/TC 61 «Пластмассалар» техникалық комитеті |
Мұнай өндірісі
АҚШ-тағы мұнай өндірісі 1995 жылдың мамыр айынан бастап максималды деңгейге жетті
2012 жылдың қазан айының басына АҚШ-тағы мұнай өндірісінің көлемі күніне 6,548 млн баррель болды.Соңғы рет осындай көлемдегі өндіру 17 жыл бұрын болды, 1995 жылдың мамыр айы, бұл туралы мемлекеттің энергетика Министрлігі хабарлайды.
Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда мұнай өндірісі АҚШ-та 12,2 пайызға қымбаттады.Соның ішінде 48 штатпен бірге АҚШ-тың континенталды бөлігінде , Гавайи мен Аляскадан басқа , өндіріс күніне 6,055 млн баррельді құрады, бұл өткен периодқа қарағанда 14 пайызға артық.
Сол уақытта АҚШ Энергетика Министрлігінің ақпараттарынан шығатыны, 2012 жылы Аляскада қазан айының басында өндіру күніне 543 мың баррельді құрады.Бұл өткен жылға қарағанда 6 пайызға артық.
Париждегі батыстық 28 елге энергия жеткізуді қамтамасыз етумен айналысатын үкіметаралық ұйым – халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) берген соңғы мәліметтер АҚШ-тағы дамудың әлемдегі энергетика нарығына қаншалықты әсер ететінін көрсетеді.
Аталмыш агенттіктің бақылауы бойынша, АҚШ 2017 жылға дейін қазір бірінші орындағы Ресей мен екінші орындағы Сауд Аравиясын артқа тастап, әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші елге айналмақ. Ұйым «АҚШ 2030 жылға дейін таза мұнай экспорттайтын елге, 2035 жылы өзін өзі энергиямен қамтамасыз ететін елге айналады» деп болжайды.
ӨЗГЕ ЕЛДЕРДІҢ ҚАУПІ
Соңғы бес жылда газ бен мұнай өндіру саласы АҚШ-тағы энергетика өндірісін қарқынды түрде дамытып барады.
Қазір АҚШ өзіне қажетті энергияның 20 пайызын сырттан тасиды. Лондондағы энергетика саласына арналған «Petroleum Argus» журналының редакторы Ричард Чайлдтың ойынша, АҚШ-тағы бұл өзгеріс әлемдік энергетика нарығына қатты ықпал етеді.
– АҚШ-та мұнай өнімдерін өңдеу өсіп жатқанымен, ол ел мұнайға деген сұранысын энергияны тиімді қолдану арқылы тежеп отыр. Негізінен олар бұл жобаны рұқсат етілген көліктердің жанар және жағармайларын тиімді қолдануды дамыту арқылы жүзеге асырып жатыр, – дейді ол.
Дәл қазір Еуропа Ресей мен Таяу Шығыс мұнайына қатты тәуелді, себебі жақын өңірдегі Батыс Африканың шикі мұнайын негізінен АҚШ сатып алып жатыр. Бірақ АҚШ Батыс Африка мұнайын импорттауды тоқтатқан кезде Еуропа ол өңірден көбірек мұнай сатып ала алады.
Бұл өзгерістер Еуропаның энергия көздерін көбейтуге септігін тигізгеннен бөлек, Ресей мен ОПЕК-ті Азия аймағынан жаңа нарық іздеуге мәжбүрлейді. ХЭА-ның болжамынша, 2035 жылға дейін Таяу Шығыстан келетін мұнайдың 90 пайызы Азияға қарай тасымалданады. Осы аймақта мұнайға деген сұранысы өсіп бара жатқан Қытай мен Үндістанға мұндағы мұнайдың 60 пайызы тасылады.
Лондондағы Чатхэм Хаус институтындағы энергетика саласы бойынша маманы Джон Митчелдің ойынша, «бұл жайт Азияның жыл сайын өсіп бара жатқан энергетикалық ашаршылығын тоқтатуға септеседі».
Көлік саласы
Монополияға қарсы бағытталған заңдар бәсекелестікті өсіруге үмтылса, реттеудің басқа түрлері теріс нәтиже берулері мүмкін. 1970-ші жылдары американдықтар арасында инфляцияға байланысты алаңдаушылық туып, баға бәсекелестігін шектейтін реттеу әрекеттері жаңадан қарастырылды. Сондықтан да, кәсіпорындар бақылау арқылы нарықтық күштердің ортасында қыспақта қалған көптеген жағдайларда үкімет реттеу тетіктерін азайтуға шешім қабылдады. Дерегуляция ең алдымен көлік-қатынас саласына енгізілді. Президент Джимми Картер билік жүргізген тұста (1977-1981) Конгресс авиация, жүк тасымалдау, автокөлік және темір жол қатынасындағы мемлекеттік бақылауды азайтатын заңдар қабылдады. Тасымалдау саласындағы компанияларға ауада, жолда және темір жолда өз еркімен бағдар таңдап бәсекелесуге толық мүмкіндік жасалды, сондай-ақ оларға бағаны еркін түрде анықтайтын таңдау құқығы берілді. Дерегуляңияның әсерін нақты анықтау қиын болғанымен, ол септігін тигізген салалардың күрт дамуын аңғаруға әбден болатын еді. Авиация саласын қарастырып өтелік. Үкімет бүл саланы реттеуден бас тартқаннан кейін авиакомпаниялар жаңа белгісіз ортаға өздерінше бейімделуге жанталаса тырысты. Жаңадан пайда болған бәсекелес компаниялар үшқыштар мен жүмысшыларға жалақыны аз төлеп, соған сәйкес қызметтің арзан және қарапайым түрлерін халыққа ұсынды. Үкімет тарапынан қойылатын және өз шығындарын толықтай ақтайтын тарифтерге үйреніп қалған ірі авиакомпаниялар, бәсекелестікті жаңа жағдайда қатты сезінді. Жалақысының өзгеруі екіталай қабылданды, кейбір клиенттер оған өз наразылығын білдірді. Монополиялар мен реттелетін компаниялар бағаларды өздерінің пайдасына қарай қойып әр жеке қызметтің пайда түсіретінін, түсірмейтінін көп қарастырған жоқ. Авиакомпаниялар үкімет тарапынан реттеліп тұрған кезде астанаға, мемлекет ішінде және алыс бағыттарға қатынайтын маршруттардың бағасы шынайы бағаларынан жоғары қойылған еді, ал қымбаттау жақын бағыттар мен халық саны аз аймақтарға жету жол ақысы өзіндік қызмет көрсету қүнынан төмен болатын. Мем- лекеттік бақылау алынып тасталғаннан кейін бүл тәртіп өз күшін жойды, себебі шағын бәсекелестер бұрыннан бері бағасы жасанды жоғары ұсталған үлкен маршруттарды жеңіп алып, пайда түсіретінін үғынды. Сондықтан да бұл талаптарды орындау үшін авиакомпа- ниялар жолақысын қысқартумен қатар пайда аз түсіретін маршруттар бағасын азайтыл, соған сәйкес қызмет көрсету түрлерін де кемітті. Өте ірі тасымалдаушылар бөлімдері тарапынан осы қызмет көрсетудің кейбір түрлері кейіннен жаңа күнделікті авиа жолдар ретінде қайта қалпына келтірілді. Осындай жұмыстардың арқасында «қала сыртында тұратын» түрғындардың әуе қатынасы қалпына келтірілді. Аталмыш бағыттарда шағын авиакомпаниялардың қызмет көрсету деңгейі реактивті үшақтардың орнына ескі аэропландарды қолданғандығына байланысты едәуір төмен болғаны, сүранымдарын өткере отырып өз жұмысын тоқтатпай жүргізе берді. Тасымалдау саласындағы компаниялар мемлекеттік бақылаудың алынып тасталуына алғашында қарсы болды, бірақ кейіннен олар мұны оң қабылдап, қолдауға да мәжбүр болды. Түтынушылар үшін бәрі сапырылысып кеткендей болды. Дерегуляңияның алғашқы кезеңдерінде пайда болған шағын авиакомпаниялар жоғалып кетіп, кейбір нарықтық бәсекеде компаниялардың бірігуіне байланысты бәсекелестік төмендей түсті. Дегенмен, сарапшылар реттеу кезеңдеріне қарағанда билет қүнының арзандағайын жалпы мойындал отыр. Әуе кемелер- імен саяхат жасау жылдам дамуда. Мысалы, дерегуляция басталған 1978 жылы жолаушылар АҚШ әуе кемелерімен 226 800 миллион мильді (362 800 миллион километр) ұшып етсе, 1997 жылы бүл көрсеткіш үш есе артып, 605 400 миллион мильге (968 640 миллион километр) дейін жетті.
Телекомуникациялар
1980-ші жылдарға дейін АҚШ-та телефон компаниясы деген термин Американың телефон және телеграф компаниясының синонимі болды. АТ&Т телефон бизнесінің барлық аспектілерін өз бақылауында ұстады. Оның аймақтық бөлімшелері ВаЪу деген атпен белгілі реттелген монополиялар келісілген аймақтарда айрықша құқыққа ие еді. Федералдық байланыс комиссиясы штаттар арасындағы байланыс бағаларын реттесе, ал штаттық реттеу бөлімдер жергілікті және штаттың ішіндегі байланыстың бағаларын мақүлдауға тиісті болды. Үкіметтің бұл саланы реттеуі телефондық компаниялар электр-энергия көздері секілді табиғи монополия екен деген теорияға негізделді. Ал бәсекелестікті тудыру үшін қосымша кабельді сым тарту қажеттігі шығынды және пайдасыз деп есептелінді. Бұл көзқарас 1970-ші жылдардың басында күрт технологиялық дамудың жылдам табыс әкелуіне байланысты өзгерді. Тәуелсіз компаниялар өздерінің АТ&Т компанияға бә- секелес бола алатындығын сезінді. Бірақ олардың пікірінше телефондық монополиялар өздерінің көлемді желілеріне өзгелерді жолатпау арқылы бәсекелестікті бөгел отыр. Телекоммуникаңиядағы реттеулі жою екі көлемді кезеңге созылды. 1984 жылы сот АТ&Т-дің телефон монополиясын ыдыратыл, аймақтық бөлімшелерден бас тартуын талап етті
Жаңа технологиялар, атап айтқанда, кабельді теледидар, телефонды үялы байланыс, интернет, жергілікті телефондық компанияларға балама бола алады. Бірақ экономистердің пікірінше, аймақтық монополиялардың күш-қуаты байланыстың балама түрлерінің дамуына үлкен кедергілер келтірді. Атап айтқанда, бәсекелестер монополист желісіне ең болмаса уақытша қосылмаса мүлдем дамымай қалулары мүмкін. Мұндай бірлесіп, жұмыс істеу формасына ВаЪу әртүрлі сылтаумен кедергі етті. 1996 жылы Конгресс жаңа Телекоммуникациялар жөнін- дегі заң қабылдап, бұл мәселеге жауап берді. Заң бойынша АТ&Т секілді халықаралық байланыс компанияларына, кабельді теледидарға және басқа да істерін жаңа бастап келе жатқан компанияларға жергілікті телефондық бизнеске кірісе бастауға рұқсат берілді. Бұл шындығында бәсекелестердің аймақтық монополиялардың желісіне қосылуын талап етті. Аймақтық компанияларға бәсекелестікті қолдату үшін заң өз иелігінде бәсекелестік басталған мезгілде оларға халықаралық байланыс бизнесіне кіруге рұқсат берді. 1990-шы жылдардың аяғында аталмыш жаңа заңның әсерін қорытындылау әлі ерте болар. Алайда, бірқатар оң өзгерістер орын алды. Көптеген шағын телефон компаниялары жергілікті, әсіресе түтынушылардың саны көп қалаларда, қызмет түрлерін арзан бағаға үсынып, соның есебінен клиенттер қатарын көбейте алды. Үелы телефон абоненттерінің саны күрт өсіп жатты. Көптеген жаңадан ашылған интернет компаниялар отбасыларды интернетке қосу қызмет түрін ұсынды. Бірақ Конгресс күтпеген және қаламаған жайттар да орын алып жатты. Көптеген телефон компаниялары бірігіп, ал ВаЪу болса бәсекелестікті болдырмау үшін әртүрлі кедерг- ілерді қойды. Аймақтық фирмалар, өз ретінде, жұмыс істеу ауқымын халықаралық деңгейге ұлғайтуға асықпады. Дегенмен де, кейбір түтынушылар үшін әсіресе, бұрыннан бері қалайық және бизнес клиенттері есебінен субсидияландырылған ауылдық жердегі және тұрғын үйдегі байланысты пайдаланатындарға дерегуляция бағаның арзандауын емес, керісінше көтерілуін әкелді.