Президент өкілеттілігі

Басқару нысанының алғашқы сатысы— бұл президенттік басқарудан тұрады. Қазақстан Республикасыпрезиденті— мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Сондай-ақ, республика президенті халықпен мемлекеттік билік бірлігінің, конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтарымен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Республика президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президентті конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайлайды. Республика президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын , 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі республикада соңғы 15-жыл бойы тұратын , республика азаматы ғана президент болып сайлана алады.

Жалпы президенттің конституциялық құқықтары мен бостандықтары және міндеттері осы конституцияның «Президент» деген ІІІ- бөлімінде толық баяндалған.

Келесі басқару нысанының бір түрі—бұл парламент. Қазақстан Республикасы парламенті— Республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан тұрады.Олар: мәжіліс және сенат.

Мәжіліс— Республиканың әкімшілік аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын, сайлаушылардың саны тең, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 107 депутаттардан тұрады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл. Мәжілістің 98 депутатын тең және төте сайлау құқығы кезінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде 2 ай бұрын өткізіледі. Жасы 25-ке толған адам мәжіліс депутаты бола алады. Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі мәжілісте, ал содан кейін сенатта қаралады. Мәжілістің қарауына мыналар жатады:

1. Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;

2. Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика президентіне Кеспублика премьер- министрін тағайындауға келісім беру.

3. Республика президентінің кезекті сайлауын хабарлау.

4. Конституциямен парламент мәжілісіне жүктелген өзге де өкілдіктерді жүзеге асыру (Үкіметке сенімсіздік білдіруге қақылы және т.б.)

Сенат— әр облыстан, Республикалық маңызы бар қаладан және Қ.Р. астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан тұрады. Сенатта қоғамның ұлььық мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, сенаттың 15 депутатын Республика президенті тағайындайды. Сенат депутаттарының жалпы саны 47. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 6 жыл. Сайланған сенат депутаттарының жартысы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сенат депутаты 30 жасқа толған, жоғары білімі бар, Республика астанасының аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азамат болуы керек. Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

1. Қ.Р. Президентінің ұсынуымен Республиканың жоғарғы сотының төрағасын және жоғарғы сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау.

2. Республика Президентінің Республика ұлттық банкінің төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру.

3. Республиканың Бас прокурорын, жоғарғы соттың төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру.

4. Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты ол уақытша болмаған кезеңде Республика парламентінің конституциялық заңдары мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау.

5. Конституциямен Парламент сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Наши рекомендации