Туристтік өнім түсінігі.
Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар.
Туризм — туристтердің қажеттілігін материалдық және материалдық емес түрде қанағаттандырушы экономиканың өндірістік емес сферасы. Туризм өнімі — бұл өзінде транспорттық, қонақ үй шаруашылығы, сауда, экскурсиялық, спорттық, комуникабельді, сауықтыру қызметтерін біріктіруші қызметтер жыйынтығы болып табылады.
Мамандар туризмнің дамуы тікелей елдің экономикасының және әлеуметінің дамуына тәуелді деген қорытындыға келді. Жақсылап зейін қойып қарасақ, туризм саласының дамуына әсер етуші бірнеше факторларды бөліп қарастыруға болады.
1. Саяси факторлар. Мемлекеттегі тұрақты саяси жағдай- туризмнің дамуының алғышарттарының ең бастысы деп айтса болады. Сонымен қатар, туризмнің дамуына осы мемлекеттің басқа мемлекеттермен орнатқан байланыстары мен қатынастарыда әсер етеді.
2.Экономикалық фактор. Дамыған елдердегі өмірдің жоғары деңгейі сол ел азаматтарына туристік саяхаттарға көп қаржы бөлуге мүмкіндік береді.
Туризмге сыртқы экономикалық іс-шаралар, әлем экономикасындағы интеграциялық және жаһандану үрдістері қатты әсер етеді. Осындай үрдістер аймақтың іскерлік белсенділігіне әкеледі, соған сәйкес бизнес туризмнің дамуына әкеледі.
3.Әлеуметтік-демократиялық фактор. Туризмнің дамуына халық санының өсуі әсерін тигізеді, әсіресе қалалық жерде. Қаладағы өмір ағыны ауылдағыдан қарағанда өте бетесті болып келеді. Осыған байланысты қалалық тұрғындар үшін туризм жан-дүние тепе-теңдігін әкелуі мүмкін.
4. Мәдени фактор. Бұл факторға адамдардың басқа елдің мәдениетінғ тарихын, өмірін зерттеу кезінде пайда болатын мәдени, білім, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруды жатқызамыз.
Ғылыми-техникалық прогресс. Қазір ғылыми-техникалық прогрестің арқасында жоғарғы екпінмен алыс арақашықтықты аз уақытта жүріп өту; қызмет көрсету деңгейінің жоғарылауын байқаймыз. Транспорттарда туристтердің жайлылығы үшін жағдайлар жасалуда.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның ілгері дамуын назардан тыс қалдыруға ьолмайды. Дамыған технологиялардың арқасында турист туристік өнімді онлайн түрде сатып ала алады, әртүрлі тарифтерді ала алады. Алдағы дамуды жаңа технологиялардың көмегінсіз елестету мүмкін емес.
Туризмнің дамуы бұқаралық-ақпараттың құралдар дамуымен тығыз байланысты. Аумақтың ақпаратпен қамтамасыз етілуі адамдардың кай жерге барып демалуға болатындығы туралы ақпараттандырады және туристтер санын көбейтеді. Бұқаралық-ақпараттық құралдар нақты бір жердің туризмі емес, жалпы туризмді жарнамалауға көмектеседі.
Жалпы әлемде туризм жақын он жылдықта елдің ең жұмыс орны көп қайнар көз болып қала береді. Зерттеушілер үрдісті жалғастырып, туристік өнімді әртүрлі қажеттіліктерге байланысты бөлуді жоспарлайды.
Туристтік өнім түсінігі.
Туристік өнім – тұтынушылар сұранысымен анықталатын туристік қызмет көрсету түріндегі қоғамдық еңбек түрі. Туристік өнім түрі ретінде барлық туристік қызмет түрелерін алуға болады.
Туристік өнім – саяхат барысында туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы
Туризмдегі жетістіктердің нәтижесі туристтік өнімге байланысты болады. Негізінен туристтік өнім-барлық қызметтер, туристтердің талғамын ақылы түрде орындалатын қосымша қызметтер болып келеді.Мұндай қызметтерге қонақ үй, транспорттық, экскурсиялық, аудармашылар және т.б. қосымша қызметтер жатады.
Туристтік өнім негізінен үлкен және кішкентай түрде қарастырылады. Кішкентай түрде- бұл нақты туристтік индубетия ( мысалы, қонақ үй өнімі,туроператор өнімі,транспорттық және т.б.)Үлкен түрі- бұл тауарлардың кешені және қызметі, турды ұйымдастырушы.
туристік өнім - саяхат барысында туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы;
Туристтік өнімнің өзіне тән ерекшеліктері:
1. Туристтік өнім- қызмет көрсету мен тауарлар кешені
2. Туристтік өнімге деген сұраныс баға мен түсімге сәйкес болады, көбінде саяси және әлеуметтік жағдайларға байланысты болады.
3. Ереже бойынша, турист туристтік өнімді қолданбай туристік өнімді біле алмайды.
4. Туристтік өнім уақытқа және кеңістікке тәуелді болады.
5. Турисстік өнімнің тағы бір ерекшелігі оның икемсіздіінде.Қонақ үй, аэропорт, демалу орындары басқа жерге немесе басқа уақытқа аусытырыла алмайды.Олар уақытпен кеңістікке байланысты өзгере алмайды.
6. Туристтік өнім кәсіпорындарға байланысты пайда болады, әр кәсіпорын өзінің жұмыс әдісі, спецификалық қажеттіліктер және әр түрлі коммерциялық мақсатта болады.
7. Кішкентай қателіктердің әсерінен туристтік өнімнің жоғары сапаға жетуге үлкен кедергі жасайды, себебі туристтерге қызмет көрсетуде осындай «кішкентай» қателіктердің салдарынан сервис жөнінде теріс ойда болады.
8. Туристтік өнімнің сапасына сыртқы факторлар,форс-мажорлық жағдайлар (табиғаттағы жағдайлар,ауа райы, туристтік топтың адамдары және т.б)
Туристтік қызметтерден айырмашылығы туристтік өніт тауар қызметі болады.Туристтік өнімнің кең мағынасы- тауарларды жылжыту ,өткізумен айналысатын экономикалық жағдай.
Туристтік өнім- көптеген кәсіпорындардың жұмыс істеу нәтижесі.Ол келесі элементтерден тұрады:
- тур;
- тауар;
- қосымша туристтік-экскурсиялық қызметтер.
тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
Қосымша туристтік-экскурсиялық қызмет- қызметтер, ваучермен немесе путевкада қарастырылмаған қызметтер, туристтің талғамы бойынша қызмет көрсетеді.Оларға жататындар: жалға алу, телефон,поста, валюта айырбастау, қосымша тамақ,транспорт, заттардың сақталуы, көңіл көтеру орталықтары,видео, билеттерді алу,мини-бармен қолданы және сол сияқты.Бұл қызметтер туристердің қосымша ақы төлеуімен жасалады.
Туристтік өнім өзіне қосады: туристтік орталықтар,транспорт,трансфер, орналастыру қызметтері.