Іv Қоршаған ортаны қорғау
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және осы Кодекспен өзгеде нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Адам баласының тіршілігі дүниеге келген күнінен бастап – ақ қоршаған ортамен, табиғат пен тікелей қарым – қатынаста болады. Даму ырғақтығы бір – бірімен үйлесімді байланыста жүргенде ғана табиғат заңы бұзылмайды. Сондықтан қоршаған ортаны қорғауды табиған байлығын сақтап, оны дұрыс пайдаланудың мәні ерекше. Адамның тіршілігі үшін пайдаланылатын табиғи заттардың барлығын “табиғи қор” дейді. Адам баласы осы табиғи қорларды пайдалану арқылы материалдық тұрмысын және әлеуметтік, экономикалық жағдайларын жақсартып отырады. Табиғи қор қоғам үшін тағам, мал азығы, құрылыс материалдары, дәрі – дәрмектер, киім, т.б заттар алынатын байлық көзі. Алайда табиғи қорды пайдалану арқылы адам қолымен жасаған заттарды табиғи қорға жатқызуға болмайды. Мысалы, ағаштан жасалған үй, металдан жасалған соқа табиғи қор емес. Олай болса адамның қимылының әсерінен планеталық материалдық байлықтың құрамынан шығып, бағалы материалдық тауарға айналған затар табиғи зат болып саналмайды. Адам қолмен табиғи қолдан жасалған материалдық құнды зат енді табиғи заттың аналогы бола алмайды. Ол зат қоғамының белгілі бір мақсатына жұмсалады. Мұндай табиғи қордан жасалған құнды заттар өте коп, оны санап шығу мүмкін емес. Табиғаттың өзі жасаған нағыз қоры көп емес, о,ан: жер, су, орман – тоғай, өсімдік және жануар дүниесі, атмосфера ауасы, күн және жел қуаты, пайдалы қазбалар т.б жатады. Табиғи қордың қасиетіне және ерекшелігіне қарай мынадай топтарға бөледі.
Нағыз табиғи қор деп адам қоғамының өндіріс айналымы қатыстырылған қорды айтады. Нағыз қорға мысал ретінде пайдаланып келе жатқан жерде, әр түрлі өсімдіктерді, балықтарды, мұнайды, тас көмірді, газды бірте – бірте атом энергиясын пайдалануды бастады.
Әлеуметті – (потенциалды) табиғи қор деп белгілі бір себептердің әсерінен қазіргі кезде пайдаланылмайтын қорларды айтады. Бұған күн энергиясы теңіздердің тосылуы, желдің күші, т.б. жатады.
Элементарлы немесе жәй табиғи қорға құрамы бір ғана, элементтен тұратын заттар жатады. Мысалы, сутегі, оттегі, көміртегі, т.б.
Жиынтықты немесе күрделі қор бірнеше элементтен тұрады (атмосфер ауасы, топырақ, су кен рудасы, көмір, т.б.). адамның іс – қимылының әсеріне табиғат қорлары өндіріс проуесіне көптеп пайдаланылады. Нәтижесінде кейбір табиғи қорлар азайып, одан соң тіпті құрып кетуі мүмкін. Осыған байланысты табиғи қорлар сарқылатын және сарқылмайтын қорлар деп екі топқа бөлінеді. Сарқылатын табиғи қорлар қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде де таусылып бітетін қорлар. Өз кезегінде сарқылатын қорларды қалпына келетін, біршама қалпына келетін, қалпына келмейтін қорлар деп үшке бөледі. Кейбір табиғи қорлар адам түгелдей пайдаланып тауысқаннан кейін қайтадан қалпына келмейді. Мысалы, таусылған қазба байлықтар қайтадан қалпына келу үшін миллиондаған, тіпті миллиардтаған жылдар қажет. Бұларды қалпына келмейтін қорға жатқызады. Ал құрып кеткен құстардың, хайуанаттардың, өсімдік түрлерінің қайтадан қалпына келуі мүмкін емес. Табиғатта болып жатқан құбылыстардың әсерінен кейбір қорлар қайтадан қалпына келеді. Мысалы, адам кейбір өсімдіктер мен жануарлардың қорын қоғамға қажетті мөлшерде қолдан өсіріп барып күтіп отырады. Біршама қалпына келетін табиғи қорларға топырақ және ескі ағаштар жатады. Топырақтың біршама қалпына келетін қорға жататын себебі тереңдігі 2,5 см – ге дейңн бүлінген топырақты қалпына келтіру үшін 300 – 1000 жыл, ал бүлінген қабаттың тереңдігі 18 см – ге жетсе 2000 – 7000 жыл қажет. Бүлінген топырақтың қайтадан қалпына келу мерзімін ғылымның көмегімен жедел қысқартатын күнде туу мүмкін ғой. Топырақты біршама қалпына келетін топқа жатқызу себебі осыдан. Ал көп жасайтын өсімдіктердің тұқымы арқылы өсіріп 100 – 300 жылда қалпына келтіруге болады.
Сарқылмайтын табиғи қорлар космостық, климаттық және су қорлары деп үшке бөлінеді. Космостық қорға сәуле және әртүрлі қуат беретін күн реакциясы, космостық радио толқындар, Ай мен Күннің тартылыс күшіне байланысты болатын теңіздің толысуы мен тартылуы жатады. Атмосфера ауасымен жел қуаты климаттық қорға жатады. Адамның физиологиялық және тұрмыстық қажеттілігіне су қоры жұмсалады. Сондай – ақ су қоры өндірісте, ауыл шаруашылығында, электр қуатын алу үшін электр станцияларында, су қоймаларында балық, су жануарларын өсіру үшін пайдаланылады. Адамға тиімді болған жағдайда кейбір табиғи қорды басқа қормен алмастыруға жараса, алмастыратын қор дейді. Бұған мысал үшін барлық менералдық қуат көзін біртіндеп атом және күн қуатымен алмастырудыкелтіруге болады. Қазір көптеген басқа алмастырушылар шығып жатыр. Алмастырылмайтын табиғат қорына құрамында белгілі мөлшерде оттегі, азот, көмір қышқыл газы болатын атмосфера ауасы, ауыз су және тірі организмдерден өсімдік, жануарлар тұратын генетикалық қорлар жатады. Бұл айтылған табиғи қордың барлығы бір – бірімен күрделі қарым қатынаста болады және кейбіоеулерінің жасалуына басқалары қатысады. Сондықтан кейбін жеке қордың арасындағы шекара шартты ғана, мысалы сарқылмайтын тек мұхит сулары. Ал адам көп пайдаланатын тұщы су сарқылатын қорға жатады. Ормандар кесіліп, өзен сулары тартылады, көл кеуіп қалады. Егістікті суландыруға, өндіріске көптеп пайдаланылуы мен халық санының артуда тұщы су қорының азаюына себепші болды.
Нан мен темір, су мен энергия бұның барлығы адам табиғаттан алады және бұл біздің басты байлығымыз. Осыған байланысты біз өз байлығымыздытиімді қолданып оны зияндықтан сақтау шаралар ұйымдастыру қажет. Қоршаған ортаны қорғау ол болашағымыздың байлығын қорғау деп түсінуіміз.
Өндіріс егін шаруашылығымен айналсқан кезде басты назарды топырақ жер эрозиясына аудару керек. Эрозия ол жерді жыртқан кезде үстіңгі қабаты жұмсарып ол жерге көбіне жел тұратын жақтарына мал, ағаштар егеді. Ал қыста қар ұстау жұмыстарын ұйымдастырады. Мал шаруашылығында бірінші мәселе ол мал қиы болып саналады. Шаруашылық мал қиын арнайы жерге апарып 1 – 2 жыл сақтайды, содан соң оны құнарлығы төмен егін алқаптарына апарып тынайтқыш ретінде тасиды. Малды белгілі күндер шамасында жайып оларды әр 2 – 4 күн сайын жайылымдарын айырбастап отырады. Ол табиғи шөптің мал тұяғымен басылып қалмауынан және толық желінбеуінен сақтайды. Бұндай шаралар табиғаттың тиімді пайдалануын көрсетіп шыққанда тигізер көмегімізді айқындайды.
Қазіргі заманда адам еңбегі сарқылмайтын қорға әсерін тигізбейді деуге болмайды. Адам ол қордың сапасын айтарлықтай мөлшерде өзгертеді. Мысалы, радиоактивті заттармен бүлінген атмосфера ауасы жел арқылы планетаның әр түкпіріне барып адам баласына кең көлемде қауіп төндіреді. Мұхит суының мұнаймен және т.б заттармен ластануымен суда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік процесін қиындатады.
Планетадағы халық санының көбею, ауыл шаруашылығы өнімдерін қажеттілік артуы, өндірістің көбеюіне байланысты табиғи қорды адам баласының пайдалануы жыл сайын артып келеді. Сондықтан қазіргі кезде табиғи қордың сарқылуы және адам баласының бұдан былай жер бетіндегі тіршіліктің сақталу – сақталмау мәселесі көп әңгіме болуда. Экономиканың дамуының әр түрлі кезеңдерінде және сол техниканың даму деңгейіне байланысты табиғи қорлардың адам өміріндегі атқаратын рөлі әр түрлі болады. Олай дегеніміз бір кездерде желдің күші мұхиттардағы, өзендер мен теңіздердегі желкенді кемелердің жүруңн қамтамассыз еткен. Адам баласының су арқылы алыс жолға баруына желдің көмегң тиді. Ал қазір сол жел мұхиттардағы кеме қатынасына, әуә флотының қимылына кедергі жасайтын күш болып отыр. Қазір алынатын затқа пайдаланылатын табиғи қордың мөлшерін кеміту мемлекеттік мәнісі бар мәселеге айналды.
Мемлекетпен партия табиғаты қорғауға бағытталған мерекелерді жиі – жиі өткізеді. Ол адамның қоршаған ортасына байланысты болады.
Жоғарыда Қазақстан табиғатты қорғау туралы бірнеше заң тізімдерін қабылдады. Солай 1962 жылы 16 маусым күні Қазақстан табиғатын қорғау туралы заң қабылдады. Оған табиғат объектілері, жалпы табиғат принциптері және табиғатты қорғауға арналған бақылау формалары енгізілді.
1968 жылы Қазақстанның жер заңы және бұл заңға жерді дұрыс пайдалану және ауыл шаруашылық жерлерді қорғау. Қазақстан жер кодексіне 1971 жылы 21 маусымда жоғары Қазақстанның шартты енгізеді. Ол жер заңына, 1968 жылы 13 желтоқсанда қабылданған жіне тағы басқа жалпы жер заңдары, денсаулық сақтау мекелеріне байланысты болып құралған. Қазақстан табиғи ауаны қорғау заңы 1988 жылы 12 маусым күні қабылданады.
1970 жылы су туралы заң судың лайлы болуына және тартылып кетуіне қорғау кодексі 1972 жылы 17 желтоқсанда қабылданады. Көбінесе табиғатты қорғауға көп көңіл аударады. Қазақ ССР – ның 1978 жылы қабылданған конституциясы бұл Республиканың басты заңы болып саналады. Заң табиғатты қорғау туралы жағдайларға үлкен көңіл бөледі. Бұл ауыл шаруашылығына сақтау және қорғау, жерлерді игеру жағдайларын жоғарлату, тұсдардан және аурулардан сақтау шаралары қарастырылды.
Мениралды қиларды арнайы жасалынған орындарда және полиэтилендік қаптарда сақтайды. Сүрлемнің қалындығын жабық полиэтилендік құнмен сақтайды.
Суды қорғау: Қойларды сумен қамтамассыз ету үшін, арнайы су қоймалары болады. Ауыл шаруашылық техникасы арнайы жерлерде жуылады, сондықтан ол су таза суға қосылмайды.
Таза ауаны қорғау: Қойлар тұратын орынды таза ауамен тазарту үшін, оған қора жанында өскен жасыл шөптер мен таза сулар әсер етеді.
Жабайы өсімдіктерді қорғау: Көбінесе қойлар бағылатын жерлерді, яғни жайлауды көп жылдық шөптермен емдейді, онда от жағуға рұқсат бермейді.
Табиғатты қорғау туралы ұйымдар: бұл шаруашылықта қорғауға арналған біркелкіліктер бар. Табиғатты қорғау туралы әр түрлі шаралар мен мекемелер өткізіледі.
«АКА» ЖШС-і Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңдарына сай жұмыс істейді.
– Сою пунктінде, цехтардың ішінде дезинфекциялық, дератизациялық шаралар толығымен жүреді.
– Малдардан алынған қалдықтар қала сыртына апарылып көміледі.
– Лас қалдықтарды канализациялық құбырлар арқылы шығарады, құбырлардың аузында торлар орнатылған.
– Аса жұқпалы аурулармен ауырған малдарды емдеген заттардың қалдықтарын қала сыртындағы қазылған шұңқырларға көмеді.
– Химиялық қалдықтар көметін жерде шартты нұсқау белгілері көрсетілген.
– Шаруашылықта экологиялық бұрышы ілінген, онда қоршаған ортаны қорғау туралы барлық мәліметтер жазылған және заңнамалар ілінген.
– Шаруашылық Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңдарында көрсетілген ережелер бойынша өзінің міндетін толық атқарады.
V Еңбек қорғау
Қазақстан Республикасының Конститутциясына негізделеді және осы заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін, нормалары осы заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Қазақстан Республикасының бекіткен халықаралық шарттарының осы заңның және еңбек туралы нормативтік құқықтық аутілердің алдында артықшылығы бар және халықаралық шарт бойынша оны қолдау үшін Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етілетін жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады. Осы заң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейді.
Егер Конститутцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шет елдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығынан немесе ішінара) шет елдік заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары қолданады. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар тиісті арызымен сотқа жүгіне алады. Жеке еңбек және ұжымжық шарттармен реттелетін еңбек қатынастары.
«АКА» ЖШС мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтық актілермен, еңбек туралы заңдарға сәйкес жасалған жеке еңбек, ұжымдық шарттармен реттеледі.
Жеке еңбек, ұжымдық шарттардыңталаптарын біржақты тәртіппен өзгерте алады.
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының өзге нормативтік құқықтық актілермен реттелетін еңбек жағдайлары осы заңдағы жағдайлардан төмен болмауға тиіс.
Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың жекелеген талаптарының жарамсыздығы тұтас алғанда жеке еңбек, ұжымдық шарттарды жарамсыз деп тануға әкеп соқпайды.
Осы заң еңбек қатынастарын реттейтін ең аз мерзімдер мен талаптар жолға қояды. Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың тараптары бұл ең аз деңгейді жақсарту жағына өзгерте алады.
Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. Мәжбүрлі еңбекке тек сот үкімі бойынша, не төтенше немесе соғыс жағдайлары жарияланған кездерде ғана жол беріледі.
Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері:
· қызметкерлердің жұмыс берушімен осы заңда бекітілген тәртіппен жеке еңбек шартын жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
· тек еңбегі үшін қандай да болсын кемсітусіз тең ақы алуға;
· қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына;
· егер басқа заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақтарға немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға;
· демалысқа;
· өзінің еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтеттіруге;
· кепілдіктер пен өтемақы алуға;
· еңбек дауларын талаптардың келісуімен немесе сот тәртібімен шешуге;
· жұмыс берушіден жеке еңбек шартында талаптың атынан өкілдік ететін лауазымды адамның өкілеттігін талап етуге;
· ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен танысуға;
· өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар:
Қызметкер:
· жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде жазылған еңбек міндеттерін адал орындауға;
· еңбек тәртібін сақтауға;
· жұмыс процесінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келтіруге жол бермеуге;
· еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға;
· жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған, қызметтік , коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
· адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны туралы хабарлауға (міндетті алып тасталады);
· міндетті зейнетақы жарналар есебінен зенетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін ұсынуға;
· зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударған кезде міндетті зейнетақы жарналар есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасасқаны жөнінде жұмыс берушіні хабардар етуге міндетті;
Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері:
· осы заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен жеке еңбек және ұжымдық шарттарды жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
· жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлерден осы заңда көзделген, белгілібер еңбек қызметімен ауналысуға және белгілі бір қызметті атқаруға мүмкіндігін растайтын құжаттар беруге талап етуге;
· өз өкілеттігі шегінде жұмыс берішінің актілерін шығаруға. Егер жағдайларының өзгеруіне байланысты актілерді қабылдау қызметке өкілдерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады;
· қызметкерлерді көтермелеуге, оларды осы Заңда және өзге де нормалық құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен және материал жауапкершілікке тартуға;
· өзіне қызметкер келтірген зиянды өтеттіруге;
· Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы №20 заңымен 8 баптың 1 тармағының 6 тармақгасы алып тасталды;
· өз құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында жарнама берушілер бірлестіктерін құруға және оларға кіруге;
· қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге;
· егер жеке еңбек шартыңың талаптарында жазылған болса, қызметкерлер оқытып уйретуге байланысты өз шығындарының орнын толықтыруға құқы бар;
«АКА» ЖШС:
· қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
· қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын қарауға, келіссөздер жүргізуге және ұжымдық шарт жасауға;
· қызметкерлерді өз қаражаты есебінен өздерінің еңбек міндеттері орындауы үшін қажетті құралдар мен материалдармен қамтамасыз етуге;
· қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде онымен жеке еңбек шартын жасауға, қызметкерлерді ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға;
· жалақыны және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарында, жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдерді уақытылы және толық көлемде төлеп тұруға;
· Қазақстан Республикасының еңбек туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын сақтауға;
· қызметкерлердің еңбек міндеттерін атқару кезінде оның денсаулығы мен өміріне зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыруға;
· қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;
· қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа өткізілуін қмтамасыз етуге;
· қызметкерлерге зиянды (өте зиянды) және қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың ықтималдылығы туралы ескертуге;
· жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қатердің алдын алу жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми–техникалық процесті ескере отырып, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге;
Еңбекті қорғау – заң, әлеуметтік – экономикалыұ, техникалық, тазалық–гигиеналық жүйелерді құрап, адам өміріне қауіп төнудің жолдарын нығайтады. Жұмыскер шаруашылқта жұмыс жасау барысында өміріне қауіпті факторлармен кездеседі. Еңбек қорғау әр салада әр түрлі болып келеді және өзіне тиісті ережелерді бекітілген. Еңбек қорғаудың негізгі мақсаты болып белгілі ережелерде жұмыскерлердің бейімделуін қадағалау, жұмыскерлердің өндірісте денсаулығына зиян келтірмейтін жұмыс орындалу көлемі жоғарлату. Әрине өндіріс барысындағы болған қайғылы оқиғалардың бәрін еңбек сақтау ережлеріне жауып қойған дұрыс болмайды. Ол жұмыскерлердің анотимиялық–психофизиологиялық қасиеттеріне байланысты. Мал шаруашылығында еңбек қорғау арнайы тәртіп болып табылады. Ол саяси қоғаммен, әлеуметтік–экономикалық және инженерлік жүйелермен тығыз байланысты. Соңғы жылдарда еңбекті қорғау көлемді түрде жоғарлады. Бұған себептер көп, бастысы өндіріс барысында қайғылы оқиғалардың азаюы және жұмыс сағаттарының көбеюі. Бұл сұрақтарды шешу еліміздің еңбек ресурстық жетіспеушілігін кемітіп, оларды тиімді пайдалануға жол ашады және жалпы өнімнің өнімділігін көтеріп, негізгі әлеуметтік проблемаларды шешуге ынсап етеді.
«АКА» ЖШС еңбекті қорғауға көп көңіл бөлінеді. Жаңадан жұмыс орындарына келіп түскен жұмысшыларға, шаруашылықтағы мамандар еңбек қорғау ережелерімен таныстырып оларды терең түсіндіреді. Әрбір жұмыс орындарында еңбекті қорғау шаралары көрсетіледі, бұл үшін басшылары, орынбасарлары жауапқа тартылады. Осы басышлар күнделікті және мерзімділік еңбек қорғауды жүргізіп отырады.
Алты айда бір рет бұл саланың мамандары шаруашылықта тексеріс жүргізеді. Тексеріс барысында басты назарды жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігіне және еңбек қорғау туралы шараларға деген білімін, еңбек әдістеріне аударады. Еңбек қорғау ережелерімен танысқан жұмыскерлер бақылау карточкасына қол қояды. Бұл карточка жұмыскерлердің жеке іс папкасында сақталады. Жұмыс орнында өткен еңбек қорғау туралы бақылаулар, арнайы журналдар бекітіліп отырады, бұл журнал шаруашылықтың әрбір бригадасында, бөлімшелерінеде болады.
Шаруашылықтағы жұмыскерлердің еңбек қорғау жөнінде білімі жоғары болу үшін, еңбек қорғау ережелерін шаруашылықтың әрбір өндіріс ғимараттарында және басқару мекемесінде көзге түсетіндей етіп ілінген. Шаруашылықтың инжинерлеріне және барлық басшыларына еңбек қорғау жөнінде дәріс өтізіледі. Өндірісте істейтін жұмыскерлерге арнайы киімдер беріледі. Қауіпті, улы заттар және дизенфекциялық ерітінділермен жұмыс атқаратын болса, оларға қорғаныс көзілдірігі, респиратор және қолғаптар беріледі. Қажетінше бұл бұйымдар шаруашылықтың әрбір жұмысшыларында болуы тиіс.
Мысалға: комбайн жүргізушілері егін жинау уақытында қорғаныс көзілдірігі, респиратор, етік және т.б. заттармен қамтамасыз етіледі. Шаруашылықтың барлық ғимараттарында жұмыс жақсы жүреді. Ғимараттар жарықпен, жылумен, ауа алмасу жолдарымен, тазалағымен ерекшеленеді. Шаруашылықта өрттің алдын алу шаралары жақсы дамыған. Шаруашылықтың жұмыскерлері арасынан өз еркімен өртке қарсы ұйым қалыптасқан. Ғимаратта өртті сөндіру үшін қолданылатын аспап құрал жабдықтар тақтасы бар. Шаруашылықтың барынша еңбек қорғауға деген әрекеттеріне қарап отырып, келесі жетіспеушілікті айта кеткен жөн:
Шаруашылықта қауіпсіздікті сақтау мынадай жүйелі жолдармен жетуге болады: қатаң түрде стандарттар мен нормаларды және қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақталуы.
· өздігінен басқа жұмысты істеуге мүлдем тиым салынады;
· жұмысшы өзі жұмыс істейтін орындарда тазалық сақтауы тиіс;
· шебер жұмыскерге жұмысты берген уақытта, оған қауіп төнбейтіндей ережені түсіндіреді, жұмыскер шебер тапсырған жұмысты ғана істеуі тиіс;
· жұмысты аяқтаған соң, станокты тазалап, сол бөлмені тазалауға міндетті;
· егерде жұмыс кезегін келесі кезекке бергенде жұмысшы ауырған болса, онда жетекшіні шақырып, оған қандай да бір шара қолдануы тиіс;
· жұмыс орнында өңдеу, шикізат цехтарында тоқ көзі жарық жеткілікті болуы тиіс;
Шаруашылықта өрттің алдын алу шаралары үшін әр цехта инвертарб ілінген, жұмыскерлер арасында өрт сөндіруге қарсы ұйым қалыптасқан.
Кешенді санитарлық-гигиеналық, дезинфекциялық шаралар өтеді. Адамдар арасында жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық шаралар өтіп тұрады.