Р Ұлттық банкінің инфляцияны тежеудегі қолданатын шаралары
Ұлттық Банк Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдарының жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысты және біздің іс-қимылымыз оларға сәйкес мыналарға бағытталатын болады:
– теңестірілген ақша-кредит саясатын жүргізуге,
– төлем балансының мониторингіне және бағалауға,
– Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асыруға жәрдем беру,
– акционерлік қоғамның қаржылық есептілігіне мүдделі тараптармен мәмілелер туралы ақпараттың айқындылығын арттыру (шара қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасында көзделген).
Ұлттық Банк осы бағыттар бойынша Бірлескен іс-қимыл жоспарында айқындалған мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдармен, даму институттарымен жан-жақты өзара іс-қимыл жасайтын болады.
Ұлттық Банктің барлық іс-шаралары Іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде жүзеге асыралатын болады.
Ұлттық Банктің іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралары 2008 жылдың аяғында қабылданған Ақша-кредит саясатының 2009-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарымен тығыз байланысты.
Теңестірілген ақша-кредит саясатын жүргізу 2009-2010 жылдары Ұлттық Банк үшін елдің қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету негізгі міндет болып табылатынын болжайды. Бұл ақша-кредит саясатының жұмсаруын білдіреді. Инфляцияны тежеу жөнінде қосымша шаралар қабылдау талап етілмейді, себебі жақын болашақта инфляциялық қысымның өсуі күтілмейді.
Ұлттық Банк банктерге қысқа мерзімді өтімділік беру саясатын жалғастырады. Кепілмен қамтамасыз ету тізбесін одан әрі ұлғайту, банктерге кепілсіз кредиттер беру және банктерде Ұлттық Банктің депозиттерін, және активтерін Ұлттық Банк басқаратын ұйымдардың қаражатын орналастыру мәселесі қарастырылатын болады.
Банктердің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін әзірлеу және ендіру банктер арасындағы сенімсіздік деңгейін азайтуға, банкаралық нарық арқылы ресурстарды қайта бөлуге, қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығында операцияларға қол жетімділігін кеңейтуге себепші болады.
Бұл ретте Ұлттық Банк ақша ұсынысын өсіруге ұмтылмайды. Банктермен операциялардың көлемі (жиынтығында қайта қаржыландыру заемдары бойынша банк берешегінің көлемі және банкаралық міндеттемелер бойынша Ұлттық Банк ұсынатын кепілдіктер) әр банктің меншікті капиталы мөлшерінің 50%-нан аспайды.
Ұлттық Банк тарапынан болжанатын қолдау қысқа мерзімді негізде көрсетілетін болады, бұл ретте банктерді ұзақ мерзімді қаржыландыру мемлекеттік бюджет, Ұлттық қордың, даму институттарының қаражаты есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
Үкімет және Ұлттық Банк төлем балансының және теңгенің айырбас бағамының жай-күйін бақылайтын болады. Бұл мәселенің маңыздылығы экономиканың активтері мен міндеттемелерінің айтарлықтай үлесі шетел валютасына тиесілі болуымен байланысты, заемшылардың активтері мен міндеттемелері валютасының сәйкес келмеуіне негізделген жоғары кредиттік тәуекел бар.
Осыған байланысты Ұлттық Банктің және Үкіметтің міндеті теңгенің тұрақтылығын немесе теңге бағамының шетел валюталарына қатысы бойынша бақыланатын шектерде бірқалыпты өзгеруін және алтынвалюта резервтерінің ысырабына жол бермеу болып табылады.
Ұлттық Банктің және Үкіметтің бұған қажетті құралдары мен мүмкіндіктері бар деп есептейміз.
Сондай-ақ Ұлттық Банк Ұлттық қордан қарыз тарту мәселелері бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдармен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен, «ҚазАгро» ұлттық холдингімен жан-жақты өзара іс-қимыл жүргізетін болады.
Атап айтқанда, Ұлттық қордың активтерін инвестициялауға арналған құралдар тізбесі кеңейеді, осы даму институттарының облигацияларын шығарудың негізгі өлшемдері айқындалады және оларды Ұлттық қордың портфеліне сатып алу жүзеге асырылатын болады.
2004 жыл Қазақстан қаржы секторының реформаланған мемлекеттік реттеу жағдайларында жұмыс істеуінің алғашқы жылы болды, атап айтқанда, 2004 жылдан бастап қаржы нарығындағы барлық реттеу және қадағалау функцияларын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі жүзеге асырады.
Реттеу және қадағалау функцияларын бөлу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше мәртебеге ие болуын айқындады, ол қызметі классикалық орталық банкке тән функцияларға шоғырландырылған ТМД-дағы жалғыз орталық банк болып табылады. Жаңадан туындаған нақты жағдайлар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің саясатындағы мәндердің ауысуына жол ашты. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды, осы мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай міндеттерді іске асыруды жалғастырды:
1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Осы жағдайларда, ел экономикасы дамуының тұтастай алғанда оң үрдісін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдағы үш жылға қызметтің басым бағыттарын айқындайды.