Мемлекеттің құрылуы

Орталық Азияның көшпелі тайпаларының XII ғасыр бойында күш-қуатының артуы олардың ең ірілерінде — наймандарда, керейіттерде, жалайырларда — алдыңғы феодалдық мемлекеттік құрылымдар — ұлыстардың пайда болуына жеткізді. Б. Я. Владимирцовтың көрсеткеніндей, ұлыс алғашқы қауымдық құрылыстың институты болған жоқ. Ұлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық институттардан жоғары тұрды. «Ұлыс» ұғымы ол кезде «халық» дегенді білдірді. Ұлыстың құрамында қандас туысқан адамдардың болуы міндетті емес еді, оған хан руының өкілдері ғана емес, сонымен бірге бөгде адамдар да енді. Әрбір ұлыс белгілі бір аумақты иеленді, наймандар мен керейіттердің ең үлкен күшті ұлыстарының өз шекаралары болып, олар ара-тұра болса да қорғалып отырды. Шыңғысхан талқандаған керейіттер ұлысының билеушісі Ван-ханның наймандар иелігін қорғаған найман қарауылымен қақтығыста қаза тапқаны мәлім. Армян авторы Степанос Епископ монғол сарайы жанындағы жоғары лауазымды қайраткерлердің бірі жайында айта келіп, былай дейді: «Бұл адам саны ең көп және күшті джалакир (жалайыр) тайпасынан болатын...». «Бұл жалайыр тайпасы үлкен-үлкен он тармақтан тұрады, олардың әрқайсысы жекелеп алғанда үлкен халыққа айналды...».

Көрші халықтармен езара қатынастары Деректемелер наймандар мен керейіттердің көрші тайпалармен соғыстары туралы мәліметтерге толы. Рашид ад-Дин былай деп жазады: «...Керейіттер көптеген тайпалармен, әсіресе найман тайпаларымен көп жауласты... Бұл кезде басқа тайпаларға қарағанда олардың күші басым әрі құдіретті болатын... керейіттердің Ван- ханымен наймандар қырғыздардың аймағы бойынша және ұйғырлар елі- мен шектесіп жатқан шел далаға дейін үнемі қырқысып, жауласып жүрді». Рашид ад-Дин наймандардың қырғыздармен, керейіттердің Цзинь мемлекетімен соғыстары туралы мәліметгер келтіреді. Соғыс кезендері көршілер- мен бейбіт қатынастар жағдайымен алмасып та отырды. Қытай деректемелерінде керейіттер мен наймандардың көшпелі көршілерімен ғана емес, сонымен қатар отырықшы мәдениеті бар мемлекеттермен — Танғұт мемлекетімен (Си Ся) және ұйғыр иелігімен тығыз мәдени және саяси байла- ныстар жасағаны туралы мәліметтер де бар. Наймандар мен керейіттерді 11 билеуші тобы ұйғырлардың ықпалымен несториан бағытындағы христиан дінің, ұйғыр жазуын, сондай-ақ мемлекеттіліктің басқа да элементтерін қабылдады. Керейіттердің танғұттармен қатынастары да осы байланыстардың дәлелі болып табылады. Мысалы, керейіттер ұлысының билеушісі Ван-ханның інісі Қарабітай (Керандай) бала кезінде танғұттарға тұтқынғы а түсіп, кейін Танғұт мемлекетінде аймақ билеушісі қызметіне дейін осксі Оның қыздарының біреуі танғүттар билеушісінің әйелі болған. Керейіттердің танғұттармен және ұйғырлармен байланыстары болғанын керейт билеушілерінің, атап айтқанда, Ван-хан мен оның ұлы Сангуннің сәтсіздікке ұшыраған кезінде танғұттар мен ұйғырлар жеріне барып паналағаны рас тайды. «Юань-ши» қазіргі Қазақстан аумағында мемлекеттік құрылымы болған қандылар мен керейіттердің өзара саяси және аумақтық байланыстарының қалыптасқанын, бірқатар қаңлы шонжарларының өкілдерінің керейіттср билеушісі Тоғұрыл Ван-ханда қызмет атқарғаның көрсетеді. «Бухуму... Оның ата-бабалары қаңлы тайпасының ата-тегінен келе жатқан атақты адамдары. Хайланьбо (Қайранбай — Бухумудың атасы) керейіттердің Ван ханында кызмет еткен. Ван-ханды (монғолдар) өлтірген кезде, Хайланьбо бала-шағасын тастап, бірнеше мың салт аттыларын ертіп, солтүстік-батысқа қашты. Тайцзу (Шыңғысхан) елші жіберіп, оны өзіне келуге (яғни бағынуға) шақырды. Бірақ ол былай деп жауап қайырды: «Бұрын мен де, марха батты тақсыр (Шыңғысхан) да Ван-ханға қызмет еткенбіз. Қазір Ван-хап өлді, бірақ мен өзім қызмет еткен адамға опасыздық жасай алмаймын»м. В. В. Бартольдтің атап айтқанындай, қанлылар мен қыпшақтар наймандардың ұлысында да өмір сүрген. «Юань-шиде» наймандар мен қаңлылардың шонжарлары арасында тығыз туыстық байланыстар болғаны жөнінде мы надай деректер келтіріледі: «Шаостар (Чаос) наймандардан шыққан. Оның арғы атасы Тайянь (Даян) наймандардың билеушісі болған. Оның арғы атасы Цюйшулай (Күшлік)... Бэдэинь (Боде) Шаостың ұлы... Бэдэинь қаңлы тай пасынан шыққан нағашы әжесімен тұрды...». Бұған наймандар мен қаңлылардың туыстығын ертеректе VII ғасырдың екінші жартысында ұйғыр саяхатшыларының да көрсеткенің қосуға бола ды. Жол-жөнекей көргендері мен есіткендерін айта келіп, олар Алтайда Няньба-энь (наймандар) мен кан-ли (қаңлылар) мекендейді деп хабарлайды

2. XX ғ.басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды: Түркістан генерал-губернаторлығы (Орталығы – Ташкент) Сырдария облысы Жетісу облысы 2) Дала генерал-губернаторлығы (Орталығы - Омбы) Ақмола облысы Семей облысы Орал облысы Төрғай облысы. 1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі. Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті. Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті. Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%). XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.

3. Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993)— аса көрнектімемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы. 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. 1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды. 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясыныңакадемигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды. 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды. 1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Дінмухамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. 18 минут өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

13-билнт

Түркі кезенінің ғалымдары мен ойшылдары. Абу Насыр Аль Фараби, М. Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Ж. Баласағұни және т.б “Оғыз-нама” эпосы ел арасында кең таралып,

XIII ғ – Рашид ад дин, XVIII - Әбілғазы көшірген. “Оғызнама” жырында Оғыз ханның өмір жолы, күресі баяндалады. VII ғ жазба әдебиет шыққан. IX-XII ғғ ислам дінінің таралуына байланысты әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Жүсіп Баласағұни XIғ. “Құтты білік” дастанын дайындауға отыз жылын арнап, бір жарым жылда жазып шыққан. (1069ж) Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі- білім деп түйіндейді. Махмұд Қашғари XIғ. 1072-1074 жж жазылған “Диуани лұғат ат түрік” атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма – түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, тілі туралы тарихи дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы атанды. Бұл еібек ғалым А.Егеубайдың аударуымен 1997-1998 жж қазақ тілінде жарық көрді. Қожа Ахмет Иассауи XII ғ Сайрамда дүниеге келіп, Ясссыда қмір сүрген. Ұстазы Арыстан Бабтан тәлім алып, ислам дінін уағыздаушы – сұпы болған. “Диуани Хикмет” (“Даналық кітабы”) шығармасы – тарихи этнографиялық, әлеуметтік, тілдік дерек. Ғұламаның бұдан басқа “Мират ул - Кулуб” (“Көңіл айнасы” ) және “ Пақырнама” деген еңбектері бар. Сүлеймен Бақырғани XIIғ. “Дүниенің ақыры” еңбегінде тәңірге сенімді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді. “Диуани Хикмет” және “Дүниенің ақыры” еңбектері жүздеген жылдар бойы Орта Азия мен Қазақстанның медреселерінде оқулық ретінде пайдаланылды. Ахмет Игунеки “Хибат ул -хакайк” дастаны он төрт тараудан тұрады: білім, әдеп, адамгершілік еңбек туралы.

Әбу Насыр әл-Фараби “Ғылымдар энциклопедиясы”, “Ғылымдардың шығуы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы”, “Жұлдыз бойынша болжаулар”, “Ваккум туралы трактат” және т.б. Әбу Райхан әл – Бируни X-XI ғғ. 150 ге жуық еңбек жазған. “Ежелгі халықтардың хронологиясы”, “Астрономияның кілті” т.б. еңбектері бар.

2 Қ-н 1917ж. Ақпан революциясы кезінде, таптық саяси күштердің орналасуы.партиялардын пайда болуы. Қазіргі таңда ғасырға жуық «социалистік» адамдардың сансын билеген жүйенің билігенен босаған қоғам өз өткенін қайта саралап, тарихына жаңа тұрғыдан көз жүгіртуде. Евразия құрлығының тең жартысына жуық аймақты қамтыған Кеңестік социалистік республикалар одағының (КСРО) 70 жылдай дәурен құрып, әлемдегі жетекші күшке айналып, «одақтас» он төрт мемлекеттің тағдырын қолында ұстауы 1917 жылы 27 ақпандағы Ресейдегі буржуазиялық революциядан бастау алған еді. Ақпан ревоюциясы Қазан төңкерілісіне бастау болды. Өз кезегінде Қазан төңкерілісі большевиктердің, Коммунистік партияның тасын өрге сүйреді.

Қалай десек те ақпан буржуазиялық революциясы Ресей монархиялық билігінің қол астында езгіде бодан болған басқа елдердей қазақ халқы үшін бостандық демесек те, езгі мен толық құрып кетуде аман алып қалды деп айту хақ. Сондықтан да, Ресейлік патша мен тоталитарлық аппараттың құрығына түсуден қорықпай, тәуелсіз, ешкімге жалтақтамайтын еркін ұрпақ ретінде Ақпан буржуазиялық революциясы туралы өзіндік ой түйіп, қорытындылар жасау мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты Ақпан төңкерілісінің алғышарттарын, барысын, Уақытша үкіметтің саясатын және сол кезеңдегі саяси партиялардың әрекеттерін қарастыру. Бұл жолда Кеңес өкіметі кезінде жариялауға рұқсат болмаған мәліметтерді және авторлардың еңбектерін қарастыру.

Жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім қарастырылатын мәселесі бойынша екі үлкен бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде,төңкерілістің алғышарттары, оның барысы, Қ-н аумағындағы Уақытша үкімет органдарының құрылуымен, оның әрекеттері мен саясаты қарастырылады. Екінші бөлім қазақ қоғамының саяси белсенділігінің артуын, жалпықазақ съезін, саяси партиялар мен олардың саяси бағыттарын қарастырады.

Аталмыш мәселенің тарихнамасына келетін болсақ, бұл тақырыпта көптеген ғалымдардың қалам тартқанын атап өту керек. Олардың қатарына В.И. Ленинді, Ф.И. Голощекеиндң, С.Н. Покровскийді, Т. Елеуовты, Г.Ф. Дахшлейгерді, П. Пахмурныйды, В. Григорьевті, К. Нурпеисовты және тағы да басқа көптген Кеңестік ғалымдарды атауға болады. Ақпан төңкерілісі Кеңес Одағының Коммунистік партиясының билікке келуіне бірден-бір алғышарт болғандықтан да, оның тарихы КОКП жанындағы арнайы институттарды, ғылыми академияларда кеңінен қарсатырылған. Әрине, онда бұл мәселеге маркстік, лениндік көзқарстар басым болғаны да рас.

Еліміз тәуелсіздік тұғырына қонғаннан бері, Ақпан төңкерісіне байланысты біраз зерттеулер де жарық көрді. Бұл салада Кеңестік дәуірде жарыққа шығаруға рұқсат етілмеген, 1996 жылы қайта басылып шыққан Г. Сафаровтың «Колониальная революция» еңбегін ерекше атап өткен жөн.

«1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде Қ-ндағы таптық саяси күштердің орналасуы» атты рефераттық жұмысты студенттер мен мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына Қ-нның қазіргі заман тарихын оқыту барысында қолдануға болады.

Құрылған органдар, партиялар. Үкімет органдарына кірген қазақ зиялылары. Мақсаттары. Іс-әрекеттері.

1) Уақытша үкімет органдары: Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев. Реформистік жолмен капитализмді дамыту. Ұлт саясатын қайта қарады. 1916 жылғы күресте қатысқандарға көмек көрсетті. Отанына қайтарды. 2) Қазақ комитеттері: Марсеков, Х.Досмұхаметов, Жайнақов,

С.Сейфуллин, Айтпеков.Ұлттық мүдделерді қорғауға ұмтылды. Босқындарға көмек ұйымдастырды, әйел құқығын теңестірді, бұрынғы чиновниктердің ықпалын жойды. 3) Түркістан аймақтық қырғыз-қазақ комитеті: М.Шоқай. Ұлттық мүдделерді қорғады. Қытайдан қайтқан қазақ-қырғыздарға, майдангерлердің отбаына көмектесті. 4) Түркістан мұсылмандар федерациясы: Төрағасы – Шоқай, Завалидов, Ж.Досмұхамедов, А.Досжанова. Жергілікті халық мүдделерін қорғады. 8 сағаттық жұмыс күнін, ана тілінде мектептер ашуды, қалың малға, көп әйел алуға қарсы болды. 5) «Алаш» - 1905 жылы қозғалыс, 1917 жылы саяси партия. Газеті – «Қазақ»: Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Тынышпаев: Демократиялық федерациялық республика құру. Автономия, жер, халық ағарту, салық, жұмысшы, азаматтардың құқықтары туралы мәселені қарады. 6) 1917 жылы көктемде эсерлер ұйымы құрылды: Ұсақ буржуазиялық топтар. Ұсақ буржуазиялық партия - Ұсақ буржуазияның мүддесін қорғады. «Жер –халықтың меншігі», «жер -өңдегендікі» деген ұран көтерді.

3. Қоғамның саяси өмірі.70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленеді. Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай бетбұрыстың пайда болуы ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып-семген қоғамдық жүйені өзгертуге , нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды ұмтылыстар орын алған еді.Шынтуайттап келгенде , онда социализмнің «сталиндік», «кеңестік» нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселе көтерілді. А.Дубчек бастаған ЧКП басшылығының бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсетті . Алайда мемлекеттік –монополистік социализмнің қуатын шайқауды және демократиялық балама күштер жеңісін қамтамасыз етуді мұрат тұтқан бұл ұмтылыс 1968 жылы «Прага көктеміне» қарсы төндірілген «интернационалистік акцияның» салдарынан іске аспай қалды. ЧКП қатарындағы керітартпа күштерге көрсетілген қолдау бұл күштердің КОКП басшылығында да жеңіске жеткендігін айғақтап берді. Осының нәтижесінде 60-жылдар ортасындағы бетбұрыс төрешіл керітартпа күштердің темір құрсауында қалды. Бұл оқиғаның ізі суымастан «ревизионизмге» қарсы басталған идеологиялық науқан ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, бірқатар басқа коммунистік партиялардағы оппортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партия, оның социалистік қоғамдағы жетекші рөлі туралы «маркстік-лениндік» тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге жәрдемдесуге тиіс болды.

1967 жылы Қазан революциясының 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзінде-ақ Л.И.Брежнев кеңес халқы жүріп өткен тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуы болып табылады деп мәлімдеген болатын. Бұл «тұжырымдаманың» өзінен бұрынғы теориялық қисындамалардан айырмашылығы социализмнің қоғам дамуының едәуір ұзаққа созылатын кезеңі екендігін мойындауынан көрініс тапты. Осы тұрғыдан алғанда «коммунизмге қарай алып адыммен секіру» идеясынан бас тарту жағдайға байыпты баға беру көрінісі болғандығы шүбәсыз. Бірақ бұл «тұжырымдама» 30 – 40-жылдары мерейі үстем болған, өтпелі кезеңнің бүкіл проблемалары шешіліп бітті, социалистік мұраттар негізінен жүзеге асты және осының бәрі дәлелденген деп санайтын әлеуметтік-экономикалық даму пайымына арқа сүйеді. Осының салдарынан социализмді жетілдіру жолдарын іздестіру ісі (егер мұндай іздестіру жүргізілсе), ескірген түсініктер аясында ғана қанат жаюға мүмкіндік алды. Социализмнің іркіліссіз және қайшылықсыз үдере өркендеуі теориясы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерді зорайтып көрсетуге, шындықты боямалап жеткізуге итермеледі, қоғам өзегіне енген қайшылықтардың, тоқыраушылықтың, төрешілдіктің асқыну себептерін жабулы күйінде қалдырды. Қоғамның даму процесі өткен кезеңдегі жетістіктермен салыстырыла қарастырылғандықтан, сөздер мен ұғымдар бірте-бірте шындыққа мүлде жанаспайтын мазмұнға ие болып, теория да шынайы мән-мағынасынан айырыла бастады.

Қиялдағыны қолдағыдай етіп көрсетуге тырысушылықтың барынша асқындаған көрінісі КРСО-ның 1977 жылғы Конституциясында орын алды. КОКП Орталық Комитетінің мамыр (1977ж.) пленумы мақұлдаған Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Талқылау барысында не бары 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. 1977 жылғы қазанның 7-сі күні тоғызыншы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Негізгі Заңның тексін қабылдады. Бұл күн КСРО Конституциясы күні болып жарияланды.

14-билет

1. 1219-1221 жылдардағы монғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.Шыңғысханның жаулап алған байтақ жерлері түгел оның балаларына бөліп берілді.Шыңғысхан Ертістен Орал тауларына дейінгі онан әрі батысқа қарай үлкен аумақты үлкен ұлы Жошының билігіне берді.Атап айтқанда Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал ,Сырдың төменгі ағысы тиді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына Амударияның төменгі жағындағы аудандар мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды. Шыңғысхан екінші баласы Шағатайдың үлесіне -Мәуеренахр Жетісу және Қашқар тиді. Оның ордасы Іле алқабында орналасты . Үшінші баласы Үгедейге Батыс Монғолия мен Тарбағатай жері қарады Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында болды. Кіші ұлы Төлеге Монғолия жерінің өзі мұраланды. Сонымен Қазақстан жері монғолдың үш ұлысының құрамына енді: үлкен далалық бөлігі Жошы ұлысының ,Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі - Үгедей ұлысының құрамыны кірді.

2, Ресейдегі бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері.1905 жылы Семей облысы Қарқаралы уезініц Қоянды жәр- мецкесінде 14,5 мыц адам қол қойган Қарқаралы петициясына Ә.Бөкейхановтың, А.Байтүрсыновтың, Ж.Ақбаевтың қатысы болған. Осы петиция туралы жэне оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтүрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған М.Әуезов 1923 жылы жазған “Ахаңның елу жылдық тойы” деген мақаласында: “1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа да оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының аты- нан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол петицияда аталған үлкен сөздер: бірінші — жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сүраған. Екінші — қазақ жүртына зем­ство беруді сүраған. Үшінші — отаршылардан орыс қылмақ саяса- тынан қүтылу үшін, ол күннің қүралы барлық мүсылман жүртының қосылуында қазақ жүртын муфтиге қаратуды сүраған. Петиция- ларды тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ақандар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған”,— деді.

Қазақстандағы революциялық қозғалыстың біршама өрлеуі 1904 жылдың қазан-қараша айларында өткендігі тарихтан белгілі. Өйткені, бүл кезде 17 қазандағы патша Манифесінің жарияла- нуы Қазақстанның көптеген қалаларында көп адам қатысқан жиылыстарға, демонстрацияларға жэне халықтың қалың тобының бой көрсетулеріне үштасқан болатын. Бүл туралы Әлихан Бөкейханов былай деп жазды: «Қазақтардың жүріп-түруы арқа- сында Манифест қысқа уақытта бүкіл даланың қолына тиді. Жер- жерде қазақтар үлкенді-кішілі съездерге жиналды... Манифесті оқыды, оны түсіндірді, болашақтағы Мемлекеттік Дума сайлауы туралы мәселелерді талқылады. Облыстың ең алыс түкпірлерінен қазақтар топ-топ болып қалаларға барды, онда қала түрғындары үйымдастырған қалалық митингілерге қатысты. Орыстар, татарлар, сарттар мен қазақтар бір туысқан от басына қосылып кетті».

Қазақ үлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі де арта түсті. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Орал- да бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз пар- тиясын — Ресей конституциялық-демократиялық (кадет) партиясы- ның бөлімшесін қүруға эрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат— 17 қазанда жарияланған патша Манифесі берген бостандықтар шеңберінде қазақтардың үлттық мүддесін қорғау еді. Осыған бай- ланысты 1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың екінші съезі өткізілді. Ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақүлдады. Со­нымен қатар, оған өлкеге шаруалардың қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, үлттық мектептер ашу, тағы басқа да талаптар енгізілді. Олардың басында Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев жэне қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Сондай-ақ, олар дін үстану бостандығын жақтап, әсіресе, үкімет пен жергілікті органдардың мүсылман дініне қарсы шараларына наразылық білдірді. ¥лттық мәдениетті дамытуды, сонымен қатар, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды талап етті. Міне, осыған орай мүсылман дінбасыларының ықпалы күшті болған Семейде, Петропавлда, Ақмолада, Верныйда жэне т.б. қалаларда діни үйымдар пайда болды. Өлке мүсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейе түсті. Жалпы, мүсылман қозғалысы түрік халықтарының Ресей империясы қүрамындағы автономиясы жэне мәдени- автономиялық дамуы туралы мәселе көтерді.

Ал барлығы 72 күн ғана жүмыс жасаған бірінші Мемлекеттік Дума 1906 ж. 9-шілде күні үкімет шешімімен таратылды. Дэл сол күннің кешінде Думадағы оппозицияның 182 өкілі (кадеттер, тру- довиктер, меньшевиктер) Выборг қаласында (Финляндия) жиналып, Манифест дайындап, оған өздерінің қолдарын қойды. Олардың ара- сында Ә.Бөкейханов та бар еді. Сол үшін ол келесі Думаға сайлану қүқығынан айрылып қана қойған жоқ, сонымен бірге жауапқа тартылып, абақтыда отырып шығады. Сөйтіп, халық бүқарасының на- зарын алаңдату үшін шақырылған бірінші Мемлекеттік Дума оның үміттерін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланды.

Екінші Мемлекеттік Думаның сайлануына келер болсақ, ол 1905 жылдың 6 тамызындағы жэне 11 желтоқсанындағы сайлау заңдары негізінде өткізілді. Думаға Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ үлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығүлов — Ақмола облысынан, би Х.Нүрекенов — Семей облысынан, адвокат Б.Қаратаев — Орал облысынан, сот тергеушісі А.Бірімжанов — Торғай об­лысынан, ТАлдабергенов — Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М.Тынышбаев — Жетісу облысынан сайлан- ды. Екінші Дума депутаттарының қүрамы жағынан болсын, күн тэртібіне қойылған мәселелерді талқылау жағынан болсын бірінші Думаға қарағанда солшыл бағытта болғанды. Негізгі пікір тарты- сын тудырған мәселелердің бастысы аграрлық жэне қоныс ауда­ру мәселесі болды. Әсіресе, депутаттар Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Ш.Қосшығүлов, Х.Нүрекенов өте белсенді түрде, заң шеңберінде патша өкіметінің қоныс аудару саясатына қайткенде бір ықпал ету- ге тырысты. Мэселен, 1907 жылы 17 мамырда депутаттық сауалға байланысты жарыссөзде депутат Б.Қаратаев сөйледі. Ол өзінің сөзін қазақ халқы үшін ең маңызды іске айналған жер мәселесіне арнады: «Үкімет, біріншіден, Ресей ішіндегі помещиктер мүддесін, яғни, 130000 помещиктің мүддесін қорғау үшін» жерсіз орыс шару- аларына қазақ жерлерін тартып эперіп отыр. Екіншіден, үкіметтің бүл саясаты ашықтан-ашық үлы державалық, шовинистік негізде жүргізілуде. Соның нәтижесінде жерге орналастыру мекемелері қазақтарды «орныққан орындарынан, поселке, деревня қүрап отырған үйлерінен жаппай қуып шығумен айналысып отыр». Әрине, бүл сөз іс жүзінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау сая- сатын жергілікті халықтың атынан әшкерелеу еді. Б.Қаратаев орыс халқының еңбекші бүқарасы мен зиялы қауымын қазақ елінің осындай ауыр жағдайына көңіл аударуға шақырды.

3. Қоғамның саяси өмірі.70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленеді. Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай бетбұрыстың пайда болуы ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып-семген қоғамдық жүйені өзгертуге , нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды ұмтылыстар орын алған еді.Шынтуайттап келгенде , онда социализмнің «сталиндік», «кеңестік» нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселе көтерілді. А.Дубчек бастаған ЧКП басшылығының бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсетті . Алайда мемлекеттік –монополистік социализмнің қуатын шайқауды және демократиялық балама күштер жеңісін қамтамасыз етуді мұрат тұтқан бұл ұмтылыс 1968 жылы «Прага көктеміне» қарсы төндірілген «интернационалистік акцияның» салдарынан іске аспай қалды. ЧКП қатарындағы керітартпа күштерге көрсетілген қолдау бұл күштердің КОКП басшылығында да жеңіске жеткендігін айғақтап берді. Осының нәтижесінде 60-жылдар ортасындағы бетбұрыс төрешіл керітартпа күштердің темір құрсауында қалды. Бұл оқиғаның ізі суымастан «ревизионизмге» қарсы басталған идеологиялық науқан ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, бірқатар басқа коммунистік партиялардағы оппортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партия, оның социалистік қоғамдағы жетекші рөлі туралы «маркстік-лениндік» тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге жәрдемдесуге тиіс болды.

1967 жылы Қазан революциясының 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзінде-ақ Л.И.Брежнев кеңес халқы жүріп өткен тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуы болып табылады деп мәлімдеген болатын. Бұл «тұжырымдаманың» өзінен бұрынғы теориялық қисындамалардан айырмашылығы социализмнің қоғам дамуының едәуір ұзаққа созылатын кезеңі екендігін мойындауынан көрініс тапты. Осы тұрғыдан алғанда «коммунизмге қарай алып адыммен секіру» идеясынан бас тарту жағдайға байыпты баға беру көрінісі болғандығы шүбәсыз. Бірақ бұл «тұжырымдама» 30 – 40-жылдары мерейі үстем болған, өтпелі кезеңнің бүкіл проблемалары шешіліп бітті, социалистік мұраттар негізінен жүзеге асты және осының бәрі дәлелденген деп санайтын әлеуметтік-экономикалық даму пайымына арқа сүйеді. Осының салдарынан социализмді жетілдіру жолдарын іздестіру ісі (егер мұндай іздестіру жүргізілсе), ескірген түсініктер аясында ғана қанат жаюға мүмкіндік алды. Социализмнің іркіліссіз және қайшылықсыз үдере өркендеуі теориясы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерді зорайтып көрсетуге, шындықты боямалап жеткізуге итермеледі, қоғам өзегіне енген қайшылықтардың, тоқыраушылықтың, төрешілдіктің асқыну себептерін жабулы күйінде қалдырды. Қоғамның даму процесі өткен кезеңдегі жетістіктермен салыстырыла қарастырылғандықтан, сөздер мен ұғымдар бірте-бірте шындыққа мүлде жанаспайтын мазмұнға ие болып, теория да шынайы мән-мағынасынан айырыла бастады.

Қиялдағыны қолдағыдай етіп көрсетуге тырысушылықтың барынша асқындаған көрінісі КРСО-ның 1977 жылғы Конституциясында орын алды. КОКП Орталық Комитетінің мамыр (1977ж.) пленумы мақұлдаған Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Талқылау барысында не бары 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. 1977 жылғы қазанның 7-сі күні тоғызыншы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Негізгі Заңның тексін қабылдады. Бұл күн КСРО Конституциясы күні болып жарияланды.

15-билет

Алтын Орданың этносаяси тарихы 1227 жЖошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды.1235 жыл Қарақорымда құрылтай откізілді. Қаралған мәселелер:Еуропаға жорық Әскери қолбасшылығына Батыйды сайлау.Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады,ал монғолдар аз болды.1236-1242 жылдар- Еуропаға жорық жасалды. Жорықтар нәтижесінде Батыс Дешті Қыпшақ ,орыс князьдықтары, Мордова, Еділбұлғарлары, Қырым, Солтүстік Кавказ, Польша, Венгрияны, Чехияны жаулады. XXIII ғ. Монғолдар Азия,Шығыс және Орталық Еуропаны жаулап алды.1243 жылЕділді төменгі Алтын Орда мемлекті құрылды.Алғашқы билеушісі-Батыйхан.Территориясы:Шығыс Дешті Қыпшақ,Хорезм,Батыс Сібір территориясының бір бөлігі.Астанасы Сарай Бату,кейіннен Сарай Берке қаласы.Сарай Берке Азиядан Еуропағабаратын ірі сауда орталығы.Орыс князьдықтарыАлтын Ордаға тәуелді болып,салық төледі. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы ,Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы,Берке ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясның құрамындағы ұлыс болды.XIII ғасырдың 60-жылдарынан дербес хандық болып бөлінді.Алтын Орданың қоғамдық құрылымы Алтын Орда көп ұлтты мемлекет.Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар -қыпшақтар,наймандар,қаңлылар т.б.Отырықшы халқы- Еділ бұлғарлары мордвалар,орыстар,хорезмдіктер т.б.Монғолдар аз болды.XII-XIYғасырларда жазба деректерде Алтын Орда халқын “татарлар” деп атаған.Тілі қыпшақ тілі. XIY ғ. Алтын Ордадағы моңғолдар толығымен түркіленді.Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қ. жерінде Шыңғыс ханның “ Яса” заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана болып сайланды. Ханның кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобысұлтандар.Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып ,Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: Оң қанатБатый хан билігі.Сол қанатОрда Ежен ханның билігі.Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді.Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауыXIII-XIY ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды. Батый хантұсында (1227-1255ж.ж.) Алтын Орда Монғол империясының тәуелді болды. Берке хан (1257-1267ж.ж.)тұсында тәуелсіздігін жариялады.Мөңке хан (1267-1280ж.ж.)өз атынан теңге шығарды.1260 жыл Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстапға ыдырады.XIY ғ бірінші жартысында Өзбек жәнеЖәнібекхандар тұсында мемлекет күшейді:Батыс Еуропамен,Кіші Азия,Египет,Үндістан ,Қытаймен сауда қатынасы дамыды.1312 жыл- Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.50-ж. Ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең”басталды.1357-1380 жылдары билік үшін күресте 25 хан ауысты.1380 жыл Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс(1380-1395) Алтын Ордаға хан болды.Ол билігін нығайту үшін 1382 жылы Ресейге жорық жасап,Мәскеуді өртеді.Тоқтамыс ханның қарсыласы Әмір Темірдің1389,1391,1395 жылдардағы жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді.Тоқтамыс пен емір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады.Алтын Орда билеушілерінің езгісіне қарсы халық көтерілістері де жиіледі:1240-41 жылдар Кама Булгариясындағы көтеріліс; 1259 жыл Новгород, Ростов,Суздальдағы көтеріліс; 1262 жыл Ярославльдегі көтеріліс ;1270 жыл Кама Булгариясындағы көтеріліс.Алтын Орданың күйреуінің себептері :Билік үшін өзара қырқыстар.Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары.Халық көтерілістері.Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы.XY ғ. Ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады Ең ірісі Ақ Орда . XY ғ.20-40 жылдары Сібір , Қазан ,Қырым ,Астрахань ,Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты. Алтын Орданың соңғы билеушісі ШейхАхмед 1502 ж. Қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады.

2, Қазақстан бірінші дуниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 ж ұлт-азаттық көтерілісХалық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылық өсе түсті.Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда,оның ішінде Қазақстанда де ерекше сезіле бастады.Ол жұмысшылардың ереуілдері мен басқа да бой көрсетулерінен көрінді.Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашық бой көрсетуіне әкеп соқпай қоймайтын еді.1916ж 25маусым күні орыс емес «бқратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрлыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша,390 мың адам алу көзделді.Аталған Жарлық қазақ далысын өте ауыр жағдайға қалдырды.Тыл жұмыстарына жұмылдыру егін өнімдері мен пішін жинау,малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді.Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтардышақыру қоеыс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар болды.Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып,Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды.Көтерілістің құлаш сермеуінен сескенген патшалықөкімет орындары 20 шілдеде шақыруды егін өнімдерін жинағанға дейін,ал 30 шілдеде 1916жылдың 15 қыркүйегіне дейін кейінге қалдыра тұру жөнінде хабарлады.Бірақ өкімет орындарына отарлық езгіге қарсы көтеріліс жалынын өшірудің сәті түспеді.Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлары:отарлық езгінің күшеюі,еңбекшілерді аяусыз қанау,күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты,ұлт араздығын қоздыру,еңбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы.Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның Торғай мен Жетісуда дала халқының танымал өкілдері,көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов,Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин,Бекболат Әшекеев т.б. бастаған ірі орталықтары пайда болды.Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916жылғы 28 маусымда жетті.Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз,бұлжытпай орындау жөніндегі шешім қабылдады.Алайда халық наразылығы күн санап өсе түсті.Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды.Көтерілісшілер тау шатқалдарына топтасып,пошта бекеттеріне шабуыл жасады,темір жолды бұзды,болыстық басқармаларды талқандап,болыстарды өлтірді.Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды.Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды.Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы,орталық тәтіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді.Ол бірнеше рет те түрмеге де түсті,заңсыз сотталған жерлестерінің ісімен Петербургке де сапар шекті1916ж шілдеде Амангелді қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады.Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас қолбасшысы – сардарбек,Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп,Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады.Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді.Сарбаздар ондық,жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді.Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды.Ақпан революциясының қарсаңында,Қазақстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтағанда,Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты.Ақпан төңкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісшілер отрядтарының саны шұғыл өсті,ал 1917 жылдың соңында Амангелді Торғайды алды.Көтеріліс Жетісу өлкесіне кең тарады.Мұндағы өзгешелік жаппай бой көрсетулерге тек қазақ еңбекшілері ғана емес,басқа халықтардың өкілдерінің (ұйғырлар,дүнгендер,қырғыздар)де қатысуы еді.1916-1917 жылдары көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып,ұлт-азаттық қозғалыс дәрежесіне дейін өсті.Ол патшаның әскери-басқыншылық саясатына,әрі белгілі дәрежеде даланың жемқор бай феодалдарына қарсы бағытталды.Бұл көтерілістің негізгі мақсаты ұлттық және саяси жағынан азаттыққа қол жеткізу,Қазақстанның барлық азаматтарына тең қарым-қатынас пен құрметті талап ету еді.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруаларының қалың бұқарасы,сонымен бірге қалыптасып келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілер болды.Көтеріліс сипаты жағынан ұлт-азаттық,соғысқа,патшаға қарсы көтеріліс болды.Антифеодалдық сипаты да бар еді.1916 жылғы көтеріліс Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық сана сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды.Отарлық езгінің көп жылдарынан соң олар өздерін бірінші рет Ресей самодержавиесінінің отарлық экспансиясына қарсы қарулы күрес жүргізе алатын күш ретінде сезініп,ұлттық мүдделердің ортақтығын түсіне бастады.

3. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет, драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна жүлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді. XIX ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес Өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді. Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге бағытталған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ эпосының негізінде көрермендерге ұсынылған «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қалқаман — Мамыр» сияқты опера, көркем фильм, балеттерді атап өтуге болады. Тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету мақсаттарында республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай, оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс істеді. Алайда тоталитарлық жүйе Қазақстан халықтарының мәдени толысуына ынталы емес еді. Мұны, әсіресе, мәдениеттің өзегі тіл мен дінге байланысты жүргізілген саясаттан көруге болады. «Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен күресуді» желеу еткен Орталық 20-жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін тәркілеп, діни өкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары алдымен латын, кейін славян алфавитіне көшірілді. 1927—1928 жылдары билер соты жойылып, дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. Мәдениеттің таза партиялылығын жоғарыдан бақылаушы ұйымдар қатты қадағалап отырды. Баслит (цензура) мен Басрепертком баспасөз бен театрларда социализм идеяларына сәйкес келмейтін шығармаларға тыйым салды. 1991 жылдан бастап Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзін-өзі билейтін елі және басқа этникалық топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Екі ғасырдан артық қилы заман Бұғалығын басынан өткізген ел енді ғана өзіне тән мәдениет пен өркениетті қалыптастыруға мүмкіндік алды

16-билет

Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Көшпелі өзбектер хандығы.ХҮ ғ 20ж Қазақстанның орталық, батыс, солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды.1428ж Шайбан ұрпағы 17 жасар Әбілхайыр(1428-1468) осы аймақтардағы билікті өз қолына алды. Әбілхайыр Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті Қыпшақтың бытыраңқы феодалдардың басын қосып «Көшпелі Өзбектер мемлекетін» құрды.Территориясы: Жайық Балқаш Арал теңізі; Сырдарияның төменгі ағысы, Тобыл Ертіс.Астанасы: алғашқыда Тура, 1431ж. Орда Базар(Батыс Сібір),1446 ж Сығанақ. Халқы өзбектер.Құрамында қыпшақтар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер т.б. болды.Елді 40ж билесе де, Әбілхайыр хан мемлекеттің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады:мемлекет бір орталықтан басқарылмады, бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарды, билік үшін Жошы ұрпақтары арасындағы өзара қырқыстар болды, толассыз соғыстар тоқтамады.Әбілхайыр ханның жүргізген соғыстары:1430 ж. Тобыл өзені бойында Махмұт Қожаны жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Махмұт және Ахмет хандарды жеңіп, Орда Базар қаласын тартып алды.1446 ж. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ,Аққорған, Үзгент,Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті. ХҮ ғ. 50ж. Самарқанд,Бұхарды шабуылдап,осы өңірдің ішкі саяси өміріне араласты.1457 ж. Үз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде, Көккесене деген жерде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты. Бұл жағдай Әбілхайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде ХҮ ғ.50ж. аяғы 60 ж. Басында Өзбек хандығынан Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшті.1468ж. Әбілхайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Негізгі себептері:Жекелеген ұлыстар арасындағы берік байланыстың болмауы,Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы билік үшін тартыстар, көшпенділердің ақсүйектер қанауына наразылығы, сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер. Оның мұрагері Шайх Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбан(1470-1510жж.) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді.1500ж. Мұхаммед Шайбан Самарқанды алды.1501-1502жж. Орта Азияны жаулады. 1510ж. Сығанақ түбінде Қасым ханның әскерінен жеңіліп, қазақ даласындағы ықпалы жойылды. 1510ж. Мерв түбіндегі шайқаста қаза болды. Әбілхайыр хандығының жеріндегі билік қазақ хандарына толық көшті. Қазақ хандығының құрылуымен, Әбілхайырдан тараған ұрпақтың Шығыс Дешті Қыпшаққа билік жүргізуіне тыйым салынды.ХҮІғ.басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Қазақстан жер

Наши рекомендации