Тақырып: Жедел іздестіру процесінің сатылары.
Жоспары:
1.Құқық қорғау функциясы процесінің сатылары.
2.Арнаулы функциясы процесінің сатылары.
Негізгі ұғымдар: Сатылар,Жедел іздеу,Жадел тексеру, Талдап өңдеу.
1.Жедел іздестіру процесінің сатылары дегеніміз-оны жүргізудің блгілі бір кезеңі.Бұл кезеңде әр сатыға тиісті және соған ғана шешуге жататын кешенді жедел іздестіру шараларын жүргізу.
Құқық қорғау функциясы процесінде олар былай бөлінеді:
1.Жедел іздеу.
2.Жедел тексеру.
3.Жедел таңдап өңдеу.
4.Жедел іздестіру.
5.Қолма қол жедел бақылау.
Бұл аталған сатылар алдымен жедел іздеу арқылы басталады.Оның мақсаты құқыққа қарсы факті туралы алғашқы мәліметтерді алу.Егер алынған мәліметте құқыққа қарсы іс әрекеттің бар екені анықталса,онда келесі саты,жедел талдап өңдеу мен обьектіні іздестіруге көшу керек.
Ал егер жедел іздеудің нәтижесінде құқық бұзушылық орын алғаны жөніндегі мәлімет жинақталса,онда келесі саты жедел тексеруге көшу керек..Жедел тексерудің мақсаты,құқық бұзушылықты анықтайтын немесе жоққа шығаратын мәліметтер жинау.Онымен қоса тексеру кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу,жолын кесу туралы шаралар да бірге атқарылады.Жедел тексеруге негіз болатын мәселе,обьектінің құқыққа қарсы іс әрекет белгілері бар хабардың орын алуы.
Егер тексеру кезінде обьектінің іс әрекетінде құқыққа қарсы іс әрекет белгілері болмаса,тексеру тоқтатылады,ал жиналған материал жойылады немесе архивке өткізіледі.
Егер жедел тексеру нәтижесінде обьектінің іс-әрекетінде құқыққа қарсы іс-әрекет белгілері анықталса,онда келесі саты,Жедел талдап өңдеу орын алады.Бұл саты жедел іздестіру процесінің негізгі мазмұны болып танылады және мына жағдайларды қамтиды:
-Жан-жақты және мүмкіндігінше толық құқыққа қарсы іс-әрекетті зерттеу,оған қатысушыларды анықтап,оларды тексеру арқылы зерттеу.
-Құпия жолмен,алдын алу мен ескерту шараларын іске асыру.
-Ашық жария түрде шара қолдануға дайындалу.
Талдыап өңдеудің обьектісі болып қоғам мен мемелекеттің қауіпсіздігіне қауіп тудыратын,залал келтіретін жеке тұлға,әртүрлі мекемелер болуы мүмкін.Талдып өңдеу кезінде негізінен екі мәселе шешіледі,олар:
1.Қылмыстық іс -әрекеттің жолын кесу,яғни қылмыстық істі іске асыруды қиындату,жарамсыз обьектіге қарай бағыттау,қылмыс жасау құралы мен күшінен айыру,әшкерелеу т.б.
2.ЖІҚ-нің жалпы мақсатына бағытталған міндеттерді шешу,сол сияқты құқыққа қарсы іс-әрекетті анықтау,одан сақтандыру,жолын кесу(ол талдап-өңдеуге қатысы жоқ адамдар жөнінде орын алады).Мысалы:
-Құқық бұзушылықты тудыратын мән-жайларды анықтау.
-Қылмыстық ұйымдар,олардың күші,жүйесі,құралы,әдісі т.б.мәліметтер жинау.
-Құқыққа қарсы іс -әрекет жасаушы нақты тұлғаларды анықтау,олардың талдау іс -әрекетінен тысқары істері туралы мәліметтер жинау.
-Жалпы сақтандыру іс әрекеттерін іске асыру.
Жедел талдап өңдеу іс әрекеті кезінде белгілі бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының нақты тексеріліп анықталған қылмыстық іс әрекеті анықталадыОл жиналған материалдар мына талаптарға сай болуы тиіс:
-Обьектінің немесе обьектілердің қылмысқа қатыстылығы туралы жеткілікті мәліметтердің болуы.
-Алдын-ала тексерілген,қылмысқа байланысты факті,оқиға,іс-әрекеттің орын алуы.
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.Кульбекова, А.М. Конституционные гарантии прав человека и гражданина в сфере оперативно-розыскной деятельности Магистерская диссертация. Специальность: 6М030100 Юриспруденция / А.М. Кульбекова.- Талдыкорган, 2013.- 106с.
2. Белгібеков, Е.С. Жедел іздестіру қызметінің негіздері .- Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2013.- 267 б.
3.Белгібеков, Е.С. Криминалистика мен қылмыстың жекелеген түрін тергеу әдістемесі.- Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2013.- 100 б.
4.Сысалов, М.П. Оперативно-розыскная деятельность [Учебник..- Алматы: Юридическая литература, 2004.
5. Сысалова, М.П. Основы оперативно-розыскной деятельности.- Алматы: Юридическая литература, 2007.- 338с.
Қосымша әдебиеттер:
6. Сысалова, М.П. Основы оперативно-розыскной деятельности. Учебник - Алматы: Юридическая литература, 2007.- 338 с
7. Ағыбаев А.Н. Алдын ала тергеудің аяқталуы: Оқу құралы / А.Н. Ағыбаев, Е.О. Алауханов.- Алматы: Жетi жарғы, 2004.- 136 б..
8.Сарсекулов, Ж. Н. Жедел-іздестіру әрекетінің ұйымдастырушылық тактикалық негізі : Магистрлік диссертация. Мамандығы: 6М030100 Заңтану / Ж. Н. Сарсекулов.- Талдықорған, 2011.- 104бет.
Нормативтік құқықтық актілер:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30-тамыз 1995 ж.
2. «ҚР-дағы Жедел іздестіру қызыметі туралы» Заң,15 қыркүйек 1994 ж. «өзгерістер мен толықтырулармен).
3.ҚР-ның Ұлыттық қауіпсіздік органдары туралы Заңы. 21 желтоқсан 1995ж.
4.ҚР-ның ішкі істер органдары туралы Президенттің Заң күші бар Жарлығы. 21 желтоқсан 1995ж.
7.ҚР-сы Президентінің қүзет қызыметі туралы Заңы.3 қазан 1995ж.
8.ҚР-ның Кедендік бақылау агенттігі туралы Заңы.