Сынып. Дүние жүзі тарихы. ? ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы Англияның саяси-экономикалық дамуына сипаттама беріп елдегі негізгі

Сабақтың тақырыбы: §16. ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы Англияның саяси-экономикалық дамуы. /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

? ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы Англияның саяси-экономикалық дамуына сипаттама беріп елдегі негізгі партиялар мен саяси топтардың және парламенттік реформалардың мәнін ашып көрсету. Оқушылардың назарын «Британ империясы» деген атау алған сыртқы саясатына аудару.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:сұлба, сызбалар, карталар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

& Оқу құралын тексеріп түгелдеу

& Әнұран орындау, «Хабар».

& Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

– ХІХ ғ. І жартысында Англияның экономикалық дамуының негізгі белгілерін атаңдар.

– Чартистік қозғалыстың жеңілуінің себебі неде?

– ХІХ ғ. 50-60 жылдары не себепті Англия « дүниежүзілік шеберхана» аталды?

– Не себепті Англияның билеуші топтары реформа жолына түсті?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Саяси партиялар

2. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы парламенттік реформалар.

3. Англияның экономикалық дамуының ерекшелігі.

4. Англияның сыртқы саясаты.

5. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Англия

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1. ХІХ ғасыр ортасындағы Англияның саяси партияларын атаңдар.

2. У.Гладстон мен Б.Дизраэлидің парламенттік реформаларын салыстырыңдар.

3. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары парламент қандай реформалар жүргізді?

4. «Британ империясы» деген атау қашан пайда болды?

5. «Империялизм» термині алғашында нені білдірді?

Англиядағы саяси партиялар мен топтар Кімдердің мүддесін қорғады?
1. 2. 3. 4.  

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§16

Сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §17. І Наполеон кезіндегі Франция /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

? 1799 жылы соғыстың жеңілісі режим дағдарысына әкелгендігі, осындай кезеңде консервативті буржуазиялық қайраткерлер шеңберінде мемлекеттік төңкеріс жасау жоспары шығып, оған қолайлы адам Наполеон Бонапарт екендігін оқушыларға айта келіп, Бонапарт әскери диктатурасы орныға бастағанын анықтау.

? Шығармашыл, белсенді тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

& Оқу құралын тексеріп түгелдеу

& Әнұран орындау, «Хабар».

& Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

– ХІХ ғасыр ортасындағы Англияның саяси партияларын атаңдар.

– У.Гладстон мен Б.Дизраэлидің парламенттік реформаларын салыстырыңдар.

– ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары парламент қандай реформалар жүргізді?

– «Британ империясы» деген атау қашан пайда болды?

– «Империялизм» термині алғашында нені білдірді?

1795-1815 жж. Еуропадағы соғыс
кезеңі Францияның соғыс ашқан елдірі Соғыс қимылдарының барысы Нәтижелері
       

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Жаңа тақырып Наполеон ның басқыншылық соғыстары

2. Консул және Наполеон тұсындағы өкіметтің ішкі саясты және экономикалық дамуы.

3. ХІХ ғасыр басындағы Еуропа мемлекеттері

4. 1800-1807 жж. Франциядағы соғыс

5. Француз басқыншыларына қарсы Испаниядағы халық көтерілісі

6. Француз империясындағы алғашқы дағдарыс.

7. Наполеонның 1812 жылғы Ресейге жорығы және Отан соғысы

8. Наполеон империясының талқандалуы. Вена конгресі, маңызы.

Маңызды оқиғалар:

è 1796-1797 жж.-азаттық үшін соғыс басқыншылық соғысқа айналды.

è 1796 ж.- Бонапарт басқаруындағы Француз армиясының Италияға басып кіруі

è 1797-1799 жж.- Француздардың қолдауымен Италия аумағында Лигурие, Цизальние, Рим, Неополитан республикаларының құрылуы

è 1798 ж.- Францияға қарсы коалицияның құрылуы;

Германияда Наполеон гегемониясының орнауы.

è 1795 ж. Пруссия Франциямен Базель бітіміне қол қойды.

è 1801 ж.-Люневиль бітіміне қол қойылды

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1. Бірінші консул Наполеон Бонапарттың енгізген өзгерістерін атаңдар.

2. «Наполеон кодекстерінің» маңыздылығын ашыңдар

3. Наполеон Бонапарт өзінің ішкі және сыртқы саясатын кімдердің мүддесіне орай жүргізді?

4. «Құрлықтық қоршаудың» мәні неде? Кімге қарсы жарияланды.

5. І Наполеонның атақ дәрежелерін атаңдар

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§17.

Наши рекомендации