Кпенің жасанды ауа жаңарту құрылғылары
Drager фирмасы әлемде өкпенің ауа жаңарту құрылғыларын шығарушы ең мықты фирмалардың бірі, бұл фирманың тарихы 1907 жылдан бастап Генрих Драгер деген ғалым бірінші тыныс алу аспабын ойлап табады, бұл аспап науқасқа бірінші жедел көмек және тыныс алуын қамтамасыз ететін. Қазіргі кезде тынысты қамтамасыз ету басқарылатын компьютерлік техникамен жүзеге асып отыр,бұл қауіпсіздік ережелерін сақтауға мүмкіндік береді. Ары қарай осы фирманың екі моделі қарастырылатын болады: EV-801.EDAM2.
EV-801 құрылғысы.Бұл құрылғы ұзақ уақыт ауамен қамтамасыз ету үшін және үй жағдайларында , жылжымалы көліктерде клиникалық қолданысқа ие болады.
EV-801құрылғысы уақыт арқылы басқарылатын аспап. Медициналық қысылған ауасыз қанауға жарайды. Электр тогынан қорек алады. Қысылған ауаға тәуелді еместігі қосымша сорғыш орнатылғандықтан.
Электр қоректің бір көзден екінші көзге ауысу,мысалы электр тогы берілмей қалған жағдайда науқасқа берілетін ауа тоқтап құрылға жұмысын тоқтатады. Ең жақсы мінездемесі электр көзі өшіп қалғанда қосымша автономды қорек көзін қосып ұзақ және қысқа мерзімге ауамен қамтамасыз ете алады, тыныс алу мәселеллерін бардық қиын жағдайда да шеше алады, мысалы реанимацияда, көлікте, арбада.
Науқасқа керек тыныс алу параметрлері EV-801-нің басқару тетігінен алынады. Микропроцессор тыныс алуды бақылап,дәрігер берген тәртіптемені басқарып отырады.
Қосымша сорғыш фильтр арқылы ортадаға ауаны сорып алады, сонымен қатар ол ауаны шаң тозаңнан тазартады. Сөйтіп поршеннен аука науқасқа беріледі.
Науқасқа берілген қысым көлемі біткенде тыныс тоқтайды.Поршень тоқтап, шығару клапаны ашылады,ол арқылы науқас ауаны сыртқа шығарады. Осымен бірге сорғыш фильт арқылы ауаны ішке тартып келесі демге дайындалады.
EV-801 жұмыс тәртіптемелері бар: CMV.SIMV.PEEP.
Аспап мынандай қосымша құрылған мониторлармен қамтамасыз етілген;
Апноялық (тыныс тоқтауы)
Рұқсат етілмеген параметрлер
Электроқорек
Аспап функцияландыру
EV-801 құрылғысы жұмсарту құралымен бірге.
Оптикалық және акустикалық дабыл жедел хабарлама береді. Осындай тәсілмен пайдаланушы қандай іс әрекетке көшу керектігі белгілі болып отырады.Бұл құрылғыны қолдану қателіктерге бой алдырмауға бірден бір көмек.
Техникалық мәліметтері:
Тыныс алудың жиілігі 1/мин 1-ден 38-ге дейін
Тыныс алудың көлемі, л 0,1-ден 2,2-ге дейін
Дабыл белгісі оптикалық және акустикалық
Қорек 100-240В 50Гц немесе 11,6-30В
Қолдану күші 110В
Өлшемі 380*245*370мм
Салмағы 16,5кг
2-сурет.ЕV-801 құрылғысының сырт келбеті.
EDAM2 Құрылғысы .
Бұл құрылғы өкпенің ауа жаңартуын тыныс жетпеген науқастарға клиникалық жағдайда пайдалануға арналған.Өзіндік тыныс қоспасы бар және қосымша компрессор сервдыигателімен.
EDAM2 Құрылғысы келесі ауа жаңарту тәртіптемесін орындайды: CMV.SIMV.PіF.CPAP. барлық көрсетілген тәртіптемелерді PEEP-пен бірге қолдануға болады. Құрылғының ішкі электр көзі бар, яғни қосымша жасалған аккумляторлар түрінде, бұл оның электр көзі сөнген соң 7 сағат көлемінде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар құрылғы кез келген араласусыз өзі ішкі электр көзіне қосылып, құрылғының ауа жаңарту жұмысын тоқтатпайды.
Бұл құрылғы науқастың қауіпсіздігін сақтау үшін өте биік дабыл тетігі бар: минуттық ауа жаңартудың түсуінде, аккумлятордың ток күші 12,5в-тан түскенде, өзіндік тыныстың жоғалуында SIMV және BiF тәртіптемелері қолданған кезде.
Негізгі құрамы бумен жұмсартатын ZCH2 микропроцессорлық басқаруы бар.
Техникалық мәліметтері:
Тыныс алудың көлемі, л 0,4-0,5-0,6-0,7-,-0,8-0,9-1,0-1,1-1,2-1,3-1,5-1,8
жиілігі 8-10-12-13-13-15-16-17-18-20-22-24
Ара қатынасы 1:1,5-1:2-1:2,5-1:3-1:4
Қорек 220В 50Гц
Қолдану күші 150В
Өлшемі 720*660*1270мм
Салмағы 120кг
Chirolog 1 SIMV құрылғысы ұзақ уақытқа ауаны жаңарту үшін клиникалық жағдайларда қолдануға жарайды. Құрылғы келесі тәртіптме бойынша жұмыс істейді: CMV.IMY.SIMV.CPAP.
Chirolog 1 SIMV қарапайым құрылғы, бірақ қосымша жұмсарту аспабымен ауа жаңартудың ең керекті талаптарын орындайды.
Техникалық мәліметтер:
Ті жұту уақыты 0,5-5с
Те шығару уақыты 0,5-15с
Ауа жаңарту жиілігі 1/мин 0,63-60
Өлшемі 670*670*120
Салмағы 36кг
3-сурет. Chirilog SV аппаратының сырт бейнесі.
Siemens фирмасы өзінің сервовентиляторларымен белгілі,олар тек кәсіпқой клиникаларда қолданылады. Төменде 900Е және710 құрылғылары қарастырылатын болады.
Сервовентилятор 900С – өте жақсы дамыған клиникалық қолданысқа ие электрондық құрылғы.
900С құрылғысының орталығы –арнайы сервобасқарылу жүйесі. Науқасқа орнатылған шынжыр автоматты түрде науқастың жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Аздаған ауытқулар байқалса тез арада вентильді сервобасқаруға дабыл береді және ауытқу түзеледі.
Қысым мен ағым тоқтаусыз өлшеніп отырады, салыстырып секундына 100 рет реттеп отырады. Сервобасқарылатын жүйе кері әсерінде дәрігер тағайындаған дәлдікпен ауа жаңартуды орындап отырады.
Сервовентилятор келесі тыныс алу тәртіптемесін орындайды: көлемді бақылау,қысымды бақылау, қысымды қолдау,SIMV.CPAP-ты қолдан ауа жаңартуды.
Сервовентилятор 900С сандық шығысы бар, соның арқасында маңызды адам өмірін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Сурет-3.Сервовентилятор 900 С сырт келбеті.
Вентилятор 710 – заманауи барлық науқастарға арналған вентилятор. Бұл өте қолайлы кішкене аспап,оның қолдан басқарылатын және автоматты басқарылатын ауа жаңартқышы бар,қосымша минуттық көлемді бақылау жүйесі бар,бір тыныс алу циклы, тыныс алу қысымы және О2-ның концентрациясы бар.
Вентиляторда минуттық көлемнің тыныс алу қысымы мен оттегінің концентрациясының дабылын орнатуға болады.
Аспапқа көр ток күші түскен кезде, аспап автоматты түрде батареядан қорек көзіне өтеді. Бұл аспаптың ең маңызды мүмкіншілігі науқасты тасымал дауға мүмкіншілік береді.
Техникалық мәліметтер:
Тыныс жиілігі 1/мин 6-60
Ауа жұту ұзақтығы 25,33 немесе50% тыныс
Минуттық тыныс көлемі л/мин циклы
Өлшемі см 0-40
Жүйелік күшейту 59*28*16
Резервтік батарея 100,120,220,240В
Қолданатын мықтылық 50-60гц
Салмағы 10кг
Puritan BENNET фирмасы екі аппаратты ұсынады:7200 және КОМПАНЬЕН 2801.
Микропроцессорлық аспап 7200 топтамасы заманауи пневматикалық жүйе.Асппаптың негізгі және конструктивті ерекшелітері: әрқашан өзіндік конструктивтік тестілеуден пневматикалық және электрондық жұмыс барысында өткізуі.
Автоматты түрде науқастың тынысының тоқтауын және жедел аптоэ тәртібіне көшуі.
Қысым және ағым туралы ақпарат 3 қысым тетігінен және 3 ағым тетігінен микропроцессорлық бақылауға 50Гц жиілігімен келіп түседі. Аспап әрқашан науқастың демінінің жылдамдығын қадағалап отырады. Егер тыныс тоқтаған жағдайда аспап міндетті түрде апноэ режимін қосады да, еркінен тыс апноэ ауа жаңартуын бастайды, аудио дабылмен ақпарат бере отырып. «апноэ ауа жаңарту» режимі науқасты ауа жаңарту құрылғысына жатқызар алдында орнатылып қояды.Аспап келесі мүмкіншілктерді көрсете алады:
Компьютермен интерфэйс орнатуы
Тыныс алу механикасының мониторингі
Ауа жаңартудың Графикалық көрінісі
КОМПАНЬЕН 2801 құрылғысы микропроцессорлық басқаруымен электрлік жүйесімен кездесетін портативті аспап.
КОМПАНЬЕН 2801 микропроцессоры бар және ол мониторингтік ауа вентиляторын бақылап отырады. Вентилятор 3 түрлі электр көзімен жұмыс атқара алады,ауыспалы жүйелі ток, ішкі және сыртқы батареялармен. Ішкі батарея науқастың қауіпсіздігін электр жүйесінде апат болған жағдайда қамтамасыз етеді,және аз уақытқа арналған ауа жаңартуды керек ететін жағдайларға арналған мысалы көліктерде 1 сағат ішінде электр жүйесін ұстап тұрады.
Тыныс алудың көлемі мен жиілігі триггердің сезімталдылығы қосымша тынысты жіберуге берілген параметрлері арқылы іске асырылады. Берілген дабыл қаққыштар батареяның қуаты төиендегенде , жоғары қысымда, төмен апноэ қысымда белгі беріп отырады.
Сурет-4. Companion 2801сырт келбеті.
PO-6 аспаптары интенсивті терапияда, реанимацияда респираторлы бөлімдерде жасанды ауа жаңарту үшін қажет. РО-6 моделі наркоз қолдану кезінде көбінесе қолданысқа ие болады. Аспап электр жүйесінен қуат алып, ересек адамдардың тыныс алуын қамтамасыз ету үшін керек. Оттегіні және басқа газдарды беру орнатылған тәртіптемесіне зиян келтірмей, керек болған жағдайда автоматты түрде ауамен толтырып отыруға мүмкіншілігі бар. Аспапта реверсивті және реверсивті емес тыныс контурлары бар, басқарылатын қосымша ауа жаңартуымен, қолдан ӨАЖ,аспап арқылы өзіндік тыныс алуы мүмкін. Аспаптың құрамына оттегіні беретін блок пен наркоз блогі, пневматикалық сорғыш,дымқылдандырғыш кіреді. Өкпені автоматты түрде қолдан үрлеу жүйесі де қарастырылған.
Бұндай аспаптарда бір біріне қарамастан калибрлы шкала бойынша тыныс алу көлемі орнатылады, (активті жұтуда1,2 пассивті 2,5л ), минуттық ауа жаңарту 25л/мин активті жұту кезінде 50л/мин пассивті ұту кезінде,ауа жұту мен шығарудың қатынасы РО-6-0,3 басқа, 1:2. Тазартуды ішкі тыныс алу бөлімдерін ашпай ақ формальдегид қоспасымен және басқа суық әдістермен жүргізбейді.
РО-6Н және РО-6Р модельдері тек наркоз блогында «Полинаркон» оттегі блогының болуымен айыра аламыз. РО-6-0,3 оңайтылған РО-6Р бір түрі болып табылады, тек ауа жаңарту блогының қосымша түрі болмауымен айыра алуға болады, және жұту мен шығаруда тек бір шама ғана көрсетеді.
РО-6-03 моделі тәртіптемесінің көп жетілгендігімен оны таңдау мүмкіншіліктері бар, оған басқару қызметі, қосымша периодттық ауа жаңарту, он қысыммен өзіндік тыныс алу мүмкіншіліктері бар. Дұрыс жұмыс жағдайын бұзбау үшін ішкі дабыл белгісі орнатылған.
РО-6Н-05ең жеңіл РО-6-03 модельдерінің бірі, наркозды болк орнатылған. РО-6Р-06 моделі РО-6-03 моделін алмастыра алады және активті ауа шығаруы болмайды. Екі модельдеде қосымша дымқылдатқыш басқа эффектілі УДС-Ш дымқылдатқышына ауыстырылады. Ең соңғы кіргізілетін нәрсе ол клапан ауа шығару соңына қарай қысым көтеріледі.
«Ауа жұту аппараты» өзінің кіші өлшемімен өзгешеленеді.(15 кг-дан кіші) Осы ерекшелігі арқасында бұл аспап чемодан тәсілді, көп экстрималды медицина да, жедел жәрдем көліктерінде поликлиникада, науқастың үйінде де қолдануға мүмкіндік береді.
Аспап басқарулы ауа жаңартуды минутына 0,7-20л-ге дейін жиілікке қарамастан 10-50 мин қамтамасыз етіп тұрады. ол барлық жерде қолданылуы мүмкін, бірақ анестетиктер қабылдаған жағдайда құрылғының жұмысы қарастырылмаған.
Ең маңызды ерекшелігі тыныс алу циклының актын қолмен өзгертііп отыруға болады. Ауа шығару қысымы 0-ден 1,5кПа-ге дейін өзгеруі мүмкін, және қосымша мановаккумметрмен қадағаланады.
Ауа жұтудан ауа шығаруға ауысу: уақытпен,электрондық жүйемен немесе қолдан. «Спирон құрылғылары» барлық медицина мекемелерінде жасанды ауа жаңарту керек болған жағдайда қолданылады. Аспаптардың барлығы электр жүйесінен қуат алғандықтан, берілетін қысылған газдың өзгеруіне құрамының әкеліп соғады. Бұл аппараттардың ең негізгі ерекшеліктері:
Тазарту мүмкіншілігі әртүрлі әдіспен болған жағдайдың өзінде аспапты ашып жуылуы.
Тыныс алу актінің электрондық басқарумен уақытқа ауысуы.
«Спирон-101» құрылғысы ең ауыр реанимациялық жағдайларда, реанимация бөлімдерінде өткізілетін,интенсивті терапияда, отадан соң қолданылады. Ол басқарылатын қосымша, периодтық еркінен тыс,қолдан басқарылатын, жоғары қысыммен немесе орта, өзіндік тыныс алуға, және әр түрлі қисық жылдамдықпен үрлену процесін жүзеге асырады. Минуттық ауа жаңартуда ауа жұтуды тоқтату қарастылырып көлемін шығаруға ниеттелген. Аспаптың құрамына дымқылдатқыш УДС-1П, спиромонитор СМ-1 «Аргус»неше түрлі дәрі дәрмек енгізу және тыныс алу циклын алыстан басқаратын пульті кіреді. Негізгі аспаптың орнығуы минуттық ауа жаңартуды ықшамдауы,(50л/мин), жиілігі (10,,,,60мин), ауа шығару қысымымен ауа жұту ұзақтығы қатынасы 10 кПа-ға жетеді.
«Спирон -201» алдыңғы аспап секілді реанимацияда қолдануға арналған. Бірақ алдыңғы аспапқа қарағанда үрлеу жылдамдығының өзгеру мүмкіншілігінің жоқтығында, ауа жұту кезінде тоқтау автоматты түрде жасалынып берілген шама орындалады. Онда алдыңғы аспаптай қосымша және басқарылатын периодттық ауа жаңарту қарастырылған, жасанды ауа жаңарту қолдан, өзіндік тыныс алу аспап арқылы. Аспаптың құрамына дымқылдатқыш УДС-1П, спиромонитор СМ-3 «Аргус»неше түрлі дәрі дәрмек енгізу және тыныс алу циклын алыстан басқаратын пульті кіреді. «спирон -101»моделіндегідей дозамен оттегінің берілу құрылғысы орнатылған, айырмашылықтары жоқ деугеде болады, бірақ минуттық ауа жаңартуы алдыңғы аспапқа қарағанда кішкене төмен -35л/мин.
«Спирон -301» наркоз қолданған кезде барлық ауа жаңарту қызметін атқару үшін қолданылады. Ауа жаңартуды пассивті ауа шығарумен,қолдан құрау, өзіндік тыныс алуды аспап арқылы жасайды. Оң нәтижелі қысым алуға мүмкіншілік тудырады. Берілетін газ наркозды блокпен «полинаркон-4П» беріледі, және ауа жаңарту тәртіптемесіне өз өзгеріс туғызбайды. Минуттық ауа жаңарту 25л/мин тыныс алу жиілігі 10,,,,30, максималды қысым 6Кпа. Ауа жұту мен шығарудың арақатынасы 1:2 және бұл шама өзгертіле алмайды.
Сурет-5.Спирон 301 сырт бейнесі.
«Спирон -303» тыныс алу реабилитациясында поликлиникаларда, ауруханаларда, үй жағдайларында, басқа модельдер сияқты сандық таблосы және ауа жаңартуы бар. ӨАЖ-ын пассивті ауа шығарумен керек болса оң қысымды жұтумен қамтамасыз етеді. Оттегі дозиметрімен ,дәрі дәрмек шашатын құрылғысымен, волюметрмен,алыстан басқаратын пультімен қамтамасыз етілген. Минуттық ауа жаңарту 25л/мин, жиілігі 10-60мин, ауа жұту мен шығарудың арақатынасы 2:1,1:3-ке дейін баспалдақтап барады.
«Спирон -305» құрылғысының құрамына ингаляциялық наркозды кіргізген. Бұл аспап тыныс алудың барлық түрлерін орындай алады,минуттық ауа жаңартудың сандық нәтижесін шығару мүмкіндігі бар. Бұл құрылғы тез және оңай тазарту үшін ағытылып жиналады. Дабыл қаққыш қосымша орнатылған, жұмысы дұрыс жүргізілмеген жағдайда соғады. Тыныс алу көлемі 0,2-1,5л-ге дейін барады,минуттық ауа жаңарту 3 пен 25л/мин аралығында, ауа жұту мен шығарудың арақатынасы 1:1,5,1;2,1;3.
«Энгстрем –эрика» ең бірінші ауа жаңарту құрылғысы болып табылады, бұл аспапта микропроцессорлық басқарылу тетігі орнатылған. Құрылғының куат көздері қысылған ауа немес оттегімен қорек іздейді, ал электр көзіне қосылу басқару тетігі өлшеу үшін қажет. Аспап реанимация бөлімдері ұзақ уақыт бойынша қолдану үшін және көптеген тәртіптемені орындай отырып, қосымша және периодтық ауа жаңартуды және өкпеге ауа үрлеу арқылы интенсивті өзіндік тыныс алуға аспап арқылы жол ашады. Пассивті ауа шығару қысымды көтеруіне қарастырылады.
Құрылғының сызбасында бөлінгіш сыйымдылығы бар. Аспаптың ең негізгі ерекшелігі берілген тыныс көлемін 0,1-0,2л аумағында ұстап тұрады. Тыныс алудың жиілігі 0,4-40мин арасында болады, сонымен ең кіші периодтық жасанды ауа жаңарту қолданылады. Ауа жұту мен шығару арақатынасы 1:3; 3:1 аралықта болады. Минуттық ауа жаңарту 30л/мин дейін жетеді. Аспапта газ қосындысының жылдамдығын өзгертіп отыру үшін құрылғы орнатылған,тыныс алу актімен ауысып, ауа жұту ауыспалы ұзақтығын қамтиды.
Қосымша өлшеуіш құралдары бар бұл аспап 8 жұмыс мінездемесі арқылы созылмалы өкпе мен тыныс жолдарының қарсылығымен жұмыс атқарады. Орнатылған дабыл қаққышы бар болғандықтан өлшенетін шамалардың ауытқушылығын шығарып отырады.
Ауа жұту акті:ауыспалы ағымның генераторы, мембрандық сорғыш арқылы тұрақты үрлеу тыныс алудың жиілігімен жұмыс атқарады.
Ауа жұтудан ауа шығаруға ауысу : уақытпен,электронды сызбамен берілген; тыныс алу контурінде газ қосындысын электромагниттік клапандарымен үлестіреді. Қысым арқылы ауысуыда мүмкін.
Ауа шығару акті: «нөлдік» қысым генераторы, шығарылған газ тікелей атмосфераға түспейді,қосымша бөлінгіш сыйымдылыққа түседі ол оның көлемінөлшеу үшін қажет. Ауа шығарудан ауа жұтуға ауысу науқастың қосысмша ауа жаңарту және оның тырысуымен іске асырылады.
«Фаза-5 » құрылғысы ұзақ уақыт бойы басқарылатын өкпенің жасанды ауа жаңартуын медициналық стационарлы орталықтарында қолдануға арналған және қысқы мерзімді де ауа жаңартуды, ауыр жарақат алған жағдайда іске асырылады. Жылжымалы эвакоәдісті бұл аспапта қолдану тұрақты ток күшімен қамтамасыз етілген, аспап тікелей қуат көзіне қосылады, сондықтан дымқылдатқыш қосуға болмайды.
Құрылғыда ауа компрессорлық жобасы қосымша орнатылған,электрлік және пневматикалық параметрлерін басқарып отыратын клапандары ,сандық блок индикациясы,негізгі ауа жаңарту көрсеткіштері,алыстан басқарылатын пульті бар.
Аспап барлық ауа жаңарту тізбесі арқылы жұмыс атқара алады,пассивті ауа шығаруды қамтамасыз ете отырып, өзгертіп отыруға болатын ауа шығаруымен,жылыту және дымқылдату қосындысымен науқасқа беріледі.
Бұларды айыратын ерекшеліктері ыстық бумен дезинфекция аспапты ашпай жасалатындығында болып тұр.
Аспап барлық ауа жаңартуды дем жұту уақытымен байланыстыра отырып,минуттық ауа жаңартуды орнатылған микропроцессормен жасай алады.
Дыбыстық және жарықтық дабыл қаққыш тыныс алу контурының герметизациясы жоғалғанда , берілген қысымның ауытқуларында,тыныс алу қоспасының температурасы көтерілгенде,аспаптың өшіп қалуында іске қосылады.
Құрылғы келесі тәртіптме бойынша жұмыс істейді: CMV.CPAP.PEEP,тыныстың қолдан басқарылатын жиілігімен. Тыныс алу қоспасының дымқылдатқышы УДС-02 қолданылады,ол науқасқа түсетін қоспаның дымқылын ұстап қызуды жібермеу үшін арналған. Дымқылдатқышты басқару микропроцессор арқылы жүзеге асады,апат жағдайларында автоматты қыздыру жобасыда бар.
Техникалық мәліметтер:
Минуттық ауа жаңарту л/мин 3-25
Орта минуттық ауа жаңарту л/мин диапазоны 1-35
Тыныстың жиілігі 1-160
Науқастың үштігіндегі газдың температурасы *С 32-38
Салмағы 25кг
Өлшемі 365*330*275
Қорек 220В 50Гц
Қолдпнылатын қуат
Дымқылдатқышпен 975
Дымқылдатқышсыз 175
Орнатылған қолдану уақыты 2,5 жыл.
Орта қолдану уақыты 4 жыл.
Сурет-6. Фаза -5 аппаратының сырт келбеті.