Түсiндiрме беретiн жазба

Лттық құқық жоғарғы мектебі

Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Ұлттық құқық жоғарғы мектебі

директоры

з.ғ.д.,профессор Шапак У.

_________________________

«_____» _________________ 2014 ж.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ

ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В030100 - «Құқықтану»

мамандығы студенттеріне арналған

Астана, 2014

Пәннің оқу әдістемелік кешенін аға оқытушы Сыздыкова Гулбаршин Алипкызы дайындады

Пәннің оқу әдістемелік кешені азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы отырысында бекітілді

Хаттама № _____ «_______» _____________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі ___________________________ з.ғ.д., профессор Т.Е. Каудыров

Ұлттық құқық жоғарғы мектебінің әдістемелік кеңесінде келісілді

Хаттама № _____ «_______» _____________ 2014 ж.

Оқу әдістемелік кеңестің төрағасы_______________________ з.ғ.д., профессор Шапак У.

Мазмұны:

  1. Типтік оқу бағдарламасы
  2. Силлабус
  3. Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру кестесі
  4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
  5. Дәріс кешені
  6. Семинар (тәжірибе) сабақтарының жоспары
  7. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқауы
  8. Әдістемелік нұсқаулар: дипломдық, курстық жұмыстарды орындау, реферат, баяндама, эссе т.б. орындау.
  9. Білім алушының өзіндік жұмыстарды орындауға берілетін тапсырмалар (үй тапсырмалары, тақырып бойынша өзін-өзі бағалау тапсырмалары, ағымдағы жұмыстары орындау, тапсырмалар және т.б.)
  10. Білім алушының деңгейлерін бақылау және бағалау тапсырмалары (тест тапсырмалары, емтихан сұрақтары)
  11. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық өткізу.

ТИПТIК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

_____________________________________________________

(Жоғары кәсiптiк бiлiм)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ

050301 «Құқықтану»

бакалавриат мамандығы бойынша

135_(3)____

сағат (несие) көлемi

Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi

Астана

Алғы сөз

1.«Құқық» мамандықтар тобы бойынша оқу-әдістемелік секциясымен ДАЙЫНДАЛҒАН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН.

2.Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу-әдістемелік кеңесінің 2006 жылдың 22-маусымындағы хаттамалық шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ КҮШІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН.

3.алғашқы рет енгізілген.

4.Типтік оқу бағдарламасы 050301 «Заңтану» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес дайындалған.

Бұл типтік бағдарлама «Құқық» мамандықтар тобы бойынша оқу-әдістемелік секциясының рұқсатынсыз көбейтіле және таратыла алмайды.

МАЗМҰНЫ

Түсiндiрме беретiн жазба ........................................................................................4

Пәннiң мазмұны .......................................................................................................6

II.1. Кiрiспе .........................................…...................................................................6

II.2. Негiзгi бөлiм ......................................................................................................8

1-тақырып. Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі .......................................8

2-тақырып. Еңбек құқығының қағидалары.............................................................8

3-тақырып. Еңбек құқығының субъектілері...........................................................8

4-тақырып. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.….........................................9

5-тақырып. Еңбек шарты …….…..................................................................9

6-тақырып. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты...............................................9

7-тақырып. Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтемақылық төлемдер.......10

8-тақырып. Еңбекті қорғау ……………................................................................10

9-тақырып. Еңбек даулары ………………………………....................................11

10-тақырып. Халықаралық еңбек құқығы. Жақын және алыс шетелдерде еңбекті құқықтық реттеу…………...........................................11

11-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, басқа құқық салаларынан айырмашыл......................................12

12-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландыру …………………...................................................12

13-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек өтілі, оның түрлері, есептеу, растау тәртібі …............................................13

14-тақырып. Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру ………................................................................13

15-тақырып. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру ……..........................13

II.3. Семинар (тәжірибе) сабақтарының тақырыптарының үлгі тізімі..............14

II.4. Студенттердің жеке жұмысы тақырыптарының үлгі тізімі........................15

II.5. Курстық жұмыстардың үлгі тақырыпнамасы...............................................18

III. Ұсынылатын әдебиеттер тiзiмi .......................................................................23

IV. Типтiк оқу бағдарламасының авторлары ......................................................24

Түсiндiрме беретiн жазба

«Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» пәнінің мақсаттары мен міндеттері, оның заңгер-мамандарды даярлауда ролі мен мәні, сонымен қатар оқу үрдісінде алатын орны.

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшумен байланысты еңбек ресурстарын пайдалану және еңбек заңдылығын қолдану тәжірибесінде бірнеше мәселелер туындады.

Қазақстан Республикасының еңбек құқығы негізгі құқық салаларының бірі, мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес «Заңтану» мамандығы бойынша заңи жоғарғы оқу орындары мен факультеттердің студенттерін оқытуға арналған.

Аталған оқу сабағын оқытудың пәні ретінде қызметкерлердің еңбегін қолдану үрдісінде жалпы еңбектік қатынастарды реттейтін құқық нормалары және еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастарды, сонымен қатар еңбек құқығының ғылымына тән теориялық концепцияларды оқыту болып табылады. Еңбек құқығы ғылыми пән ретінде заң ғылымдарының бір бөлігі болып табылады.

Оқу курсын оқытудың мақсаттары студенттердің негізгі теориялық мәселелер жөнінде білім алу, еңбекті реттеу және халықты әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдылығын зерттеу, заңдылықпен жұмыс істеу қабілетін иемдену, практикада туындайтын күрделі мәселелерде бейімделуге, алған білімдерін қолдану қабілетін пайымдау.

Оқу курсының міндеттері студенттерін аталған курсқа қызығушылығын арттыруға бағытталған. Студенттер бұл курстың әрбір институттарының жалпы және арнайы бөлімдерін меңгеру керек, құқықтық қатынастарда туындайтын нормаларды қолдану тәртібін оқу керек, құқықтың қайнар көздерімен жұмыс істеудің астарлы білімін меңгеру қажет.

Оқу курсын оқып бітірген соң студент құқық қолдану қызметін жүзеге асыру үшін еңбек құқығының және әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларының мазмұнын және институттарын білу қажет.

Курсты оқудың қорытынды кезеңінде студенттің алған ең аз мөлшердегі білімі, білігі және машығы: оқу үрдісінде студенттер жалпы бөлімнің теориялық мәселелері, ерекше бөлімнің негізгі құқықтық институттары жөнінде білім алуы қажет, сонымен қатар практикалық жағдайларды шешуде қолданатын нормативтік-құқықтық актілерді қолдану және сараптау жөнінде біліктену және машықтану қажет.

“Қазақстан Республикасының еңбек құқығы” курсын оқып бітірген соң студент Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығының жүйесі, оның қағидалары, мақсаттары және құрылымы туралы мағлұмат алуы керек, оларды жетілдіру тарихын машықтау қажет, қызметкерлердің кейбір санаттарымен еңбек шартын бекітудің ерекшеліктерін білуі қажет, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу тәртібін білуі керек, жалақының нысандары мен жүйесін қамтуы керек, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің еңбек заңдылығын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің әр түрлі түрлерін пайдалануды үйренуі керек, еңбек құқығының теориясын және еңбек заңдылығының нормаларын қолдана білу керек, еңбектік және зейнетақылық салада сапалы кеңес беру, сонымен қатар еңбек құқығын еңбектік және әлеуметтік-қамсыздандырушылық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру үрдісінде пайдалана білуі керек.

Аталған курсты оқытудың нормативтік негізін еңбек құқығының және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласындағы нормативтік құқықтық актілері қамтиды.

Бұл тек ішкі ұлттық заңдылықтың қайнар көздері ғана емес, сонымен қатар халықаралық құқықтың нормалары оның ішінде ерекше орын алатын ХЕҰ Конвенциялары, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен бекіткен екі жақты, көп жақты Келісімдері, Шарттары.

«Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» курсының құрылыс логикасы, біріншіден, жоғары білікті мамандарды дайындаудағы қазіргі кезеңдегі талаптарға ұштасады, екіншіден, практикада арнайы білімдерін қолдана алатын студенттердің құқықтық ой-толғауын дамыту.

Қайта құжаттау

Аталған құқық саласын құқықтық реттеу пәнін құрайтын құқықтық қатынастардың күрделілігін, біртекті еместігні, көпвекторлық қатынастарын ескере отырып, оқу курсын оқыту барысында алдын ала оқытылатын пәндермен ара қатынасын жоспарлау қажет, оларға мемлекет және құқық теориясы, конституциялық, қаржы, азаматтық, әкімшілік, отбасы құқықтары кіреді.

Салалас пәндер тізімі: әкімшілік, қаржы, салық, азаматтық, азаматтық-іс жүргізу құқығы

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Азаматтар еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын әр түрлі нысанда қолдана алады, бірақ халықтың басым көпшілігі дүниежүзінде жалдамалы еңбек тобының тұлғаларына кіреді. Жалдамалы еңбек саласында құқықтық қатынастарды реттеудің алғашқы әрекеті 19 ғасырда, өндірістік революция кезеңінде басталды. Сол кездегі қоғамға және мемлекетке жалдамалы еңбектің тұлғаларын еңбегін асыра пайдаланудан қорғау түсінігі келді. Оның мақсаты жұмыс күшін қалыпты пайдалану және ұлттың денсаулығын сақтау. Сол кезде жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс уақыты, жалақы, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру туралы алғашқы нормативтік-құқықтық актілер пайда болды. Осылай азаматтарды құқықтық қорғаудың құқықтық базасы болып табылатын жаңа сала – еңбек құқығы пайда болды.

Еңбек құқығы дербес құқық саласы болып табылады, оның пәні, әдісі, қағидалары бар және басқа құқық салаларынан айрықша ерекшеленеді. Мысалы, еңбек шарты еңбек бостандығы қағидасын жүзеге асырудың негізгі нысаны болып табылады. Еңбек шарты – еңбектік құқытық қатынастардың айрықша ерекшеліктерін көрсететін еңбек құқығының ең негізгі институттарының бірі болып табылады. Еңбек шартын азаматтық-құқықтық шарттардан айыру қазіргі таңда өзекті мәселе болып қала береді. Ұйымдардағы азаматтармен бекітетін азаматтық-құқықтық шарттарға көбінесе, мердігерлік шарт, сату-сатып алу шарты, олардың пәні жұмыстың қорытындысы болып табылады. Аталған шарттар бойынша қатынастар ұйым мен жеке тұлғалар арасында бекітілуі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі және азаматтық заңдылықтың бір бөлігі болып табылады. Бұл жерде атап кеткен жөн, жоғарыда аталған шарттарды айыру кезінде тек жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында ғана емес, сонымен қатар, жұмыс беруші мен мемлекеттік органдардың, мысалы, салық органдарымен еңбек даулары туындайды.

Еңбек құқығымен реттелетін қоғамдық қатынастар саласында жариялылық-құқықтық әдіс қолданылады: еңбек қатынастарын реттейтін қағидаларды және жұмыс берушінің міндеті болып табылатын қызметкерлерге кепілдіктерді мемлекет белгілейді. Басқа жағынан жұмыс беруші ұжымдық және жеке шарты арқылы еңбек жағдайларын бекітеді. Еңбек шарты тараптары мемлекетпен белгіленген кепілдіктерді бұзбай шартын еркін пайдалана алады. Жұмыс беруші заңдылықпен белгіленген кепілдіктерді нашарлатпай, керісінше жақсарта алады. Кері жағдайда шарт талаптары заңсыз болып табылады. Нормативтік реттеудің жүйесіне жеке кәсіпорын шегінде жұмыс берушінің қабылдаған актілері кіреді.

Қазақстан Республикасы халқының экономикалық деңгйін көтеру мақсатында азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері айрықша орын алады. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарға жалақының ең төменгі мөлшерін, зейнетақы, жасына байланысты зейнетақылық қамсыздандыру, ауырған кезде, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда көмек алу кепілдіктерін бекітті. Ерікті зейнетақылық төлемдер, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандары көтермеленеді. Аталған кепілдіктердің айрықша сипаты Елбасының халыққа «Қазақстан-2030» Жолдауында атап көрсетіледі.

Мемлекеттің дамуының ұзақ уақыттағы жеті басымдылығының ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев денсаулық, білім және Қазақстанның игілігін басшылыққа алады. Сондықтан да, еңбек құқығы саласын оқу кезінде әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласының мәселелері ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып ынтымақтастық жүйеден жинақтаушы жүйеге көшті, оның мәні халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының басты бағыты кедейлікпен күресу. Еңбекке қабілетсіздігіне байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру шаралары қолданылады. Мүгедектерді әлеуметтік сауықтыру жүйесі дамуында ынтымақтастық және жинақтаушы жүйелер механизмін дәйектеді. Мұның дәлелі еңбек құқығының және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы заңдылығын жетілдіру.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастырудың белсенді үрдісі дамуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне зейнетақының барлық түрлері, жәрдемақының көптеген түрлері, өтемақылық төлемдер, әлеуметтік қызмет көрсету, азаматтардың кейбір санаттарына жеңілдіктер беру және атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету қызметтері кіреді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жалпы қабылданған қағидалар мен халықаралық құқық нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құқық жүйесінің бір бөлігі болып табылады, бұдан шығатын қорытынды еңбекті реттеу және азаматтарды әлеуметтік қорғау саласында халықаралық құқық нормаларын оқу қажет.

НЕГIЗГI БӨЛIМ

1-тақырып. Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі.

Еңбектік қызмет және еңбектік қатынастар. Еңбектік және өндірістік қатынастар. Әлеуметтік-еңбектік қатынастар. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы еңбек мәселелері.

Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі және ұлттық құқық жалпы жүйесінде алатын орны. Еңбек құқығының пәні: еңбек заңдылығымен, әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер, жеке және ұжымдық шарттармен бекітілген қызметкер мен жұмыс беруші арасында келісімдер негізінде туындайтын құқықтық қатынастар; еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастар.

Еңбекті құқықтық реттеу механизімінің түсінігі және құрылымы. Еңбек құқығы әдісінің түсінігі, оның белгілері. Құқықтық реттеу әдісінің және еңбек құқығы пәнінің арақатынасы, еңбек құқығын құқық саласы ретінде

анықтауда олардың мәні.

Еңбек қатынастарын мемлекеттік-құқықтық, ұжымдық-шарттық, жеке-шарттық реттеу. Еңбек құқығының функциялары.

2-тақырып. Қазақстан Республикасының еңбек құқығының қағидалары.

Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні. Еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу аясында қағидалардың жіктелуі, мазмұны. Еңбек құқығының қағидалары және нормалары, олардың ара қатынасы.

Еңбек құқығының конституциялық қағидалары. Еңбек құқығының салааралық, салалық қағидалары. Еңбек құқығы субъектілерінің субъективтік құқықтары мен міндеттерінің еңбектік қатынастарын реттеудің құқықтық қағидаларының арақатынасы. Азаматтардың еңбек құқықтарының және міндеттерінің орындалуының шынайы кепілдіктері.

3-тақырып. Еңбек құқығының субъектілері.

Еңбек құқығының субъектілерінің түсінігі және түрлері. Еңбек құқығының субъектілерінің еңбектік құқықсубъектілері, оның құқыққабілеттілігі, әрекетқабілеттілігі. Еңбек құқығындағы арнайы құқықсубъектілігі.

Жеке тұлға еңбек құқығының субъектісі ретінде, оның еңбектік құқықсубъектілігі. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесі. Еңбектік қатынастары еңбек туралы заң актілерімен реттелетін қызметкерлердің басқа да санаттары.

Жұмыс беруші еңбек құқығының субъектісі ретінде. Жұмысберушінің құқықсубъектілігі. Еңбектік құқық қатынастарға қатысатын заңды тұлғалардың түрлері. Қызметкерлердің еңбегін қолдану саласында заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің құқықтық мәртебесі. Жеке тұлғалар жұмыс беруші ретінде, олардың құқықсубъектілігі.

Жұмыс берушінің өкілдері. Еңбек бойынша өкілетті мемлекеттік орган. Қызметкерлердің өкілдері, олардың жалпы сипаттамасы.

Кәсіподақтар еңбек құқығының субъектісі ретінде, олардың құқықтық мәртебесі.

Мемлекет еңбек құқығының субъектілері. Олардың әлеуметтік-еңбектік қатынастарға қатысудың нысандары.

4-тақырып. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.

Әлеуметтік әріптестіктің түсінігі. Әлеуметтік әріптестік мақсаттары, қағидалары, жүйесі, нысандары. Әлеуметтік әріптестік тараптары. Әлеуметтік әріптестіктің мазмұны.

Үш жақты деңгейде (трипартизм) әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру. Әлеуметтік әріптестік органдары, қағидалары, олардың қалыптасу тәртібі. Әлеуметтік әріптестік органдарының негізгі мақсаттары, міндеттері, олардың өкілдері. Әлеуметтік әріптестік органдарының координаторлары. Әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында келісімдерді бекіту тәртібі. Келісімдерді орындауды бақылау.

Ұжымдық шарттың түсінігі. Еңбек құқығының қайнар көздерінің жүйесінде ұжымдық шарттың мәні және алатын орны. Ұжымдық шарт тараптары, мазмұны және құрылымы. Ұжымдық шарттың нормативтік және міндеттемелік талаптары, олардың мазмұны. Ұжымдық шартты бекіту тәртібі.

Ұжымдық шарттың мерзімі және әрекет ету аясы. Ұжымдық және еңбек шарттарының, ұжымдық шарт пен (Бас), салалық (тарифтік), аумақтық келісімдердің арақатынасы.

5-тақырып. Еңбек шарты.

Шарт туралы білімнің жалпы мазмұны. Еңбек шартының түсінігі, олардың түрлері. Еңбек шартының тараптары. Еңбек шарты бойынша еңбек функциясы мен жұмыс орнының түсінігі. Еңбек шартын бекіту тәртібі. Еңбек шартының мазмұны және мерзімі. Еңбек шартының нысандары.

Еңбек шартының талаптарының өзгеруінің шарттық әдісі. Жұмыс берушінің бастамасымен қызметкердің еңбек талаптарын өзгерту негіздері.

Басқа жұмысқа ауыстырудың түсінігі және түрлері. Басқа жұмысқа ауыстырудың жағдайлары және тәртібі. Басқа аймаққа ауыстырудың қызметтік іс сапарлардан айырмашылығы. Басқа жұмыс орнына жылжыту.

Еңбек шартын тоқтату және бұзу түрлері. Еңбек шартын тараптардың келісімімен бұзу. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзу негіздері. Еңбек шартын қызметкердің бастамасымен бұзу негіздері. Еңбек шартын тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату. Еңбек шартын бұзу тәртібі.

6-тақырып. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

Жұмыс уақытының түсінігі және оның белгілері. Жұмыс уақытының түрлері. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы. Толық емес жұмыс уақыты. Қысқартылған жұмыс уақытының режимін белгілеудің талаптары және тәртібі. Өндірістің объектілерін аттестациялау қысқартылған жұмыс уақытының режимін белгілеудің талабы ретінде.

Жұмыс уақытының режимі. Жұмыс аптасының, жұмыс ауысымының, жұмыс күнінің түсінігі және түрлері. Ауысым кестесі. Жұмыс уақыты режимін белгілеу тәртібі. Жұмыс уақытын есептеудің түрлері. Жұмыс уақытының жинақталған есебі. Вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде жұмыс уақытын есептеу.

Мерзімнен тыс жұмыс. Қызметкерді мерзімнен тыс жұмыстарға тарту. Қызметкерді түнгі жұмыстарға тарту. Жұмысты вахталық әдіспен ұйымдаструдың ерекшеліктері.

Демалыс уақытының түсінігі және түрлері. Тынығу және тамақтану үшін берілетін үзіліс. Арнайы демалыстар. Демалыс және мейрам күндері.

Жылдық ақы төленетін демалысқа құқық. Қосымша еңбек демалысы және оны беру тәртібі. Жылдық еңбек демалысын алуға құқық беретін еңбек өтілін есептеу және жылдық еңбек демалысын беру тәртібі. Қызметкерлерге жылдық еңбек демалысын беру кезектілігі. Еңбек демалысынан шақыртып алу. Еңбек шартын бұзу кезінде жылдық демалысты пайдаланбағаны үшін өтемақы төлеу.

Жүктілігі және босануына байланысты демалыс. Бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін демалыс. Бала асырап алған әйелдерге (еркектерге), үш жасқа дейін баласы бар әйелдерге жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беру. Оқу демалысы.

7-тақырып. Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтемақылық төлемдер.

Жалақының түсінігі және еңбегі үшін көтермелеудің басқа да түрлерінен айырмашылығы. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты жалақының функциялары. Жалақыны құқықтық реттеудің әдістері. Жалақының минималды шегі. Ең төменгі жалақы, өмір сүру деңгейі, айлық есептік көрсеткіштің арақатынасы.

Еңбекке ақы төлеу нормаларының жергілікті және жеке ролі. Еңбек нормалары және нормалау түсінігі. Норма өнімі, норма уақыты, норма саны, норма қызметі. Еңбек нормаларын енгізу, тексерту, өзгерту және қайта қарау.

Еңбек ақының нысаны және жүйесі. Премия жүйесі қызметкерлерді материалдық көтермелеудің нысаны ретінде. Қосымша және үстеме ақы көлемін белгілеудің түсінігі және талаптары.

Жұмыстың қалыпты жағдайынан ауытқыған ретте еңбекке ақы төлеу (мерзімнен тыс жұмыстар, демалыс және мейрам күндері, түнгі жұмыстар). Іркіліс кезінде ақы төлеу тәртібі және жағдайлары. Заңсыз ұстап қалудан қорғау. Жалақыны төлеу мәселелері. Жалақыны төлеу мерзімі және орны.

Орташа айлық жалақы. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысын есептеу тәртібі. Орташа күндік жалақыны анықтау.

Кепілді және өтемақылық төлемдердің түсінігі және түрлері. Кепілді төлемдер және түрлері. Қызметтік іс сапарда жүрген кезде және ұйыммен бірге басқа аймаққа ауысқан кезде төленетін өтемақылық төлемдер. Уақытша еңбекке жарамысыздығына байланысты, жүктілігі және босануына байланысты, бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі.

8-тақырып. Еңбекті қорғау.

Еңбекті қорғау түсінігі және қағидалары. Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай азаматтардың конституциялық құқығы. Еңбекті қорғау бойынша заңдылық. Еңбекті қорғаудың және өндірістік санитарияның жалпы және арнайы нормалары. Қызметкердің еңбекті қорғау құқығының кепілдігі.

Еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-өндірістік нысандары: еңбекті қорғау және өндірісітік санитария шараларын жоспарлау және қаржыландыру, дәрігерлік қайта куәландыру, қызметкерлерді үнемі тексеруден өткізу, еңбекті қорғау және өндірістік санитария ережелері бойынша қызметкерлерді оқыту, жеке қорғану үшін қажетті заттармен қамтамасыз ету; атқарып отырған жұмыстың (өндіріс объектісінің) ауыр, қауіпті, зиянды екенін анықтау.

Өндірісте жазатайым жағдайларды тергеу және есепке алу жағдайлары. Дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясымен қызметкерлерді қайта куәландыру тәртібі.

Қызметкерлердің жеке санаттарының еңбегін қорғау: әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбек қабілеті төмен тұлғалардың.

Еңбекті қорғауды қадағалау және қорғау органдары. Еңбекті қорғау және өндірістік санитария заңдылығының нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік.

9-тақырып. Еңбек даулары

Еңбек дауларының түсінігі және жіктелуі: жеке және ұжымдық. Жеке және ұжымдық еңбек дауларының пайда болу негіздері. Азаматардың жеке және ұжымдық еңбек дауларына конституциялық құқығы, ереуілге құқықты қосқанда. Еңбек дауларының қарайтын органдар.

Жеке еңбек дауларын келісім комиссиясында қарау. Келісім комиссиясының құқықтық мәртебесі. Жеке еңбек дауларын сотта қарау. Еңбек даулары бойынша шешімдерді орындау.

Ұжымдық еңбек дауларын қараудың негізгі қағидалары. Ұжымдық еңбек дауларын қарайтын органдар (келісім комиссиясы, еңбек төрелігі) Ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі. Ұжымдық еңбек дауларын қарау жөнінде келісім комиссиясы және еңбек төрелігінің өкілеттілігі. Ұжымдық еңбек дауларын қарауда делдалдың құқықтық мәртебесі. Ереуілдің түсінігі. Ұжымдық еңбек дауларын шешу кезінде ереуілді өткізу процедуралары. Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершілік.

10-тақырып. Халықаралық еңбек құқығы. Алыс және жақын шетелдерде еңбекті құқықтық реттеу.

Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеу пәні, әдісі және қағидалары.

Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің субъектілері. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері және олардың сипаттамасы (БҰҰ, ХЕҰ, Еуропа Кеңесі, Еуропалық одақ, ТМД актілері). Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҰ стандарттары, еңбектің аумақтық стандарттары). Қазақстан Республиксының еңбек заңдылығын жетілдіру үшін халықаралық актілердің мәні. Халықаралық және ұлттық еңбек құқығы нормаларының коллизиясы. Ұлттық еңбек заңдылығын жетілдіру үшін халықаралық актілердің мәні.

Нарықтық экономикасы бар елдерде еңбек саласында адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Жақын және алыс шетелдерде еңбек заңдылығын салыстырмалы анализдеу (Ресей, Беларусь, Украина, Қырғыстан, Германия, АҚШ, Англия, Франция, Польша және т.б.).

Шетелдердің еңбек құқығының түсінігі және пәні. Шетелдердің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу әдістерінің ерекшеліктері. Алыс және жақын шетелдердің еңбек дауларын шешу тәртібі.

11-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы.

Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының әдісі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары және олардың жіктелуі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының сала жүйесі және ғылым жүйесі. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының салалас құқық пәндер жүйесінде алатын орны.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілерінің құқықтық мәртебесі және олардың жіктелуі. Әлеуметтік-қамсыздандырушылық құқықтық қатынастар: түсінігі, түрлері, пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері, оның құрылымы және жіктелуі. Құқықтық қатынастардың негізгі түрлері: материалдық, мүліктік, мүліктік емес, процедуралық, процессуалдық (процедуралық-процессуалдық). Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша құқықтық қатынастардың субъектілері және олардың құқықтық мәртебесі.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері: заң актілері, заңға тәуелді актілер сипатында нормативтік-құқытық актілер, Қазақстан Республикасымен мақұлданған халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасында мақұлдануға жатпайтын басқа да халықаралық шарттар, Конституцияны және басқа да нормативтік құқықтық актілерді ресми талқылау нормалары.

12-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландыру.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің жалпы сипаттамасы. Республикалық бюджетті қалыптастыру тәртібі және еңбекке қабілетсіз азаматтарды қаржыландыру. Жергілікті бюджет әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландырудың қайнар көздері. Әлеуметтік салық төлеу тәртібі, әлеуметтік салық ставкаларының дифференциациясы, жеңілдіктер.

Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық-қаржыландыру жүйесіндегі орны мен ролі.

Жеке зейнетақы жинаулары – әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландырудың қайнар көзі ретінде. Жеке зейнетақы жинауларын қалыптастыру: міндетті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары, оларды төлеу тәртібі, міндетті зейнетақы жарналарын уақытында ұстап қалмау. Міндетті зейнетақы жараналарын төлейтін агент, жеке зейнетақы жинауларын қалыптастыру жүйесінде алатын орны. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі қаржыландыру шаралары. “Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау Концепциясына” сәйкес Қазақстан Республикасында міндетті және ерікті әлеуметтік сақтандыру институтын қалыптастыру және дамыту.

13-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек өтілі, оның түрлері, есептеу, растау тәртібі.

Еңбек өтілінің құқықтық мәні және оның түрлері. Жалпы еңбек өтілі. Жалпы еңбек өтіліне кіретін уақыт кезеңі. Жалпы еңбек өтілін есептеу тәртібі. Жалпы еңбек өтілін офицерлерге, прапорщик (мичмандарға), ішкі істер органдары құрамының қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының әділет Министрлігі жүйесіндегі қылмыстық-атқарушы жүйесінің Комитеті, қаржы полициясы органдарының және мемлекеттік өртке қарсы қызметі және оларға теңестірілгендердің өтілін есептеу. Жалпы еңбек өтілін жеңілдік түрде есептеу. Жалпы еңбек өтілін растау тәртібі. Үздіксіз еңбек өтілі, оны есептеу ерекшеліктері. Арнайы еңбек өтілі. Азаматтардың кейбір санаттарын зейнетақылық қамсыздандыру және әлеуметтік жеңілдіктің беру кезіндегі еңбек өтілінің түрлерін аралас қолдану.

14-тақырып. Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру.

Еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру түсінігі. Зейнетақылық төлемдердің басқа ақшалай төлемдерден айырмашылығы (жәрдемақы, жалақы, алимент, өтемақы және т.б.) Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы: негізгі бағыттары, жүзеге асыру талаптары және даму үрдісі.

Мемлекеттік зейнетақылық қамсыздандыру ынтымақтастық зейнетақы жүйесінің негізі . Зейнетақы қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер. Орталықтан зейнетақы төлемдерді тағайындау талаптары. Зейнетақылық қамсыздандырудың жеңілдік талаптары. Зейнетақы төлемдерін көлемін анықтау үшін орташа айлық кірісін есептеу тәртібі. Зейнетақы төлеу тәртібі. Зейнетақыға өтініш беру, оны қарастыру үрдісі. Толық емес еңбек өтілі кезінде зейнетақылық төлемдер. Зейнетақылық төлемдерден ұстап қалу. Еңбек өткерген жылдары үшін зейнетақы: түсінігі, зейнетақылық қамсыздандырудың басқа түрлерінен айырмашылығы.

Әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің қылмысытық-атқарушы жүйесінің Комитеті, қаржы полиция органдары, өртке қарсы қызмет және оларға теңестірілгендердің зейнетақылық қамсыздандырудың ерекшеліктері.

15-тақырып. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру.

Жинақтаушы зейнетақылық жүйенің ерекшеліктері. Зейнетақылық жинаулардың сақталуының кепілдіктері. Жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың құқытық мәртебесі және түрлері. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін құқықтық реттеу. Зейнетақылық қамсыздандыру туралы шарт, оның орны және зейнетақылық қамсыздандыру жүйесінде ролі, шарттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшыларының және зейнетақы төлемдерінің алушыларының құқықтары мен міндеттері. Зейнетақы активтері, олардың қалыптасуы және пайдалануы. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқару.

Банк кастодиан, зейнетақылық қамсыздандыру жүйесінде алатын орны, зейнетақылық активтерді сақтау және есптеу жөніндегі құқықтары мен міндеттері. Кастодиандық шарт, оның құқықтық мәртебесі. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта құру және жойылуы. Жинақтаушы зейнетақы қорларын есептеу. Зейнетақы жинауларының құпиялылығын құрайтын мәліметтер. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақылық қамсыздандыру. Сақтандыру ұйымдарына зейнетақылық жинауларды ауыстыру. Зейнетақы аннуитет шарты, шарттары, бекіту тәртібі және орындау. Уәкілетті орган – оның құқықтық мәртебесі, реттеуші және қадағалау өкілдіктері.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақылық төлемдерді есептеу және төлеу, қадағалау тәртібі және шарттары.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық төлемдерінің басқа да қатысушыларының жауапкершілігі.

Семинар (тәжірибе) сабақтарының тақырыптарының үлгі тізімі

Әдістемелік ұсыныстар

Қазақстан Республикасының еңбек құқығы курсы бойынша оқу пәндерінің негізгі нысаны – семинар. Бұл нысан студенттердің теориялық ой-толғамын, еңбектік және әлеуметтік нормалардың мәнін және мазмұнын түсініп, анализдеу үшін қолданылады.

Семинар сабақтарын өткізу барысында келесі педагогикалық әдістерді қолдануға болады:

1. Топтық және жеке жаттығулар;

2. Ойындар;

3. Шерулер;

4. Пікір-таластар;

5. Ауызша сұрау;

6. Тренинг;

7. Тестілеу.

Семинар сабақтарында студенттердің алған білімдерін нақты бір жағдайға сәйкестендіріп қолдану.

Мақсат көлемі, жаттығулар және білім беру теориялары студентке кез-келген уақытта оқытушыны бөліп өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді.

Семинар сабақтарын өткізудің өнімдісі тренинг өткізу. Тренинг үрдісін ұйымдастыру студенттерге үздіксіз әңгімелесу, жаттығулар, тәжірибе алмасу, пікір талас арқылы ұйымдастырылып отыр. Бұл әдістердің басты мақсаттары шешімдерді шұғыл қабылдауға үйретеді.

Ойындар. Бұл әдіс студенттердің материалды меңгеруге қызығушылығын арттырады, жеке қызметін жетілдіреді, практикалық қабілеттіліктерін ұштайды.

Бұл мақсаттарда әрбір студент әрбір семинардың сұрақтарын қорытындылап, толық жауаптарын дайындау қажет.

Семинар сабақтарына дайындық кезінде жеке дәптер арнап, сонда тақырып бойынша теориялық және нормативтік материалдарды жазып отыруы тиіс. Реферат, баяндама жүзіндегі жауаптарын жазбаша түрде жасайды және семинарда ауызша жауап береді. Семинар сабақтарында дәптерде және рефераттарда бекітілген тезизстерге, жазбаларына сүйене алады.

1. Еңбек құқығының пәні, қағидалары және субъектілері

2. Ұжымдық шарт.

3. Еңбек шарты.

4. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

5. Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтемақылық төлемдер.

6. Еңбекті қорғау.

7. Еңбек даулары.

8. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының түсінігі және басқа құқық салаларынан айырмашылығы.

9. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландыру.

10. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек өтілімі, олардың түрлері, есептеу, растау тәртібі.

11. Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру

12. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру.

Студенттердің жеке жұмысы тақырыптарының үлгі тізімі

№1 СЖЖ. Тақырып: Еңбек құқығының қайнар көздері (нысандары).

Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар.

Еңбек құқығының қайнар көздері (нысандары) түсінігі,олардың жіктелуі. Негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актілер. Заң актілері және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер. Қазақстан Республикасының Конституциясы еңбек құқығының қайнар көзі ретінде. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысы. Жоғары Соттың нормативтік қаулысы. Еңбек құқығы субъекілерінің кеңістікте, уақытына қарай, адамдар тобына қарай әрекет етуі. Құқық нысандар жүйесінде құқықтық әдет-ғұрып, сот прецеденті, еңбек құқығында олардың мәні. Еңбек заңдылығын жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының Концепциясы.

Жергілікті актінің түсінігі. Жергілікті актінің түрлері. Жергілікті актінің кеңістікте, уақытына қарай, адамдар тобына қарай әрекет етуі. Нормативтік құқықтық актілер және нормативтік актілердің ара қатынасы. Жұмысберушінің актілері (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ішкі еңбек тәртіп ережелері және т.б.)

Құқық актісінің түсінігі, нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының күшінде бар актісімен арақатынасы. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің (Бас), салалық(тарифтік), аумақтық (облыстық, қалалық, аудандық) еңбек құқығы қайнар көздері жүйесінде ролі мен алатын орны.

Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастардың жүйесі. Жұмысбеуші мен жұмыскердің арасындағы құқық байланыс ретіндегі еңбек құқықтық қатынастардың еңбек құқығының құқықтық қатынастарындағы мәні мен орны. Еңбектік құқықтық қатынастардың тараптары (жұмыскер, жұмысберуші). Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері. Жұмысберушінің құқықтары мен міндеттері. Еңбектік құқықтық қатынастардың мазмұны. Еңбектік құқықтық қатынастарының уақытына қарай ұзақтығы. Еңбектік құқықтық қатынастарының басқа салалас құқықтық қатынастардан айырмашылығы (әкімшілік, азаматтық, қызметтік және т.б.).

Еңбектік құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері.Күрделі заңды фактілер. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың басшыларының жеке еңбектік қатынастары. Мемлекеттік қызметшілердің, көші-қон қызметкерлердің еңбектік құқықтық қатынастарының ерекшіліктері .Құқық теориясы қатынастарының түсінігі. Жұмыстылық және жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық қатынастар. Ұйымдастырушылық-басқарушылық құқықтық қатынастары.Әлеуметтік-әріптестік құқықтық қатынастарының жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік-әріптестік құқықтық қатынастарының мазмұнының ерекшеліктері.

Ұжымдық келіссөздерді жүргізу жөніндегі құқықтық қатынастар. Еңбек заңдылығын сақтау және еңбекті қорғауды бақылау және қадағалау жөніндегі құқықтық қатынастар. Еңбек даулары бойынша құқықтық қатынастар. Еңбек құқығындағы процедуралық-процессуалдық құқықтық қатынастар.

№2 СЖЖ. Тақырып: Азаматтардың жұмыстылығы және халықты жұмыспен қамтамасыз етуді құқықтық реттеу.

Жұмыстылық түсінігі және нысандары. Халықты жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік саясатының негізгі қағидалары және бағыттары. Халықты жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері. Жұмыстылықтың мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда қатысатын тұлғалар шеңбері,олардың құқықтық мәртебесі, уәкілеттілігі. Жұмыстылық саласындағы азаматтардың құқығы. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау түрлері. Азаматтарды жұмыссыз деп тану тәртібі. Жұмыссыздарды тіркеуден шығару. Тіркелген жұмыссыздардың құқықтары мен міндеттері. Лайықты жұмыс. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін көтеру, қайта даярлау. Қоғамдық жұмыстар. Азаматтардың жеке санаттарын жұмысқа тұрғызудың ерекшеліктері.

№3 СЖЖ. Тақырып: Қызметкерлердің жеке санаттарының еңбектік құқықтық қатынастарын құқықтық реттеу.

Еңбек құқығы нормаларының біртұтастығы, жүйелеу (интеграция), және дифференциациясы. Еңбектік қатынастарды реттеудің жүйелі және дифференциациялық жолдары. Еңбектік қатынастарды құқықтық реттеудің дифференциациясының негіздері.

Маусымды, үй жұмыскерлері, үйде жұмыс істейтіндердің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін тұлғалардың еңбегі.

Жастар,әйелдер, мүгедектердің еңбегін құқықтық реттеу.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу ерекшеліктері. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегін құқықтық реттеу(әділет органдары, сот, прокуратура және т.б.). Әскери қызмет туралы контракт. Кәсіпкерлік салада еңбек қатынастарын құқықтық реттеу.

№4 СЖЖ. Тақырып: Еңбек шартының материалдық және тәртіптік жауапкершілігі.

Наши рекомендации