Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Сіз Қазақстанның қай аймағынан келдіңіз?
Сіз өз қалаңыз туралы айтып бере аласыз ба?
Елордамыз Астана туралы не айта аласыз?
Тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқыңыздар.
1. Туған жерге тік.
2. Отан – да ыстық.
3. Туған жердің де ыстық, де ыстық.
4. Ер елінде, жерінде.
16-тапсырма.Шығармашылық жұмыс. Үш топқа бөлініп, төмендегі тақырыптар бойынша ой бөлісіңіздер.
Кешегi қазақ елi |
Бүгiнгi Қазақстан |
Елiмiздiң ертеңi |
Екінші сабақ
Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Дербес мемлекеттiң тәуелсiздiгiн бiлдiретiн басты белгiлерi қандай?
Рәміздерге нелер жатады?
Мемлекеттік рәміздерді білесіз бе?
Тапсырма. Мәтінді тыңдаңыздар.
Азақстан Республикасының рәміздері
Мемлекеттік рәміздердің болмысын, мағынасын жақсы білу – бәріміздің, әсіресе, жас ұрпақтың парызы. Мемлекеттік туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк. Зеңгір көк түс – табиғаттағы жеті түстің бірі. Көк түс – аспанның, ауа мен құрлықтың белгісі. Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте бойынша көк түс адалдықтың, тазалықтың белігісі.
Мемлекеттік туымыз тек қана бір түсті – көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.
Тудағы күн бейнесі – геральдика заңы бойынша – байлық пен берекенің белгісі.Тудағы қыран бейнесі – еркіндік белгісі. Ұлттық өрнек – қазақ халқының мәдениетін, поэтикалық және көркем танымын, өнерін білдіреді.
Біздің елтаңбамыз – шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі – шаңырақ. Шаңырақ – үй, Отан деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқында “Отан отбасынан басталады” деген мақал бар. Отбасы – шаңырақ, сіздің үйіңіз. Шаңырақ –қазақ елінің белгісі, рәмізі.
Елтаңба композицияында ай мүйізді алтын қанатты пырақ бар. Ұлттық өрнек қазақ халқының тұрмысымен өте байланысты, ал ат, жылқы, тұлпар – қазақ тұрмысының негізі.
Елтаңбадағы ең басты белгінің бірі – бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Елтаңбаның негізгі бояуы – алтын түстес.
19- тапсырма.Мәтінді әңгімелеп беріңіздер.
20- тапсырма.Мәтін бойынша бірнеше оңай және қиын сұрақтар дайындаңыздар.
Үлгі: Оңай сұрақ:Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?
Қиын сұрақ:Көптеген халықтар үшін көк түс ненің символы?
Тапсырма. Төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, сұхбат құрыңыздар.
Сізге қандай түс ұнайды? Неге?
Қай елдің мемлекеттік туын білесіз? Түсі қандай? Ол түс нені білдіреді?
Сізге қай елдің Туы ұнайды? Себебін түсіндіріңіз.
Сізге қай елдің Елтаңбасы ұнайды? Себебін түсіндіріңіз.
Тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдерін табыңыздар. Берілген сөздермен сөз тіркесін, содан соң сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ту –
нышан-
ел-
тәуелсіз-
бүркіт –
астында -
бейнеленген-
ат-
Тапсырма. «Шаңырақ» сөзіне қатысты мына сөз тіркестерінің мағынасын ажыратыңыздар.
Шаңырағы биік болсын, шаңырақ көтеру, шаңырағы шайқалу, шаңырағы құлау, шаңырақты сыйлау, қара шаңырақ.
Тапсырма. “Көк” сөзімен тіркесетін сөздерді айтыңыздар.