Оғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі
11.2. график. Лоренц қисығы. | |
табыс% 100 С В D отбасы% А 20 40 60 80 100 | АС - түзу сызықта абсолюттік теңдік көрсетілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады. АВС - табыстың нақты бөлінуі. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің нақты деңгейі “Джинни коэффициентімен” есептеледі. Коэффициент өскен сайын табысты бөлу теңсіздігі де өседі. Кдж= АВС ауданы АДС ауданы |
Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.
Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.
- Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.
- Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.
Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.
Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.
Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:
- инвестицияның пайдалылығына,
- экономиканың дамуына,
- мемлекеттің сұранысына,
- салым мерзіміне,
- салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.
Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшері болып бөлінеді. Номинальды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері.
Нақтылы несие процент мөлшерлі номиналды мен алдағы болатын инфляцияның өсімі арасындағы айырмашылық.
π
Мұнда: r – нақты процент ставкасы;
n – номиналды процент ставкасы;
π – күтілетін инфляция өсімі.
Мысалы: жылдық номинальдық несие проценті – 15%, алдағы уақытта инфляцияның өсімі – 7 % (жылына) онда нақтылы процент (15-7) = 8%.
Жер - ауыл шаруашылығының басты өндіріс құралы және аграрлық экономиканы шектуеші фактор болып табылады. Жер қоғамдық өндірістің негізі болғанымен оның салаларында әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы, өндеуші өнеркәсіп үшін ол - кәсіпорын орналасатын алаң, ал ауыл шаруашылығы үшін жер әрі еңбек құралы, әрі еңбек заты болып саналады. Еңбек заты дегеніміз – жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп, онда өнім өсіріледі. Ал, еңбек құралы болатын себебі - тұқымды сепкен күннен бастап өнімді өсіру қызметін Жер-ана атқарады. Жердің өндіріс құрал-жабдығы ретінде ерекшеліктері бар:
- біріншіден, жердің кеңістік жағынан шектеулілігі,
- екіншіден, жер адам іс-әрекетінің өнімі емес, табиғаттың жемісі, сондықтан, оның құны жоқ, бірақ табыс әкеледі, сатып алынады және сатылады, яғни бағасы бар.
Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:
1. Жер құнарлылығы;
2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.
Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.
11.3. график. Жер нарығы. | |
Р S Е Ре P0 D Qе Q | Жердің ұсынысы абсолютті икемсіз, сондықтан ұсыныс тік сызық түрінде болады. Жер нарығында тек сұраныс көлемі, бағаға байланысты өзгереді. Р – жердің бағасы; Q – жердің көлемі. |
Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.
Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.
Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.
1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды.
2. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.
Жердің экономикалық құнарлылығын арттыру дегеніміз - жерді интенсивті игерудің келуі, яғни жаңа өндіріс құрал-жабдығын сапалы тұқымдар, тыңайтқыштар т.б. қолдану арқылы.
Жерге жекеменшік болғандықтан, ол да тауар ретінде сатылуы мүмкін. Тәжірибеде жердің бағасы екі жағдайға: жер рентасына және банк ппайызды шамасына байланысты қалыптасады.
Жердің бағасы рентаға тура қатынаста да, несие пайызына кері қатынаста болады.
Мұнда: Ч – рента,
S – несие пайызы,
ЖБ – жер бағасы.
Сонымен, жалақы, пайызы және рента – бұл өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын табыстар. Бірақ та, жалақы, пайызы және рента қайсыбір шаруашылық субъектілеріне (өндіріс факторларын ұсынушыларға) табыс әкеледі де, ал басқа субъектілерге (өндіріс факторларын сұрайтындарға) - шығындар болып табылады.