Кәсіпорынды орналастырудың ауданын және құрылыс алаңын таңдау

Болашағы бар жоспар және технико-экономикалық негіздеме

Өнеркәсіп қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейіне шешуші әсер ететін халық шаруашылығының маңызды саласы. Өнеркәсіп материалдық игіліктерді, еңбек құралын өнеркәсіптің өзі үшінде және халық шаруашылығының басқа да салалары үшін де, оның ішінде шикізаттарды, материалдарды, жағар-майларды, энергияны өндіру және өндіріспен ауылшаруашылығында өндірілген өнімдерді ары қарай өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың жиынтығы (зауыд, фабрика, кен, шахта, электростанция және т.б.).

Өнеркәсіп салалардың ірі-ірі екі топтарынан тұрады - өндіру және өңдеу. Өндіру өнеркәсібінің құрамына таулы-химиялық шикізатты, қара және түсті металдардың кендерін, кенді емес шикізаттарды, мұнай, газ, көмір, кенді емес құрылыс материалдарының тұздарын, жеңіл табиға толтырғыштар мен әк және гидроэлектростанциялар кіреді. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарының қатарына қара және түсті металдарды, химиялық және мұнай химиясының өнімдерін, машиналар мен қондырғыларды, цемент, жеңіл және тағам өндірісінің өндімдерін шығару, қайта-жөндеу мен құрылыстық кәсіпорындар жатады.

Өндіріс ары қарай өндіру құралдарын өндіру («А» тобы) және қолдану заттарын өндіру өндірісі («В» тобы) болып тармақталады. «А» тобына станоктарды, қара және түсті металдардың кендерін, фософор және фосфорлы тыңайтқыштарды өндіру, цемент және т.б., ал «В» тобына қолдануға даяр өнімдер мен материалдарды өндіретін (тігін және трикотажды даяр бұйымдар, нан, жиһаз және т.б. халықтың тұрмыстық қолданысындағы әр түрлі бұйымдарды) өндірістер кіреді. Бірақ өндірістік және өндірістік емес мақсаттарда қолданылатын өнімдердің бірнеше қатары (электрэнергиясы, жанар-жағар май, көмір және т.б.) «А» және «В» топтарының арасында іс жүзінде қолданылуына байланысты бөлінеді.

Болашаққа жоспарлау халық шаруашылығының өнімінің белгілі бір түріне деген сұранысын оның іс жүзінде өндірілуімен салғастыра отырып өнеркәсіптік өндірісті шикізаттың көзіне, жағар отын және даяр өнімді қолдануға мүдделі аудандардың жақын орналасуын ескере отырып мемлекет территориясында тиімді орналастыруға мүмкіндік береді. Болашағы бар жоспарлардың мәліметтері жаңа өндірістік кәсіпорынның құрылысын жүзеге асырудың жобалық құжаттарын жасақтау кезіндегі алғашқы құжат болып табылады.

Үкіметтің шешімінің негізінде экономикалық аудандардың және өнеркәсіптің жеке салаларының болашақта даму жоспарын ескере отырып жобалық ұйымдар кәсіпорын құрылысының техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) баяндамалық хат және техника-экономикалық есептеулер (ТЭЕ) түрінде құрастырады. ТЭН немесе ТЭЕ өндірістің жаңа кәсіпорнын салудың немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңартудың қажеттілігін экономикалық тұрғыдан дұрыс болатындығын негіздейтін алғашқы жоспарлық немесе жобаалдылық құжат болып табылады.

Алаңды таңдау және оны келісімдеу жобаны жасақтау кезінде жүзеге асырылады. Құрылыстың ТЭН ауданның экономикалық сипаттамасы, оған қатысты географиялық мәліметтер, климаттық шарттар, халқының саны, аудан территориясының аумағындығы жерлердің қолдануға қатысты меңзелінуі және аудандағы байланысу жолдадары туралы мәліметтер келтіріледі. Осы мәліметтер бірге ТЭН жобаланудағы кәсіпорынға қатысты оның қуаттылығы, даяр өнімдердің түрлері, аудан шеңберінде және оның сыртында орналасқан кәсіпорындармен жобадағы кәсіпорынның шығарған өнімінің тұтынылуы туралы мәліметтер, өнімді транспорттаудың орташа радиусы, құрылыс жүргізілетін аудан немесе алаң көрсетіледі, капиталдық салымдардың жуықтау мөлшері және өнімдердің негізгі түрлеріне қатысты өзіндік құны, шикізаттармен, жағар отынмен, электроэнергиямен, сумен, газбен, құрылыстық материалдармен қамтамасыз етудің көздері жайлы мәліметтер келтіріледі. Осы техника-экономикалық негіздемеде кәсіпорынның жұмысшыларымен және қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің, кәсіпорынның өзгеде кәсіпорындармен өндірістік және экономикалық байланыстары мен капиталдық салымдардың тиімділігі жайлы мәліметтер негіздемеленіледі.

Жобалауға тапсырма

Жобаланудаға өндірістің (кәсіпорынның) кез-келгені саланың даму жоспары мен экономикалық ауданның мұқтаждығына сәйкес түзіледі. Өндіріс жобалауға тапсырманы түзуден басталады. Жобалау процесі инженер-жасақтаушылардың (зерттеушілер, технологтар, механиктер, экономистер, электриктер және т.б.) интеллектуалдық іс-әрекеттерінің товрчестволық түрлерінің бірі болып табылады. Химиялық идеяның мәселенің инженерлік-техникалық шешімдермен түйісуі жобалаудың шынайы мәні мен соңғы мақсаты болып табылады.

Өндірістік кәсіпорынның жобалауға тапсырмасы дегеніміз келесі мәліметтер келтірілген негізгі бастапқы құжат болып табылады:

- кәсіпорынның аты;

- жаболау үшін негіздеме, аудан, пункт және құрылыс алаңы;

- өнімнің номенклатурасы және оның негізгі түрлері бойынша толықтай дамуы мен бірінші кезеңдегі өндірістің қуаты (натуралдық және ақшалай қаражатқа шаққанда);

- кәсіпорынның жұмыс істеу режимі және меңзелінген мамандандырылуы;

- кәсіпорынның құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде шикізатпен, сумен, жылумен, газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етудің негізгі көздері;

- тастанды суларды тазарту және оларды тастау шарттары;

- негізгі технологиялық үдерістер мен қондырғылар;

- кәсіпорынның болжам бойынша дамуы (кеңейуі);

- құрылыстың меңзелінген уақыты;

- қаржылық салымдардың меңзелінген мөлшері және кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері;

- тұрмыстық және мәдени-сауықтыру нысандарының құрылысын жобалауға мәліметтер және жобалаудың сатылары;

- бас жобалаушы ұйымның аты;

- бас мердігердің құрылыс мекемесінің аты.

Өндірістік кәсіпорынның жобасы дегеніміз (ауқымды қарастырғанда) бұл принципиалды негіздемелері, есептеулері, сызбалары, жасауға, даярлауға немесе қайта жасақталынуға тисіті құрылымдардың, қондырғылар, машиналар, аппараттар және т.б. арналған макеттердің техникалық құжаттарының кешені.

Архитектуралық жоба адамның ғылыми-негіздемелі құрылымдық идеясын кеңістікте ұтымды ұйымдастыруын жүзеге асыруы үшін болашақ ғимараттың, құрылымның немесе кешеннің негізі кез-келген көркемдік әдіс арқылы (макет, сурет, сызба, фото) материалдық (құрылыстық-техникалық) және идеялы-көркемдік (эстетикалық) жүзеге асырылған құжат болып табылады.

Өндірістік кәсіпорынның жобасы негізгі үш бөлімнен құралады:

1. Халық шаруашылығының белгілі бір немесе аралас салаларында ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктеріне негізделінген өнімді даярлауға арналған қондырғылардың жүйесі секілді өндіріс технологиясы;

2. Тиімді технологиялық үдерісті оның үздіксіз дамуын, экономды инженерлік құрылыстық шешімдердің қарапайымдылығы мен әмбебаптығын, жұмысшы қызметкерлерге еңбектік және тұрмыстық ыңғайлылықпен жайлылықты, құрылымның кескінің көркемдік-идеялық сәнділігін және оның бөлек бөлшектерінің әдемілілігін қамтамасыз ететін көлемдік-жоспарлық шешемдер;

3. Технологиялық үдерісті ұйымдастыруды ең жақсы шарттармен және оның уақыт өте дамуын қамтамасыз етуді және құрылыстық өндірістің механизацияланған шарттарына сай келетін және құрылымдар мен кешендердің көлемдік-жоспарлық құрылыстарының үйлесімді негізі болатын тиімді құрылыстық құрылымдармен инженерлік қондырғылар.

Сонымен, өндірістік кәсіпорындарды архитектуралық жобалау, бұл ғылыми-техникалық, экономикалық, құрылыстық және эстетикалық, олардың ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс істеу, демалу және десаулықтарына қатысты қамқорлықты ойластыруға байланысты сұрақтардың кешенді түрде шешімін табуға бағытталған творчествоның бір саласы.

Өнеркәсіптік нысанды жобалауды, бөлшектеуді, және орналастыруды ұйымдастырудың жалпыламалық сызбанұсқасы 1-суретте келтірілген.

 
  Кәсіпорынды орналастырудың ауданын және құрылыс алаңын таңдау - student2.ru

Сурет 1. Өнеркәсіптік нысанды жобалаудың, бөлшектеудің және орналастыруды ұйымдастырудың сызбанұсқасы

Кәсіпорынды орналастырудың ауданын және құрылыс алаңын таңдау

Жаңа кәсіпорындардың орналасуларының жуықтау орындары осы салалардың дамуының болашағы бар жоспарларының негізінде айқындалады.

Құрылыстың ең соңғы пункті мен алаңы осы құрылыс нысанының техника-экономикалық негіздемелері мен алдын-ала ізденістену негізінде анықталады, ал таңдалынып алынған ауданда құрылысты жүргізуге өте қолайлы алаңның (белгілі бір көлемі бар жер телімі) болуы кәсіпорынның құрылысын жүзеге асыруға белгілі бір негіздемелердің бірі бола алады. Ал бірақ, зауыдтың құрылысын жүзеге асыруға арналған алаңды таңдау кезінде кәсіпорынның құрылыс жұмыстарына қаржылық салымдардың минималды мөлшерін және өндірілген өнімнің ең төменгі өзіндік құнының болуын қамтамасыз ететін әр-түрлі алаңдардың бірнеше нұсқаларының техника-экономикалық тұрғылдан сараптау және салыстыру жұмыстары жүзеге асырылады.

Құрылысқа арналған алаңдардың өлшемдері кәсіпорынның кеңейу мүмкіндіктерін ескере отырып (егер мұндай мүмкіндік жобалауға тапсырмада ескерілген болса) өндірістік территориялардағы құрылыстардың құрылыстық нормалары мен ережелеріне (ҚНмЕ) сай құрылыс коэффициенттеріне сәйкес болуы тиіс.

Құрылыс алаңы кәсіпорындарды эксплуатациялауды ұйымдастыруда тиімді және үнемді болуды, атмосфераға шығарылатын тастанды қалдықтар бойынша санитарлық шектеулерді сақтауды қамтамасыз етуі және мүмкіндік болса елді мекенге, сумен қамтамасыз ету көзіне, энергиямен қамдауға, темір жолға және қалдық суларды тастауға арналған жерге жақын маңда орналасуы керек.

Құрылыс алаңы өндірістік корпустарының едендерінің еш атыға және үстіге қарай ауыспалы болмайтын және территорияны жоспарлауда террасалар мен тіреуіштік қабырғаларсыз, жер беткі суларды қажетті бағытқа қарай бағыттайтын құбырлық жүйелерсіз, яғни жерге қатысты жасалынатын жұмыстардың тек минималды мөлшері ғана жүргізілінуіәне ықпалдайтын және қамтамасыз ететін жайдары рельефті болуы керек.

Алаң үшін көшкінді-жылжымалы және пайдалы қазбалардың қоры бар жерлер құрылыс алаңдары үшін берілуіне болмайды.

Алаңның территориясында ғимараттардың іргесіне құны өте қымбатқа түсетін арнайы негіздемелік тіреуіштер мен күрделі гидроизоляциялау жұмыстарын жүргізуді қажетсінбейтіндей жер асты суларының деңгейіінің төмен болуы абзал.

Зауыдтың алаңын дұрыс таңдауды жүзеге асыру территорияны орналастыру, жоспарлау және құрылыстық климатологияның талаптары секілді технико-экономикалық және инженерлік талаптардың кешендерін мұқият ескере отырып жасалады.

Жобалау ұйымы орындайтын алаңды таңдауға байланысты жұмыстардың кешеніне экономикалық есептеулер, инженерлік зерттеулер, кәсіпорынды әр-түрлі алаңдарда орналастырудың бірнеше нұсқаларының мүмкіндіктерін техника-экономикалық тұрғыдан негіздемелерін салыстыру, кәсіпорынның бас жоспарының сызбанұсқасы келтірілген жобалық ұсыныстар, меңзелінудегі жобалық шешімдерді сәйкесінше тиісті органдармен келісімдеу секілді жұмыстар енеді.

Құрылыс ауданын таңдау негізіне экономикалық аймақтарды аудандық жоспарлау сыбанұсқасы кіруі тиіс. Бұл кезде келесі шарттарды ескеру қажет:

- ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын жүргізуге қолайлы жердің болуы;

- табиғи топографиялық, гидрогеологиялық, метеорологиялық шарттар;

- шикізаттың болуы;

- темір және автокөлік жолдарының болуы;

- зауыдтың құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін жасалынатын құрылысқа жұмсалынатын шығыдардың мөлшері;

- құрылыс ауданында жұмысшы күштер мен тұрмыстық қордың бар болуы;

- бұйымды өткізіп жіберу нарығының болуы;

- зауыдтың энергетикалық ресурстары;

- кәсіпорынды сумен қамтамсыз ету мүмкіндігінің болуы;

- қаланың басқада кәсіпорындарымен киілісе үйлесу мүмкіндігінің болуы.

Құрылыс ауданы таңдалынып алынғаннан кейін келесі факторларды ескере отырып құрылыс алаңын таңдау жұмыстары жүргізіледі:

- алаңның жеткілікті көлемі және оның кеңейу мүмкіндігі;

- жер телімінің конфигурациясының ыңғайлылығы;

- жер телімінің және оған іргелес жерлердің алаңдарын ғимараттар мен көліктік жолдарға арнап осы жерлерде жерге қатысты жұмыстарға жұмсалынатын шығынның минималды болуына ықпалдайтын топографиялық шарттары;

- құны қымбатқа түсетін жасанды іргелер мен терең фундаменттерді қолданбай-ақ құрылысты жүргізуді қамтамасыз ететін қанағаттанарлық деңгейдегі геологиялық және гидрогеологиялық шарттар;

- магистральді байланыс жолдарына (темір жол, су және автокөлік) тиімді жанасу мүмкіндіктері;

- алаңның су көзіне, тастанды суларды лақтырып шығару жерлеріне, энергия көздеріне және халық қоныстанған жерлерге қатысты тиімді орналасуы.

Әдебиеттер:

Под. ред. Михайличенко А.И. Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. - 9-18 б.

Ефремов С.А., Тасибеков Х.С., Аргимбаева А.М., Могильный В.В. «Основы промышленного проектирования химических предприятий». Учебное пособие. - Изд. «Қазақ университеті», 2009. - 108 с.

Дәріс №2

Тақырыптың аты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары (этаптары) және ұйымдастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.4 Химия өндірісінің ғимараттары мен қосымша құрылымдар (сооружения) жобалаудың негізгі принциптері;

1.5 Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қатысты жобалық құжаттарды жасақтау:

- Экологиялық болжау;

- Ауаның ластануына қатысты болжамды жасақтау;

- Жер беткі және жер асты суларының жағдайларына қатысты болжам;

- Ықтимал апат жағдайында нысанның әсерін болжау.

1.4 Химия өндірісінің ғимараттары мен қосымша құрылымдар (сооружения) жобалаудың негізгі принциптері.

Ғимараттар мен құрылымдардың көлемдік-жоспарлық және құрылыстық шешімдеріне әсер ететін спецификалық ерекшеліктер:

- жұмыс істеуші қызметкерлерге, құрылыстық құрылымдар мен материалдарға әсері әр түрлі болатын агрессивтік орталардың болуы;

- локальдік немесе жалпыламалық сипаттарға ие токсинді бөлінділердің болуы;

- ықтималдылығы жэоғары деңгейлі өрт және жарылыс қауіптілігі.

Химиялық өндірісі ішкі және сыртқы кооперацияға негіздемеленілген болып келеді (шикізаттық және энергетикалық базаға байланысты болғандықтан).

Химиялық өндірістерді химиялық емес өндірістермен бірыңғай өнеркәсіптік түйіндерге біріктіруге болады (комбинат). Бұл кезде жұмсалынатын жер телімінің көлемі 15-30 %-ға, автокөлік жолдарының ұзындығы 20-40 % - ға, әкімшілік ғимараттардың саны 2,0-2,5 есеге, яғни 200-250 %-ға кемиді. Тиімді.

Негізгі және көмекші өндірістер кооперацияланады, құрылыстық параметрлер мен құрылымдар эконмдалынады және унификацияланылады.

Кешенді игерудің технологиялық сызбасы тұрғызылады және жүзеге асырылады.

Наши рекомендации