БаҚылау-Өлшеуіш ҚҰралдар: аралыҚ баҚылауҒа арналҒан тест сҰраҚтары
1. Қай мектеп өкiлдерi бақылау, өлшеу, логиканы және талдауды қолдану арқылы қол еңбегi операцияларын жетiлдiруге болады деп санаған?
а) ғылыми басқару мектебi;
в) басқарудың классикалық мектебi;
с) басқарудың әкiмшiлiк мектебi;
d) адамдық қатынастар мектебi;
е) сандық мектеп.
2. "Терблиг қозғалыстарын" кiмдер ойлап тапты?
а) Ф. Тейлор және Г. Гант
в) Мери Паркер Фоллет және Элтон Мэйо
с) Френк және Лилия Гилбреттер
d) Л. Урвик және Д. Муни
е) А. Файоль және Г. Форд
3. Басқарудың классикалық мектебiнiң өкiлi, көмiр өндiру жөнiндегi iрi француз компаниясына жетекшiлiк еткен адам:
а) Ф. Тейлор
в) Л. Урвик
с) А. Файоль
d) Д. Муни
е) Э. Мэйо
4. Неоклассикалық мектеп қай кезеңдер де қалыптасты?
а) 1885-1920 жж.
в) 1920-1950 жж.
с) 1930-1950 жж.
d) 1950-казiргi заман
е) казiргi заман
5. «Х,У» теориясының авторы, психологиялық мектептiң өкiлiн
атаңыз?
а) Крис Арджирис
в) Ренсис Лайкерт
с) Дуглас Мак Грегор
d) Фредерик Герцберг
е) Анри Файоль
6. Классикалық мектептiң сипаты?
а) ұйым тұлғалары арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру
в) жұмысты жоспарлауды жұмыстан бөлу
с) модельдердi жасау және қолдану арқылы күрделi басқару мәселелерiн шешу
d) жұмысты орындауға ең үздiк жұмысшыларды iрiктеу және оқыту
е) ұйымды басқарудың жүйелендiрiлген принциптерiн жасау
7. "Жұмысшыларды ұзак мерзiмге жалдау, топтық жұмысты ұйымдастыру, шешiмдi топпен қабылдау, топтық жауапкершiлiк, жай даму, жанама бақылаудың болуы және т.б." - бұл менеджменттiң қай моделiнiң мiнездемесi?
а) жапон моделi
в) "Z" моделi
с) американ моделi
d) маркетинг моделi
е) швед моделi
8. Ұйымга тiкелей әсер ететiн факторларды белгiлеңiз:
а) жабдықтаушылар
в) саясат
с) әлеуметтiк мәдени факторлар
d) технология
е) экономикалық факторлар
9."Оперативтi басшылар" бұл:
а) ұйымның жоғары буынын басқарушылар
в) ұйымның орта буынын басқарушылар
с) ұйымның төменгi буынын басқарушылар
d) бөлiм басшылары
е) филиал басшысы
10. Ұйымның өмiр сүруiнiң шарты болып табылатын 3 негiзгi процестiң бiрi:
а) альтернативаны таңдау
в) шикiзатты өнiмге айналдыру
с) шешiм қабылдау
d) жоспар құру
е) мақсаттарды анықтау
11. "Жоспарлаудың мерзiмi бiткенде жаңа мерзiмнiң бекiтiлуi" жоспардың қай түрiне жатады:
а) сырғанак
в) тiзбектеп
с) кезектен тыс
d) эвентуалды
е) реттелген ағымдық
12. 1954 жылы "мақсаттар - жоспарлау мен басқарудың негiзгi
туралы" деп атап өткен ғалым:
а) П. Друкер
в) Ю.Маккгрегор
с) Г. Форд
d) А. Файоль
е) Ф. Тейлор
13. Дж. Одиорн анықтаған мақсаттар:
а) новаторлық
в) мәселелердi шешу
с) жұмысшылардың күнделiктi мiндеттерi бойынша мақсаттар
d) жетiлдiру мақсаттары
е) аталғандардың барлығы
14. "Жоспарлау мақсаты – кәсiпорынды ұзақ мерзiмдi қамтамасыз ету" жоспарлаудың қай түрiне тән сипат:
а) стратегиялық
в) ағымдық
с) қысқа мерзiмдiк
d) оперативтiк
е) тактикалық
15. "Ретроградты" амал:
а) жоғарыдан төмен жоспарлау
в) төменнен жоғары жоспарлау
с) шеңберлi жоспарлау
d) прогрессивтi жоспарлау
е) қарама-қарсы жоспарлау
16. "Анықталған операциялар арқылы мiндеттердi орындау амалы":
а) процедуралар
в) сметалар
с) нормативтер
d) әдiстер
е) бағдарламалар
17. "Кәсiпорын концепциясы, ұзак мерзiмдi негiзiн қалаушы" жоспар:
а) тактикалық
в) орта мерзiмдi
с) оперативтiк
d) стратегиялық
е) бөлшектеп
18. "Ненi, қалай, қашан және кiм орындайды?" деген сұрақтарды шешетiн басқару процессiнiң қызметiнiң бiрi:
а) жоспарлау
в) ұйымдастыру
с) жетекшiлiк
d) ынталандыру
е) бақылау
19. "Iс жоспары деген - алдын ала көрiнетiн нәтиже" деп жоспарлауға кiм анықтама бердi?
а) Г. Форд
в) Дж.Одиорн
с) П. Друкер
d) А. Файоль
е) Ф. Тейлор
20. "Формальды ережелер мен процедураларды экстенсивтi қолдану, шешiмдi бiр орталықтан қабылдау, жауапкершiлiк деңгейi шектеулi және ұйымдағы өкiмет билiгiнiң қатаң бөлiнуi" қандай типтегi ұйымға тән сипаттама:
а) ашық ұйым
в) индивидуалистiк ұйым
с) механистикалық типтегi ұйым
d) демократиялық ұйым
е) бюрократиялық ұйым