Сер ететін күштерді анықтап, табу.

Бөлік №№ sinα cosα   h1, м h2+ h3, м hкел, м hкелsinα м φ, hкел*cosα*tgφ  
                 
           

Төменде бөгеттің төменгі құлама беткейінің орнықтылығын есептеу схемасы келтірілген

Сер ететін күштерді анықтап, табу. - student2.ru сызба. Топырақтан соғылған бөгеттің төменгі құлама беткейінің орнықтылығын есептеу схемасы

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақтан соғылған бөгет арқылы судың сүзіліп ағатын ағымын есептеуге мүмкіндік беретін тәсілдерді атаңыз

2. Бөгет табаны арқылы сүзіліп өтетін су ағымын қалай анықтайды

3. Біртекті, дренажсыз бөгеттер арқылы су сүзіліп ағуын есептеу тәсілдерін келтіріңіз

· Табаны су өткізбейтін, өзекті бөгет арқылы су сүзіліп ағуын есептеу тәсілдерін келтіріңіз

· Табаны су өткізбейтін қалқанды бөгет арқылы су сүзіліп ағуын есептеу тәсілдерін келтіріңіз

· Бөгеттің төменгі құлама беткейінің орнықтылығын есептеу тәсілдерін келтіріңіз

 

Шы дәріс

Бөгет кұрамындағы су өткізгіш, су тастағыш және қашыртқы құрылымдар, олардың атқартын қызметі және түрлері Ашық жағалық қашыртқылар орлы қашыртқы Жабық қашыртқылар құбырлы және шөмішті түрі.

Сабақ жоспары:

· Су тастағыш құрылымдар конструкциясымен таныстыру

· Ашық су тастағыш құрылымдар - орлы су тастағыш құрылымдар конструкциясымен таныстыру

· Маңдайынан су қабылдайтын су тастағыш құрылымдар, оларды есептеу тәсілдері

· Көп сатылы құлама түрінде орындалатын су тастағыш құрылымдар конструкциясымен таныстыру

· Жабық су тастағыш құрылымдар – тунелді және құбырлы су тастағыш құрылымдар конструкциясымен таныстыру

· Шахталы және ожаулы су тастағыш құрылымдар.

· Аралас су тастағыш құрылымдар конструкциясымен таныстыру

Топырақтан соғылған бөгеттер бойына тасқын суды төменгі бьефке тастайтын су тастағыш құрылымдар салады. Су тастағыш құрылымдардың трассасын таңдағанда бірнеше вариант қарастырылып, оларды техника-экономикалық салыстыру негізінде қарастырып, негізгі вариантты қабылдайды. Негізгі вариантқа: топырақ қазу жұмыстары аз, бағасы арзан вариант қабылданады. Су тастағыш құрылымның трассасы мүмкіндігінше түзу, бұрылыс болған жағдайда оның радиусы рұхсат етілген шама шегінде болуы шарт. Ашық су тастағыш құрылымдар басқару мүмкіндіктеріне қарай: автоматты түрде жұмыс атқаратын және қақпақты, яғни қолмен басқаратын болып келеді. Егер су тастағыш құрылым автоматты режимде жұмыс істесе, оның табалдырығының белгісін ▼ҚТД-де орналастырады, ал қолмен басқарылатын су тастағыш құрылымның табалдырығын ▼ҚТД-ден төмен орналастырады.

в)

Сер ететін күштерді анықтап, табу. - student2.ru Сер ететін күштерді анықтап, табу. - student2.ru

6.1. сурет. Су тастағыш құрылымның трассасын жүргізу схемасы.

а) трасса жер бедері сызықтырына перпендикулярно жүргізілген; б) трасса жер бедері сызықтырына көлбей жүргізілген; в) кең және тар суағармен жүргізілген су тастағыш.

Су тастағыш құрылымдардың негізгі атқаратын қызметі- су тасығанда су қоймасына симайтын тасқын суды су торабының төменгі бьефіне тастау.

Су тастағыш құрылымдар бөгет денесінің ішінде немесе сыртқары, жағада орналастырылады. Су тастағыш құрылымдардың түрі, констркциясы мына жағдайларға байланысты қабылданады:

1) нысынның су шаруашылық көрсеткіштеріне байланысты;

2) бөгет салынатын тұстың топографиялық және геологиялық жағдайларына байланысты;

3) бөгет түріне және арынына (су тереңдігіне) байланысты;

4) құрылысты салу кезіндегі тасқын суды өткізу жағдайына байланысты;

5) экономикалық тиімділігіне байланысты.

Төбесінен су өткізбейтін, топырақтан салынған бөгеттердің құрамында салынатын су тастағыш құрылымдардың ең көп тараған түрлері:

а) ашық орлы су тастағыш- су тастайтын бөлігі науалы, көп сатылы не тез суағар түрінде орындалған;

б) жабық су тастағыш –су тастайтын бөлігі тунель немесе құбыр түрінде орындалған;

в) аралас, жабық және ашық су тастағыштың элементтері қолданылған.

Ашық су тастағыш құрылым су тастағыш құрылымдар бас бөлігінің конструкциясына байланысты былай бөлінеді: маңдайынан су қабылдайтын, орлы –тасқын суды жанынан қабылдайтын.

Сер ететін күштерді анықтап, табу. - student2.ru

6.2. сурет. Ашық, жағалауда орналасқан су тастағыш құрылымдардың

бас жағының конструкциясының түрлері. а) ені тарылатын, табылды рығы түзу су тастағыш; б) табалдырығы доға тәріздес су тастағыш; в) табалдырығы ирек–ирек су тастағыш; г) тез су ағары бірнеше бөлікке бөлінген, қисық табалдырықты су тастағыш; д) қисық табалдырықты, тез су ағары кедір–бұдырлы су тастағыш.

Наши рекомендации