Жиынтық және шекті сыртқы шығындар. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер
Кез келген нарық операциялар шығындар мен пайдалармен қосақталады. Олар нарық қызметімен тікелей байланысты немесе байланысты емес. Экономикалық қызмет нәтижесінде алынған пайда (олар экономикалық қызметтің мақсаты) жеке пайда – РВ (private benefit) деп аталады. Экономикалық агенттер өздерінің қызмет нәтижесінде шығындарға тап болады. Олар жеке шығындар (private costs) деп аталады.
Тура пайдалар мен шығындардан басқа кез келген экономикалық қызмет қосымша (жанама) әсерлермен байланысты. Нарық мәмілелер оған мүлде қатыспаған адамдарға әсер етеді – қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорын сол аймақтың тұрғындарына зиян келтіреді. Бұл әр түрлі ауруларға әкеліп, жүрт емдеуге көп шығынданады. Бұндай қосымша әсерлер сыртқы әсерлер немесе экстерналиялар деп аталады. Сыртқы әсерлер (экстерналиялар) – баға түрінде есептелмеген, нарық операциялар үдерісінде пайда болатын, шығындар мен пайдалар түріндегі қосымша (жанама) әсерлер. Сыртқы шығындар ЕС (external costs) деп белгіленеді. Сыртқы пайдалар – ЕВ (external benefit). Жоғарыда келтірілген экологияны ластау мысалы сыртқы шығындар мысалы болып келеді. Сыртқы пайда мысалы – тұмаудан егу – оны жасаған адам да, оның қоршауы да ұтады, яғни жұгу тәуекелі азаяды. Мұнда игілік бағасына сыртқы әсерлер кірмейді. Жеке және сыртқы шығындар сомасы – қоғамдық (әлеуметтік) шығындар – нарық мәмілелерге тікелей қатысушылардың және осы қызмет әсер еткен үшінші тұлғалардың жиынтық шығындары: SC = PC + EC (social costs). Осыған сәйкес, қоғамдық пайда – ол нарық қызметіне қатысты барлық тұлғалардың жиынтық пайдалары:
SB = PB + EB (social benefit).
Қосымша игілік бірлігінің өндірісімен немесе өткізуімен, тұтынуымен байланысты шығындардың өсуі (жеке, сыртқы немесе қоғамдық) – ол шекті (жеке, сыртқы немесе қоғамдық) шығындар. Сәйкес, игіліктің қосымша өсуімен байланысты пайданың өсуі – шекті пайда.
Шығындар мен пайдалардың қисық сызықтары 99 суретте көрсетілген.
С SC B
PC MSB SB
MSC MPB PB
MPC
EC EB
MEC MEB
Q Q
99 сурет. Шығындар мен пайдалар қисық сызықтары
Нарық агенттерінің қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірген жағдайда осымен байланысты қосымша шығындар пайда болғанда, жағымсыз сыртқы әсер туралы айтады. Жағымсыз сыртқы әсерлер болғанда қоғамдық шекті шығындар әрқашан жеке шекті шығындардан асады. MC + t
Р MSC
MPC
Р1
Р*
Пигу салығы
MPB=MSB
Q1 Q* Q
100 сурет. Жағымсыз сыртқы әсер әрекетінің салдары
100 суреттегі графикте жағымсыз сыртқы әрекетінің салдары көрсетілген. Р* мен Q* – жағымсыз сыртқы әсерсіз игілік өндірісінің тепе-теңдік бағасы мен тепе-теңдік көлемі. Осындай игілікке сұраныстың қисық сызығы игіліктің шекті қоғамдық пайдалылығына сәйкес, өйткені сұраныс игілікті тұтынудан алынатын (пайдалылықпен) пайдамен анықталады. Сұраныс қисық сызығы оның жеке шекті шығындарының қисық сызығына сәйкес келеді (МРС). Егер игілік өндірісінде жағымсыз сыртқы әсер орын алса, онда өндірістің шекті шығындарына жеке шекті шығындармен бірге жеке сыртқы шығындар да кіреді, яғни олар МРС + МЕС = МSC.
Нәтижесінде шекті қоғамдық шығындар шекті қоғамдық пайдалардан асып кетеді, тепе-тең баға Р1 дейін өсіп, өндірістің тепе-теңдік көлемі Q дейін азаяды. Сыртқы шығындар өнімнің бағасында көрсетілмегендіктен, өнім бағасы соңында төмен болып шығады (тепе-тең бағадан төмен), ал өндіріс көлемі – өте жоғары. Сонымен, жағымсыз сыртқы әсердің салдары – игілікті артық шығару және оны төмен бағамен сату. Осында жағымсыз сыртқы әсердің нәтижесіздігі білінеді. Егер нарық агенттерінің қызметі үшінші тұлғалар үшін сыртқы пайдаларымен білінсе, онда жағымды сыртқы әсер орын алады. Жағымды сыртқы әсер – игіліктің бағасында көрсетілмеген қосымша пайда. Жағымды сыртқы әсерде жеке шекті пайдалылық қоғамдық шекті пайдалылықтан төмен. Жағымды сыртқы әсердің салдары жағымсыз әсерлеріне сәйкес анықталады.
Р MPC=MSC
Р1 МС+s
Р* Пигу жәрдемақысы
MSB
MPB
Q* Q1 Q
101 сурет. Жағымды сыртқы әсер әрекетінің салдары
Жағымды сыртқы әсер орын алғандықтан MSB>MPB, демек, оңтайлы шығару мен баға – Q мен Р1 нүктелерінде. Сонымен, жағымды сыртқы әсердің салдары – өндірістің аздығы мен игіліктің жоғары бағасы. Шынында, егер жағымды сыртқы әсер игіліктің бағасына еніп, оны тұтынушы төлесе, баға жоғары, өндіріс көлемі көптеу болушы еді, себебі: жағымды сыртқы әсер жағымсыз сияқты нәтижесіздікке әкеледі.