Леуметтік-экономикалық жоспарлауды ұйымдастыру
Жоспарлау мен болжамдауды ұйымдастыру негіздері. Жоспарлаушы органдар жүйесі. ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, құрылымы мен негізгі функциялары. Жоспарлаудың салалық және аймақтық органдары. Фирмаішілік жоспарлау органдары. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау технологиясы. Мемлекеттік жоспарды әзірлеу мен бекітудің кезеңдері мен жүйелілігі. Жоспарлы көрсеткіштер мен іс-шараларды атқарушыларға жеткізу. Мемлекеттік жоспарды орындауды қамтамасыз ету мен бақылау.
Шетелдегі әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
Дамыған мемлекеттердегі әлеуметтік-экономикалық жоспарлау тәжірибесін зерттеудің мәні. Шетелде макрожоспарлау теориясының қалыптасуы. АҚШ-тағы экономикалық жәнее әлеуметтік реттеу тәжірибесі: экономика-математикалық модельдеу және болжамдау, перспективті баланстар; бюджеттеу. АҚШ-тағы фирмаішілік жоспарлау тәжірибесі. Франциядағы әлеуметтік-экономикалық жоспарлау тәжірибесі. Франциядағы ұлттық жоспарлауды жетілдіру жолдары. Жапониядағы әлеуметтік-экономикалық жоспарлау тәжірибесі. Жоспарлы және нарықтық экономиканың өзара байланысы – ҚХР әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі ретінде.
6 Стратегиялық жоспарлаудың әдіснамалық негіздері.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні мен негізгі мақсаты. Стратегиялық жоспарлаудың пайда болуы. Стратегия ұғымы. Базалық және функционалдық стратегия. Стратегиялық балама. Стратегиялық жоспарлау мен стратегиялық басқару үрдістері стратегияны жүзеге асыру кезеңдері ретінде. Стратегиялық жоспарларды қалыптастырудың қағидалық схемасы.
Оғамның әлеуметтік дамуын стратегиялық жоспарлау.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешу құралы ретінде. Қоғамдағы әлеуметтік саясатты қалыптастырудың негізгі қағидалары. Халықтың өмір сүру деңгейін стратегиялық жоспарлау. «Халықтың әл-ауқаты» категориясының мазмұны мен оның «өмір сұру жағдайы», «өмір сүру деңгейі» және «өмір сапасы» ұғымдарымен байланысы. Өмір сүру деңгейін болжауда қолданылатын көрсеткіштер жүйесі.
Халықтың табысының негізгі түрлері мен оны есептеу әдістері. Халықтың табыстары мен шығыстарының баланс схемасы. Халықтың күнкөріс минимумын есептеу әдісі. Кедейшілік мәселесі мен оны жоспарлау арқылы шешу мүмкіндігі.
Аймақтық деңгейдегі стратегиялық жоспарлау.
Аймақтық стратегиялық жоспар ұғымы. Аймақтық стратегиялық жоспар әзірлеудің негізгі қағидалары. Аймақтық стратегиялық жоспардың құрылымы: аймақтың ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау, жоспарлы кезеңдегі аймақты дамытудың миссиясы және басты мақсаты, экономикалық даму, әлеуметтік даму, күтілетін нәтижелер. Стратегия мен стратегиядағы мақсаттарды әзірлеу мен қол жеткізу үшін SWOT-талдауды пайдалану.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда орта мерзімдік жоспарлаудың рөлі.
Индикативтік жоспарлаудың мәні. Индикативік жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі. Индикативтік жоспарлаудың функциялары. Индикативтік жоспарлаудың формаларының эволюциясы.
Қазақстандағы ортамерзімдік жоспарлау ұғымы, жүйесі мен құрамы. Қазақстандағы ортамерзімдік жоспарлаудың индикативтік сипаты. Индикативтік және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысы.
Қазақстандағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі орта мерзімдік (индикативті) жоспарлаудың орны. Стратегиялық жоспарлар, ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы, ҚР Үкіметінің бағдарламалары – ортамерзімдік жоспар әзірлеу негізі ретінде.
Индикативтік жоспарлау – Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу Тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралы ретінде.
Елді орнықты дамыту ұғымы. Елді дамытудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық векторлары.Елдің стратегиялық мақсаттарын тиімді жүзеге асыру үшін қажетті 2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу Тұжырымдамасының мәні. Тұжырымдамада бекітілген мақсатты параметрлер – елді, салаларды, аймақтарды және экономика субъектілерін дамытуды индикативтік жоспарлаудың негізі ретінде. Елдің орнықты дамуға көшуіндегі қысқа, орта және мерзімді индикативтік жоспарлау жүйесі.