Дәріс тақырыбы. Араб Халифатының мемлекетi

мен құқығы Факультет_ ұлттық құқық жоғары мектебі

Оқытушы Спанов А.Қ. ____________Академиялық жыл___2013-2014________

Курс ___1______________________Семестр__1_______

Дәрістің мақсаты: Шығыс елдеріндегі мемлекет және құқық жүйесімен неғұрлым кеңірек танысу. Оның ішінде ең ірі феодалдық мемлекеттердің бірі-Араб халифатының ерекшеліктері. Шариғат заңдарының ролімен танысу.

Жоспары:

1. Араб халифатының құрылуы.

2. Араб мемлекетінде қалыптасқан құқықтық нормалар.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Тақырып 13. Араб Халифатының мемлекетi мен құқығы

Иранның Қос өзен аңғарын жаулап алуы батысқа баратын төте жолдың іске қосылуына әсер етті. Міне осы кезден бастап сауда жолдарының бойында орналасқан және соның арқасында біршама байыған, оазистерді мекендеп, саудаға әсер етіп отырған Хиджаз аймағынп үлкен нұсқан келтірді. Хиджаз аймағының орталығы күрейш тайпасы мекендеген Мекке қаласы болатын. Оңтүстік Аравия арқылы өтетін сауда жолының дағдарысы Мекке қаласындағы халықтың да әл ауқатына әсер етті. Уақытында екі мың түйелік керуен құрып, саудамен айналысқан күрейш тайпасының саудагерлері тұйықтан шығудың жолын іздей бастады.

Мұсылман құқының қайнар көздері – Құран, Сүнне және хадистер. Сүнне – үлгілі өмір, яғни Мұхаммед пайғамдардың өмірін үлгі тұту және оның істеген ісін нормаға айналдыру. Хадис – пайғамдардың сөйлеген сөздері мен әрекеттері іс- туралы әңгімелер Құран мен Сүннедегі негізгі дін қағидалары комплексі шариат деп аталады.Ислам дәстүр бойынша шариат ұғымы Құрандығы негізгі қағидалары орындап тура жол ұстаумен тығыз байлынысты.Құран мен Сүннеде діни нормалар мен мұсылмандардың өзара қатынасы және қоғамдық өмірді қамтитын көптеген нормалар бар.Ал енді нақты айтылмаған жағдайлары байланысты шариғатын жалпы нормаларын арнайы ғылым әл фих юристируденция зерттесе,ал шариат нормалар әл фикх құқық қарастырады.

Мұсылман сот ісі алғашқы халифтер кезінде жүзеге аса бастады. Шариат нормалары бойынша сот ісін жүргізуі чиновники кады немесе қазы деп атайды /тағайындаушы немесе айыптаушы/. Алғашқы қазылар Омар халифтің /634-644/ бұйрығымен Медине, Баср, Куф қалаларын тағайындалды. Қазылар өздеріне тапсырылған аймақ азаматтық және ұрпақ істерге шешім шығарып отырды. Сонымен бірге олардың бақылауында қаладағы қоғамдық орындар мен құрылыстардың жағдайы және азаматтарды адамгершілікке іс әрекет де бақылауда болды.

Мұсылмандар басып алған жерлерінің бәрін бастапқы жалпы /вакуф деп атады және осындай жердің бәрінен арнайы салық харадж алынды.

1. Жизия-мұсылман мемлекеттеріндегі мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы. Бұл салықты жаулап алған кезде аман қалдырғаны үшін кәмелетке толған барлық ер адамдар төледі.

2. Ұшыр-мұсылмандардың өнімнен төлейтін салығы. Әдетте ірі жер иеленушілер жерін арендаға беріп,онан алған харадждың бір бөлігін өзіне қалдырып,ал бір бөлігін ұшыр ретінде төлеген.

3. Зекет-жағдайы нашар мұсылмандар үшін жиналатын салық. Зекет егіннен,малдан, жүзімдіктен, алтын мен күмістен тауардан алынып отырды. Егін өнімінінң шамамен оннан бір бөлігі зекет ретінде алынды. Кей кездерде зекет салығы садақа деп атағанымен бұл сөздердің ұғымдық мағынасы басқа.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Мұсылмандық құқық.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

1. Рәсімдеу сапасы

2. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мұсылмандық құқық.

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

1. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

2. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

3. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

4. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994

Наши рекомендации