Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі

Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады – тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді.

Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсалюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа ұйым үшін не тұрады, немесе, саладағы ұйымдардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептегендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді.

Маркцистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың қанша тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу – еңбек ығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады.

Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:

Біріншіден, әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және ұйым шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл ұйымның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Екішіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Ұйым шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.

Классификациялау белгілері Шығындардың бөлімшелері
Экономикалық элементтер   Өзіндік құнның баптары   Технологиялық процесс Құрамы бойынша Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша Өндіріс процесіндегі ролі Шығын жасаудың мақсатқа сай келетіндігі Жоспарға енгізу мүмкіншілігі Өндіріс көлеміне қатысты Пайда болуының кезектілігі Дайын өнімге қатынасы Шығындардың экономикалық элементтері Калкуляцияның өзіндік құнның баптары Негізгі және үстеме шығындар Бір элементтік, кешендік, жанама   Тікелей және жанама Өндірістік , өндірістен тыс   Өнімділік және өнімділік емес Жоспарланған, жоспарланбаған Тұрақты және өзгермелі Ағымды және біржолғылық Аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын өнім шығындары  

Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға енеді.

Кесте 1

Өндіріс немесе экономикалық шығындардың жіктелуі

Осы аталған өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері мен түрлері болады. Оны келесі 1-ші кестеден көре аламыз:

Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу және т.б.

Айқын емес шығындар –дегеніміз өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар мен құрал-жабдықтардың шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен еңбек білім, информация түрінде жинақталады.

Өнімділік – осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған немесе өндірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталаған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, ақпарат, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділікьің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі / Тірі еңбек шығындары

Басқа да көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің тар және кең мағынасы болады. Оның тар мағынасында өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағытынан өндірістік процестің тиімділігін сипататйтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған өнімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары көрсетілмейді.

Ұйымдардың мәселелері өнімділік өскен сайын бір көрсеткіш арқылы оның іс-әрекетінің тиімділігіне баға беру қиындай түседі, сондықтан көрсеткіштер жүйесін қолдануға көшкен ыңғайлы болады, яғни өнімділікті кеең мағынада түсінуге.

Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар:

Біріншіге, өнімділіктің статикалық коэффиценттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардың өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.

Екіншіге, өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффицентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффиценті. көрсеткіштері

Топтардың әрқайсысының ішінде өнімділіктің өлшеуіштерінің үш типі болады: жеке, факторлық, көпфакторлық және жиынтық факторлық немесе өнімділіктің жалпы көрсеткіштері. Өлшеуіштердің әрқайсысы өнімнің шығындарға қатынасын сипаттайды, бірақ олар бөлгіште есепке алынатын шығындардың элементтерінің саны немесе ресурстардың түрлері жағынан бір-біріне ұқсамайды. Оны келесі суреттен көре аламыз:

       
   
Шығындар
 
  Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі - student2.ru

Осы уақыт мерзімінде Өндіріске тартылған ресурстар

пайдаланалған ресурстар көлемін көрсетеді

Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері
көлемін көрсетеді

       
  Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі - student2.ru
 
  Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі - student2.ru
 
  Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі - student2.ru

Сурет-1 - Өнімділікке байланысты шығындар

Экономикада өнімділікті жоғарлату басқару процесіне және өнімді немесе еңбекті өзгерту процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың жеке біреуі орын алса, онда өнімділік өседі.

1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды;

2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;

3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ шығындардың өсу қарқыны өнімнің өсу қарқынынан төмен болады.

4. Өнім көлемі өзгермейді, шыығндар төмендейді;

5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ шығындардың төмендеу қарқыны жоғары болады.

Кейбір салаларда өндіріс шығындарының айырмашылықтары табиғи, жаратылыс жағдайлармен байланысты болады. Бұған мысал болатын – біздің елде осыдан бұрын «маусымдық» немесе аймақтық бағалардың болғаны.

Басқа салаларда шығындардың айырмашылығы дүниеге әкелетін жағдайлар – жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құру, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен мамандану дәрежесі. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрінің басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш.

Бүгінгі заманда салалар масштабында шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді.

Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторларға:

· Тұтынудың өсуі осы себепті өндірістің жекеленуін көздеу;

· Шығарылымдардың ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруы, алмастырудың қажеттігі;

· НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама шығындары.

Екіншісі, жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты.

Әрбір рыноктағы ұйым келесідей шешім қабылдауға ынталы болады, яғни жоғары пайданы қамтамасыз ету. Осы шартты орындауда негізгі көрсеткіштің бірі шығындарды азайту болып табылады.

Шығындар – белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстар көлемінің ақшалай көрінісі. Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар.

Шығынның мақсаты – шығындардың жеке-жеке өлшенуіне байланысты кез-келген қызмет түрі болып табылады.

НЕГІЗГІ МАТЕРИАЛДАР Шикізат және материалдар, яғни дайын өнім өндіруге тікелей жұмсалған (мысалы, стол жасау үшін ағаш шикізаты қажетті)
Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі - student2.ru

Наши рекомендации