Дауылдар. Дауыл жаршылары алдын алу себептері.

Дауыл (ураган)-стихиялық апаттардың қауіпті түрлерінің бірі, ол халық шаруашылығына орасан зор зиян келтіріп , кейде адамдар арасында құрбандықтар тудырады.Дауылдардың көзі -12 және одан да көп баллға жетіп, желдің жылдамдығы 30м/с-120км/сағ жетеді.Осындай күшті дауыл өз жолында кездескендердің бәрін жайпап кетеді. Олар циклон өткенде байқалып, теңізді қатты толқындатып, құрғақта қиратулар тудырады.Құйынды дауыл*буря*-бұл өте күшті жел,теңіз бетінде толқын тудырып , құрғақ жерде қирауға әкеледі. Құйында дауыл циклон, құйын өткенде байқалады. Желдің жылдамдығы 20м/с-тан 100м/с-қа дейін жетуі мүмкін.Дауыл кезінде беті мақта-матамен , орамалмен жауып, көзді көзілдірікпен қорғау керек.

Дауыл
Дауыл - күші қиратушы және жылдамдық ұзақтықтығы секундке 30 метрлерiне жететiн жел. Дауылдардың себебi - жақын аралықтағы атмосфералық қысымның үлкен айырмашылығы жиi циклондармен байланысты. Әсiресе Кариб теңiзiне және мексика шығанағындағы қорқынышты Антил дауылдары, олар АҚШ жазызықтықтарындағы жиi кездеседі.
Дауылдар әдетте жазда, яғни теңіз бен теңіз үстіндегі ауа аса жылынғанда пайда болады. Ыстық күн көзі үлкен массадағы суды буландырады. Ылғалды ауа жылдам жоғары көтеріледі. оның орынына ағып келетiн перифириясы бар салқын ауадан айналады, және аса зор шұңқырға ұқсас дауыл пайда болады. Диаметрі 35 кмге дейін жететін дауыл көзі деп аталатын оның орталығында жылынған ауаның тігінен шығуы жалғасады. Бірақ онда мүлдем желсіз және бұлтсыз. Жылдамдығы 400км/сағатқа жететін құлақ тұндыратын гүрілмен дауылды жел көздің маңайында соғып тұрады.
Солтүстік Америкада дауылдардың пайда болуы тау жоталарының болмауынан. Яғни бұл солтүстіктен арктикалық ауа массаларының енуіне жағдай туғызады. Бұл Мексика шығанағына дейін созылуы мүмкін. Ал материктің солтүстігіне тропикалық ауа массалары еш тосқауылсыз енеді. Температура мен осы екі ауа массаларының қысымы арасындағы үлкен айырмашылық материк жазығында қатты дауыл желдердің пайда болуына жағдай жасайды. Олар аяқ асты пайда болады және көптеген апаттарға ұшыратады.
Ағылшын адмиралы Фрэнсис Бофорт 1806 жылдың өзінде 12 балдық жел шкаласын ұсынған. Жел шкаласы оның атымен Бофорт шкаласы деп аталды. Ол желдерді ауа массаларының қозғалуына байланысты бөлген. Жылдамдығы 20-24 м/cек жететін 9 баллдық желдер ескі құрылыстарды қиратып, үйлердің шатырларын құлатады. Оны дауыл деп атайды. Егер жел жылдамдығы Егер жел жылдамдығы 32км/с жетсе, бұл дауылға айналады.
Дауылдар өзен жағалары мен ірі өзендердің сағаларында қауіпті және дауыл су толқындарын қуалайды. Бұл толқындар жағаларға шығып, су басады және желден аман қалғанның барлығын қиратады.

Дауыл, боран, құйын кезінде қалай әрекет ету керек
Егер дауыл, боран, құйын сіз ғимаратта болғанда басталса, терезеден аулақ тұрыңыз да, жайдың ішкі жақ қабырғаларының жанында, дәлізде, құрылған шкафтардың қасында, жуынатын бөлмелерде, дәретханада, қойма, мықты шкафтарының жанында, үстелдің астында қауіпсіз орындарға тұрыңыз. Пештегі отты, электр энергиясын өшіріңіз, газ желілерінің шүмектерін жабыңыз.
Қараңғы уақытта фонарьлар мен шамдарды пайдаланыңыз, АҚ және ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының ақпараттарын есту үшін радиоқабылдағышты қосып қойыңыз, мүмкіндігінше терең паналарда, жерқоймаларда отырыңыз.
Егер дауыл, боран, құйын сіз елді мекеннің көшесінде жүргенде басталса, неғұрлым жеңіл құрылыстар ғимараттар, көпірлер, электр өткізгіш желілер, діңгектер, тоғайлар, өзен, көлдер мен өндіріс обьектілерінен алыс жүріңіз.
Ұшып жатқан шыны сынықтарынан қорғану үшін қаңылтыр, қатты қағаз немесе пластик жәшіктер, тақтай немесе қолда бар кез-келген заттарды пайдаланыңыз. Тезірек елді мекендегі жертөлелерде, жерқоймалар мен радияцияға қарсы паналарда тығылуға тырысыңыз. Зақымдалған ғимараттарға кірмеңіз, себебі қайта соққан желде құлауы мүмкін. Қарлы боранда ғимараттарға тығылыңыз. Егер далада немесе ауыл жолдарында келе жатсаңыз уақ-уақ тазаланып отыратын, және сізге көмек берілу мүмкіндігі бар басты жолға шығыңыз. Шаңды құйын кезінде бетіңізді дәкемен, шытпен, мата қиындысымен, көзіңізді көзілдірікпен жабыңыз.

Құйынның жақындауы туралы дабыл түскен кезде дереу ық жерге, үй жертөлесіне немесе қоймажайына түсу керек, немесе төсектің, басқа да жиһаздың астына кіру қажет. Егер құйын сіз ашық жерде жүргенде басталса, жол шетіне, шұңқырға, орларға, тар сайларға тығылып, басыңызды киіммен немесе тоғай бұтақтарымен жауып жерге жақын жатыңыз. Автомобильде қалмаңыз, шығып, жоғарыда көрсетілгендей тығылыңыз.

Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шарасы, ол – таянған дауыл қауіпін тұрғындарға дер кезінде хабарлау және дауыл болып тұратын аудандарындағы осыны ескере отырып орналастыру. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салғызбай, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормаларын енгізіп, бақылауға алып көмектесу керек.
Дауылдың жақындағаны туралы хабар алған соң, мына іс-әрекетті жүзеге асыру қажет:
Панахананы, жертөлені әзірлеу; есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу; саңылауларды бекіту; төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар заттарды шығару; даладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу; газды, электр жүйесін ажырату, суды жабу; пешті сөндіріп, қажет болса қорғаныс панаханаларына барып орналасу керек.
Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну, ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау, панаханада радиоқабылдағышты тұрақты қосып қою керек. Ғимарат ішінде болған әйнек, шыны сынықтарынан және жарықшақтардан сақтанған жөн. Далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, жел өтінен сақтайтын жерлерді іздеу керек немесе жерге етпетінен жатады. Орманда қалғанда ең жақсысы ашық алаңға шыққан жөн, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электр беру желілерінің діңгектеріне жақындамаңыз. Дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығады. Шаңдақ дауыл жақындағанда үйде есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаған жөн. Үй хайуанаттарын қорға немесе ғимарат ішіне қамау керек.
Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз, малды тасаға жасыру қажет. Жақын жерде сексеуіл, шеңгел тәрізді бұталы жерде малды ұстай тұрған жақсы.
Егер дауыл кезінде елді мекеннен қашықта болсаңыз, көру қашықтығы азайып, адасып кету қауіпі туса, онда қозғалысты тоқтату қажет. Егер адассаңыз, жарақат алсаңыз, онда өз орныңызды білдіру мақсатында түтіні қатты шығатын матаны, бұтаны, көк шөпті жағып, дыбыс беріп, алыстан көрінетін ашық затты жерге іліп, қам жасағаныңыз жөн.
Егер шаңдық дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, қоқым түспес үшін арнайы көзілдірік киіңіз. Егер қандай да бір жамылғы болса, оны шаңнан, суық желден, дененің суынуынан қалқа ретінде пайдалануға болады.
Дауылдан, бораннан, буырқасыннан кейін құтқару бөлімшелері еңбекке жарамды тұрғындармен бірге жасырынған, жарақаттанған адамдарды шығарып, қауіпсіз жерге немесе емдеу мекемесіне апарады.

Наши рекомендации