Сабақтың тақырыбы: жапония
Сабақтың мақсаты:
1. Жапония мемлекеті туралы толық мәлімат алады.
2.Оқушылар өз беттерінше жімыс істеп, шығармашылық ойларын өсіреді, өз ойларын еркін айтып, қорытынды жасай білуге дағдыланады.
3. Халықтар арасындағы досытқты қірметтеуге тәрбиелейді.
Көрнекіліктері: Дҝниежҝзінің саяси картасы, атлас карта, кескін карта, интернет материалдары, суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың тҝрі: Сын тірәысынан ойлау стратегиясы
Сабақтың әдісі: Топпен ақылдаса отырып ортақ ойларын біріктіру, өз ойларын айту, ассоциация, географиялық шынжыр шешу, сірақ – жауап, ұяшықтағы тапсырмаларды орындау т.б.
Пән аралық байланыс: Тарих, экономика
Сабақтың барысы
І. Ійымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуын тҝгелдеп, сабаққа даярлау.
ІІ. Қайталау материалдарын сірау.
Кім жылдам?
1. Әлеуметтік – экономикалық жағынан Азия неше аймаққа бөлінеді?
2. Азияның экономикалық кеңістікке тән басты ерекшелігі?
3. Азияның дҝние бөлігіндегі ауданы? (44 млн км2)
4. Жер шары халқының қанша пайызын алады? (60)
5. Азияны отарлау қай ғасырда басталды? (15 ә)
6. Ҝндістанға баратын жолды кім ашты? (Васко да Гамма)
7. 1948 ж Палестина жерінде құрылған мемлекет? (Израйль)
8. Азияда қалыптасқан ежелгі мемлекет? (Хунн)
9. Арабтар Оңтҝстік Батыс Азияны атайды? («Машрик»)
10. Азияның қанша елінде ислам дінін істайды? (17)
Ой қозғау
Азияның қай елінің даму болашағы зор?
Жапония
Жапония» сөзіне ассоциация жасау
Мәтін санына байланысты топқа бөліну
Бірін бірі оқыту» топтық жімыс.
Шарты:
І қадам
Топқа тақырыпты бөліп беру арқылы бірін-бірі оқыту.
І. Жапонияның географиялық орны және мемлекеттік қірылысы
ІІ. Жапонияның табиғат жағдайлары мен ресурстары
ІІІ. Жапонияның мемлекеттік демографиялық жағдайы
ІV. Жапония өндірісі
ІІ қадам
Әр оқушы жеке, жіппен, топпен ортақ пікірге келу. Әр топтан тҝскен ойларды тақтаға немесе параққа жазу. (Тыңдау, баяндау, толықтыру).
ІІІ қадам.
Оқушылар өз мәтіндерін тҝсіндіріп, сірақтарға жауап береді және қорытындысын шығарып, спикер сайлайды.
Берілген тақырыпты спикер қорғайды.
Жаңа сабақты бекіту.
Географиялық шынжыр.
3000 –
128000000 – Жапония халқының саны
600- ден астам балық мекендейді
400 – табиәи саябақтар бар
3776 м – Фудзияма жанартауы
Не білеміз?
1. Жоғары дамыған мемлекет екенін
2. Азияның шыәысында орналасқанын
3. _________________________________________________
4. _________________________________________________
5. _________________________________________________
Жапония тарихында таққа 125 император отырды. Алғашқы император Дзимму (660-585 б.э.д)
Орытынды
Жапония мен Қазақстан арасындағы қарым қатынас туралы баяндау.
Президент «ҚР мен Жапония арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияны және оған хаттаманы ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
Жапония премьер министрінің Қазақстанға ресми сапармен келуі қазақ-жапон екіжақты ынтымақтастыәына жаңа серпін береді. Елбасы Нірсілтан Әбішілы Назарбаев біл пікірін тамыздың 28-і кҝні Ақордада өткен қазақ-жапон келіссөздерінен кейінгі бірлескен брифингте айтты. Еске сала кетейік, Жапония премьер министрі Қазақстанға ресми сапармен бірінші рет келіп отыр. Соған орай Ақордада өткен қазақ-жапон келіссөздерінен кейін президент Нірсілтан Назарбаев пен Жапония премьер министрі Дзюнъитиро Койдзуми Қазақстан мен Жапонияың арасындағы достық, серіктестік, және ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы бірлескен мәлімдемеге, ал Қазақстанның энергетика және минералдық ресурстар министрі Бақтықожа Ізміхамбетов пен Жапонияның Қазақстадағы елшісі Тэцуо Ито Қазақстан мен Жапония ҝкіметтерінің арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту ниеті туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсімінен кейінгі брифингте өзара байланыстарды жандандыру - екі мемлекеттің ҝкіметтері мен халқының, сондай ақ Орталық Азияның мҝдделеріне сай келетінін айтқан Елбасы аталған қіжаттарды қазақ-жапон қатынастарындағы ынтымақтастықтың болашақ «жол картасы» ретінде бағалады.
Сабақ:№4
Сыныптар: 11 АТақырыбы:Германия. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Германияның экономикалық-географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Германияның ірі қалаларымен, неміс халқының тұрмысымен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты – Оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен елдің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктеріне, табиғат ресурстарының байлығына, табиғат қорғау шараларына, геосаяси жағдайына, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытудағы әсеріне баға беруді үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары:Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдісСабақтың жоспары:І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)
ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІ кезең – қорытынды (2 мин)Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
І | Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. | Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. |
ІІ | Тақырыпты игеру мұғалім Герминияға жоспар бойынша жалпы сипаттама беруден бастайды. а) экономикалық-географиялық және геосаси жағдайы ә) аумағының құрамы б) табиғат ресурстары в) табиғатты қорғау г) халқы ЭГЖ және саяси жағдайыбойынша саяси картадан Германияның қай елдермен шектесетінін анықтап, басты ерекшелігін ашамыз. Мысалы, Германия ФР Еуропаның батысы және шығысының шектесетін бөлігінде орналасқан. Солт-де Балтық және Солтүстік теңізімен шектесуі, ел аумағының құрлық және әуе жолдарының тоғысқан торабында орналасуы, аймақішілік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың дамуы қолайлы әсер етуі. Осы елдің геосаяси жағдайына, НАТО ұйымына кіруі, Германияның бірігуі туралы толықтай мәлімет келтіреді. Аумағының құрамы туралыайтқанда жерінің ауданы, Батыс Еуропадағы алатын орнының ерекшелігі туралы, мемлкеттің құрылымына, басқару формасына сипаттама береді. Табиғат ресурстарын сипаттағанда, атлас карталарын пайдаланып, Германияның табиғат жағдайларының басты ерекшеліктерін анықтайды. Одан соң кен орындары мен пайдалы қазбаларға мысал келтіреді. Табиғат қорғау шарлары, соның ішінде табиғат қорғау мәселесіне, қазіргі заманғы табиғат қорғау шаралары, ұлттық саябақтары мен қорықтар турлы айтады. Халқы туралы айтқанда: саны, табиғи өсімі, ұлттық, діни құрамы, қала мен ауыл халқы мен агломерациялар, әлеуметтік-экономикалық жағдайы сияқты басты мәселелер нақты мысалдар негізінде сипаттайды. | Оқушылар мұғалімді тыңдап, сипаттама беру жоспарын жазып алады. Сосын Германия туралы қысқаша конспект жазып отырады. Атластарын пайдаланып, Германияға сипаттама береді. |
ІІІ | Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды: 1. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай? 2. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады? 3. Германия қандай табиғат ресурстарына бай? 4. Халықтың ұлттық құрамы қандай? 5. Табиғат қорғау барысында қандай шаралар жүзеге асырылуда? | Балалар параграфты оқып шығып, сұрақтарға жауап береді. |
ІV | Үй жұмысы: 1. §3, 4 оқып, қысқаша конспект жазу. 2. Кескін картаға Еуропаның басты темір жол желілерін, кеме жүретін өзендері мен ірі теңіз порттарын түсіру. 3. Еуропалық Одаққа мүше елдердің тізімін жазу. 4. «Неміс халқының тұрмысы мен әдет-ғұрыптары» деген тақырыпқа хабарлама дайындау. | Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды. |
V | Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. | Мұғалімді тыңдап, бағаланады. |
VІ | Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады. | Қоштасады. |
Сабақ:№5
Сыныптар: 11 А
Күні:
Тақырыбы:Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Германияның шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім беру. Германия шаруашылығының басты бағыттары және өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының басты ерекшеліктерімен, көлік түрлері жүйесі мен туризмнің даму деңгейі, оның дамыған аудандары туралы білік-дағдыны қалыртастыру. Германияның туристік объектілерімен, Қазақстанмен өзара қарым-қатынасымен, оны дамытудың басты бағытымен, корпорациялары мен фирмаларының жұмыс түрлерімен танысу.
Дамытушылық мақсаты – оқулық мәтініндегі карталар, анықтамалық кестелерді пайдалана отырып, Германияның шаруашылық құрылымына салыстырмалы сипаттама, елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнына баға беру, елдің ауыл шаруашылықтарын анықтау, ең дамыған көлік түрлерін сипаттап, бағытына баға беру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары:Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның экономикалық картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті |
І | Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. |
ІІ | Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексереді, сосын кескін карталарын тексеріп, ЕО-қа кіретін елдер саны мен тізімін сұрайды. Сосын балалардың хабарламаларын тыңдайды. Сосын келесі сұрақтарды қояды: 1. Өнекәсіптің ірі орталықтары қай бөлікте шоғырланған? 2. Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстарға мысал келтіріңдер. 3. Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіптің қандай салаларын білесіңдер? 4. Еуропа елдерінің қандай туристік орталықтарын білесіңдер? 5. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай? 6. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады? 7. Германия қандай табиғат ресурстарына бай? 8. Халықтың ұлттық құрамы қандай? |
ІІІ | Тақырыпты түсіндіруді белгілі бір жоспарға сүйенеді. Ең алдымен, шаруашылықтың дамыу алғышарттары жергілікті шикізат негізінде қалыртасқан дәстүрлі маманданған салаларына құрылымдық өзгерістер мен жаңа технологиялыққ жетістіктер енгізу нәтижесінде күшті дамуы және ғылымды көп қажет ететін, экпортқа бағытталған жаңа салалардың пайда болуы және өнеркәсіп өндірісінде ірі монополияның үстем болуы болды. Бұдан соң елдегі аса маңызды өнеркәсіп орталықтары туралы айтады. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде машина жасау өнерекәсібімен көзге түсетінін айтады. Мысалы, «Даймлер-Крайслер» («Мерседес» автомобильдері мен аэроғарыштық техника өндірісі), «Фольксваген», «БМВ» (автомобиль жасау), «Сименс» (электроника, электр техника), «Дойче телеком» (ақпарат тарату техникасы), «Бош» (электр техникасын жасау), жеңіл автомобиль жасау зауыттары туралы айтады. Одан кейін ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жобалау жұмыстары, ақпараттық технологиялар, аудио, видео, компьютерлік сақтау құралдары «Эмтек» маркасымен шығарылатыны туралы айтады. Германияның «химиялық держава» деп аталуына назар аудартады. Ауыл шаруашылығы құрылымында мал шаруашылығына тоқталып, сосын өсімдік шаруашылығының орталықтарына сипаттама береді. Осыдан кейін көлік жүйесіне тоқталады. Басты көлік құралы – автомобиль. Көлік көлігі ішінде су көлігі – өзен мен теңіз көлігіне басты назар аудартады. Ірі порттарын атап, әуә көлігінің халықаралық маңызы бар негізгі авиакомпания - «Люфтганзе» т.б. мысал келтіреді. Содан кейін СЭБ туралы айтады, басты назар ЕО-ң құрамына енуі, сыртқы саудаға айрықша мән беруі, Германияның басты сауда серіктестіктері – д.ж.-де жетеші елдердің болуы (Франция, Жапония, АҚШ, Италия, Ұлыбритания т.б.). Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынас 1992ж бері дамып келе жатқандығын айтады. Германия инвесторлары көбінесе, Қарағанды, ШҚ, Павлодар және Қостанай облыс кәсіпорындарын дамытуға салады. Туризм туралы айтқанда, табиғи ландшафтылар: солтүстік жағалау, аралдар, оңтүстіктегі таулы аудандар, Боден көлі, Бавариядағы шағын көлдер, өзен аңғарлары, тарихи-мәдени ескерткіштер. Ресми түрде елде 80-нен астам туристік маршрут бар. |
ІV | Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар бір-біріне сұрақтарды қояды. Сосын мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды: 1. Германияның д.ж.шаруашылықтағы орны қандай? 2. Өнеркәсібінің негізгі салалары қандай? 3. Елдің ауыл шаруашылығы құрылымындағы аумақтың айырмашылықтары немен түсіндіріледі? 4. Германияда ең дамыған көлік түрі қайсы? 5. Сыртқы сауда серіктестіктеріне қай елдер жатады? |
Сабақ:№
Сыныптар: 11
Күні:
Тақырыбы:Ұлыбритания.
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Ұлыбританияның экономикалық-географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Ұлыбританияның ірі қалаларымен, «ағылшындық салт-дәстүрлердің» ерекшеліктерімен, спорттық ойындардың түрлерімен танысу.
Дамытушылық мақсаты – Оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен елдің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктеріне, Ұлыбританияның тарихи-географиялық аймақтарының құрамына, мемлекеттік құрылысына, табиғат ресурстарының байлығына, табиғат қорғау шараларына, геосаяси жағдайына, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытудағы әсеріне, халықтың ұлттық құрамына баға беруді үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары:Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Сабақтың жоспары:І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)
ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
І | Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. | Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. |
ІІ | Тақырыпты түсіндіру Ұлыбритания еліне жалпы шолудан басталады. Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, осы мәселелер бойынша оқулық мәтіні мен атластарын пайдаланып, өз беттерінше талқылаңдар деп тапсырма береді. 1. Елдің басты ерекшеліктері.Мемлекеттік құрылымы мен ЭГЖ туралы: -ресми атауы; орналасқан жері; -тарихи аталуы; мемлекеттік шекаралары; елдің ЭГЖ-ң ерекшеліктері; қолайлығы; -елдің геосаяси жағдайы; -мемлекеттік құрылымы, басқару формасы; -тарихи провинциялары; елдің басты саяси күштері; -елдің саяси және экономикалық ұйымдары; елдің халықаралық ұйымдарға кіруі. 2. Елдің табиғаты мен табиғат ресурстарынасипаттама беру жоспары: жер бедерінің басты ерекшелігі; географиялық орнының ерекшелігі; климаттық жағдайының басты ерекшелігі; ішкі сулары – өзендері мен көлдері; орман ресурстары; табиғат ресурстары, оның түрлері мен қорлары, орталықтары; табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға қолайлығы. 3. Халқы туралы:Британ аралдарының байырғы тұрғындарының тарихи қалыптасуы; ағылшын ұлтының қалыптасуындағы тарихи оқиғалар; халық саны, орташа тығыздығы, ең тығыз қоныстанған ауданы, оның себебі; ірі қалалары; ауыл халқы; ел халқының қазіргі ұлттық құрамы; ағылшын ұлтының өзіндік салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері; тілдік ерекшеліктері, діни бағыттары; еңбек ресурстары; елдің спорттық ойындарының түрлері, нақты мәліметтер, мысалдар келтіру. | Оқушылар мұғалімді тыңдап, сипаттама беру жоспарын жазып алады. Сосын Ұлыбритания туралы оқулық мәтінін оқып, өз беттерінше талқылайды. Атластарын пайдаланып, Ұлыбританияға сипаттама береді. |
ІІІ | Оқып болған соң, оқушылар бір-біріне айтып түсіндіреді. Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды: 1. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай? 2. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады? 3. Германия қандай табиғат ресурстарына бай? 4. Халықтың ұлттық құрамы қандай? 5. Табиғат қорғау барысында қандай шаралар жүзеге асырылуда? | Оқып болған соң, оқушылар бір-біріне айтып түсіндіреді. Сосын сұрақтарға жауап береді. |
ІV | Үй жұмысы: 1. §5, 6 оқып, қысқаша конспект жазу. 2. Германияның шаруашылық құрылымының басты белгілерін анықтау. 3. Ұлыбританияға берілген жоспар бойынша толық сипаттама беру. 4. «Ұлыбританияның қалалары» деген тақырыпқа хабарлама дайындау. | Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды. |
V | Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. | Мұғалімді тыңдап, бағаланады. |
VІ | Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады. | Қоштасады. |
Сабақ:№
Сыныптар: 11
Күні:
Тақырыбы:Франция.
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Францияныңы мемлекеттік құрамы мен құрылымы, табиғат жағдайлары, табиғат ресурстары, халқы туралы білім беру. Францияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдаайының өте қолайлығы, мемлекеттік құрылымының басты ерекшелігі, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға әсері, халқы туралы басты көрсеткіштер жөнінде білік-дағдыны қалыптастыру. Қосымша ақпарат көздері арқылы Францияның экономикалық жағдайы мен халқының қазіргі әлеуметтік жағдайы, тұрмысы туралы танысу.
Дамытушылық мақсаты – оқулық мәтініндегі карталар, анықтамалық кестелерді пайдалана отырып, Францияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктеріне шаруашылық тұрғыдан баға беру, табиғат ресурстарының түрлеріне, олардың шаруашылықтағы маңызына, ірі өзендерінің көліктік рөліне, халқының әркелкі орналасу ерекшеліктеріне, Франция халқының қоныстану сипатына баға беруді үйрену.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары:Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның экономикалық картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдісСабақтың жоспары:І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы: