Тақырып. валюталық саясат
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
- нарықтық реттеу;
- мемлекет тарапынан реттеу;
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай- ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырмасының қатысты баламалылығын, таурлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.
Бірақ та мемлекет ертеден бері валюталық қатынастаға араласып келген, бастапқысынла ол жанама түрде кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңызын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30-жылдардағы XX ғ. алтын стандартты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын механизмі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың аяқ асты ауытқуы мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшырыды.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырыды. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік және шектеуге байланысты анықталады. Сондықтан да олардың арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық-экономикелық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақ та мемлекет бұл жағдайда да валюталық қатыныстарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.
Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.
Валюталық саясат-бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляциянвң өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.
Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуыны байланысты анықталады.
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, содай-ақ екі жақты көп жақты валюталық праблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісімшарттарға сүйенеді.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы валюталық реттеу болып табылады.
Тікелей валюталық реттеу-заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық реттеу-нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы-Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ ) болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты екіге бөлінеді:
1) құрылымдық валюталық саясат;
2) ағымдық валюталық саясат;
Құрылымдық валюталық саясат-дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар жиынтығы.
Ол валюталық саясат реформа формасында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді.
Ағымдық валюталық саясат-валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.
Валюталық саясаттың мынадай формалары қолданылады:
1) Дисконттық валюталық саясат;
2) Девиздік валюталық саясат;
Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жұзеге асырылу формалары болады:
а) валюталық интервенция;
ә) валюталық резервтерді диверсификациялау;
б) валюталық шектеу;
в) валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу:
г) валюталық бағам режимі;
д) девальвация;
з) ревальвация;
Дисконттық (есепке алу) саясаты--- бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массаын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.
Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталадырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Ал егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.
Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егер де төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол береді.
Девиздік саясат-мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.
Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасына сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.
Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция формасында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданылады. Алтын монометаллизмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары – ХВҚ, сондай-ақ аймақтық – Европалық валюталық институт құрылды (1994 ж).
Валюталық резервтерді диверсификациялау –бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және авлюталық шығындардан сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердің саясаты.
Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.
Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.
Девальвация мен ревальвация – валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.
Девальвация – ұлттық валютаның бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша төмендету.
Ревальвация – ұлттық валюта бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарлату.
Девальвация пайызын есептеу формуласы мынадай:
Д=Бе – Бж/Бе*100
мұндағы
Бе – ескі бағам;
Бж – жаңа бағам.
Ревельвация пайызын есптеу формуласы:
Р=Бж – Бе/Бе*100
Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу үздіксіз пайдаланылады.
Валюталық шектеу –резиденттер мен бейрезиденттердің валюталар және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларына заңды түрде немесе әкімшілік түрде тыйым салуы немесе шектеуі.
Валюталық шектеу валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітіледі.
Валюталық шектеулердің мақсаттары мынандай:
-төлем балансын теңестіру;
-валюталық бағамды қолдау;
-ағымдағы және статегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.
Валюталық шектеу мынадай қағидаларға сүйенеді:
- Валюталық операциялардың орталық және өкілетті (девиздік) банктерде орталықтандырылуы;
- Валюталық операция жасау үшін рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;
- Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;
- Валюталардың қайтарымдылығын шектеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Экономикалық саясат: лекциялар Д.Қ. Қабдиев., Т.Қ. Оралтаев., А.Б. Темірбекова., Ә.Е. Ескендіров., С.Қ. Бекмолдин., Б.Х. Хабибуллин., А.Т. Белеков.-Алматы: Экономика.2002-170 бет.
2. Байгісиев М. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу.-Алматы: Раритет, 2010.-240 бет.
3. Ұлттық экономика Оқулық/А.В. Сидоровичтің., Ә.Ә.Әбішевтің жалпы редакциялануымен. – Алматы: Экономика, 2010.-528 бет.
4. Ускенбаева А.Р.Экономическая политикаУчебно-практическое пособие. – Караганда, 2004. – 278 с