Дәріс Ұңғыны бұрғылау кезіндегі геологиялық бақылау.
Турбинді роторлы бұрғылау кезінде үлгі жыныстарды іріктеу кезінде кәзіргі кезде арнайы колонкалы қашаулармен анықталады. Бұл қашаулар ұңғыманың түбіні бетін түгел бұрғылайды. Ұңғы түбіндегі жыныстарды сол қалпында сақтайды. Алынған керінді жер бетіне алып шығып, оны талдайды, алынған кериді геологтармен зерттеп, сазды сұйықтықтан тазартылып арнайыжәндікке салынып, нөмірленің ұңғыманың тереңдігің және нөмері жазылады. Алынған керннің ұзындығы 70 мм, диаметрі 30 мм.
Егер сазды қабыршаққа келетіп үлгінің узындығы 10-20мм екенін ескерсек , онда үлгілердің өлшемдері белгілі болады. Олар өздерінің мұнай немесе гезбен қанығу дәрежесі туралы коллекторлық қасиеттері мен жатқан тау жыныстардың элементтерін ашықтауга мүмкіндік бермейді.
Бырақ бүйірілік груннтарды қолдану кейбір себептермен керы алынбаған жерлерде өте пайдалы болып табылады.
Бүйірілік груннтарды қолдану барысындағы үлгілердің шығымы жұмсақ жыныстарда жүзден қатты тау жыныстарда нөль процентке дейын ауытқиды. Қатты жыныстарға бүйірілік груннтар (тығыз құмтас, ангидрит, әктас және т.б. ) өткенді және оны қамтымайды,сондықтан бүйірілік груннттар тек құмтасты саздық егінділерде ғана қолданылады.
Керy алу аралығын таңдау.
Керы алу аралығын таңдау қойылған геологиялық тапсырмаларға байланысты болады. Алға койған мақсаттарға байланысты ұйғымалар барлама және пайдалану болып бөлінеді.
1) Тіректік
2) Іздеу
3) Әктастан төмен жатқан мұнай газ қабаттарды анықтау үшын иегерілістің аландағы барлама.
4) Жатыстардың шекараларын анықтау үшін қажетті ұңғымалар.
5) Игерілетын аландағы қабаттардың физико –лигологиялық қасиетері мен мұнайға қаныққандығын анықтау үшін бағалау.
Тіректік ұңғымаларда зерттелген аудалдарда бұрғылайды немесе кристалдық іргетасқа дейын, немесе бұрғылау техникасының мумкіндігінен тереңде жаткан іргетастарды бұрғылайды.
Мұндай ұңғымаларда міндетті түрде геофизикалық, сонымен қатар зерттеудің қосалқы әдістерің қолданып толық керы алу жургізіледі.
Әлі зерттелмеген жаңа кенорындар бұрғыланатын іздеу ұңғымаларынды.
Қимасының жоғарғы бөлігі зерттелген , ал төменгі бөлігі әлі зерттелетін кенорындардағы жақсы зерттелген аралықтарды өндірістік-геофизикалық зерттеулермен шектелуге болады, ал мүлдем зерттелмеген аралықтарда толық керы алумен басқада зерттеу әдістері жүргізіледі.
Жытыстардың шекарасын және оның құрлымын анықтау мақсатымен бұрғыланатын барлама ұңғымалардағы тастшшо шектесулерінде керы алу ұсынылган және беседеп қабатшалардың аймақтарында.
Міндетті түрде өнімді қаббаттардағы аралықтарды толық керыалу мен толық өндірістік –геофизикалық кешендік және көмекші зерттеу жүргізу қажет.
Бағалау ұңғымаларынды бұрғылау кезынде өнімді қабаттын барлық қалыңдығы бойынша толық керы алу қажет .
Жер қойнауынан мұнай мен газды тиімді шыгару үшін керы алумен барлық пайдалану ұңғымаларындағы өтілген өнімді қабаттардың барлық қалындыгында бөлшектеп зерттеу жүргізу ұсынылған.
Керінді зерттеу кері бойынша келесілерді анықтау қажет:
1) Мұнай мен газ белгілерінің болуы;
2) Жыныстардын лигологиялық сипаттамалармен олардың стратиграфиялық ерекшеліктері;
3) Колекторлы жыныстардың комплекторлық қасиеттері;
4) Жыныстардың құрлымдық ерекшеліктері мен олардың жату жағдайлары;
Жыныстарды сипаттау барысында келесы мәліметтер келтіріледі.
1) Саздар ү..ін-түсі, қабаттылығы тығыздығы,тұтқырлығы,майылығы және т.с.с.
2) Құмдар мен құмтастар үшін-түсі ,түйіршіліктігі , біркелгілігі, түйіршік құрамы, саздылығы,карбонаттылығы және т.с.с.
3) Корбонаттар үшін –әктастардың болуы ,доломиттер мен мергелдердын болуы.
Кериді зерттеу қорытындылары келесідей ретпен жыныстардың сипаттамалық журналына жазылады.
1. Негізгі сипаттама –кұм ,әктас, саз және т.с.с
2. Ауыстырымды сипаттама –саздылы құмтас ,сазды құмдар және доломиттенген әктас және т.с.с.
3. Құрамалы сипаттама –құмдар,саздар,құмтастар т.с.с
Ұңғыма қимасының геофизикалық әдітерін зерттеу.
Ұңғыма қимасындағы геофизикалық әдістерді зерттеу кең таралған.Совет үкіметінде бұл әдістер мұнай және газ бұрғылауда және бұрғыланғанда қолданады. Геофизикалық әдістерді зерттеу ұңғыма қимасында өтетін тау жыныстар физикалық қасиеттер бойынша қарастырылады. Бұл әдістер қолдану бұрғылау кезінде кенді алу көлемінің дәрежесін айтарлықтай азайтады. Жеткілікті дәрежеде ұңғыма қималарының интерпретациялық бөлшектерін игереді . Тау жыныстардың физикалық қасиетінің ұңғыма бұрғыланған қимасында электр каротаж бен радиоактивтік каротаж әдістері зерттейді.
Электрлік Каротаж
Электрлік каротаж көрінерлік көлемдікте тау жыныстардың кедергісіне және ұңғыма оқпанында өзіндік электр өрісінің потанциалында негізделген. Тау жыныстарының меншіктік каротаж кедергісі 100 мың Ом*м шектерінде қолданылады.
Өзіндік поляризация мәнің анықтау электрлік каротажларда КС тіркелген бір уақытта жүргізіледі өзіндік элетрлік өзгеріс саздылы ерітінділердің әсерімен тау жыныстарда ұңғыма қабырғасына жабысқан тау жыныстарын тудырады. Бұл потенциалдар абцорбциясы тұзды деформацияның нәтижесінде туындалады. Сонымен қатар орналасқан тау жыныстар бұрғылау ерітінділермен аймақтағы тау жыныстарына әсерін туғызу тотығу тотықсыздандырғыш реакциаларға байланысты болып су фильтрациясы бұрғы ерітінділерін тау жыныстардың және ұңғымалардағы қабат суларына байланысты тудырады.
ПС және КС өлшемдері нәтижесінде жеке қағаз лентасына қисық түрінде масштабтық тереңдігі келтіретін түрі электр каротаж диаграммасы деп аталады. КС қисығы бұл диаграммада тау жыныстар көрінерлік кедергі мәнін ұңғыма оқпанында Ом*м көрсетеді. ПС қисығы табиғи потенциалдық милливольттағы қатысты өзгеру мәндері. Каротажды зондтардың екі түрі болады.Грандиент знод және потенциал зонд .
Грандиент зонд – АМ аралықтағы қашықтықтан MN аралығындағы қашықтықтың аздығынан грандиент зонд деп аталады.
Потенциалды - зондтар А және М аралығындағы М және N аралығынан кіші.
Қабаттардың ақиқатты меншілікті кедергісін анықтау және фильтраттардың өткізу жуу сұйықтығын анықтау бүйірлік каротаж зондылау жұмыстарымен жүргізіледі. БКЗ көріперлік меншіктік кедергілерімен әр түрлі өлшемді зондттар көмегімен сипатталады.
Каротаждың радиоактивті әдістері.
Сонғы жылдары радиоактивті каротаждың екі әдісі кеңінең қолданылады. Олар : гамма –каротаж (ГК) және нейтронды гамма – каротаж (НГК).
Гамма – каротаж тау жыныстардың табиғи радиоактивтілігін зерттеуге негізделген . Олар тау жыныстарына тараган радиоактивті элементтің ыдырауы пайда болды. Бұл элементтің шоргырлануы өте аз. Сонымен бырге қабаттың гамма сәулелену қарқындылығың арнайы құралдар көмегімен өлшеуге болды .Ұңғыма оқпанының бойындағы ϒ-сәулелену қарқындылығы қисық сызық болып көрінеді, оны гамма каротаж деп аталады.
Нейтронды гамма –каротажтау жыныстарда нейтрондар қаптап алу барысында пайда болатын туынды ϒ-сәулеленуді өлшеуге негізділген .
Сутегі ядроларын бәсеңсіген нейтрондар басып алғанда 2,2 Мэв энергияына ие ϒ- квант бөліп шығаратын дейтри ядросы пайда болады.
Хлор ядроларын бәсеңсіген нейтрондар басып алғанда 4-7 Мэв энергиясына ие ϒ –сәулеленудің толық секторы бөлініп шығады. Осыган сәйкес, құрамында сутегі және хлор бар тау жыныстарды нейтронды бәсеңдетуді сутегі ядросы ерекше әсер етеды, ал хлор ядролары бәсеңсіген нейтрондарды басып алу қасиетіне ие бар тау жыныстарды нейтронды белсендетуді сутегі ядросы ерекше әсер етеді, ал хлор ядролары бәсеңсіген нейтрондарды басып алу қасиетіне ие.
Осыған байланысты, шөгінді тау жыныстарын нейтрондық қасиетіне қарай сутегісі бар жіне сутегісі жоқ тау жыныстарына бөлеміз.
1 топқа суы көп тау жыныстарын жатқызуға болады. Нейтронның қорек көзінен y-
Сәулелену индикаторына дейінгі ара қашықтық өте алшақ болған жағдайда, нейтронды гамма каротаж диаграммасында бұл тау жыныстар минимумды көрсетеді.
2 топқа тығыз кеуектілігі төмен тау жыныстары жатады. НГК диаграммаларында бұл тау жыныстар максимумды көрсетеді.
Біртекті қабаттағы СМЖ – ның шекарасын НГК қисықтары бойынша дәл көрсетуге болады. Бірақта бұл қабатта жоғары минерализациаланған сулар болған жағдайда ғана. Бұл кезде НГК көрсеткіші қабаттың су қаныққан бөлігін мұнай қаныққан бөлікпен салыстырғанда 15-20 % -ке жоғары болады.
Сонымен қатар НГК газ-мұнай немесе газ-су шекаралары бізге дәл анықтап береді.
Кеуек қуыстары сұйықтықтарға (мұнай немесе су ) толғап тау жыныстарды НГК мәліметі бойынша олардың кеуектілігін анықтауға болады.