Азақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер
Сібір хандығы (ХҮ ғ. соңы – ХҮІ ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Территориясы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.
Көшпелi Өзбек мемлекетi (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хандығы. Территориясы және этникалық құрамы. Әбілқайырдың Орта Азияға соғыс жорықтары. Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес. Әбілқайырдың ойраттардан жеңілуі (1457 ж.). XV ғ. ортасында Әбілқайыр (“Көшпелі өзбек”) хандығындағы саяси жағдайдың шиеленісуі. Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1459 ж.) Хандықтың ыдырауы.
Ноғай Ордасы (Маңғыт үйі) – ХІҮ ғ. – ХҮ ғ. Едігенің Ноғай Ордасының негізін салуы. Ноғай Ордасының территориясы және ірі тайпасы. Ноғай Ордасының орталығы. Ноғай Ордасын билеушілер. XIV-XV ғғ. Ноғай Ордасындағы «Қырымның қырық батыры» эпостық жыры. Ұлыс билеушісі. Ноғай Ордасының көрші мемлекеттермен, Қазақ хандығымен қарым-қатынасы. Ноғай Ордасының ыдырауы.
Моғолстан мемлекеті (ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басы). Шағатай ұлысының солтүстік-шығыс бөлігінің ерекшеліктері. 1348 ж. Моғолстан мемлекетінің құрылуы. Дулат тайпаларының Моғолстанның саяси өмiрiндегі рөлі. Тоғылық-Темір ханның сыртқы саясаты, Мауреннахрды жаулауы. Алмалық қаласы Моғолстанның астанасы. Моғолстанның қоғамдық-саяси құрылымы. Хан кеңесі (мәжіліс). Әмір Темір және Моғолстан. ХІҮ соңы – ХҮ ғ басындағы Моғолстан. Мұхаммед ханның тұсында Әмір Темірден тәуелсіздік алуы. Уәйіс, Есен-Бұғы хандар саясаты. Жергілікті түркі тайпалары және хандар билігі. Жүніс хан тұсындағы Моғолстан. ХҮ ғ соңындағы ыдырау процестері. Сұлтан Махмұт және Сұлтан Ахмет хандар саясаты. Моғолстанның ыдырауы. Моғолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына ықпалы.
Алтын Орда (1243 – ХҮ ғ. ортасы). Монғол тайпалары жөніндегі жазба дерек мәліметі, олардың түрлері. Шыңғыс ханның Монғол мемлекетін құруы, оның саяси-әкімшілік құрылымы. Шыңғыс ханның «Ұлы Жасағындағы» «Жасақ» және «Білік». Шыңғыс ханның билік құрған жылдары. Алғашқы жаулап алу соғыстары. Шыңғыс ханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Монғол әскері және Хоремшахтың армиясы Қазақстан жерінде алғаш кездесуі. 1218 ж. «Отырар оқиғасының» Шыңғысханның Мәуереннахрға жорығын жеделдетуі. Хорезм шах мемлекетін талқандау Орта Азиянының жаулануы. Дешті Қыпшақты бағындыру. Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енуі. Монғолдардың жаулап алған елдерді ұлыстарға бөлуі, ол ұлыстардың территориясы, этникалық құрамы. Қазақ жерлері монғол хандары құрған ұлыстар құрамында. Жошы, Шағатай,Үгедей ұлыстарының территориялық аймағы.
Жошы Ұлысы, оның ішкі әкімшілік құрылымы. Ұлық Ұлысының Монғол империясынан бөлінуі. Ұлық ұлысында жоғары әскери қолбасшының міндеті. Моңғол әскерін ұстау үшін жиналатын «Тағар» салығы. Жошы ханның қайтыс болуы және оның мұрагері. 1235 ж. монғолдардың Шығыс Еуропаға жорығы туралы шешiмінің қабылдануы. Батыйдың Бұлғар, Орыс, солтүстік Кавказ елдерін бағындыруы. Шығыс Еуропаға шабуылы.
Алтын Орданың құрылуы (1243). Алтын Орданың Моңғол империясынан оқшаулануы. Алтын Орданың территориясы, құрамындағы халықтардың этникалық және басқа ерекшеліктері. Шаруашылығы, оның түрлері, діні, тілі, мәдениеті. Саяси құрылымы. Хандық билік. Басқару жүйесі. Алтын Орда тарихындағы 1312 жыл. 1321 жылғы Өзбек ханның жүргізген ақша реформасы. Мұрагерлік жол. Алтын Ордадағы салық жүйесі. Әскерінің құрылымы. XII-XIV ғғ. мемлекет құрудағы ең басты тұрақты бөлу принципi.
Өзбек және Жәнібек хандар тұсында Алтын Орданың күшеюі. ХІҮ ғ. 60-70 жж. «дүрбелең кезең». Куликова шайқасы. Тоқтамыс хан (1380-1395) тұсындағы Алтын Орда. Билік үшін ішкі қырқыстар. Тоқтамыс хан мен Әмір Темір әскерлері арасындағы шайқастар (1395). Алтын Орданың ыдырауы. Қазан, Қырым, Аштархан, Әбілхайыр хандықтарының, Ноғай Ордасының бөлініп шығуы.
18. Ғалымдардың зерттеулеріндегі «Ұлы Дала» ұғымы
«Ұлы Дала» философиялық мәнге ие ұғым. Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара ықпалдасқанымен, түркі өркениеті басым болды.Ертедегі Ұлы дала көшпенділері сауыт-саймандары мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қола, күміс және алтын пластиналарды пайдаланып, өзіндік айшықты “жануарлар стилі” өнерін дамытуымен ерекшеленеді. Археологиялық деректер бойынша, Монғолиядағы және Ордосстағы ғұндардың өнері мен скиф өнері бір мезгілде қатар дамыған. Л.Н.Гумилев- Ұлы дала мен көшпелілер әлемінің тарихын зерделеген, белгілі еуразияшыл ғалым. Оның Еуразиялық шығыстанушылығы 30-50-жылдары ресейлік миграциядан шыққан еуразияшылдар қызметімен қатар, бірақ олардан тәуелсіз түрде дамыды. Біз Л.Н.Гумилевтің шығармашылығының мәнін 20-30-жылдардағы еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарағыстыруға болмайды.
19. Белгілі ғалымдардың көне түріктерге қатысты айтқан басты ой-пайымдаулары.
«Древняя тюркская Сибирь - деп жазады академик Л.П.Окладников, - оказалась теснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура на много богаче и ярче, чем можно было полагать ранее.
У берегов Байкала, на Ангаре, Лене сходились и расходились пути древних культур Востока и Запада, существовали мощные по тем временам самобытные культурные очаги, без которых история Евразии не может быть полностью понятой. Как мы видим по находкам от крепостей тюрков в Прибайкалье ведет их путь на Дон и на Дунай». Л.Н.Гумилев «Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді» деп санайды. Евразия сахарасындағы бұл көшпенділер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді. Л. Н. Гумилев - Ғұндар мен көнетүріктерді оқу арқылы ол уақыт өлшемі бойынша кейінгі орта ғасырды зерттеді. Л.Н.Гумилев дүниенің төрт жағын бірдей жайлаған жер кіндігі Орта Азия, одан қалды Византия, Персияны, Үндімен, Қытаймен қосатын, шын мәнінде Шығыс пен Батыс тоғысатын түркі әлеміне тәнті болды. Ол әлемнің Еуропа мен Шығыстың өмір салтымен бәсеке болуға мүмкіндігі бар-ды.
«Көшпенділер өркениеті» деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. «Көшпенділер қоғамы» деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға қосты.
Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Еуропа мен Азияның қақпасы, тоқсан жолдың торабы еді. Д.Клеменец көне түркілерді «тамаша халық» деген еді.
20. Көне түріктер туралы қазақ этнограф ғалымдарының зерттеулері
Олжас Сүлейменов- көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері, ірі дипломат әрі саясаткер, әлемдік тұлға, ұлттардың дәнекері, белгілі ақын. Ол 1936 жылы 8 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
1990 жылы ядролық апатқа қарсы «Семей-Невада» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор үлес қосты. 1995 Италияда, 1996 жылдан Грекия Республикасы мен Мальта республикасында Өкілетті және Төтенше елшісі болды.
Оның тұңғыш өлеңдер жинағы "Арғымақтар" 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан "Адамға табын, жер, енді" поэмасы О. Сүлейменов есімін әлемге паш етті. Сондай-ақ, оның "Нұрлы түндер" (1962), "Шапағатты шақ" (1964), "Мешін жылы" (1967), "Қыш кітап" (1969), т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ тіліне аударыльш, "Атамекен" деген атпен басылып шықты (1986).
Талайлар менің түпкі ойымды тым қарабайырлатып түсіндіреді. “АЗ и Я” кітабы тап бір “Игорь жасағы жайындағы жырды” қазақ жазған деп дәлелдейтіндей айтады. Бұл – күлкілі нәрсе. Мен ол жырды қос тілді меңгерген адам шығаруы, нақты айтқанда, түркі тілдерін де білетін орыс адамы шығарған болуы мүмкін деймін. Тап-таза тілді табу мүмкін емес. Корей тілінің 75 пайызын қытай сөздері, француз тілінің 25 пайызын араб сөздері құрайды екен. Солардың соған намыстанып жатқанын естіп көрмеппін. Ал өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы ұлыдержавалық өркөкіректік орыс тіліне түркі сөздері араласқан дегеннің өзін кешіре алмады. Өркен жайған мәдениет – өзгелермен ұдайы, жүздеген жылдар бойы араласып-құраласудың жемісі. Сөз алмасу деген тілдің кедейлігінің белгісі емес, бұл оның даму үстіндегі тіл екендігінің белгісі.
Мәдениеттің ең басты құрамдас бөліктері қатарында поэзия мен музыка аталуға тиістігі талассыз. Бұл талассыз болса, онда түркі халықтарының дәл осы поэзия мен музыкада ешкімге дес бермейтіндігі тіпті талассыз. Өмір сүру салтына байланысты айтсақ, мысалы, ең таза музыка ХІХ ғасырға дейін көшпелі өмір салтын сақтап келген халықтарда екендігі даусыз. Ал отырықшылыққа ауысқан түркі халықтарында музыка көбіне сөздің немесе бидің сүйемеліне айналып кеткені белгілі. Көп нәрсе қалай түсіндіруге байланысты. Батыстағы әдебиетте ғұндар талай уақыт бойы жабайылықтың баламасындай болып бейнеленді. Ақиқатында сол замандағы герман тайпалары әлеуметтік, мәдени дамуы жағынан Еуропаға келген ғұндардан көп төмен тұрған. Германдықтар ғұндардан тұтас дүниетаным жүйелерін қабыл алған. А.Плетнева сияқтылардың көшпенділерге мәдениет жат деген сөзінің түкке тұрғысыз екендігін тек Эрмитаждағы скиф алтын өрнектері-ақ даусыз дәлелдей алады. Ал олар классикалық көшпенділер ғой. Оның осы ойын орыс патшалығы ұлтшылдыққа балап, теріске шығарды.
21.VII-XIII ғасырлардағы түркі мәдениетінің әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі.
Бүгінгі Қазақстан өткен замандардан ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердің саналуандығын мирас етті. Ел аумағында тұратын жүзден аса этностық топтың өкілдері азиялық және еуропалық компоненттерді үйлестіретін бірегей мәдени нақышты құрайды.
Қазақстан топырағында тұрған тайпалар мен халықтар өздерінің дербес, көшпелілерге ғана тән бірегей мәдениетін жасады, осы мәдениет Батыстың да, Шығыстың да түрлі мәдени дәстүрлерімен өзара ықпалдастық жүргізді. Көшпелілердің өркениетіне, басқа кез келген өркениет сияқты, бірқатар ерекшеліктер, соның ішінде мәдени, саяси және экономикалық өзгешеліктер тән.
VI ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші Шығыс мәдениеті игеріле бастады. Кеңес шығыстанушылары ортағасырда жеті тұрақты тарихи-мәдени орталықтар Еуропалық, Араб-исламдық, Орта Шығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық орталықтары қалыптасты – деп есептейді. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет – 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет.
Үйсін мемлекеті пайда болып, өркендеп, шығанға шыға бастаған кезде көне түркі өркениеті – Дала өркениеті бой көтерді. Түркі қағанаты – империя құрып, түркі нәсілі бір тудың астына жиналған сәтте өркениет өзін әлемге ттанытты. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет – 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет. Ендеше қазақ тарихы әлемдік тарихытың құрамды бөлігі, оның әлемдік дамуға қосқан үлесі, ол – адамзат баласының мақтанышы, болашақ даму, шарықтау басқышы біз тәуелсіз елдің перзенті Отан тарихын мақтан ете аламыз, ұлттық санамызға одан нәр ала аламыз. Сондықтан, оны оқытуға үйрету біздің міндетті борышымыз.
Еуразиялық сахарадағы көшпелілер Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы болды. Көшпелі өмір адам мен табиғаттың қадірін білуге дағдыландырды. Даланың өзіндік этикасы мен менталитеті қалыптасты. Түркі әлемінің мемлекеттік жүйесі түркі өркениетін, дәлел.
Түркі қағанаты Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатты. Мұндай алып империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: «Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Иштеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы».
Тәңірлік дүниетанымды қалыптастырды, Зәрдүш (Зороастризм) діні тарады; металл қорытудың ежелгі орталығы болды.
Архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін қалдырды: Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б. Би-шешендер бай ауыз әдебиетін қалдырды. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келген.
22. Алаш қозғалысының қалыптасуы және идеялық негіздері
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылып, басшы органдары сайланды. Партияның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. қазақ зиялылары енді.
1917 жылы қараша айында «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жасалынып, жоба «Қазақ» газетінде басылды. Бағдарлама негізгі 10 бөліммнен тұрды.
1917 жылы 26-29 қарашада Қоқанда (Түркістан) өткен өлкелік ІҮ мұсылмандар съезінде Қоқан (Түркістан) автономиясы құрылады. Премьер-министрі- М. Тынышбаев, Сыртқы істер министрі- М. Шоқай. Мұндағы идея - Тұтас Түркістан мемлекетін құру болды. Территориясының құрамына Жетісу және Сырдария облыстары енді.
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда ІІ Жалпықазақ съезі өтті. Съезде Алашорда автономиясы жарияланып, Алашорда үкіметі құрылады. Үкіметке 25 орын беріліп, 10-ны қазақ емес басқа ұлт өкілдеріне берілді. Көшбасшылары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар, Х. Ғаббасаов т.б. болды. Үкімет Төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді.
Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін (Орал, Жымпиты) Халел және ЖаҺанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін (Семей, Алаш- қазіргі Жаңа Семей қаласы) Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді.
Табиғатынан дарынды жаратылған бұл буын өкілдері қазақы тал бесікте тербетіліп, исламның иманды бұлағынан нәр алып, мұсылманша хат танып, одан кейін жәдитше, орысша оқып, орта, жоғары дәрежелі білім алған: Орынбор, Омбы, Семей, Алматы, Ташкент, Уфа, Қазан, Мәскеу, Петербор секілді шаһарлар тәрбиесін көрген, өз заманының көзі ашық зиялылары. Бұлар мұғалімдік, инженерлік, заңгерлік, экономистік, дәрігерлік секілді сан алуан мамандық иелері. Түркі, славянды былай қойғанда, араб-парсы, ағылшын, неміс, француз секілді жеті жұрттың тілін меңгерген. Күрес жолына шыққан кезде бұл ерлердің бес қаруы сай еді. Сол замандағы кез келген озық елдің зиялыларынан асып түспесе, кем соқпайтын, әртүрлі ғылым негіздерін меңгерген, сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалар еді. Алаш қозғалысына қатысып, Алаш партиясын құрысып, Алашорда өкіметін жасаған қайраткерлер ішінен қазақ әдебиетінің алтын діңгек, сом тұлғалары шықты. Отаршылдықпен шайқас, артта қалушылыққа қарсылық, надандықты мансұқ ету, азат, тәуелсіз демократиялық, дербес мемлекет құруды биік нысана ету, белгілі бір тап мүддесі емес, жалпы ұлт мақсаты үшін күресу, өркениетті нысана тұту – бұл ағымда болған ұлылы-кішілі азаматтардың баршасының дүниетанымына ортақ, етене қасиет сапалар еді.
23. Алаш қайраткерлерінің ғылыми-шығармашылық қызметі (бір тұлға мысалында)
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алашқозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
1870 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған.
1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады.
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.
«Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне қазақтың қазіргі заманғы тарихында алғаш рет, 1920 жылдары осылай баға берілді. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды.
24. ның еуразияшылдық ілімге қатысты көзқарастары.
Алаш қайраткерлерінің түп қазық идеясы – қазақ мемлекеті. Ол үшін ата-баба қанын төгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңжылдар бойы ешқайда көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу, өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу жоқ; шикізат емес, ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер, университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді – мемлекетті қорғау керек.
Белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиев «Алаш» сол кездегі еуропалық үлгідегі ұлттық демократиялық партия болған. Партияның басты құжаты саналатын бағдарламасының өзі сол тұстағы батыстағы кез келген партияның бағдарламасынан кем болмаған», - дейді.
«Түбінде еліміз егемендігін алады. Өз алдына дербес мемлекет болады. Мемлекеттілігімізді алған кезде ең бірінші болып Қараөткелде университет саламыз» деп мақсат еткен болатын алаш арыстары.
ХХ ғасыр басындағы озық ойлы қазақ зиялыларының бұл асыл армандары ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан республика астанасы болып бұрынғы Ақмола қаласының жаңа астана болып жариялануымен және 1996 жылғы мамыр айындағы Президент Жарлығымен еуразиялық үлгідегі ұлттық университеттің құрылуымен толық жүзеге асты дер едік.
Бүгінгі күні қазақтың ұлан-ғайыр даласының дәл төсінде бой көтерген Астана қаласы еліміздің ұлы мұраттары мен игі бастамаларының ұйытқысына айналса, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық деңгейлі заманауи жоғары оқу орны болып саналады.
Ұлттық білім ордасын Еуразияның бел ортасында орналасқан Қараөткелде ашуды жоспарлаған алаш зиялылары білім және ғылым саласы турасында «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының «Ғылым-білім үйрету» деп аталынатын ІХ бөлімінде оқу орындарында білім алу жалпы халыққа қол жетімді, әрі тегін болуын, бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту, ұлттық орта мектептер мен университет ашу қажеттігін көрсете келе, одан әрі: «оқу жолы өз алды автономия түрінде болуы; хүкмет оқу ісінде кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өз ара сайлаумен қойылуы» деген оқу-білім мәселесіне қатысты белгілеген басты бағыттар қазіргі күнгі әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес келетін негізгі талаптар екендігіне көз жеткіземіз. Ендеше, біздің ұлттық зиялыларымыз осыдан 90 жыл бұрын озық тәжірбиелі шетелдік білім беру жүйесін таңдаған. Өйткені, Алаш идеологиясының түпкі мәнісі «Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егерде білім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шөліркеп, азып-тозып бітпекші» дегенге сайып келді.
25. Алаш зиялылары идеяларының қазіргі замандағы Қазақстан қоғамында жүзеге асуы.
Бүгінгі күні қазақтың ұлан-ғайыр даласының дәл төсінде бой көтерген Астана қаласы еліміздің ұлы мұраттары мен игі бастамаларының ұйытқысына айналса, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық деңгейлі заманауи жоғары оқу орны болып саналады.
Ұлттық білім ордасын Еуразияның бел ортасында орналасқан Қараөткелде ашуды жоспарлаған алаш зиялылары білім және ғылым саласы турасында «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының «Ғылым-білім үйрету» деп аталынатын ІХ бөлімінде оқу орындарында білім алу жалпы халыққа қол жетімді, әрі тегін болуын, бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту, ұлттық орта мектептер мен университет ашу қажеттігін көрсете келе, одан әрі: «оқу жолы өз алды автономия түрінде болуы; хүкмет оқу ісінде кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өз ара сайлаумен қойылуы» деген оқу-білім мәселесіне қатысты белгілеген басты бағыттар қазіргі күнгі әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес келетін негізгі талаптар екендігіне көз жеткіземіз. Ендеше, біздің ұлттық зиялыларымыз осыдан 90 жыл бұрын озық тәжірбиелі шетелдік білім беру жүйесін таңдаған. Өйткені, Алаш идеологиясының түпкі мәнісі «Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егерде білім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шөліркеп, азып-тозып бітпекші» дегенге сайып келді.
«Алаш» ұстанымы - халық ұстанымы, ұлт ұстанымы. Қазақ қанша өмір сүрсе «Алаш» сонымен бірге өмір сүретін болады.
26. ХХ ғ. 20-30 жылдарында еуразияшылдық идеясының қалыптасу алғышарттары.
Орыс еуразияшылдары Батыстануға, яғни атлантизмге қарсы тұрса, екінші жағынан еуразияшылдық идеясын бұрынғыша ықпал етудің идеологиялық құралына айналдырғысы келеді. Осы арада басын ашып алу керек, еуразияшылдық идеясының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий, Г.В.Вернадский дамытқан философиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық доктринасын теориядан шынайы болмысқа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға болар.
Еуразиялық одақ идеясының тарихи, этномәдени және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары бар. Белгілі тарихшы Лев Гумилев атап өткендей: «ішкі Еуразия халқы славян-тұрандық қауымдастығымен көзге түседі, яғни қауымдастық жай этникалық қана емес, суперэтностық мәнге ие» орасан зор кеңістік болып табылады. Онда батыс еуропалық, славяндық, түркілік этномәдени құндылықтарды топтастырған әр алуандылық байқалады. Сарапшылар арасында Еуразиялық одақты баяғы КСРО-ға қайта оралу деп бағалайтындар да жоқ емес. Алайда қайта оралу емес, интеграциялық қайта жаңғыру деп түсінген жөн. Бұл әлемде қалыптасқан дәстүр. Мәселен, Еуропалық одақта – 27 ел, 1999 жылдан бастап құрылған Африкалық одақта – 53 мемлекет бар. Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өтті деу қиын. Дегенмен бұған дейін әртүрлі деңгейде, әскери жағынан ҰҚШҰ-ға, экономикалық тұрғыдан ЕуразЭҚ-қа, саяси мүдде жағынан ШЫҰ-ға, АӨСШК-ке интеграциялану үрдісі жүзеге асты. Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссияға бүкіл ТМД-ның ЖІӨ-нің 94 пайызы, сауда айналымының 88 пайызы тиесілі екен. Посткеңестік елдер арасында «біз еуразиялықпыз!» деген ұстаным санаға дендеп еніп келеді.
Қазақстан басшысы жиі көтеріп жүрген жаңа интеграциялық ұйым құру, жаңа аймақтық валюта қалыптастыру жөніндегі ойлары Еуразиялық одақтың алғышарты болса керек. Бұл үшін Еуропалық үлгіде Еуразиялық одақтың атқарушы комитеті мен жалпы парламент, әр сала бойынша комиссиялар құру керек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Еуразиялық одақ құрудың төрт принципті мәселесі бар. Біріншіден, интеграция, ең алдымен, экономикалық қажеттілікке негізделген прагматикалық сипатта ғана бола алады. Екіншіден, көпқабатты және түрлі жеделдіктегі интеграция идеясы. Үшіншіден, қауіпсіздікті бір ғана елдің күш-жігерімен қамтамасыз ету мүмкін емес, аймақтық қауіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттілігі. Төртіншіден, интеграцияның еріктілігі.
Еуразиялық одаққа бес қадам:
Бірінші: 1994 жылы 29 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде ТМД қатысушыларына тұңғыш рет Еуразиялық одақ құру туралы бастама көтерді.
Екінші қадам:1995 жылы Қазақстан, Ресей, Белоруссия президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қойды. Кедендік одаққа 1996 жылы Қырғызстан, 1999 жылы Тәжікстан қосылды.
Үшінші қадам:2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.
Төртінші қадам:2002 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Орталық азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қойды.
Бесінші қадам:2003 жылы Мәскеуде төрт мемлекет басшылары – Қазақстан, Белоруссия, Ресей, Украина басшылары бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды.
27. ХХ ғ. 20-30 жылдарында жарияланған классикалық еуразияшыл ғалымдардың жинақтары.
1.Вернадский Георгий Владимирович-1888-1973 жж. – белгілі орыс және американ тарихшысы, атақты ғалым В. И. Вернадскийдің ұлы. Мәскеу №5 гимназиясында оқыған. 1905 жылы Мәскеу университетіне түскен. Алайда 1905 ж. революциясы басталған кезде ол оқуын тастап, Германиядағы Фрайбург және Берлин университеттерінде оқуын жалғастырған.
1910 ж. Мәскеу университетіне қайтып келіп, ұстаздық қызмет атқарған. Бірақ 1911 жылы «Кассо ісі» бойынша Мәскеу университетінен шығып, Санкт-Петерборға кетеді. 7 жыл бойы Петербор университетінде дәріс оқып, «Русское массонство в царствование Екатерины ІІ» атты магистрлік диссертация қорғаған. Азамат соғыс жылдарында (1917-1920 жж.) Пермь, Киевке, Симферопольде оқытушы болған.
Еңбектері:«Русское массонство в царствование Екатерины ІІ»;
«Очерк истории права Русского государства ХҮІІІ-ХІХ вв.» Прага: Пламя, 1924;
«Русская история», М.: «Аграф», 1996;
«Древняя Русь»;
«Россия в средние века Тверь», Тверь-М.: «Леан», «Аграф», 1997
«Русская историография»;
«Московское царство»;
«Монголы и Русь. Тверь-М. : «Леан»; Аграф», 1997.
2.Трубецкой Николай Сергеевич–1890-1938 жж.- шетел орыстарының әмбаба ойшылдарының бірі, ірі лингвист, филолог, тарихшы, саясаттанушы.
1890 ж. Мәскеуде Мәскеу университетінің ректоры отбасында дүниеге келген. Әкесі атақты профессор, филолог С. Н. Трубецкой. Бұл отбасы ерте кездегі князь Гедиминович әулеті ұрпақтарынан. Отбасы жағдайы оның ерте уақыттан ғылыммен айналысуына ықпал еткен. Гимназияда оқи жүргенде этнография, фольклористика, тілтану, тарих және философиямен айналысады.
1920 ж. Болгарияға кеткен. Мұнда София университетінде профессор болған. Осы жылы «Еуропа және адамзат» деген әйгілі еңбегін шығарады. Еуразиялық идеология жасалады.
Осы кезде Трубецкойдың ғылыми қызметі екі бағытта дамыды:
1) таза ғылыми, филологиялық, лингвистикалық мәселелерге арналған. Прага үйірмесі, Венадағы зерттеулері;
2) Мәдени-идеологиялық, еуразиялық қозғалысна байланысты зерттеулер жүргізген.
Л.Н. Гумилевке П. Н. Савицкийдің берген ақпараты бойынша Трубецкой князь, ақсүйек болуы себепті тұтқындамаған. Жиі тінту жасалуы Трубецкойдың жүйкесін тоздырып, соңында инфаркт миокардқа ұшыратып, 1938 жылы 48 жасында қайтыс болады.
Еңбектері: «Европа и человечество»;«Наследие Чингисхана»;«Об истинном и ложном национализме»;«О туранском элементе в русской культуре»
28. КСРО-дағы еуразияшылдық ғылыми бағытының дамуы ерекшелігі.
Кеңес үкіметі кезінді әрине еуразиящылдардың еңбектері қайта басылынған жоқ.
Жалпы еуразияшылдық идесы КСРО-да көп мәлім болмады. Тіпті КСРО-да еуразияшылдар ұйым құрмақ болғанда, оларды кеңестік барлау органдарымен арнайы «Трест» деген операция жүргізілген болатын. Сол кезде кеңестік арнайы органдар қызметкерлері де еуразияшылыдық туралы түсініктері болмаған. Не болмаса оларда көбінесе бұрмаланған пікір қалыптасты.
Еуразияшылдардың еңбектері тек қана қайта құру жылдарының соңында жариялау мүмкін болды. 1990 жылы «Вопросы языкознания» журналының №2- де Н. С. Трубецкойдың «Общеславянский элемент в русской культуре» деген мақаласы жарияланды, осы жылы №№4,5,6 және 1991 жылы "Вестник МГУ (серия 9 (филология)) журналының №1,2,3,4-де Широков бастамасымен келесідей еуразияшылдардың еңбектері жарыққа шықты: Н. С. Трубецкойдың «К украинской проблеме», «О туранском элементе в русской культуре», "предисловие к сборнику «Исход к Востоку», «Об истинном и ложном национализме». «Верхи и низы русской культуры (этническая основа русской культуры)», «Религии Индии и христианство» и «Наследие Чингисхана (взгляд на русскую историю не с Запада, а с Востока)», П. П. Сувчинскийдің «Типы творчества (памяти А. Блока)». 1991 жылы «Новый мир» журналының №1 Карсавингің «Государство и кризис демократии» и работу Флоровского «Евразийский соблазн» (публикация Соболева) атты мақаласы шықты.
Сонымен қатар, көрсетілген жылы «Литературная учебаның» №6 нөмірінде Трубецкойдың «Религии Индии и христианство», «Об истинном и ложном патриотизме», «О расизме» деген еңбектері қайта басылды.
1991 жылы «Философские науки»журналының №12 нөмірінде П. Н. Савицкийдің «Евразийство» деген бағдарламалық мақаласы жарық көрді.
1992 жылы «Пути Евразии. Русская интеллигенция и судьбы России» атты кітап (құрастырушы И. А. Исаев) жарияланды.
1993 жылы Мәскеуде Н. Клепининнің «Святой и благоверный великий князь Александр Невский» (бірінші басылым — Париж, 1927) еңбегі шықты.
1997 жылы «Беловодье» басылымында «Русский узел евразийства. Восток в русской мысли. Сборник трудов евразийцев» (құрастырушы С. Ключников) жарық көрді.
1999 жылы Мәскеуде «Политическая история русской эмиграции. 1920–1940 г.г. Документы и материалы. Под ред. Проф. А. Ф. Киселева» пьты кітап шықты.
1995 жылдан бастап еуразияшылдардың еңбектері шыққан болатын. Мәселен, Н. С. Трубецкойдың «История. Культура. Язык» кітабы.
1997 жылы «Добросвет» баспасында «Исход к Востоку» қайта жарияланды. Сондай-ақ, П. Н. Савицкийлің «Континент Евразия» атты еңбегі жарыққа шықты.
1999 эылы Трубецкойдың «Наследие Чингисхана» атты кңбегі қайта басылды.
Соңғы жылдары «Аграф» баспасынан Бромбергтің «Евреи и Евразия», (М., 2002) және Э. Хара-Давананың «Русь монгольская» (М., 2003) және «Чингисхан как полководец» шықты.
2000 жылы Санкт-Петербургте «Лань» баспасында Г. В. Вернадсктйдың «Начертание русской истории» және Савицкийдің «Геополитические заметки по русской истории» мақаласымен қосымша жарияланды.