Инновациялық қызметтің субъектілері

Инновациялық қызмет – инновацияны құрып жүзеге асыру мақсатында бірыңғай инновациялық үрдістегі нарықтың көптеген қатысушылардың біріккен қызметі.

Инновациялық қызметтің негізінде ғылыми-техникалық қызмет жатыр. Ғылыми-техникалық қызмет ұғымы ЮНЕСКОмен әзірленді және келесіні қосады:

1) ғылыми зерттеулер және әзірлеулер;

2) ғылыми-техникалық білім және кадрлерді дайындау;

3) ғылыми-техникалық қызметтер.

Инновациялық қызмет ғылыми-техникалық қызметті ғылыми-техникалық жетістіктерді өндірістік және коммерциялық жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып экономикалық «бағытқа» ауыстырады.

Инновациялық қызметте негізгі қатысушыларының келесі санаттарын белгілейді (1.4 сурет), алғашқы кезектігі бойынша оларды классификациясы:

1) жаңашылдар;

2) ерте реципиенттері (пионерлер, көшбасшылар);

3) имитаторлар, олар өз ретінде келесіге бөлінеді:

a) ертерек көпшілік;

b) қалушылар.

Жаңашылдар ғылыми-техникалық білімнің генераторлары болып табылады. Бұл жеке ойап табушылар, ғылыми және зерттеу ұйымдары, кіші ғылыми кәсіпорындар болуы мүмкін. Кейін инновация бола алатын олармен жасалған зияткерлік өнімді сатудан табыс алу мүдделері бар.

Ерте реципиенттері (пионерлер, көшбасшылар) – жаңашылдардың зияткерлік өнімін пайдалана отырып жаңашылдықты алғашқы болып меңгерген өндірістік фирмалар. Олар инновацияны нарықта жылдам жылжыту арқылы табыс көзін артық алуға ұмтылады. Пионер фирмалараға ең алдымен шағын бизнеспен айналысатын венчурлық фирмаларға жатады.

Бұл санатқа тағы да өз салаларында көшбасшы болып табылатын ірі корпорациялар да қосылады. Егер мұндай фирмалардың өз құрылымында ғылыми, ғылыми-зерттеу, жобалық бөлімшелер бар болса, онда олар жаңашылдар болып табылады. Алайда, бұл жағдайдың өзінде олармен келісім жасап немесе патент (лицензия) сатып алып таза ғылыми немесе жобалық ұйымдардың қызметін пайдалана алады.

Ерте көпшілік «пионерлерден» кейін өндіріске жаңашылдықты енгізген имитатор фирмалармен көрінеді, бұл оларға қосымша табысты қамтамасыз етеді.

Қалушылар – жаңашылдықтың кеш келуінен, моларьді ескірген немесе нарықта сұранысқа ие емес жаңа өнімді шығаруға әкелетін жағдайға тап болған фирмалар. Сондықтан қалып қалған фирмалар табысқа жеткеннің орнына шығынға тап болады.

Имитатор фирмалар ғылыми-зерттеу қызметімен айналыспайды, олар жаңашыл фирмалардан патент және лицензия сатып алады, немесе инновацияны жасаған мамандарды келісім бойынша жұмысқа қабылдайды, немесе инновацияны жасырын түрде көшіреді («инновациялық пиратство»).

1.4 сурет – Инновациялық қызмет субъектілері

Жоғарыда айтылған инновациялық қызметтің негізгі қатысушыларынан басқа қызмет көрсететін функцияларды орындайтын және инновациялық инфроқұрылым жасайтын қатысушылары бар:

- биржалар, банктер;

- инвестициялық және қаржылық компаниялар;

- бұқаралық ақпарат құралдары;

- ақпараттық технологиялар және іскерлік коммуникация құралдары;

- патенттік ұйымдар;

- сертификация органдары;

- кітапханалар;

- жәрмеңкелер, аукциондар, семинарлар;

- сақтандыру жүйесі;

- жарнамалық агенттіктер;

- білім беру жүйесі;

- консалтингтік компаниялар.

Наши рекомендации