Электрэнергия тұтынушыларының негізгі топтары
Орындайтын функцияларынан, энергия жүйесінен қоректену сұлбасын қамтамасыз ету мүмкіндіктерінен, электрэнергия және қуаттың шамасынан және тұтыну режимдерінен, электрэнергияны пайдалану ережелерінің ерекшеліктерінен тәуелді электрэнергия тұтынушыларын келесі негізгі топтарға бөлу қабылданған:
- өндірістік және соларға теңестірілген;
- коммуналдық - тұрмыстық;
- электрлендірілген көлік;
- өндірістік ауылшаруашылық.
Өндірістік кәсіпорындар электрэнергияның 30 дан 70% дейін тұтынады. Өндірістік тұтынудың едәуір айырмашылығы әртүрлі елдердің индустриалдық дамуы мен ауа – райы жағдайларымен анықталады; индустриалды дамыған елдер үшін бұл энергия тұтынудың 50-70% санды мәндері бар. Бұл топқа машина жасау, қара және түрлі – түсті металлургия, химия өндірісінің, құрылыс материалдарының және көптеген басқа өндірістердің кәсіпорындары кіреді.
Электрқабылдағыштардың қосынды орнатылған қуаттары және оларға сәйкес өндірістік кәсіпорындардың электр жүктемелері өте кең шектерде өзгереді, шамамен мегаватт бірліктерінен (металды өңдеу, майда машина жасау және т.б.) 300-500 МВт және жоғарыға дейін (ірі машина жасау, қара металлургия, алюминий мен басқа түрлі – түсті металдардың электролизі). Сонымен бірге кәсіпорындардың негізгі бөлігі үшін 30-150 МВт арасындағы қуаттар кездеседі.
Коммуналды – тұрмыстық тұтынушыларды электрмен жабдықтау. Бұл топқа қалалар мен елді мекендердің тұрғын аудандарында орналасқан ғимараттардың кең ауқымы жатады. Бұл – тұрғын ғимараттары, әкімшілік – басқару ғимараттары, оқу және ғылыми мекемелері, денсаулық сақтау, мәдени – бұқаралық, қоғамдық тамақтану және т.б. ғимараттары. Тұрғын және қоғам ғимараттарында электрқабылдағыштардың орнатылған қуаты (типінен, қабаттар және тұрғын секциялар санынан тәуелді) 100 - 200 кВт – тан мегаватт бірліктеріне дейін құрайды.
Бұл арналымдағы ғимараттардың осы кездегі электрқабылдағыштарының негізгі типтері электр жарықтандырудың аспаптары, қыздыратын аспаптар (плиталар, жылыту, ыстық су), тоңазытқыштар, ауа қоңдаушылары және электрондық типті әртүрлі аспаптар (аудио - видеотехника, және т.б.). Жарықтандырушы қондырғыларда қыздыру шамдарының және қыздыратын электрқабылдағыштардың көптігі ғимараттардың кірмелеріндегі жүктемелердің тәулік максимумдер сағаттарында қуат коэффициенттерінің жоғары мәндерін анықтайды (0,9 - 0,95).
Электрлендірілген көлікті электрмен жабдықтау. Тұрақты токтағы электр көлігінің түзетуші қосалқы станциялары (қалалық, өндірістік, қалааралық) және айнымалы токтағы қалааралық электр көлігінің төмендеткіш қосалқы станциялары электрэнергетикалық жүйелердің электр тораптарынан электрэнергиямен қоректенеді. Сонымен қатар қалалық электр көлігінің қосалқы станциялары (трамвай, троллейбус, метрополитен) қалалардың аймағында орналасады және қалалық тораптардың электрэнергия тұтынушылары болады. Энергия жүйелерінің электр тораптарынан тікелей қоректенетін қалааралық көліктің төмендеткіш қосалқы станциялары әдетте елді мекендердің маңайында немесе жақын орналасады. Қалааралық көліктің төмендеткіш қосалқы станциялары 35-110-220 кВ тораптарынан қорктенеді.
Электр көлігінің электрмен жабдықтау жүйелерінің электрмен жабдықтау сенімділігі жоғары болу керек.
Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау. Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау жүйесіне ауылшаруашылық аудандарының аймағында орналасқан барлық тұтынушыларды электрэнергиямен қоректендіру кіреді. Бұл – ауылшаруашылық өндірістерінің барлық түрлерін және ауылдық елді мекендердің коммуналды – тұрмыстық тұтынушыларының кешендерін электрмен жабдықтау. Бұл аймақтағы электрэнергия тұтынушыларының мысалы ретінде мал, құс, дән өңдейтін кешендер, дән және көкөніс қоймалары, бусандырғыш қондырғылары, және тұрғын ғимараттар, медициналық, сауда, мәдени – ағартушы мекемелер және т.б. айтуға болады. Кейбір тұтынушылардың электр жүктемелері өте үлкен шектерде өзгереді: аз қабатты ғимараттар үшін киловатт бірліктерінен мал және дән өңдейтін кешендер үшін мегаватт бірліктеріне дейін.
Ауылшаруашылық тұтынушыларын электрэнергиямен қоректендіру көбінесе 35-110 кВ қосалқы станцияларынан жүргізіледі.