Лемдік интеграциялық үрдістегі трансұлттық корпорациялардың орны мен рөлі

ТҰК – бұл жаңа «жаһанды субъектілер», олардың ең ірілері қаржы-экономикалық және технологиялық мүмкіндіктері бойынша әлемнің кіші және орта мемлекеттерінің көбін асып түседі.

Трансұлттық корпорациялар өздерінің филиалдарын оларға қызықты мемлекеттерде ашады. Қызықтарының негізі - өзінің технологиялық бөлімдерін мен өндірісті орналастыру немесе дайындалған тауарларды, өндірілетін қызметтерді сату болып табылады. ТҰК өздерінің эволюциясы кезінде өздерінің географиясын бұрынғы КСРО елдеріне де өткізді.

Қазақстан Репсубликасының мемлекеттік егемендішін алуы ішкі және сыртқы ресурстарының сапасы мен жұмылдыруына байланысты елдің өмірге төзімділігінің негізгі кепілі ретінде Трансұлттық корпорациялармен қауіпсіз экономикалық қатынастармен қатар жалпы ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығын күшейтті.

Қазіргі уақытта ұлттық қауіпсіздік ең алдымен Қазақстанның алдыңғы қатарлы экономикалық дамуы үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға, елде әрекет ететін трансұлттық копорациялар, инвесторлар мен шетел компаниялардың экономикалық іс-әрекеттердің ұлттық экономикасына теріс жағдайларын тоқтату, аталған экономикалық объектілерімен дұрыс қатынасты құруға бағытталған экономикалық қауіпсіздігіне сүйенеді.

Осыған орай Қазақстан Республикасы даму стратегиясының негізгі бағыттарының ішінде, елдегі трансұлттық компаниялардың филиалдарымен ойдағыдай жұмыс істеп, оларға заңсыз операцияларды жүргізуге, мемлекеттің салық органдарынан табиғи ресурстардан түскен пайдалырының ірі көлемдерін көрсетпеуіне, табиғатқа және аймақтардың әлеуметтік- әлеуметтік, экологиялық жағдайларын кемсітуге жол бермеу, қазақстандық өнеркәсіптерін технологиялық, өндірістік жағынан өздерінің елдеріне тәуекел етуге тосқауыл қоятын барлық саяси-әлеуметтік салалардың тиімді және тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ететін экономикалық жүйесінің қауіпсіздігі басым болып табылады.

Соңғы жылдары ТҰК мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Өйткені экономика, оның жағдайы мен әлемдік экономикалық қоғамдастығына ықпалдасу деңгейі трансұлттық корпорациялардың орталықтары әлемнің жетекші елдерінің өз шамданушылықтары мен мүдделерінің пайдасына шешілуіне әкелетін әсер ету тетіктеріне жиі айналып отырады.

Жалпыға мәлім болғандай, бүгінде Қазақстан Республикасындағы трансұлттық корпорациялар, шетел компаниялардың іс-әрекеттері мен ұлттық экономиканың қауіпсіздігі экономистердің, саяси және мемлекеттік қайраткерлерінің, халықаралық экономикалық ұйымдар басшыларының ерекше назар аударатын мәселелерінің қатарына қосылды.

Экономикалық қауіпсіздігін стратегиялық қамтамасыз ету мен шетел мен трансұлттық компаниялардың зиянды да теріс әсерлерін төмендету, олардың экономикалық-әлеуметтік жағдайына оң салдарын көбейту мәселелеріне деген ерекше назар аударылуы келесі жағдайлармен себептеледі:

1. Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі қауіп-қатерлері ұлттық қауіпсіздігінің басты және түйінді қауіп қатерлердің қатарына кіретін құбылысқа айналды;

2. экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі қауіп-қатерлердің материалдық залал келтіру деңгейі мен айқымдары (мысалы, шетел мен трансұлттық корпорациялардың филиалдарымен жасалатын экономикалық қылмыстардың деңгейі, шетелге кететін капиталдарының «кему» көлемдері) қауіп қатерлердің басқа түрлері бойынша қалыптасқан шығышдарының едәуір жоғары болады;

3. шетел мен трансұлттық корпорациялар жасаған экономикалық зиян салдары толықтырылмайды және кеткен капиталдар мемлекеттік бюджетке штрафтар немесе алымдар ретінде толығымен қайтарылмайды, сондықтан қазіргі қауіп-қатерлердің кейінгі сақталуы мен таратылуы әлеуметтік-экономикалық қатынастарының деформациялануына шарасыз болып жатады.

4. Қазақстан Республикасында орналасқан шетел мен трансұлттық корпорациялармен бірге құрылған бірлескен немесе шетел капиталы бар кәсіпорындар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мағынасында стратегиялық салаларда үлкен роль алады. Бұл кәсіпорындарға экспорт пен импорт, тауар өндіру мен ішкі нарықта сату көлемінің 50-80% пайызға дейін келеді. Бұл болашақтағы мемлекеттің тәуелсіз экономиканы құруға көлемді күдікті туғызады

Билет

Наши рекомендации