Іс жүргізудің ұғымдары мен түсініктерін бірнеше мысалдар келтіру арқылы көрсетіңіз
Қазақ жеріне енгізілген империялық басқару жүйесі оны патшалы Ресейге толығымен басыбайлы тәуелді етті. 1826 жылы Император Кеңесі құрамында 1ші,2ші,3ші бөлімшелер,1828 жылы 4-ші бөлімше, 1836 жылы 5ші бөлімше,1842ж. 6шы бөлімше құрылды.Әр қайсысы жеке салалық басқару істерімен айналысты. Коллегиялық іс жүргізуді министрлік іс жүргізуі алмастырды. «Министрліктерді ортақ құру» заңы істердің келіп түсуі және қозғалысы тәртібін бекітті. Ол бойынша істерді тіркеудің белгілі нысандары, орындау мерзімі көрсетілген істердің министрлік ішіндегі қозғалысы, құжаттардың жолдануы, орындалуын тексеру және есеп беру тәрізді әрекеттер реттелді. Осы уақытта пайдаланылған құжаттарға қатысты ұғымдар қазіргі уақыттағы қолданыстағы ұғымдардан өзгеше. Мәселен, «құжат, «қызметтік қағаз», «істің куәландырма жазбасы» «резолюция» деп аталған.Құжаттарды жіктеу олардың мақсаты мен қызметіне қарай жүргізілген. Хаткерлік ережесінде жіктелген құжаттар түрлеріне жеке тоқталып өтсек. Предписание мен отношение бір бірін толықтыратын өзара тығыз байланысты құжаттар. Предписание жолданатын адамның бағынатынын не бағынбайтынын білдіреді. Әр бастық өзімен бірдей немесе жоғары шендегіөз бағыныштысына предписание береді. Отношениені бастық төменгі шендегі және төменгі лауазымдағы бағынышты емес адамдарға жолдайды. Хаткерлік ережеде құжаттарды әзірлеу және рәсімдеу тәртібі де тәптіштеліп баяндалған. Мәселен, императорға жолданатын баяндамалар, есептер, өзге құжаттар қарапайым ұсақ жазумен жазылды. Қызметтік құжат кімнің атынан жіберілсе сол адмның қолын қою тіртібі бекітілді.Куәландыру тиісті бөлімнің құзырында болды. Қол қою және куәландыру тиісті бөлімнің құзырында болды. XIX ғасырда Қазақстанға ендірілген патшалы Ресейдің басқару институтының тетіктері іс жүргізу саласымен бірге мемлекеттік деңгейде реттеліп отырды. Мемлекеттік іс жүргізу империяның саясатын бір орталықтан іске асыруға мүмкіндік беретіндей жағдайда әрекет етті. Жоғарғы мекемелерге бағынған қазақ жеріндегі басқару мекемелерінің қызметі жан жақты іс жүргізу құжаттарында көрініс табады. Демек іс жүргізу де басқару жүйесіндей белгілі мақсатты көздеуге бейімдендіріледі. Заңдастырылған құжаттарды рәсімдеу, оларға қол қою және куәландыру, орындалған құжаттарды іске тігу тәртібі кеңестік дәуірге дейін сақталды.
Приказдық і.ж РесейдеXVI-XVII ғ ең алғашқы мемлекеттік мекеменің яғни приказдардың құрылғанына байланысты қалыптасты.
Приказ дегеніміз-княздің немесе боярдың тапсырмасымен қалыптасатын құжаттарды атады.
Мемлекет басында патша тұрды.Ал жоғарға басқару органы-Боярлар думасы
Әрбір приказдың басында приказдық сот тұрды..Оның қарамағында-дьяктар мен подьячилер болды. Приказдық сот құрамында 1-10 ға дейін дьяк тұрды.Подьячилер тәжірибесі мн қызметіне қарай « үлкені»,« орта»,«жас» деп бөлінді.Үлкен подьячилер приказдардың құрылымдық бөлімдерін басқарды,құжаттарды шимай қағазға дайындады,ал орта подьячилер белгілі бір сұрақтарға байланысты көшірмелерді қарап және де анықтамаларды туралады,істерді ларниктерде және сандықтарда сақтады,ал кішілері-құжаттарды таза параққа көшірді.Ірі приказдарда подьячилер аумақтардың принципі бойынша біріктірілді,оларды стол деп атады.
Құжаттармен жұмыс істеу бойынша приказдық і.ж мынадай сатылардан тұрды:
1.құжаттардың дайындалуы
2.құжат қарастырылуға түседіжәне де ол тіркеуге алынады
3.құжаттың баяндамасы жасалынады,құжатты баяндау аға дьякқа беріледі
4.істерді қарастыру және шешім қабылдау
5.құжаттарға қол қою немесе куәландыру ,онымен тек аға дьяк айналысды
Осы приказдық і.ж кезінде пергамент орнына Еуропадан қағаз әкеліне бастады,сонымен қатар сыя да пайда болды.
Прказдық і.ж кезінде орыстарда жаңа құжаттар пайда болып,і.ж одан әрі дами бастады.
Ежелгі орыс мемлекеті қалыптасқаннан кейін оның құжатайналымына байланысты тәжірибесі көбейіп,құжатты жасаудың жеке амал-тәсілдері қалыптастырған жеке тұлғалар қалыптасады.1550ж құқтық қатынастарды реттейтін заңдар жинағы басылып шықты.Бұл жинақта жергілікт және орталық билікке көп мән берген.1649ж Зем саборының өтініші бойынша құқықтар жинағы шығады.Ісжүргізу басқарудың техналогиясы ретінде,мемлекетте басқару аппараты құрылғаннан кейін қалыптасып дамиды.Ресейде орталық мемлекетік жүйе қалыптасқаннан кейін басқару аппараты да қалыптасып яғн боярлар думасы,приказдық іс жүргізу деген сияқты аппараттар қалыптасады.Орталық мекемелерге приказдар деп ат қойылды.Приказды приказдық сот жүргізді.Құжаттың басты белгілерінің бірі-формуляр болды
Құжат – материалдық тасымалдаушыда тіркелген сәйкестендіруге мүмкіндік беретін реквизиттері бар құжаттандырылған ақпарат; құжаттық лингвистика үшін құжат құжаттық мәтінді тасымалдаушы ретінде маңызды.
Стандарттау – әрекеттер жүйесі, оларды жүзеге асыру нәтижесінде стандарттау нысаны стандартта мазмұндалған талаптарға сәйкес болып шығады.
Бірізділендіру (унификация) – бірегейлілікке келтіру; белгілі бір белгілер бойынша бірліктрді сұрыптау; құжаттық лингвистика үшін – құжаттық құралдардың қисынсыз кең диапазонын қысқарту, құжаттық мәтіндер жасауда қолданылатын тілдік құралдар жүйесін бірегейлілікке келтіру.
Электронды құжаттық мәтін– электронды формасы бар құжаттық мәтін.
Адресат – ауызша немесе жазбаша мәтін (оның ішінде құжаттық) түрінде рәсімделген хабарламаны алушы, қабылдаушы.
Ескерту: Бұл жерде тағы да басқа анықтамалар ларник деген секілді соларды қосуға болады. Сонымен қатар барлық іс жүргізуді қамтысаңдар жа қате емес.