Тінді оқыңыз. Жаңа сөздерді сөздіктен қараңыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы.

Мемлекеттік рәміздердің болмысын; мағынасын жақсы білу – бәріміздің; әсіресе, жас ұрпақтың парызы.

Мемлекеттік туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк.

Зеңгір көк түс – табиғаттағы жеті түстің бірі. Көк түс – аспанның, ауа мен судың белгісі. Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте бойынша көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі.

Мемлекеттік туымыз тек қана бір түсті – көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.

Тудағы күн бейнесі – геральдика заңы бойынша – байлық пен берекенің белгісі. Тудағы қыран бейнесі – еркіндік белгісі. Ұлттық өрнек – қазақ халқынын мәдениетін, поэтикалық және көркем танымын, өнерін білдіреді.

(Е. Шаймерденұлы. Қазақ елінің рәміздері)

емлекеттік ту.

Түркі тілдес елдердің мемлекеттік рәміздері

1.Әзірбайжан Республикасының туы үш түрлі түстен: жоғарғысы – көк түс, ортаңғысы – қызыл түс, төменгісі- жасыл түстен тұрады. Қызыл түсте жарты ай мен сегіз бұрышты жұлдыз бар.

2.Әзірбайжан Республикасының елтаңбасы шығыс қалқаның бейнелейді. Төменгі жағында емен бұтағы мен бидай сабағы бар. Қалқан Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік туындағы үш түрлі түстен тұрады және сегіз бұрышты жұлдыз бар. Жұлдыздың ортасында от – жалынның тілі. Жұлдыз – ақ түспен, жалын – қызыл түспен, емен бұтағы - жасыл түспен, бидай сабағы – сары түспен, қалқан – алтын түспен көмкерілген.

3.Қырғыз Республикасының мемлекеттік туының түсі қызыл. Ортасында теңдей таралған алтын түсті 40 шапақты күн. Күн ортасында қырғыз үйінің түндігі берілген.

Қырғыз Республикасының елтаңбасында ақсұңқар, Ала – Тоо шыңдары және алтын түсті, сәулесі шашқан күн бейнеленген. Елтаңбаның екі жағында – мақта қауашағы мен бидай сабағы берілген.

лтаңба.

Біздің елтаңбамыз шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі – шаңырақ. Шаңырақ – үй, Отан деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқында «Отан от басынан басталады» деген мақал бар. От басы – шаңырақ, сіздің үйіңіз. Шаңырақ – қазақ елінің белгісі, рәмізі.

Шаңырақ әлемдік геральдика тарихында тұңғыш рет пайдаланып отырған бейне. Шаңырақ бар елтаңба тарихта болған емес.

Елтаңба компазициясында – аймүйізді алтын қанатты қос пырақ бар.

Ұлттық өрнек қазақ халқының тұрмысымен тығыз байланысты, ат, жылқы, тұлпар – қазақ тұрмысының негізі.

Елтаңбадағы ең басты белгінің бірі – бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Елтаңбаның негізгі бояуы – алтын түстес.

Әнұран

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

Тауымыздың, көне күннің,

Даламыздың байтақ үні

Ол әні ғой жүрегімнің,

Мың қайталап айтам мұны.

Алған беттен көші қайтпай,

Шырқап, жырлап келеді олар

Бүкіл халық қосылып айтқан

Әннен күшті немене бар.

Бақыт, бірлік – күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам әнұраны!

(Т. Молдағалиев)

Тапсырма:

1. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар, мағынасын түсіндіріңіздер

2. Өлеңді жаттап алыңыздар.

Теміртау

Арқаның алыбы Теміртау – сәнді қалалардың бірі. Бір үлгімен салынған үш қабатты тас үйлері бар. Көшенің екі жағы толған қайың, қарағай, емен, шырша. Қаланың нақ ортасында - саябақ. Металлургтер сарайы, кинотеатр, пошта – телеграф, дүкендер.

Шет жағында мұржалары аспанмен тілдескен зауыттар.

Нұра өзенінен бұрып әкелген Cамарқант көліне көзің тоймайды.

(З. Шашкин)

Тапсырма:

1. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеңіздер.

2. Сөйлемнен етістіктерді тауып, астын сызыңыздар.

3. Теміртау қаласы Қазақстанның қай облысында орналасқан?

Ата Заңымыз

1995 жылы тамыздың 30-ында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Конституция 98 баптан тұрады. Конституцияда Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп аталған.

Қазақстан Республикасы – біртұтас мемлекет. Оны Президент басқарады. Президентті бүкіл халық сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тапсырма:

1. Мәтінді оқыңыздар

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы, қай айда қабылданды?

3. Президентті кімдер сайлайды?

Халқымыздың қасиетті рәміздері

Әрбір отбасының, әулеттің, рудың ұлттық, дәстүрлік, салт-саналық рәміздері болады.

Халқымыздың сол қасиетті рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран, сарбаздық ұрандар мен айырым белгілер.

Егеменді Қазақстан әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел. Еліміздің қасиетті рәміздері – Елтаңбасы мен Әнұранын, Туын жас ұрпақ қастерлеп, құрметтеуге тиіс.

Тапсырма:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар, түсінгендеріңізді әңгімелеңіздер.

2. Халқымыздың қасиетті рәміздеріне нелер жатады?

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Жаңа Астана

Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан бұрынғы Ақмола қаласы жаңа мәртебеге ие болды. Ол – қазір Қазақстанның жаңа астанасы. Мәртебесіне сай аты да Астана болып өзгерді. Мұнда алып құрылыстар жүріп жатыр. Қаланың оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан Елбасының Резиденциясы ерекше көзге түседі. Оның басты ерекшелігі – ғимараттың төбесі кәдімгі қазақ үйінің шаңырағы сияқты.

Астанадағы жаңа ғимараттар мен әсем үйлерді салуға шетелдік фирмалар мен қоғамдар көп көмек көрсетті. Мысалы, қаланың ортасындағы бес жұлдызды «Алатау» қонақ үйін Туркияның «Исот» фирмасы салған. Ал түріктің «Финтрако» компаниясы «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының ғимаратын салып берді.

Қаланы көріктендіруге Қазақстанның барлық облыстары көмек беруде.

(“Егемен Қазақстан” газетінен)

Сөздік:

жаңа мәртебеге ие болды – приобрел новый статус

мәртебеге сай – в соответствии со статусом

алып құрылыстар – великое строительство

көріктендіру – благоустройство

Тапсырма:

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын түсініп алыңыздар.

2. Жаңа астана туралы тағы не білесіздер?

3. Мәтіннен сын есімдерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

4. Сын есімнің тағы қандай жұрнақтарын білесіздер?

на - өмір шуағы.

Ана - өмірдің шуағы. Әрбір адамзатқа ең қымбатты да киелі жан-ана. Әр адам анасын құдайындай сыйлауы тиіс. Баласы үшін ана бәріне де дайын. Отқа да, суға да түседі. Бала ананың еңбегін ақтау керек.

Дүниеге баласы шыр етіп түскенде ананың қуанышында шек болмайды.

Шіркін, ананың айналып – толғанғаны, оның алғашқы әлдиі өмір-бақи жадында қалады.

«Ана көңілі балада». Ана қандай қиындық болса да баласын бағып-қағып өсіреді, мәпелейді.

«Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың», - дейді халық даналығы. Ананың еңбегі еш нәрсемен өлшенбейді, ана еңбегі өлшеусіз.

Тапсырма:Мәтінді оқыңыз, етістіктерді тауып астын сызыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Қазақ халқының салт-дәстүрі

Оқып шығып түсінгеніңізді әңгімелеңіз

Қонақты қарсы алу, күту рәсімі

Қазақ халқының әдеті бойынша қазақ ауылында сырттан келген жолаушы атымен рұқсатсыз үйге кірмеген. Ол үйдің сыртында тұрып:

- Үйде кім бар? – деп сұраған.

Егер таныс адам болса, немесе үйдің сыртынан қонақасы беруден қысылмайды-ау деп ойлап, үйдің біреуіне атын байлап түседі.Содан соң сол үйдің жастары мен балалары сәлем беріп қарсы алып, есік ашып үйге кіргізеді. Қонақ аяқ киімін оң босағаға шешіп, қамшысы мен сырт киімін кереге басына іліп, үй ішіндегі адамдармен сәлемдеседі.

Қыздар мен келіндер көрпе жайып құрмет көрсетеді.

Әдетте төрге жолы үлкен бас қонақ отырады. Қонақ шөлдеп келсе, қымыз береді. Содан кейін шай береді.

Қазақ елінде қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Арнайы қонақ шақырғанда, сыйлы кісі келгенде қой немесе тоқты сойған. Мал соярдың алдында бата берген, немесе

“Сенде жазық жоқ

Бізде азық жоқ ”,- деген.

Тамақ ішердің алдында конақтың қолына су құяды. Су құюшы бала сол қолына леген, оң қолына құман ұстап, оң иығына сүлгі орамал салып, қонақтардың қолына жағалай су құйып шығады. Қонақ су құйған балаға рақмет айтып, тілегін айтады.

Сыйлы қонаққа бас тартқан. Бұл – ежелгі дәстүр. Ол – адам әлемді баспен билейді деген ұғымды білдіреді.

Қонақ тамақ ішіп болған соң, ауыл адамдары (жастар) “ауылдың алты ауызын” айтады, сонан соң қонақ “қонақ кәдені” айтады. Кештің соңында қонаққа төсек салып береді де: “жайлы жатып, жақсы тұрыңыз”, - дейді.

Қонақ кетерден бұрын отағасы қонағынан “бұйымтай” сұрайды. Дәстүр бойынша қонақ үй иесінің атын, мылтығы мен итінен басқа кез-келген затты сұрауына болады. Үй иесі қонағының қалауын береді де: “Қош-сау болыңыз”, - деп шығарып салады. Сөйтіп олар дос болып кетеді. Оларды “туысқан”, “жекжат”,”тамыр” деп те атайды.

Қазақ пен қонақ

Мәнерлеп оқыңыз, жаттаңыз

...Қонақсыз

Той-думансыз өткен өмір

Өмірге саналмайды қазақ үшін.

Осындай қазақ інің,

Қазақ ағаң.

О бастан аңсағаны таза қоғам.

Адамдар арасында ғұмыр кешіп,

Адаммен араласпау –

Азап оған.

О бастан жомарт қазақ топырағы,

Ол қашан дастарқансыз тоқырады.

Мейманға бәрін беріп,

Барын беріп,

Қонақтан қалғанын жеп отырады.

Баласы батаменен ауызданған,

Бабамнан мәрттік жайлы аңыз қалған.

Болмаса өз қонағы,

Көршісінің

Қонағын бірер күнге қарызға алған!

...Жел жылдар қайткенде де шолақ бізге

Сондықтан санайды ол

Бұл өмірге

Келген біз бәріміз де қонақпыз деп.

(Қ. Мырзалиев)

Қазақтың дастарқаны

Мәтінді оқып, негізгі мәнін түсіндіріңіз

Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.

Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері: ет тағамдары, сүт тағамдары және нан тағамдары. Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет. Оны кейбір кісілер “бешбармақ” деп атайды. Ол мүлде қате. Тамақ ішетін жерлерде: асханада, мейрамханада “Бешпармақ” деп айтылмайды және жазылмайды. “Бешбармақ”- “бес саусақ” дегенді білдіреді. Бұл ұлттық тағамның аты – қазақша ет. Сыйлы кісі келгенде, қазақша ет беріледі.

Қазақша еттен табақ даярлағанда (тартқанда), оны білетін адам жасайды.

Әрбір сүйектің өзінің орны бар. Бас табаққа жамбас салынады. Әр адамға бір-бір сүйек (мүше) беріледі, ол сүйектің барлық етін жейді. Содан кейін нан салынған қазақша етті жейді. Тамақтан аз немесе көп жейсіз бе, ол да өз еркіңізде. Ол ыңғайсыз емес. Батаны ең үлкен құрметті кісі береді.

Батаның немесе тілектің түрлері өте көп. Мысалы бір түрі:

Басқа амандық берсін!

Жанға саулық берсін!

Ұлың ұяда болсын,

Қызың қияда болсын,

Дастарқан байлығы болсын!

Аллау әкпәр! (Әмин!)

Сөздерден сөйлем құраңыз

1) Дастарқан, қалық, дәстүр, тамақ, әр түрлі, тағам, ұлттық;

2) Қазақша ет, бешбармақ, ет табақ;

3) Сыйлы кісі, құрмет, төр, әдет;

4) Сорпа, бас табақ, жамбас, бата, амандық, саулық, байлық, құрметтіге, тілек;

5) Салт, аттары, табақ.

Құда түсу

Оқыңыз, аударыңыз

Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі – құда түсу. Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі яғни бой жеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп, мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр тағы басқа ырымдары мен кәде алымдары болады (“кәдеге” қараңыз). Құдалықты басқарып барған адам “бас құда” деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне “бауыздау құда” деп аталады.

Құда түсу – қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар айтылады. Екі жақ та бір-бірін сынап отырады.

Оқыңыз, жазыңыз, түсінгеніңізді әңгімелеңіз

Қазақ халқы өзінің тұрмыс-салтына, шаруашылығына байланысты ішер асында өзіндік ерекшелігі көп халық. Қазақтың қазан асты, қазан көтерді, ас берді, астан ауыз тиді, асқа қарамады деген сөздерінен мал сойылып, ет асылатыны бірден аңғарылды. Қонаққа ас берудің бірнеше түрлері бар.

1. Қонақасы. Үйге арнайы немесе жол түсіп келген таныс, бейтаныс жолаушыға берілетін ас. Қонақасы үшін арнайы мал сойылады.

2. Ерулік. Көшкен ауылға, көшіп келген ауылға, көршіге берілетін қонақасы. Мұның алдыңғыдан айырмасы – көшіп келгендерге піскен асты табағымен алып барып береді.

3. Бастаңғы. Бұл үйге бас болдың деген мағынаны білдіреді. Ауылдың үлкендері бір жаққа кеткен кезде жастар бойжеткен қызы бар үйге жиналады.Осы қонақасы арқылы сол қыздың қонақты қалай күте алатындығы сыналады.

4. Соғым. Қысқа арнап түйе, жылқы, сиыр сойылады. Сойылған малдың қуырдағына қонақ шақырылады.

5. Сыбаға. Соғым сойған үй сыйлы кісісіне, алыстағы ағайынға, т.б. еттен, қазы-қартадан сыбаға сақтайды. Кейде сол сақталған сыбағаны асып береді, кейде беріп жібереді.

6. Шашу. Тойда жасы үлкен аналар мен әжелер жақсылық тілеп ірімшік, құртқа кәмпит, күміс теңге араластырып көпшілікке бастарынан асыра шашып, қуанышын білдіретін ырым. Бұл басқа жұрттың гүл алып бару дәстүрі сияқты дәрежеде бағаланады.

7. Ас. Қайтыс болып кеткен ата-ана, туған-туысқанды еске түсіру үшін беріледі, онда мал сойылады, ат шабыс болады.

8. Тоқымқағар. Сапарға шыққалы жатқан жолаушыны шығарып салуға келген адамдарға берілетін қонақасы.

9. Наурыз көже. Жаңа жылдың басында берілетін, жеті түрлі тағамнан жасалатын көже.

10. Асар. Көмекке келген кісілерге берілетін қонақасы.

Сөздік

Туысқан - родственники

мемлекет - государство

әлеуметтік-тұрмыстық - социально-бытовой

қалыптасу - заложить

қасиет - здесь: качество

серік - пара, спутник

түзету - исправить

көне - давний

заман - время

сай - соответственно

қайта жаңғыру - обновление, восстановление

белгілі - известный

жан тәсілі - перед смертью

ұрпақтар - наследники

ақыл - наставление

бұлжытпай - точно, неукоснительно

тұмар - талисман

ересек - взрослый

дұға - молитва

үшбұрышты - треугольник

бейтаныс жолаушты - незнакомый путник

қонақасы - пища гостя

дәреже - достижение

Жай, тұрақты сөз тіркестері

Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Тіркес екі түрлі болады.

1. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін и еркін тіркес.

Мысалы, үлгілі бала дегенінің орнына үлгілі қыз деуге болады, диктант жазу дегеннің орнына шығарма жазу, хат жазу десе де болады.

Мұндай еркін тіркестер жай сөз тіркесі деп аталады.

2. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орынан ғана жұмсалатын да тіркестер бар, мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейді.

Мысалы, ит жанды, таяқ тастам жер.

Тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді.

Мысалы: қабырғаңмен кеңес-ойлан, қас мен көздің арасында – шапшаң.

Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады.

Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді. Осы сөйлемдегі көзі ашық, көкірегі ояу тұрақты тіркес, оның сұрағы қандай?

Саналы деген бір мағынаны білдіреді, анықтауыштық қызмет атқарады.

Орын жағынан әбден қалыптасқан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеология, фразеологизм деп те аталады.

Жаттығу. Берілген еркін тіркестермен сөйлем құраңыздар.

таза дәптер, таза киім, таза бөлме, әдемі қыз, ұқыпты қыз, әдепті қыз.

әдепті оқушы, әдепті кісі, баланың ісі, үлкеннің ісі.

Жаттығу. Мына тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіздер.

таза таңба басқандай, біреудің ала жібін аттамау, жүрек жұтқан, қоян жүрек, таяқ тастам жер, тіс жармау, мұзға отырғызып кету, көзді ашып жұмғанша.

Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр Отырар қаласында туған. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Сондықтан да Әбу Насырдың өз атына туған қаласының аты қосылып, Әбу Насыр әл-Фараби деп аталған.

Фараби орта бойлы, мығым денелі, батыл, әрі мерген болған. Ол музыкалық аспаптарда ойнауды ұнатады. Фараби Отырардағы медреседе оқып, білім алады. Ол түркі, парсы, араб, латын тілдерін жақсы білген. Ол 150-ге (жүз елуге) жуық еңбек (кітап) жазған.

Әбу Насыр әл-Фараби математика, астрономия, логика, медицина, музыка, жаратылыстану, тіл, философия ғылымдарын жақсы білген.

Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1100 (бір мың бір жүз) жыл толған тойын бүкіл дүние жүзі, оның ішінде біздің еліміз үлкен салтанатпен атап өтті.

Алматы қаласында Әбу Насыр әл-Фараби атындағы көше, университет бар.

Тапсырма:

1. Әбу Насыр әл-Фараби кім?

2. Ол қандай адам болған, қанша тіл, қандай ғылымдарды білген?

3. Мәтінді өз сөздеріңізбен әңгімелеп беріңіздер.

Атамекен

Сүйіктіңдей жүретін кіл есіңде,

Кір түсірме ел деген ұлы есімге.

Атамекен – бақыты өздеріңнің ,

Жеңіп алған сан ғасыр күресінде.

Күндерімен, түнімен, гүлдерімен

Өзіңдікі ол сенің, білесің бе?

Өзіңдікі аңы да, орманы да,

Өзіңдікі көлі де қорғаны да...

Сүйесің сен, өйткені туған жердің

Бұлбұлын да, әнін де, өзенін де,

Өз анаңның алдында ұйықтағандай,

Өзі бақыт – жүргенің өз еліңде.

(К. Ахметова)

Тапсырма:

1. Өлеңді оқыңыздар, жаттаңыздар.

2. Атамекен, кіл есіңде, кір түсірме деген сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.

ДАНЫШПАН ШАХМАТШЫ

Ертеде Үнді елінде ақылды данышпан болыпты. Ол шахмат ойынын ойлап тауыпты. Патшаға бұл ойын өте ұнапты. Данышпанға ойлап тапқаның үшін сыйлыққа қалағаныңызды ал депті. Данышпан қарт патшадан алтын да, меруерт те сұрамапты, дән сұрапты. Дән шахмат шаршылары сайын екі есеге өсу керек. Ақылды қарттың бұл сұраған сыйлығына бәрі күліпті, тіпті патша: «Менің жомарттығыма сай емес сыйлық сұрадың»,- деп ренжіп те қалыпты. Дана қарт өз сөзінде тұрып алыпты.

Сонымен сарай математиктері күндіз-түні демалмастан санапты, санап болған кезде данышпанның сұрағанына үнді еліндегі дән жетпепті.

Бірінші шаршыға – 1, екінші шаршыға - 2, үшінші шаршыға - 4, төртінші шаршыға – 8, осылай 64-ші шаршыға жеткенде:8624.366,386,386,270.208 деген күрделі сан пайда болыпты.

Бәрі де шахматты ойлап тапқан данышпанның тағы бір тапқырлығына куә болып, таң қалыпты.

Данышпанға патша сыйлығы керек емес еді, ол шахмат өнеріндегі адам ойының шексіздігін көрсеткісі келген.

Омонимдер, синонимдер, антонимдер

Айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары бөлек-бөлек сөздерді омонимдейді.

Мысалы, аяқ деген сөз әрі ыдыстың бір түрі және адамның дене мүшесі мағыналарын білдіреді.

Мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздерді синоним дейді.

Мысалы, әдемі, сұлу, келбетті т.б. бұлар мағыналары бір-біріне жақын сөздер, сондықтан да көбіне-көп оларды бірінің орнына екіншісін қолдана беруге болады: әдемі қыз - сұлу қыз.

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антоним дейді.

Мысалы, ащы-тұщы, жақсы-жаман, алыс-жақын т.б.

Болымсыздық мағынаны білдіретін қосымшалар арқылы жасалған сөздер антоним бола алмайды.

Мысалы, қарлы-қарсыз, желді-желсіз т.б.

Антоним болу үшін сөздердің тұлғалары бөлек, мағыналары бір-біріне қарама-қайшы болуы шарт.

Жаттығу. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыздар, олардың мағыналарын түсіндіріңіздер.

Ойыма келген нәрселерді жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын.

(Абай)

Қой-ешкі, сиыр өріске кеткенімен, ауыл ақтан тарықпай отырған сияқты.

(С. Ерубаев)

Жұмыр басты пендеге өлім ақ

(мәтел)

Үстінде қызыл торғын шапан, омырауында алтын алқа.

(И. Байзақов)

Әнім бар алғыс атты, махаббатты, Алқа топ алдын көрген жерде айтылар.

(Қ. Аманжолов)

Бұл ақ тікен қурай болып өсетін алқа дейтін арамшөпке туыстас өсімдік.

(Б. Мұқанов)

Жаттығу. Мына сөздердің синонимдерін жазыңызда.

Үлгі: ұсақ, ұнтақ, уақ, майда, мықты, зұлымдық, кір, аласа, жау, қарт, сұлу, зәулім, бет.

Жаттығу. Мақалдардан антоним қолданыстағы сөздерді табыңыздар.

Жылап айтқан шынға нанбайды, күліп айтқан өтірікке нанады. Білім арзан, білу қымбат. Басы таудай, аяғы қылдай. Шын ғалымнан надан туар. Ақырын айтсаң, көнбейді, қатты айтсаң, ренжиді. Ер жігіттің қадірін ағайын білмес, жат білер. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, кеш шықсаң, алдынан түн шығады.

(Мақалдар)

Мамандық Әлемі

Тыңдау

Қазақстанда сот билігінің жүзеге асырылуы

Қазақстан Республикасының Конституциясы

1. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық, актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.

2. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істермен дауларға қолданылады.

3. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.

апсырма.

1. Мәтінді тыңдаңыз, мәнерлеп оқып, аударыңыз.

2. Конституция жайлы өз ойыңызды жеткізіңіз.

3. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, атау беріңіз.

4. Сөздік құрыңыз, тірек сөздер мен сөз тіркестерін тауып, сөйлем құраңыз.

ОҚУ

Қазақстан Республикасының сот жүйесі

Наши рекомендации