Салық пен төлемақының бірнеше айырмашылықтары
1)Төлемақы өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төлейді;
2)Төлемақы мемлекеттің азаматтық құқыққа сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастары кезінде туындайды;
3) Тұлғалар төлемақы төлеу арқылы баламалы түрде осы және басқа да объектілерді пайдалануға құқық алды.
ҚР СК-мен бекітілген төлемақының түрлері:
1) Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
2) Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаныүшін төлемақы
3) Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы
4) Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы
5) Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы
6) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы
7) Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы
8) Қалааралық және (немесе) халықаралық телефонбайланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы
9) Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
10) Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаныүшін төлемақы
2. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергенi үшiн алынады.
Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгiленедi.
Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді табыс етедi.
Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi төлемақыны дербес төлеушілер ретiнде қарастырылады.
Заңды тұлға мұндай шешім қабылданған жағдайда, бұл туралықұрылымдық бөлімшені тіркеудің есепке алынған жері бойынша салық органына салық кезеңі басталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарлауға міндетті.
Мемлекет өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беретін жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады.
Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады.
Төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.
Төлемақының жыл сайынғы сомасы - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.
Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыжер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.
Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.
Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.
Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленедi.
Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өңiрлiк органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-інен кешiктiрмей табыс етедi.
Төлемақы төлеушiлер:
1) жер үстi көздерiнен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;
2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;
3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;
4) балық ресурстарын өндіру үшін;
5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар
Салық салу объектiлері болып табылады:
1) мыналарды:
- бөгеттерге және басқа да тірек гидротехникалық және су реттеуші құрылғыларға шоғырландырылатын су көлемін;
- ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган растаған су шығындарын;
- су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн;
- су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi түрде су жинау көлемiн қоспағанда, жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;
2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;
3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi;
4) балық аулау көлемi.
Төлемақы ставкаларын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгiлейдi.
3.Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақықоршаған ортаға эмиссия үшiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады.
Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретiн экологиялық рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
Белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгiленген эмиссиялар нормативтерiнен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретiнде қарастырылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етеді.
Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері төлемақыларды дербес төлеушілер ретінде қарастырыла алады.
Осындай шешім қабылданған жағдайда, заңды тұлға құрылымдық бөлімшенің тіркелу есебінің орны бойынша салық органын бұл туралы салық кезеңі басталардан кемінде он жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.
Қоршаған ортаға эмиссиялардыңсалық салу объектiсi болып табылады:
1) ластағыш заттар шығарындыларының;
2) ластағыш заттар төгінділерінің;
3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының белгiленген нормативтерi шегiндегi және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi.
Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
4. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.
Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесiн пайдалану түрлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленеді.
Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Мынадай жағдайларда:
1) жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, көшiру, жерсiндiру, жасанды көбейту және будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген әрі қамауда және (немесе) жартылай қамауда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған кезде;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;
4) халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс жануарлар түрлерін алған кезде төлемақы алынбайды.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.