Нейтрондар - сәулесінің иондау қабілеті улкен, өтімділік қасиеті үлкен емес зарядсыз бөлшектер

Дозалар жөнінде түсінік және олардың өлшеу бірліктері

Адам ағзасы иондағыш сәулелерді жұтады және сәулелену дәрежесі жұтылған энергияның мөлшеріне байланысты болады.

Сәулелердің жұтылу энергиясын сипаттау үшін ,жұтылу дозасы деген түсінік енгізілген.

Жұтылған доза дегеніміз сәулеленуге ұшыраған заттың бірлік массасына жұтылған энергия мөлшерін айтады. Жұтылғант дозаның халқаралық СИ системасындағы өлшеу бірлігі – Грей (Гр)

Гр = 1Дж/кг

Жұтылған дозаны бағалау үшін, системаға кірмейтін бірлік рад қолданылады:

1рад = 0,01Дж/кг 1Гр = 100рад

Рад біршама үлкен бірлік, сондықтан сәулелену дозасы әдетте радтың жүздік (сантирад), мыңдық (миллирад)

Және миллиондық (микрорад) бірліктермен белгіленеді.

Жұмыс және тұрғын бөлмелердегі, жер-жерлердегі немесе гамма сәулелеріне қатысты радиациялық жағдайларға баға беру үшін экспозициялық сәулелену дозасын пайдаланады. Экспозициялық дозаның Си систеасындағы бірлігі Кулон/кг, Кл/кг. Практика жүзінде системаға кірмейтін бірлік рентген (Р) қолданылады.

1Р =2,58*10-4 Кл/кг

Жұтылған 1рад дозаға экспозициялық доза 1Р сәйкес келед 1рад = 1Р

Рентген – гамма сәулелері 1см3 құрғақ ауаға жұтылғанда (қалыпты жағдайда) 2,083 миллиард жұп иондар түзіледі және олардың әрқайсысының заряды электрон зарядына тең болады.

1Р=2.58*10-4 Кл/кг

Тірі ағзалар сәулеленуге ұшырағанда жұтылу дозалары бірдей болғанымен, биологиялық әсерлері әр түрлі болады, және бұл сәулелену түрлеріне байланысты (альфа, бета, гамма) түсіндіріледі. Сондықтан кез келген иондағыш сәулелердің тудырған биологиялық әсерлерін рентген және гамма сәулелері тудырған әсерлермен салыстыру қабылданған, яғни эквивалентті доза туралы түсінік енгізілген. Си системасындағы бірлігі Зиверт (Зв). Системаға кірмейтін бірлік – сәуле шығарудың экспозициялық дозасы – бэр (рентгеннің биологиялық эквиваленті)

К – сәуле шығарудың сапалық коэффициенті, бағаланып отырған сәуле түрінің биологиялық тұрғыдан (жұтылу дозалары бірдей) ренген және гамма сәулелерімен салыстырғандақанша есе қауіпті екенін көрсетеді.

Ренген және гамма сәулелері үшін К=1

Сонымен эквивалентті доза жұтылған доза мен сапалық коэффициенттің көбейтіндісі арқылы анықталады

Дэкв.= Д жұтылу * К

Ренген және гамма сәулелеріне қатысты алғанда 1Р=1рад =1бэр

Сәуле аурулары. Бір реттік сәулелену кезінде адам ағзасы экспозициялық дозаға байланысты сәуле ауруларына ұшырайды.Сәулелену төрт түрге бөлінеді.

Бірінші дәрежелі сәулелену (жеңіл) Д= 100-200р

2- дәрежелі (орташа) Д= 200-400р

3- дәрежелі (ауыр) Д= 400-600р

4- дәрежелі (аса ауыр) Д> 400-600р

Бір реттік сәулелену дегеніміз – алғашқы төрт күннің ішінде алатын дозаны айтады.

Бір реттік сәулелену дегеніміз – төрт күннен артық уақыт ішінде алатын дозаны айтады.

Бір реттік сәулелену 25-75р қауіпсіз деп есептелінеді.

Радиобелсенді заттармен зақымдану аймағы

Ядролық жарлыс кезінде пайда болатын улану аймақтары

Радиациялық улану аймақтары қалыпты, күшті, қауіпті, аса қауіпті улану аймақтары болып бөлінеді. Радиоактивті улану аймақтары экспозициялық сәулелену дозасы және радиация деңгейлерімен сипатталады.(жарлыстан соң1сағ немесе 10сағ келтірілген)

Кесте2 Радиобелсенді улану аймақтары

Радиациялық улан. аймақтары Экспозициялық сәулелену дозасы, р 1сағ. келтірілген радиация деңгейі, р/cағ.
Қалыпты улану, Азонасы 40 -400
Күшті улану, Б зонасы 400 -1200
Қауіпті улану, В зонасы 1200 -4000
Аса қауіпті улану, Г зонасы Д ≥ 4000

Жергілікті жерлердегірадиация деңгейі р=0,5р/сағ болғанда, мұндай аймақтарды радиациялық уланған аймақтар деп атайды.

Электромагниттік импульс.

Ядролық жарлыс кезінде атмосферада қуаты мол электромагниттік өрістер туындайды, олардың толқын ұзындағы 1 метрден 1000 метрге дейін жетеді.

Адам ағзасына басқа зақымдаушы факторлармен салыстырғанда электромагниттік импульс аса ықпалын тигізе қоймайды, бірақ оның әсерінен әртүрлі электр аспаптардаң, байланыс жүйелерінің ток өткізгіш сымдары кабельдері жоғары кернеу мен ток пайда болу себебінен күйіп кетуі мүмкін. Әсіресе бұл жағдай жер үстіндегі және әуедегі жарлыстардың салдарынан болады. ЭМИ- тан қорғау үшін энергиямен жабдықтау желілерін, аппаратураны арнаулы әдіспен қоршау.

1.3.4.2 Химиялық қару

Химиялық қарудеп- улағыш заттардың зақымдаушы қасиеті организіміне уытты әсерін тигізуге негізделгенсоғыс қаруын айтамыз

Улағыш заттар –белгілі бір физикалық және химиялық қасиеттерге ие уытты химиялық заттар. Улағыш заттар адамдарды, малдар мен өсімдіктерді, азық-түлікті, су көздерін, техниканы зақымдау үшін қолданылады.

Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін құрайды. Олар тыныс алу органдары, тері қабаты мен жаралар арқылы өтіп, адам организмін зақымдайды.

Улағыш заттарды топтастыру.

1. Улағыш қасиетіне қарай:

Жүйке-сал ауруына ұшырататын УЗ(табун, зарин, зоман, Ви-Икс )

Ви-икс – газдары мейлінше аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның иісі де болмайды. Қысқы суықта қатпайды. Суда баяу / 5 процент / , ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді. Ашық жатқан су көздерін өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдандырады. Негізінен алғанда аэрозольдар түріңде қолданылады. Адамдарды тыныс алу органдары, терісінің ашық учаскелері жіне кідімгі киіміне сіну арқылы уландырады. Ви-икс жаздыгүні бір жерде 7-15 тәуілік бойы, ал қыстыгүні 2-3 айға дейін сақталып, зақымдандырады.

Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез – келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен де тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне, басқа да саңлаулы қуысы бар материалдарға тез сіңіп кете алады. Оның негізгі жауынгерлік зақымдауы буланып ұшып жүретін кезі болып табылады. Зариннің буы оны қолданған жерден бастап желдің бағытымен 20 километрге дейін тарала алады. Зариннің шұңқырлардағы, жыралардағы, подвалдардағы тұрақты сақталуы жаздыгүні бірнеше сағатқа, ал қыстыгүні 2 тәуілікке дейін созылады.

Осы тәріздес уландырғыш заттардың бір түрі – зоман. Ол уландырғыш қасиеті жағынан зарин мен ви-икс газдарының екі аралығынан орын алады.

Теріні күлдірететін УЗ(иприт) көпжақты зақымдау әсеріне ие. Бу тәрізді және тамшылы-сұықтық күйінде теріні және көзді зақымдайды, тыныс алу және ас қорту органдарын зақымдайды.

Жалпы улайтын УЗ(синиль қышқылы, хлорциан)

Тұншықтырғыш УЗ(фосген) тыныс алу органдары арқылы әсер етеді

Психохимиялық УЗ(Би-Зет) орталықжүйке жүйесіне әсер етіп , психологиялық немесе физикалық ауытқуларға ұшыратады.

Тітіркендіргіш УЗ

2. Тактикалық мақсатына қарай:

Өлімге соқтыратын УЗ

Уақытша әсер ететін УЗ

Жаттығу барысында қолданылатын

3. Тұрақтылығына қарай:

Тұрақты УЗ. Әсер ету уақыты бірнеше тәуліктен бірнеше аптаға созылады.

Тұрақсыз УЗ

4. Әсер ету уақытына қарай:

Тез арада әсер ететін. Әсері бірнеше минуттың ішінде байқалады.

Баяу әсер ететін УЗ . Әсері жасырын түрде болады.

1.3.4.3 Биологиялық қару

Биологиялық қару –бұл, биологиялық микроорганизмдермен жарақталған және нысанға жеткізу құралы бар арнайы соғыс қаруы. Адамдарды, ауыл шаруашылық малдары мен егін алқаптарын жаппай зақымдауға арналған.

Биологиялық қарудың зақымдаушы әсері, потагенді микробтардың және олардың тіршілігіндегі уытты өнімдердің адамдарды, жанурларды, өсімдіктерді жаппай зақымдауға қабілетті ауру тудырғыш қасиеттерін қолдануға негізделген.

Потагенді микроорганизмдер –адамдар мен жануарлардағы инфекциялық аурулардың қоздырғыштары. Өлшемдеріне,құрлысына, және биологиялық қасиеттеріне байланысты келесі кластарға бөлінеді: бактериялар, вирустар, қоздырғыштар (грибки), уытты микробтар.

Бактериялар – пішіні бойынша әр түрлі және өсімдіктер табиғатынан келетін бір клеткалы микроорганизмдер.

Вирустар – тасымалдауыш клеткасының биосинтетикалық аппаратынқолдану есебінен тек қана тірі клеткаларда өмір сүріп, көбейетін микроорганизмдардің үлкен тобы және клеткалар ішіндегі паразиттер болып табылады.

Қоздырғыштар - өсімдік ткбиғатынан келетін бір клеткалы немесе көп клеталы организмдер.

Уытты микробтар – адам мен жануарға өте уытты клетін, кейбір бактериялар тіршілігінің өнімдері.

Наши рекомендации