Азақстандағы ашық аспан астындағы музей

РМҚК «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 30 қаңтарындағы №43 Қаулысына сәйкес, ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен, «Мәдени мұра» Стратегиялық ұлттық жобасы аясында құрылды.
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы — еліміздің мәдени туризмін дамытуда стратегиялық маңызды обьектілердің бірі.
Мұражайдың негізгі қызметі — ғылыми-зерттеу, мәдени-біліми және туристік қызметтерді ұйымдастыру, Қазақстанның тарихи және рухани ескерткіштерін зерттеп, сақтау, оны жалпы халыққа насихаттау.
Қазіргі уақытта жергілікті әкімшілік басқару органдарымен бірлесе отырып, қорық-мұражайының аумағын нақтылау және оны қоршау, мұражай жанында орналасқан бірнеше обаларды музейлендіру, кезінде сақтардың резиденциясы болған Рахат және Өрікті қала жұрттарында қазба жұмыстарын жүргізу, оны консервациялау мен музейлендіру арқылы жаңа туристік жолдар салу, «сақ ауылы»

жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылуда.
2011 жылдан бастап қорық-мұражай Стратегиялық ұлттық «Мәдени мұра» жобасы аясында «Жетісу сақтарының мәдениеті және Есік обасы» тақырыбында ғылыми-қолданбалы зерттеу жұмыстарын іске асыра бастады.
Сонымен қатар, Жетісу аумағындағы сақтардың археологиялық ескеркіштерінің картасын түзу жоспарланған.
2012ж. «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ғылми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде 5 жылға аккредиттелді.
Мұражайдың құрылымы: әкімшілік, ғылыми-қор бөлімі, кітапхана, өндірістік қызметкерлер. Мұражайдың жалпы көлемі – 660 кв.м., екі залдан тұратын экспозиция көлемі – 92,6 кв.м.

28-30 ЮНЕСКО тізіміндегі қала музейлер және Қазақстандық обьектілер

1978 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақ КСР министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Қожа Ахмет кесенесі негізінде «Республикалық Ахмет Ясауи сәулет кешені музейі» болып ашылып 1989 жылдың 28 тамызындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 265 қаулысы бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі болып қайта құрылды.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Қазақстандағы бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш (2003 жыл, маусым айы).

Қорық музейі Түркістан қаласында көне Жібек Жолы бойында қазіргі Шымкент-Қызылорда автожолының бойында Тәуке хан даңғылы мен алматы алаңының қиылысында орналасқан. Қорық музейдің құрамында 100-ден астам тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіш бар. Олардың жалпы қорғау аймағы 529,4 гектарды алып жатыр. Ал кесене орналасқан қаланың тарихи орталығының қорғау аймағы 88,7 гектар. Осы аймақта орналасқан 8 тарихи ескерткіш музейлендіріліп халыққа қызмет көрсетіп жатыр.

«Әзiрет Сұлтан» кесенесiн жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңiл бөлiндi. Ол жұмыстар кесене төңiрегiндегi қоқысты тазалауға бағытталды. Осы кезден бастап кесенедегi жөндеу және қайта қалпына келтiру жұмыстары бiрнеше кезеңде жүргiзiлiп отырды.

1966 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң шешiмiмен Мәдениет министрлiгi жанынан республикалық ғылыми-жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркiстан қаласында арнайы жөндеу және қалпына келтiру шеберханасы ашылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесi музей болып ашылғаннан кейiн кешен құрамындағы «Шығыс моншасы» қайта қалпына келтiрiлдi. 1975 жылға дейiн үздiксiз жұмыс iстеп келген монша тарихи мәдени ескерткiш ретiнде, өзiнiң негiзгi қызметiн тоқтатып, 1979 жылдан бастап мұражайға айналдырылды. 1980 жылы қалпына келтiрiлген Қорған қабырғасы мен Қорғанның қақпасын бұрынғы сақталған сурет, сызбалар негiзiнде жаңадан тұрғызуға тура келдi. Ал, Жұма мешiтiнiң 1878 жылы салынған ғимараты бастапқы қалпы сақталып, қайта қалпына келтiрiлдi. ХIVғ. ескерткiшi болып табылатынШiлдехана iшiнара қалпына келтiрiлiп, консервацияланды.

1979 жылы кесене төңiрегiндегi ортағасырлық сәулет ескерткiшi «Шығыс моншасы» көне ескерткiшi сақтау мақсатында музейлендiрiлдi. 1982 жылы «Жұма мешiтi» ХIХ ғасыр ескерткiшi орнынан «Археологиялық табыстар» атты музейi ұйымдастырылды.

1996 жылы Қожа Ахмет Ясауи өмiрiмен байланысты тарихи орын, жерасты мекенi, сопылық орталық болып саналатын ХII-ХIХғғ. Ескерткiш «Қылует» мешiтi музей қызметкерлерiнiң күшiмен экспозиция қойылып музей ретiнде ашылды.

Италия елі тек көркем өнерімен ғана емес, сонымен қатар, қаланың тарихи архитектуралық ескерткіштерімен де танымал. Көне заманнан бері ежелгі сән үлгілері, өнер және мәдениет үйлері жақсы сақталып қалды. Осыған орай сіздерді тарихи жәдігерлер мен ғимараттарға өте бай Италия қалаларымен таныстырамыз.

Флоренция-Италиялық қайта өрлеу кезеңінің орталығы,әлемдік өнер мен мәдениет орталығы.

Флоренция-атақты Леонардо да Винчи, Микеланджело, Данте, Боккачо, Галилео Галилей, Джотто, Боттичелли, Донателло, Брунеллески, Никколо Макиавелли, Рафаэль, Америго Веспуччи, Джорждо Вазаридың туған жері.

31.Қала-музейлердегі тарихи-мәдени ескерткіштер

Ира́клион (Гера́клион) (гр. Ηράκλειο) — Грекиядағы қала, Крит аралының әкімшілік орталығы. Грекиядағы үлкен қалалар арасында төртінші орын алады. Көне грек мифологиясының кейіпкері Гераклдың құрметіне аталған.

Қаланың негізі шағын айлақтың орнында қаланған. 824 жылы араб әскері қаланы басып алып, 140 жыл бойы иеліктерінді болады. Сол кезде қала атауы Хандак болған. Қаланы қорғау үшін арабтар мықты қабырғалар салып, оны орлармен қоршады («хандак» араб тілінен аударғанда «ор» деген мағына береді).

Осман империясының құрамында болған уақытта қала атауын Хандакас болады. 19 ғасырдың басында Хандакас өзінің тарихи Гераклея атын иемденеді, кейін Ираклион. Халық тұрғындарын көтерілісшілерге көмектескені үшін қырғынға (1828 жылы және 1897 жылы) ұшырайды

32.Азиядағы қала мемлекет

Қала-мемлекет — қаламен басқарылатын (ереже бойынша, бір орталыққа бағынатын) және әдетте тәуелсіз мемлекетболып табылатын кішігірім территория. Тарихи қала-мемлекеттер көбінесе мәдени облыстардың және әр түрлі саяси одақтардың бір бөлігі болып табылған, мысалы:

· Ежелгі Месопотамия, Финикия немесе майяның қала-мемлекеттері;

· Ежелгі грек полистері;

· Италияның Орта ғасырлардағы және Ренессанс дәуіріне жататын қала-коммуналары;

· Орта ғасырлардағы Германияның ерікті қалалары.

Әдетте қала-мемлекеттер ежелгі замандарда және ортағасырларда кездескен. Алайда болашақ тәуелсіз мемлекеттер, ресми немесе бейресми одақтарға бірігіп отырған. Кейбір кездерде империялар немесе одақтар (конфедерацияларжәне федерациялар) тікелей аннексия нәтижесінде құрылған (мысалы, Микен өркениеті немесе Рим республикасы), ал кейбір жағдайларда өзара қорғаныс мақсатында, ерікті альянс ретінде құрылған (Пелопоннес, Афина және Беотияодақтары).

Орта ғасырлардағы қала-мемлекеттер — ерікті қалалар және қала-коммуналар — орта ғасырлардағы Германияның, Италияның және Ресейдің ерекшелігі болған. Олардың көбісі Ганза одағына мүше болған.

Гонконг қаласы — 1997-інші жылдың 1-інші шілдесіне дейін 1,5 ғасырдай Британ империясының отары болып келді, одан бері Қытайдың екі арнайы әкімшілік аймақтарының бірі болып табылады. Әлемдегі он алтыншы бай қала. Гонконг қала аумағы — 1,104 км², халқы жеті миллион болғандықтан әлемдегі ең халық тығыз орналасқан елді мекен болып табылады. Ең тығыз ауданында 1 км²-қа 95 000 адамнан келеді. Гонконгтағы 12 қабат немесе 35 метрден биік ғимараттар саны 7685

Әлемдегі жетекші халықаралық қаржы орталықтарының бірі болып табылатын Гонконг экономикасы еркін сауда мен төмен салықпен сипатталады. Ақшасы, Гонконг доллары, 2010 жылға сәйкес әлемдегі сегізінші орындағы саудаласу валютасы болып табылады. Өте дамыған капиталистік экономикасы Index of Economic Freedom бойынша қатарынан 15 жыл әлемдегі ең еркін экономика аталып келді. әрі 1960-шы мен1990-шы жылдар арсында қарқынды дамуы арқасында Төрт Азия жолбарыстарының бірі атанып кеткен.

34.Америкадағы қала мемлекет

35)Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

Қорықтардың табиғи ұлттық парктерден айырмашылығы;табиғи парктерде кіріп серуендеуге мүмкіндік бар.Ал қорықтарда оған тыйым салынған.Мазмұны

36)Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.[1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен:арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар,таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.[2]

Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар, жыланбүркіт пен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.

Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.

Теңіз деңгейінен 3,000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галлереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.

Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.

Алматы қорығы- Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналас­кан Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты ор­ман Тянь Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орманға (1400-2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600-3000 м) жартастар мен құламашөгінділерден, шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жа­тыр. Қорықта өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар.

Жануарлар

Алматы қорығы- жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүткоректілердің 40 (барыс, коңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін, т.б.), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара және сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушыл торғай, арша емен- тұмсығы, т.б.) бар. Бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалқан тұмсықты жылан; космекенділерден: көлбакд мен жасыл құрбақакездеседі.“Қалқан” мен “Әнші тау” маңында аңның 43, құстың 85, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі тіршілік етеді.Онда кездесетін аңдардың негізгі түрлері: арқар, қарақұйрық, елік, қасқыр мен түлкі, шұбар күзен және сасық күзен,ал құстардан: бөдене, шіл, кекілік, жетісу қырғауылы, тұйғын, жағалтай, құладын, ақбас құмай,тазқара,бүркіт және қыранқара мекендейді. Қосмекенділерден:жасыл құрбақа, сібір көлбақасы тіршілік етсе, бауырымен жорғалаушылардан: сұр жылан(улы жылан), қара шұбар жылан (усыз) және кесірткелер кездеседі. Қорықта еліктердің саны тиянақты қорғаудың нәтижесінде 500−ден асып отыр. Мұнда елік мекендеуге қолайлы оң мыңға жуық орман алқабы бар. Олар жыл мезгілдеріне байланысты таудың әртүрлі биіктігіне ауысып отырады. Сол сияқты бұл өңірде таутеке де мекендейді. Мәселен, қорық қызметкерлерінің соңғы жылдары вертолетпен жүргізген есебі бойынша таутекенің қоры 560–тай екендігі анықталады. Таутеке мәңгі мұзға дейін көтеріліп, жартастар мен құздардың арасында тіршілік етеді.Тек қыста ғана тау етектеріне қарай төмендейді. Сондай–ақ мұнда марал сирек кездеседі. Бұл жерде жыл маусымдарына байланысты арқар да болады. Олар қыс айларында күндіз жайылады да, түнде тығылып жатады. Көбінесе күзгі–қысқы айларда үйір–үйірімен жүреді. Қорық территориясында ақтөс сусар, орман көркі–ақтиын кездеседі.Олар шыршалы ағаштардың жаңғағынан және саңырауқұлақтарды қорек етеді. Кей уақыттарда тау етектеріне түсіп жеміс–жидектермен де азықтанады. Ал суыр тау беткейлерінен ін қазып алып, сонда мекендейді. Әр інді қазып алып, сонда мекендейді. Әр інде 5-10 суыр болады. Күзге қарай қатты семіреді. Күн жылына бастаған кезде қысқы ұйқысынан оянады. Мұнда тау суырынан қоры мол. Қорықтың шөл және шөлейт аймақтарына таралған тұяқты аңдардың,бірі–қарақұйрық . Бұл аң көбіне ашық далалы, шөлді жерлердің ойлы–қырлы төбешіктерінде, тау етектері мен сайлардағы жер қыртысы неғүрлым қаттырақ жерде тіршілік етеді. Қазіргі кезде ол халықаралық “Қызыл кітапқа” еніп отыр. Сондықтан да олардың саны жылдан–жылға өсіп келеді. Қорық жерінде олардың тіршілік етуіне қолайлы жеті мың гектардай жер бар. Бірақ олар жыл маусымдарына қарай қорықпен көршілес жерлерге кетіп қалады да, онда табиғатқа қас адамдардың атқан оғына тап болады.

Алакөл қорығы мен Алакөл көлінің ерекшелігі сирек кездесетін реликті шағалалар ұя басатынында. Мезгілдік жаппай көшу кезінде тамақтану мен демалу уақытында бұл жерде 3 млн-ға жуық құстар жинақталады, оларды қорғау ісінде қорықтың алар орны ерекше. Бұл көптеген құстар түрінің ұялары мен колониялары бар аймақтың су- батпақ кешені қорғауды қажет етеді. Ерекше көңіл бөлінетіні – бұйра бірқазан, қалбағай,қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі сияқты Қазақстанның Қызыл Кітабына енген құс түрлері.

Алакөл– Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі, ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында, Алакөл шұңқырының ең төменгі жағында орналасқан. Алакөл көлі далалы аймақтағы нағыз теңіздің өзі, оның ұзындығы 104 шақырым, ал ені 52 шақырым. Көлдің орталық бөлігінде бірегей флора мен фаунасымен ерекше, 1998 жылы Алакөл мемлекеттік қорығы құрылған үш арал топаралы орналасқан.

Көлге 15-тенасаөзендерқұяды, олардыңішіндеҮржар, Қатынсу, Эмелқұйса, Ырғалты, СасықкөлменҚошқаркөлкөлдерініңсуы. Алакөл жағалауы әр түрлі, кей жерлерде шашыраңқы, жартасты, құрлықты тесіп өтетін шаймалары бар. Ақша, Көктума және Қабанбай селдерінің құмды-қиыршық тасты жағажайлардан өзге құмды әрі қиыршық тасты үйінділер мен аралдар – құстардың мекендейтін сүйікті орындары бар. Мұнда көптеген мүйісті көлдер – Бескөл, Оңағаш көлдері орын тепкен. Батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс жағалаулары саздақты.

Алакөлдің бірегей ерекшелігі оның емдік сазында, ол түрлі буын ауруларын, радикулит, тері науқастарын, зақымдардан кейін сауықтыруда қолданылады. Құрамы бойынша теңіздік сазға ұқсайды да, емдік қасиеті жоғары.

37)Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетінбалықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.

Тарихы жайлы

Ол 1929 жылы тапсырма берушi сияқты негiзделдi. Ал 1939 жылға 10 желтоқсанкүні мемлекеттiк қорықтың мәртебесiн алды. Теңіздің құрғауына байланысты судың тұздылығы нормасынан шектен шықты. Тұщы судың жоқтығы малдың өмір сүруін қиындатады. 1982 – 1991 жылдар аралығында 260 астам құландар республиканың басқа қорықтарына ауыстырылған. 137 бастардағы жемiсi қалған 50 ерекшерек қиырлар. Қазіргі таңда жылдық қорытынды бойынша құлан саны 20-25 басқа көбейді. Барсакелмес қорығында флора және фаунаның сирек кездесетін түрі бар. Балықтар саны жылдан жылға өсуде. Жуырда Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары студенттермен бірлесіп экономика,экология және ботаниканы жаңартуда. Қорық бай кiтапхананы арқасында өз оқырмандары және оны табады жануартану және өсiмдiктануды табиғи лабораторияға айналып кетедi. Бүгінгі күннің басты мәселесі: 100-150 000 га және 400 000 га жерді сақтап, өсімдіктерді көбейту. Барсакелмес – республикадағы 9 қорықтың ішіндегі ең ерекшесі және оның өркендеуіне барлық қазақстандықтар қызығуы керек.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің ортасындағы осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері өзіне лайық статусқа ие. Сол уақытта Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің №973 қаулысы негізінде қаз тұрған бұл құрылымның тұрақ тепкен жері өте қолайлы мекен болатын. Оның ең биік бөлігі теңіздеңгейінен 100 метрге дейін баратын.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басынан Сырдария және Әмудария өзендері арқылы Арал теңізіне келіп құятын судың мөлшері күрт азая бастауына байланысты теңіздің бірте-бірте тартыла түсуі мұндағы қорықтың да жағдайын нашарлата берді. Ақырында мұндағы Барсакелместің “арал” атанғаны тарихтың тұнбасында қалды. Өйткені, теңіздің шығыс жағалауы құрлықпен қосылып кетіп, қорықтың елден ерек ерекшелігі естен шықты. Соған қарамастан осындағы өз істеріне ерекше берілген жайсаң жандардың жанқиярлық еңбектерінің арқасында атақты қорық жай тіршілік етіп қана қоймай, алғы күнге асқақ міндеттер тұрғысынан қарауда.

Наши рекомендации