MS DOS операциялық жүйелері, оның түсініктері, тізімдемелер және файлдар, MS DOS – тың командалары
ДК-дің негізгі блоктары
Жүйелік блок компьютердегі ең негізгі құрылғы болып табылады, оның ішінде ДК-дің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блок құрамында жедел жад, тұрақты есте сақтау құрылғысы, микропроцессор, қоректендіру блогы мен енгізу-шығару порттары және қатқыл диск (винчестер) және дисковод болады. Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды құрылғылары орналасқан негізгі торапты білдіреді.
Дисплей (монитор) – деректерді қолданушыға бейнелейтін құрылғы. Ол ақпаратты бейнелейтін ең танымал және маңызды құрылғысы болып табылады. Оның ең негізгі тұтыну параметрлері – экран маскасынынң (маска) мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өңдірудің (регенерация изображения) ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы .
Монитордың диоганал бойынша кинескоп құрбылары сияқты бұрыштардың арасымен өлщенеді. Өлшем бірлігі – дюйм. Қазіргі кезде 23 – тен 107см – ге дейінгі экранды мониторлар шығарады.
Пернетақта – алфавиттік әрбір перне латынның, қазақша бір әрпін енгізе алады.Латын әріптері QWERTY стандартты (екінші қатардың сол жақ шетінде орналасқан пернелер тізбегі) бойынша, ал қазақ, орыс әріптері баспа машинкасындағыдай болып орналасқан.ККомпьютерге бастапқы информацияны енгізуде,сондай – компьютердің жұмысын басқаруда пернетақта пайдаланылады. Бүгінгі күні пернетақталар көптеген дербес компьютерлерде бірыңғайластырылған, яғни бірегейлендірілген әрі 101 – 102 стандарттарда немесе 108 – пернелік пернетақтада орындалған. Пернетақтаны бірнеше регистр режимдердің бірінде жұмыс істейді.Пернетақтаның барлық пернесін төрт топқа бөлуге болады:
• Алфавитті – цифрлық және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрларб тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық және де басқа символдар, ‘бос орын’ белгісі;
• Функциялық пернелер: F1 - F12;
• әр түрлі қызмет атқаратын пернелер: ENTER, TAB, CTRL, ESC, SHIFT, NUM LOCK, Caps lock, Scroll lock, Pauce, және ‘*’, ‘+’, тәрізді пренелер.
• түзету үшін қолданылатын пернелер
Тышқан – бұл информацияны компьютерге енгізудің манипуляторы. Тышқан – алақан аясына оңай сиятын екі немесе үш пернелі шағын қорап манипуляр компьютеоге сым арқылы жалғасады.
Дербес Компьютердің қосымша құрылғылары
Қосымша құрылғылары – компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады.
Дыбыс колонкалары – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
Принтер – ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Бүріккіш принтерлер қағазға бояулардың көмегімен басып шығарады.
Сканер – мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы.
Модем – компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы. Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.
Микрофон – дыбыстық ақпаратты енгізу құрылғысы.
MS DOS операциялық жүйелері, оның түсініктері, тізімдемелер және файлдар, MS DOS – тың командалары
MS DOS командасы шақырмаға жауап ретінде перне тақтадан енгізіледі. Команданың аты бір болады және параметрлері болуы мүмкін. Команда кіріктірілген немесе сыртқы команда болып екі түрге бөлінеді. Кіріктірілген команда ішкі команда болып табылып, оны DOS құрамына жататын командалық процессор орындайды. Сыртқы команданы DOS құрамына жатпайтын кез келген бөлек программа орындайды. Мұндай программаның аты сыртқы команданың аты деп есептеуге болады.
Ішкі командағы мысалдар:
DIR
TYPE CONFIG.SYS
COPY A:PRI.1PAS.D:
Осындағы DIR, TYPE, COPY – команданың аттары, ал басқалары команданың параметрлері.
Сыртқы командаға мысалдар:
FORMAT A:
DISCOPY A:B
A, B: командалар
Файл атының шаблоны бір команданы бірнеше файл бірден қолданулы жүзеге асырады немесе файлдар аттарын жазуды қысқарту үшін қолданылады.
Мысалдар:
• AB *.* - аты AB – дан басталатын барлық файлдар;
• *.COM – түрі COM болатын барлық файлдар;
• *.* - ағымдық буманың барлық файлдар;
• ??????ASM – ASM – типті аты бес таңбадан тұратын барлық файлдар;
DOS файл жүйесімен жұмыс жасау үшін комадалар бар, олар:
• DIR – буманы экранға құру
• MD – жаңа бума құру
• RD – буманы жою
• CD – ағымдық буманы өзгерту
Орындаған тапсырмалар
Word бағдарламасы
Microsoft Office Word - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.
Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:
• Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
• Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.
• Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
• WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
• Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
• WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
• тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
• редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;
• Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.