Вексель: негізгі сипатты белгілері және жіктелінуі
Вексель(нем. wechsel – айырбас) – жазбаша түрде толтырылған ұзақ мерзімді борыш міндеттемесі. Жай және аударма вексель түрлері болады. Вексель беруші несие иесіне (вексель ұстаушыға) беретін, заң жүзінде нақты формада белгіленген жазба түріндегі борышқор қолхаты. Құнды қағаз; кредитке берілетін ақшаның бір түрі. Оның иесінің (вексель ұстаушының) белгілі бір уақыт мерзім өткенде, векселді берушіден ақша талап етуге даусыз құқық беруді куәландыратын жазбаша қарыз міндеттемесі.[1] Вексель нарықтық экономика түріндегі елдердің коммерциялық және банкілік іс-тәжірибесінде, сонымен қатар сыртқы саудада және басқа да халықаралық есептесулерде барынша кеңінен қолданылады. Векселдік міндеттеменің мәні мен маңызы тек қана ақша (ұлттық түрдегі және шетелдік валюта түріндегі) болуы мүмкін
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде жəне белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борыш қордың қарыздық міндеттемесі.
Вексель дисконты (дисконт векселя) – 1) қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін вексельді номиналдан төменгі бағамен сатып алу;2) вексельдерді есепке алу барысында банктердің алатын есепке алу пайызы.
Вексель валютасы (валюта векселя) - вексель төлеуге берілетін валюта; халықаралық айналымда вексельге несие беруші елдің, борышқор елдің, сондай-ақ үшінші бір елдің валютасында вексельді төлеуге берілуі мүмкін.
“Вексель” сөзі ағылшынша bіll note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде жəне белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай жəне аудармалы.
Вексельдің түрлеріне “ҚР-ғы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында4 мынадай түсініктемелер берілген:
- Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нəрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
- Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нəрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударуып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі жəне мұндағы əр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай жəне аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, экономикалық əдебиттерде вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.
Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын, оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бірі біріне беріледі.
Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тəн қасиеттері бар:
• дерексіздік, яғни вексельде мəміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;
• даусыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
• айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданға дейін жəне онан кейін де вексель айналысы дамып келеді.
Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк тəжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сəйкес өзінің 500, 1000 жəне 5000
АҚШ долларындағы “астық” вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиентеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ сыртқа астық сатумен айналысатын “Астық” акционерлік компаниясы
5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің
жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде “Қазақстан темір жолы” ҰК-ның 200,0 млн теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.
Мұндағы, “домицилиант” – вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.
Билет