Жедел шаруашылыққа бағытталған ауыл шаруашылық карталарының тақырыбы

Қазіргі кезде аграрлық өңдірістің маңызды проблемаларыың бірі болып жедел жоспарлау мен шаруашылық – экономикалық жағдайларды шынайы болжамдаудың әдістерін жобалау табылады. Жеке шаруашылық субъектінің ғана емес, сондай – ақ әкімшілік аудан аймағы шегінде олардың жиынтығының экологиялық – экономикалық болжамын жобалаған кезде міндетті түрде жергілікті табиғи және әлеуметтік – экономикалық шарттарды ескеру керек, себебі олар жердің шаруашылықтық қолданылуын қарастырған нақты өндірістік жоспар мен ауылшаруашылық бөлімшелердің мамандануын анықтайды. Осы жоспар жер өңдеу жүйесін, мал өсірудің мамандануын, сонымен қатар еңбек және энергетикалық ресурстардың көлемі мен құрылымын анықтайды.

Осы барлық көрсеткішті есептеу үшін ақпарат көзі болып әдетті келесілер болып табылады: кәсіпорын типі, өнім өңдірісінің оптимальді көлемі, сапалық бағыттардың, қайта өңдеу өнеркәсібінің аймақтық техника – экономикалық көрсеткіштері, өңдірісті ұйымдастырумен байланысты арнайы нормативті көрсеткіштердің сериясы (негізгі қор құны, салық аударымдары т.б.

Аталған әрбір нормативтер әлеуметтік-экономикалық және табиғи- климаттық факторлар санының көп болуынан тәуелді, олар сәйкес рекомендацияларды жобалаған кезде міндетті түрде ескерілуі керек. Осыған байланысты ауылшаруашылық өндірісінің дамуының жылдық болжамын есептеу күрделі әрі жауапты болып табылады. Күрделі болу себебі:

· өндірістің негізгі құралдарын кеңістіктік орналастыру;

· өзара байланысты факторлардың санының көп болуына;

· факторлардың көп түрлілігі мен үздіксіз өзгерісі;

· көрсеткіштер санының көп болуы.

Шаруашылық қызметке шаруашылық етудің түрлі нысандарының енгізілуіне байланысты өзара қатынас сұрағын жаңаша шешу қажеттілігі туындады: ауылшаруашылық субъектісі – мемлекет. Аудандық және облыстық ұйымдар тұрғысынан агротехникалық процесс пен еңбекті ұйымдастыру нысанын жетілдіру бойынша ғылыми ұсыныстар түсуі мүмкін.

Қалған мәселенің барлығын ауыл шаруашылық субъектілерін өздері шешу керек, олар қолданылатын аймақтың табиғи шарттарын, ландшафт элементтері мен ауылшаруашылық тыңайтқыштарының эклолгиялық жағдайлын, сондай-ақ экономикалық жағдайдың динамикасы мен сипатын жақсы білу керек.

Бұл қатынаста жедел құрылатын экологиялы-экономикалық карталар кеңістіктік ерекшелерді сақтай отырып, кез-келген экономикалық жағдай мен құрылысты аймақтық табиғи және әлеуметтік – экономикалық шарттарын есептей отырып, тәжиребеде көруге мүмкіндік береді.

Ақпаратты ұсынудың картографиялық әдістің артықшылығы мен басты қасиеті болып ауылшаруашылық өндіріс пен ландшафт объектілерін орналастыруды көрсету емес, сәйкес ландшафт фонында экономикалық құбылысты көрсету мен сипаттау табылады. Әкімшілік аудан деңгейінде ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен жоспарлауға зерттеудің картографиялық әдісін табысты енгізу үшін ауылшаруашылық өндірісінің экономикасының негізгі бағыттарын есептей отырып, жедел шаруашылық тағайындауға арналған арнайы карталардың саны мен тематикасын дұрыс таңдау маңызды.

Карталар саны оптимальды болуы керек. Кері жағдайда оқылмайтын немесе оның көп санын қалыптастыруға болады, шаруашылық қарама-қарсылық факторы жасалады. Сол себепті карта санын таңдау шарттарының бірі болып оны қолдану әдісі табылады.

Карталар ауылшаруашылық өндірісінің өзінің тематикалық жиынтығындағы негізгі көрсеткіштерді сипаттайды. Бұл экономикалық талдауды дұрыс қою үшін, жан-жақты ақпарат ағымында алдын-ала бағдар алу үшін қалыптасқан экономикалық-экологиялықжағдайда объективті талдау үшін қажет. Жедел жоспарлаудың карталарының тематикасын таңдаған кезде табиғи және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің барлығынан бастау алудың қажеті жоқ, тек ауылшаруашылығының экономикалық дамуына неғұрлым әсер қалдыратын басты көрсеткіштерден бастап алу керек.

Бұл белгілі бір деңгейде экологиялық-экономикалық картаны мақсатты қолданылуын жеңілдетеді, оның санын қысқартады, әрі алдағы уақытта ауылшаруашылық бөлімшелері серіктестері әрекеттерін үйлестіру үшін және сәйкес экономикалық – математикалық міндеттерді дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ауылшаруашылық өндірісінің жедел экономикалық талдауын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығын жоспарлаудағы маңызды нормативтер болып ауылшаруашылық дақылдарының түсімі мен мал шаруашылығының өнімділігі табылады. Олардың мөлшері өте үлкен шамада табиғи және әлеуметтік – экономикалық факторларға тәуелді, алайда олардың барлығын бірдей деңгейде есепке алу мүмкін емес, сол себепті жалпылама көрсеткіштерді алу үшін көптеген айнымалы факторларды синтездеу керек. Бұл перспективті жоспарлау үшін мүмкін нәрсе.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің басты көрсеткішін жалпы көзге елестету үшін ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі көрсеткіштерінің өзара байланысы мен құрылымының схемасын көрсету арқылы аймақтық эколого – экономических картаның мақсаттық тематикасын анықтауға тырысайық.

 
 
Еңбек ресурстары және көлік

Жедел шаруашылыққа бағытталған ауыл шаруашылық карталарының тақырыбы - student2.ru Жедел шаруашылыққа бағытталған ауыл шаруашылық карталарының тақырыбы - student2.ru Жедел шаруашылыққа бағытталған ауыл шаруашылық карталарының тақырыбы - student2.ru Жедел шаруашылыққа бағытталған ауыл шаруашылық карталарының тақырыбы - student2.ru Жедел шаруашылыққа бағытталған ауыл шаруашылық карталарының тақырыбы - student2.ru Жедел шаруашылыққа бағытталған ауыл шаруашылық карталарының тақырыбы - student2.ru

Біріншіден, ауылшаруашылық өндірісті жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қажетті карта саны 4 көп болмауы керек. Бұл ауылшаруашылық өндірісінің өзін құрайтын 4 жағынан көрінеді, мысалы өндірістің екілік құрылымы (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, жер - өндірістің негізгі құралы және табиғи экономикалық шарттар).

Картаның аз болуы әр түрлі көрсеткіштердің көп бөлігінің бірлескен көрсеткіштеріне әкеледі, ол мұндай карталардың мазмұның күрделендіріп, оларды талдау процесін қиындатады. Алайда, артық бөлшектеп қажеті жоқ, себебі түрлі көрсеткіштердің аса көп болуы тақырыптық сипаттамалардың жалпылығы мен мақсаттылығын бұзады.

Ауылшаруашылығында тек бір ғана көрсеткішті басқа да көрсеткіштермен байланыстырмау көрсету тиімді емес. Осылайша, мысалы барлық жиналған ауылшаруашылық дақылдарының түсімділігін өндірістің механизация деңгейі мен егін егу аудандарының жағдайын бейнелемей көрсету экономикалық талдау үшін жеткіліксіз, себебі ол күрделі экологиялық-экономикалық картографиялау процесінде маңызды табиғи және әлеуметтік экономикалық факторлардың өзара байланысын бұзбау керек, керісінше олардың неғұрлым көбірек санын ескеруге ұмтылу керек. Сондықтан салалық көрсету ауыл шаруашылығын дифференциалды не түрлі көрсетуден бағалы.

Салалық көрсету әртүрлі, өзара байланысты табиғи-экономикалық факторларды бір мезетте көрсете отырып, белгілі бір шаруашылықтық процесстерінің кешенді сипаттамасын салыстыра әрі көрнекті етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Күрделі өндірісті тек қана салалық көрсеткіш бойынша өндірістің негізгі құралы – жерді сипаттайтын факторлар есебінсіз талдау дұрыс болмас еді. Оның қаншалықты және қандай жағдайда болуына байланысты көп жағдайда мал өнімділігі, ауылшаруашылық дақылдарының түсімділігі және т.б. көрсеткіштер оған тәуелді болады. Сондықтан өндірістің негізгі құралы ретіндегі жердің сапасы мен санын бейнелейтін картанын болуы ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен жоспарлау мақсаты үшін өте қажет.

Бұл бағытта пайдалы карта болып топырақты агрохимиялық карта табылады, ол топырақтың интенсивті қолданылуын есепке ала отырып, топырақтың табиғи құнарлығын қайта қалыптастыруға, тіпті жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыруға көмектеседі.

Соңында, экономикалық талдау процесінде сандық ақпараттан басқа жер қорын және сумен қамтамасыз ету көзін қолдану мен бөлудің сапалық бейнесін көрсету өте маңызды. Сол себепті белгілі бір экономика-географиялық шарттарда жерді шаруашылықтық қолданудың нәтижелік картасын құрудың қажеттілігі туындайды.

Осылайша, әкімшіліктік аудан деңгейінде күнделікті жедел талдау мен сәйкес ұсыныстарды жобалау үшін келесідегідей кем дегенде 4 жедел шаруашылық карталарын қолдану керек.

- өсімдік өсіру картасы

- мал өсіру картасы

- топырақты-агрохимиялық картасы

- жерді шаруашылықтық қолдану картасы.

Осы карталардың мазмұнын талдау ауылшаруашылық өндірісінің барлық

негізгі бағыттары бойынша экономикалық талдауды жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ауылшаруашылығындағы ұдайы өндірістің экономикалық процесі табиғи процесстермен тығыз байланысты. Ол түрлі табиғи және экономикалық шарттарда жүзеге асады, үздіксіз жермен, оның сапасымен, орналасуымен байланысты.

Осының барлығы өндірістің ұйымдастырылуы мен мамандануына, негізгі және айналым қорының құрылымына, ауылшаруашылығының кәсіпорындарының бар экономикасына елеулі ықпал етеді?

Талдау кезінде шаруашылық топырағының типін, оның сапалық жағдайын есептей отырып, топырақтың жеке түрлерінің үлесін анықтау керек.

Топырақтың табиғи құнарлығын олардың бонитеровкасы бойынша анықтайды, ал өнімділігін жерді бағалаудың балдық жүйесі бойынша анықтайды, ол әртүрлі, көптеген ұйымдастырушылық-шаруашылықтық көрсеткіштерді көрсетеді.

Топырақтың құнарлығын климаттық шарттармен температуралық фон, ауа ылғалдылығы, жауын мөлшері, атмосфера жағдайы, ландшафтпен және шаруашылық аймағының рельефінің ерекшеліктері, шаруашылық бөләмшелер тығыз байланысты. Шаруашылық қызметінің нәтижесіне экономикалық шарттар үлкен ықпал етеді: шаруашылық территориялары мен орналасуы, ауыл шаруашылық жерлерімен қамтамасыз етілуі, еңбек ресурстары, өндіріс құралдары т.б.

Мұның бәрі мынадай қорытынды шығаруға әкеледі, ауылшаруашылық өндірісін кешенді экономикалық талдау үшін аталған 4 карта жеткіліксіз. Тек жедел шаруашылық картасы ғана жан-жақты, экономикалық кешенді, әрі картографиялық әдіспен экологиялық-экономикалық талдауды қамтамасыз етпейді және ақпараттың қосымша көзін талап етеді. Шындығында да жедел-шаруашылық карталары с

татистикалық сипаттағы қосымша ақпаратты қолдануға есептелген, алайда осының өзі талдаудың жалпы сұрақтарын оның ішінде жер ресурстарын пайдалана отырып, территорияны ұйымдастырумен байланысты сұрақтарды шешуге жеткіліксіз. Оның себебі: жедел-шаруашылықты карта мазмұны ауылшаруашылық өндірісінің қызмет етуінің басты жақтарына, негізінен алғанда оның экономикалық сипаттамаларына шоғырланған. Сондықтан серияға жедел-шаруашылықтық картадан басқа анықтамалық жалпы мазмұндағы карталарды қосуды ұсыну дұрыс. Олардың тематикасы нақты табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық шарттармен анықталады.

Қазақстан мен Сібірдің оңтүстік батысының әкімшілік аудандарының көпшілігі үшін ол келесі атаулармен таныстырылуы мүмкін:

- жерді қолдану мен жердің қазбаларының картасы

- ауданның эколого-экономикалық картасы

- рельеф картасы

Жедел-оперативті картадан айырмашылығы бұл карталар жыл сайын жаңартуды талап етпейді және ұзақ мерзім бойынша қолданыла алады. Жерді пайдалану мен жер тыңайтқыштары картасы-бұл типтік әкімшіліктік карта, тек ландшафт пен ауылшаруашылығы тыңайтқыштарының барлық элементтерінің толық сипаттамасы. Әрбір жерді пайдалануды шекарамен және өзіндік атауымен, барлық орналасқан пунктердің сапалық сипаттамасы мен көрсетуімен бөліп көрсетеді. Кішкене ауданды жер пайдаланудың атауы үшін арнайы кестеде шартты белгілерде ашып отыратын қатарлық нөмірлеуді қолданылады.

Өнеркәсіптік ауылшаруашылығы мен әлеуметтік мәдени арнаудағы объектілер орналасқан жердің белгісінің айналасында не онын астында масштабтық емес белгілерімен көрсетіледі. Қосымша мазмұн ретінде «Экономикалық байланыс» деген қиылған карта, анықтамалық кесте, сондай-ақ диаграмма бар.

Осы серияның анықтамалық- картаның екіншісі эколого-экономикалық карта. Ол берілген территория ландшафтысының әрбір элементіне техногенді ықпалдың бөлшектік сипаттамасымен бірге қолданылытын жердің экологиялық жағдайын көрсетеді.

Біріншіден, бағаланатын экологиялық категориялар саны кө болмау керек, әртүрлі аймақтық элементтер үшін бірдей болу керек. Екіншіден, қолданылатын категориялар негізгі табиғи ресурс – судың мемлекеттік стандарттарына сәйкес келу керек. Үшіншіден, бекітілген категория тек қана территориялық элементтің ластану деңгейін ғана емес, оның шаруашылық қолданудың бағыттарын көрсету керек.

Осыны ескере отырып, гидрографияның объектілерін келесідей категориялармен экологиялықауқаттылық позициясынан көрсету керек: таза су (МСТ бойынша) 1 классқа сай (халықты сумен қамтуға қолдануға болады) ластанған су (МСТ бойынша 2 класс; тазартусыз тек малды суару үшін, өсімдіктерде суару үшін қолданылады, қатты ластанған су (МСТ бойынша 3 класс, тазартусыз тек қана суару үшін қолданылады), өлі су (сәйкес тазартусыз ештенеге қолданылмайды).

Қоқыспен ластанған орман,батпақ,жайылымдар т.б. территориялық элементтерді 4 категориямен көрсетеді: таза, жартылай ластанған, ластанған, қатты ластанған. Олардың ластануын шартты шкала бойынша бағаланады. 0-25% ластанған аудан – 1 категория; 25, 1-50 % - 2 категория; 50, 1-75 % - 3 категория; 75, одан көп – 4 категория.

Темір жол мен автомобиль жолдары жанындағы орналасқан пунктер мен ашық карьерлерге және ірі өнеркәсіпкәсіпорнына жақын орналасқан аймақтардың газдану зоналарында 4 категория бойынша көрсетіледі: аздап газданған, газданған, күшті газданған, өте қатты газданған.

Ерекше контурмен радиациялық қауіптілік пен радиациялық ластану зоналарын бөліп көрсетеді (АЭС, жоғары радиациялық аймақ карьерлер, ядролық полигондар).

Медико-географиялық шарттарды халық денсаулығына елеулі ықпал ететін көрсеткіштермен анықтау керек. Бұл ең алдымен техногенді факторлар;өмір сүру зоналарындағы ластану деңгейі; зиянды өндірісі бар өнеркәсіптік объектілердің болуы; улы химикаттардың, коммуналдық және тұрмыстық қалдықтардың ауданың бірлігіне ауыртпашылықтар. Табиғи факторлар ішінен ауыз судағы микроэлементтердің дефициті мен артықшылығын, температура факторлары ықпалын, ультракүлгін радиация ықпалын, сумен қамтамасыз ету көздерінің ластану деңгейін көрсету керек.

Сондай-ақ рекреациондық аймақтар жағдайы мен аурулардың орташа жылдық санын көрсету қажет: тыныс алу органдары, ішек қарын, қан, онкологиялық аурулар. Ақпарат картаның қосымша мазмұнында беріледі, сипаттама тұрғылықты пункттер, шаруашылық субъектілер бойынша беріледі немесе картографияланатын территорияға байланысты әкімшілік аудандар шегінде сипаттама беріледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Топографиялық карталардың қандай қасиеттері ғылым мен адамның тәжірибелік іс-әрекетінің көптеген саласында пайдалануға мүмкіндік береді?

2. Топографияда қолданылатын сыналы және көлбеу масштабтардың атқаратын қызметін құру және өлшеу әдістерін ашып көрсетіңіз?

3. Картаның сыртқы бұрыштамадан тыс безендірілуін қандай ретпен оқу қажет?

4. Картографияда Гаусстың координаттар жүйесінен қандай айырмашылығы бар?

5. Географиялық координат пен тік бұрышты және полярлық координаттардың қажетті нысанның орнын анықтау әдістерінде бір – бірінен қандай айырмаш ылықтары бар?

6. 1 : 1 000 000 масштабты жалпы шолу карталарын құруға қандай проекция қолданылады?

7. 1: 25 000 масштабты топографиялық картаны пайдаланып, төменгі кестедегі нүктлердің географиядлық және тік бұрышты координаттарын анықтап кестені толтыр?

Дебиеттер

1. Берлянт А.М. Картография. – М.: Аспект – Пресс, 2002. -362 с.

2. Берлянт А.М. Картоведение. – М.: Аспект – Пресс, 2003 – 477 с.

3. Южанов В.С. Картография с основами топографии. – М.: Высшая школа, 2001. – 300с.

4. Фокина Л.А. Картография с основами топографии. – М.: ВЛАДОС, 2005-335 с.

5. Салищев К.А. Картоведение. – 3–е изд. – М.: Изд-во МГУ, 1990. – 400с.

6. Комисарова Т.С. Картография с основами топографии. – М., 2001. -181с.

7. Қалыбков Т.Қ. Геодезия және топография негіздері. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 184б.

Осымша

Наши рекомендации