Инновация және инновациялық үрдіс
«Инновация» сөзі орыс тілінде «жаңашылдық», «жаңару», «жаңа» аударылады.
Орыс және шет ел әдебиетінде кездесетін инновация анықтамалары
1.2 сурет – Инновация ұғымы
Инновация анықтамаларының тізбесін ары қарай жалғастыруға болар еді. Әр түрлі анықтамалардың арасындағы маңызды өзгешелік автор инновация ұғымының қалай қарайтындығында. Негізгі екі тәсілін бөлуге болады:
1 Инновация шығармашылық үрдістің нәтижесі ретінде қарастырылады.
2 Инновация жаңашылдықты енгізу үрдісі ретінде көрсетіледі.
Осы уақытқа дейін осы тәсілдер мен анықтамалардың қайсысы анағұрлым тиімді екені жөнінде қызу дискуссиялар жүруде. Соңғы кезде бұл дебаттар бәсендеп қалды, себебі бүгінгі күнде арнайы басқару дәрежесі ретінде инновация ұғымының халықаралық стандартын әзірлеу туралы айтуға болады.
Бұл халықаралық стандарттың қалыптасуына «Фраскати жетекшілігі» және «Осло жетекшілігі» атымен әйгілі екі жұмыс әсер етті. Оның біріншісі – «Фраскати жетекшілігі» – Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымының (ЭЫДҰ) ғылым мен инновация бойынша ұлттық сарапшылар тобымен үнемі түзетіліп жетіліп отырады. Жетекшіліктің бірінші нұсқасы (ғылым мен инновация туралы ақпаратты жинау, өндеу және талдау бойынша ұсыныстардан тұрады) 1963 жылы италияндық Фраскати қаласында қабылданған (осыдан құжаттың атауы шыққан). ЭЫДҰ сарапшылар тобымен үнемі жаң ұсыныстар әзірленгенімен құжттың атауы осылай қала береді. Инновация ұғымына деген жалпы көзқарасты қалыптастыруға әсер еткен екінші құжат 1992 жылы Ослода қабылданған және технологиялық инновациялар туралы мәліметтерді жинақтау әдісін білдіреді («Осло жетекшілігі»).
Қазіргі уақытта осы құжаттарда қабылданған инновация ұғымын басқару саласындағы теоретиктер мен практиктердің көбі ұстанады. Біздің елде инновация туралы нормативтік-құқықтық базаны, инновациялық қызмет туралы тұжырымдамаларды, бағарламаларды, бсқа да стратегиялық құжаттар әзірлеу кезіңде негізге алынды. Бұған ере келе инновация ұғымын біз былай түсінетін боламыз (синонимі – жаңаны енгізу):
Инновация (жаңаны енгізу) – бұл нарықта таратылатын жаңа немесе жетілдірілген өнім немесе практикалық қызметте пайдаланылатын жетілдірілген технологиялық үрдіс түрінде көрінген шығармашылық қызметтің соңғы нәтижесі. |
Басқа сөзбен айтқанда, инновация – бұл тұтынушылардың арнайы сұранысын қанағаттандыру үшін практикалық пайдалану мақсатында жаңа идеялар мен білімді жүзеге асыру нәтижесі.
Бұл дегеніміз, мысалы, сұлбада, сызбаларды бейнеленген немесе түбегейлі сипатталған жаңа идея әзірленді делік, бірақ оны бір де бір салада пайдаланбайды, нарықта тұтынушыларын таба алмайды делік, яғни шығармашылық еңбектің нәтижесі болған бұл жаңа идея, бұл білім инновация болып табылмайды.
Бұдан, инновацияның негізгі қасиеттері (кретириилері) болып келесілер табылады:
- ғылыми-техникалық жаңашылдық;
- практикалық кірігу (өндірістік пайдаланымы), яғни пайдалану, мысалы, өндірісте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда, білімде немесе басқа қызметтік салаларда;
- коммерссиялық жүзеге асырылу, ол жаңашылдық нарықта «қабылданды» дегенді білдіреді, яғни нарықта жүзеге асырылады, бұл өз ретінде тұтынушылардың кейбір сұраныстарын қанағаттандыру қабілетін білдіреді.
«Инновация» ұғымы «инновациялық үрдіс» ұғымымен тығыз байланысты.
Инновациялық үрдіс жаңашылдықты (инновацияны) жасау және таратуды білдіреді. |
Инновациялық үрдісті қарастыруда (1.3 сурет), базалық болып табылатын бір қатар ұғымдарды анықтап алу қажет.
Инвенция, яғни инициатива, ұсыныс, идея, ой, ойлап табу, ашу.
Жаңашылдық – техникалық немесе экономикалық жобаға, модельге, тәжірибелік үлгіге кіріктірілген жұмыс жасалған инвенция.
Инновация тұжырымдамасы – инновацияның белгісін, оның ұйымдастыру жүйесінде, нарықта орнын сипаттайтын бейімделген базистік ұғымдар жүйесі.
Инновация инициациясы – бұл мақсаты инновациялық үрдісті тудыру болып табылатын ғылыми-техникалық, эксперименттік немесе ұйымдастырушылық қызмет.
Инновация диффузиясы – еруші фирмалар (имитаторлар) есебінде иновацияның таратылу үрдісі.
Инновация рутинизациясы – уақыты келе тұрақтылық, үнемділік және ең оңында инновацияның моларьді тозуы арқылы инновацияны алу.
1.3 суреті Инновациялық үрдістің кезеңі
Инновациялық үрдістің динамикасына қатысты түбегейлі сұрақтардың бірі жаңа білімнің пайда болуы мен оны пайдалану, енгізу, яғни инновация арасында пайда болған уақытша интервалдың, лаганың қысқаруы болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, инновациялық үрдістің алғашқы екі компоненті – жаңашылдық және инновация арасында уақыттың зор айырмашылығы бар, бұл жалпы инновациялық үрдісті тежеуілдетеді.