Олдануға болмайтын жерлері: жүрек блокадалары, бұрын қолданған оймақгүл препараттарымен уланулар.
М. ОСПАНОВ атындағы БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ИНТЕРННІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Мамандығы: ЖТД
Кафедра: ЖТД
Пәні: Клиникалық фармакология
Курс: 6
Топ: 631
Тақырыбы: «Қан айналым жүйесі ауруларында қолданылатын дәрілік заттарды клинико фармакалогиялық тұрғыда таңдау және тағайындау»
Орындалу түрі: реферат
Орындаған: Кемалиев М Т
Тексерген: Увалиева Н Т
Ақтөбе 2016 жыл
ЖОСПАРЫ:
I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1) Жүрек гликозидтері бар өсімдіктердің тарихы
2) Жүрек гликозидтерінің химиялық құрамдары
3)Терапевтік дозадағы жүрек гликозидтерінің фармакодинамикасы
4) Жүрек гликозидтерінің фармакокинетикасы
III ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе.
Жүрек гликозидтері (грекше glykys – тəтті) - өсімдік текті азотсыз қосылыстар, декомпенсацияланған миокардқа кардиотоникалық əсер береді жəне жүрек жеткіліксіздігін емдеу мақсатында қолданылады.
«Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» термині бұл əртүрлі механизмдер бойынша дамыған патологиялық күйлерді білдіреді, бұл кезде жүрек мүшелер мен ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету мүмкіндігін ақырындап жоғалтады. Созылмалы жүрек жеткіләксіздігімен халықтың 0,5-2%-і ауырады, оның 10% егде жастағы жəне қарт адамдар. Əр жылдық ауыру 100 мың халыққа 300-дей жағдайға жеткен, жыл сайын аурулар саны көбейіп барады. Бұл өткір миокард инфарктысының өсуі мен қарт адамдар санының өсуіне негізделген. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде ауыр өту ағына байланысты өлім 15% тен 50-ке дейінгі аралықты құрайды. Диагнозды анықтап болғаннан соң ер кісілерде өмірдің орташа ұзақтығы 1,7 жыл, əйелдерде 3,2 жылды құрайды. Аурудың ең кең таралған түрі – сол қарыншаның систолалық дисфункциясына негізделген жүрек жеткіліксіздігі.
Патологияда жүректің шығару көлемі төмендейді, пост күш түсу, жүректің жиырылу жиілігі, циркуляцияда қан көлемі өседі, артериалы вазоконструкция, гипертрофия жəне миокардтың ремоделденуі дамиды. Жүрек жеткіліксіздігіне нейрогумаралды факторлардың балансының бұзылысы тəн, вазопрессин, норадреналин, адреналин, эндотелиндердің, ренинның, цитокиндердің секрециясы күшейеді, азот тотығының, простоциклин жəне эндотелинды гиперполярлаушы фактордың секрециясы төмендейді.
Жүрек жеткіліксіздігінің алғашқы белгілері бар ауруларды компенсация сатысында ұстауда натрийуретикалық пептидтердіңмаңызы зор. Аурудың дамуына қарай бұл пептидтердің қандағы мөлшері көбейеді (əсіресе ми натрийуретикалық пептидтері). Бұл қауіпті болжам белгісі болып табылады жəне өткір жүрек жеткіләксіздігі мен жүрекшелердің фибрилляциясы қаупін көрсетеді.
Жүрек гликозидтерін дəрілік өсімдіктерден алады:
Қара қошқыл оймақгүл | Батыс Еуроппа |
Гүлді оймақгүл | Ресейдің Еуроппалық бөлігі, Солтүстік Кавказ, Орал |
Түкті оймақгүл | Балқан түбегі, Молдавия |
Сарыгүл | Ресейдің Еуропалық бөлігі, Орта Азия, Қырым, Солтүстік Кавказ |
Көктем жалынгүлі | Ресейдің Еуроппалық бөлігінің оңтүстігі жəне орта жолағы, Украина, Орта Азия, Сібір |
Масыр інжугүлі | Ресейдің Еуроппалық бөлігі, Кавказ |
Көмбе строфанты | Шығыс Африка |
Теңіз пиязы | Орта жерорта теңізі |
Қан қызыл оймақгүл (Digitalis purpurea L.)
Ан қызыл оймақгүл – екі жылдық биіктігі 50-120 см болатын шөптесін өсімдік.
Препараты –Дигитоксин.
Ол қан қызыл оймақгүлдің ең белсенді гликозиді, сондай-ақ түкті оймақгүл және басқа оймақгүл түрлерінің құрамына кіреді.
Олданылуы: көбінесе созылмалы жүрек шамасыздығында, ұзақ емдеуді қажет ететін, тахикардияға бейім жағдайда.
Олдануға болмайтын жағдайлар: айқын брадикардия, толық атриовентрикулярлы блокада, стенокардия ұстамасының жиілеуінде.
• Жағымсыз әсерлері мен асқынулар: жүрек айну, құсу, жүрек жиырылуының баяулауы, бигемениялар мен тригемениялар, политоптық экстрасистолиялар, атриовентрикулярлық блокада Қан қызыл оймақгүл , кейде диурездің азаюы.
Түкті оймақгүл (Digitalis lanata Ehrh.)
Түкті оймақгүл - биіктігі 30-80 см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Препараты – Дигоксин, Целанид, Лантозид.
Дигоксин қолданылуы: жедел және созылмалы қан айналымы шамасыздығы I-II A, II Б дәрежесі, жүрекшелер жыбырының тахиаритмиялық түрі, пароксизмді суправентрикулярлы тахикардия.
олдануға болмайтын жерлері: жүрек блокадалары, бұрын қолданған оймақгүл препараттарымен уланулар.
• Жағымсыз әсерлері: дигитоксинмен бірдей.
Даттанған оймақгүл (Digitalis ferruginea L.)