Мұхамеджан Тынышбаев 4 страница
24.Қазан төңкерісі мен Қазақстанның саяси өмірі.Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды.
Қазақстан азаматтық қарама-қарсылық– 1917 – 1920 жылдары аралығында болған саяси-әлеуметтік оқиғалар. 1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кейін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді ( Ақпан революциясы). Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, оларды жазалау тоқтатылды. Сондай-ақ, көтерілісті жазалаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда азаматтық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді (сөз, баспасөз бостандығы, саяси партиялар құру, т.б.). Ә.Бөкейхан жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиялық Алаш партиясын құруға кірісті. Көп кешікпей Уақытша үкіметтің жер-жердегі органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері құрылды. Петроградта және Ресейдің орталық аудандарында қосөкімет орнады, ал Қазақстан көпөкіметтілік жағдайында қалды. Өйткені 1917 жылы наурыз-маусым айларында Қазақстанда билікке уақытша үкіметтің жергілікті органдары, кеңестер, жергілікті Алаш партиясын құрушылар, Жетісу, Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлерінің билеуші органдары, т.б. таласты. Саяси күштер топтала бастады. Атап айтқанда оңшылдарға негізгі мүшелері кадет партиясынан құралған Уақытша үкіметтің жергілікті комитеттері, казачество билеушілері жатты. Аралық (центристік) лагерьді қолдаушылар эсерлер болды. Солшылдарға большевиктер мен солшыл эсерлердің ықпалындағы жергілікті кеңестер жатты. Оларға майданның қара жұмысынан қайтқан қазақ жігіттері мен майдангерлер қосылды. Жер-жерлерде жұмысшылар мен оқушы жастардың қоғамдық-саяси ұйымдары құрылып, саяси мәселелерге араласа бастады. Мысалы, Верныйда Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы, Омбыда Бірлік, Петропавлда Талап, Семейде Жанар, Меркеде Қазақ жастарының революциялық одағы, т.б. құрылды. 1917 жылы 4 – 5 шілдеде Петроградта Уақытша үкімет большевиктер ұйымдастырған ереуілді қарудың күшімен басты. В.И. Ленин мен оның серіктерін тұтқындауға бұйрық берілді. 1917 жылы 11 шілдеде қосөкіметтілік жойылып, ресми билік түгелдей Уақытша үкіметке көшті. Алаш басшылары саяси жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты 21 – 26 шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезін шақырды. Съезде Алаш партиясы дербес саяси ұйым ретінде қайта құрылды. 1917 жылғы тамыз – қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы монархияшыл күштерді әлсіретті. Уақытша үкімет пәрменді әрекет жасай алмай беделінен айырылып қалды. Бүлікті басуда белсенділік көрсеткен большевиктер еңбекшілердің қолдауына сүйенді. Осы кезде өзін Қазақ Социалистік партиясы деп атаған Үш жүз партиясы құрылды. Оның көсемі К.Тоғысов, белсенділері Ш.Әлжанов, Ә.Досов, М.Әйпенов, т.б. болды. Көп ұзамай олар Алаш партиясының басты сынаушыларына айналып, большевиктер жағына шықты.
39. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.
Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған өдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де - өз аддына бір тебе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы бодды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар), "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді. Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбыдцың "Ленинградтық өрендерім" деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Б.Бұлқышев, Т.Жароковтың, Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындары-ның соғыс көзіндегі жазған шығармалырының жігерлендірушілік мәні болды. Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Әдебиет пен өнерді, ғылымды дамытуда қазак мәдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері А.К.Толстой, СЯ.Маршак, КГ.Паустовский, Ф.И.Панферов, С.Н.Сергеев-Ценский, И.П.Бородин, Л.С. Берг, В.И.Вернадский, Н.Ф.Гамалея, Н.Д.Зелинский, Л.И.Мандельштам, Ю.А.Завадский, С.М.Эйзенштейн, Н.Д.Мордвин, В.П.Марецкая, Н.К.Чер-касов, С.С.Прокофьев, С.С.Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғыльши мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп кедці. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент күрылыс материаддары технологаялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазак физкультура институты ашыдды. Интеллигенция Отанға шексіз берілтендіктің өнегесін көрсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажеті-ңежаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, теңдесі жоқ Т-34 танкісі, атақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының жауынгерлері Отанды қорғау туралы, халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жүмьщырылды, тыл мен майданның біршгін арпырды, тылда да, маңцанда да, партизан өлкелерінде хеңісті шындады. Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар дургізді. КСРО халықтарының 70 тіліңде, 28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.Ұлы Отан соғысы кезіңде (1941-1945) Совет Армиясының жауынгерлеріне тылдағы еңбекші халықтың кемегін жеткізген делегациялар. Совет халқының фашист басқыншыларына қарсы күресіндегі майдан мен тылдың бірлігі Қазақстан еңбекшілерінің әскери құрамалармен және бөлімдермен байланысында тылдан майданға және майданнан тылға делегациялар жіберулерінен айқын көріңці. Республиканың таңцаулы адамдары, өндірістегі стахановшылар, озат колхоз-шылар Отанымыздың қаһарман жауынгерлеріне ел сыйлығын алып барып, туған Қазақстанның шын жүректен шыққан ыстық махаббат сезімін, қамқорлығын жеткізді. Алматы қаласы мен Алматы облысы еңбекшілері 1941 жылы желтоқсанда 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының жауын-герлеріне жаңа жылдық сыйлықпен делегация атгандырды. Делегаттар жауынгерлерді гвардиялық жоғары атаққа ие болуымен құттықтады, тылдағы жан қиярлық еңбек жайлы айтып берді. "Гвардияшылардың жүздерін шаттық сезім кернеді, - деп жазды делегаттар елге оралғаннан кейінгі берген есептерінде, - олар өздерінің туыстарына, таныстарына, жерлестеріне дән риза болды, тыл еңбеккерлеріне Қызыл Армияны қару-жарақпен, азық-түлікпен, киіммен үздіксіз қамтамасыз ететіндіктеріне сенімдері арта түсті. Біздер сөйлеп болған соңжауынгерлерге, командирлерге және саяси қызметкерлерге жаңа жылдық сыйлықтарды тарату басталды. Жауынгерлер үлкен қуанышқа бөленді. Олар біздің қолымызды қатты қысты, сол жерде, өздерінің өмірлерін әділ ісіміз үшін, Отанымыз үшін аямайтындықтары туралы серт берді...". Сыйлық тиелген эшелондармен Қазақстан делегациясы қоршаудағы Ленинградқа барды. 1942 жылы ақпан-наурызда Ленинград майданына қарағандылық делегация 24 вагон Ақмола облысының делегациясы 25 вагон азық-түлік жөнё киім-кешек әкелді. Қазақстан еңбекшілері 1943 жылы Қызьві Армияның юбилейі құрметіне Ленинградтың қаһарман қорғаушыларына арналған 65 вагон сыйлық жинадьг. Қазақстан делегациясын ленинградтықтар, жауынгерлер меи командирлер, Балтық теңізшілері мен партизандар ерекше ілтипатпен қарсы алды. Барлық жерде халық көп жиналған митингілер өтті. Ленинград радиосы Қазақстан майданды қару-жарақпен қамтамасыз етудегі ерлік еңбегі жайлы хабар таратты.Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың көрнекті әнші-актерлері К.Ж.Байсейітова, ЖЕлебеков, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Өмірзақов, Ү.Тұрдықұлова, Ә.Ә.Үмбетбаев М.Абдуллин, Б.Артықова, Н.Әбішев, Ш.Бейсекова, Қ.Лекеров; бишілер Ш.Жиенқұлова, З.Розмұхамедова; домбырашы Л.Мұхитов болды. Орыс пен қазақ екі халықтың тарихындағы жарқын беттердің бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО халық комиссалары кеңесінің шешімімен Алматыда біріккен орталық көркем фильмдер киностудиясы құрылып, Қазақстан киноматографтары ресейлік әріптестермен бірге жұмыс істеген шақты қамтиды.Ол Қазақстан кино өнерінің дамуындағы елеулі кезеңге жол ашып берді. «Мосфильм мен «Ленфильмнің шеберлері қазақ әріптестерімен ынтымақтаса жүріп, бірталай көркем фильмдер жасады. Атақты режиссерлар,ВШК оқытушыларыС.Эйзенштейін,С.Юшкевич, Г.Козинцев, Л. Трауберг актер шеберлігі бойынша сабақ жүргізді, кәсіби бай тәжірибелерін ортаға салды. Режиссер-педагогтар О. Пыжова мен Б.Бибиков, У.Шекспирдің пьесасы бойынша әзірлеген, басты рольдерде А.Айманов пен Х.Бокеева ойнаған «Асаға-түсау» спектаклі Қазақ драма театрының ең үздік жұмыстарының бірі болды 1944 жылы Н. Сац пен В.Розов қазақстандық өнер шеберлерімен бірлесе отырып құрған Қазақстандағы тұңғыш балалар мен жас өспірімдер театры көптеген тамаша артистер тәрбиелеп шығарды.Концерттік бригадаларды жазушылар Ә.Әбішев, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы өнер істері жөніндегі басқарманыц бастығы С.Е.Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А-Кузьмич т.б. басқарды. Тыл мен майдан арасындағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942-1943 жылдары Қазақстанға майданнан 16 делегация, ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетгі. Олардың ішіңце Қазақставда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар, Сталинградтық-дунайлық 73-гвардиялық, 391-, 310-, 314-атқыштар дивизияларының т.б. әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлері бодды. Олар кәсіпорын-дарда, колхоз, совхоздарда, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде болып, өз бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып берді. 1943 жылы 10 ақпавда 391-атқыштар дивизиясының делегациясы "Казахстанская правда" газетіне қаһармандығы мен ерлігі үшін Ленин орденімен наградталған майдангер-қазақстандықтар дивизия санитары Сартанов, капитан Ивкин, сержант Кравченко, әскери дәрігер Сухарукова туралы мақала жазды. 1943 жылы сәуір-мамырда екі апта Алматыда және облыста "Киров" крейсерінің делегациясы болды, олар крейсер комсомолецтерінің Қазақстанның барлық жастарына арнаған хатьш ала келді. Қазақстан еңбекшілері делегацияларының майданға баруы әрі майдангерлердің тылға келіп кетуі, демалысқа келген Совет Одағынын, Батырларымен еткізілген кездесулер майдан мен тылдың байланысын бұрынғыдан нығайтты. Совет жауынгерлерін майданда қаһармандықпен соғысуға, тыл еңбеккерлерін жанқиярлық еңбекке жігерлендірді.
40. Соғыстан кейінгі қазақстан.
¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда және Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті. Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақ-стан Кеңес Одағының әскери-енеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды. Қазақ жерінде әскери ендірістің, Семейдеп атом полигонының, басқа да әскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосыл-ды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде - Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа дейінп кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті. Қаратау тау-кен химия ком-бинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақ-стан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қала-ларда 730 өнеркәсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті. Жеңіл өнеркәсіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. Бірәқ бұл Қазақстан экономикасындағы «Б» тобының артта қалуын білдіретін еді. Байланыс саласында Мойынты-Шу, Жамбыл-Шолақтау теміржолдары салынды. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды. Алматы қаласында автомат-ты телефон станциясы іске қосылды. 1960 жылы Қазақстан электр қуатын 1945 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге көп ендірді. Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру ісі қолға алынды. Ол өндірістік күші аз және ұсақ шаруашылықтарды қосу арқылы жүзеге асырыл-ды. Бүл колхоздардың санын 1945-1952 жылдары 3 есеге қысқартып, 2047-ге дейін темендетті. Бұл кезеңде мал басы өсіп, суармалы егістік көлемі 16%-ға ұлғайды. Соғыстан кейінгі кезенде білім, ғылым және әдебиетпң дамуында бірқа-тар жетістіктерге қол жеткізілді. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылы-ми-зерттеу институты жұмыс істеді. 1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Мил-лионер» және И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары және т.б. құнды еңбектер жарық көрді. Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мәскеуде идеологиялық тапсырма непзшде қолдан жасалған «Ленинград ісі", «Дәрігер-лер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов талантты тарихшылардың бірі еді. Соғыс жылдарында белгілі ғалымдармен, тарихшылармен бірге ғылыми шығармашылық жұмыспен белсенді айналыс-ты. Мысалы, соғыс жылдары А. Кучкин, А. Панкратова, Б. Греков, Н. Дружи-нин сынды белгілі ғалымдар енген авторлық ұжымның құрамында «Қазақ КСР тарихын» жазуға қатысты. Бұл аса құнды еңбек 1943 жылы жарық көрді. 1947 жылы Е. Бекмаханов «XIX ғасырдың 2о10 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеоло-гия саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетеріліске қатысты ғалымның көзқарасы ұлтшыл әрі саяси зиянды деп бағалады. Сол себепті 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский және т.б. қудаланды. Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. 1949 жылдың 29 тамызы Қазақ жері үшін ең қасіретті күндердің бірі ретін-де тарихқа енді. Өйткені Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ жасалды. Семей полигонында 1964 жылға дейін ашық атмосферада атом бомбасына 113 сынақ еткізілді. 1964 жылдан бастап жер асты сынақ-тары өткізіле бастады. И. Сталин өлгеннен кейін (наурыз 1953 ж) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды Осы кезде Қазақстан Компар-тиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. Понамеренко, екінші хатшылыққа Л. Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланды. Н. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру ба-ғытында әрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мәселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары әшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сәйкес Қазақстанда Т. Рыс-құлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақтал-май қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі де болса ез күшінде екенін білдірді. 1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» женінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық түрғыда екі бағыты болды: 1. Интенсивтік бағыт - экономиканы реттеудің нарыктық қатынасына көшу. Бірақ та бул социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Ода-ғында тың игеруге дейінп астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бул өнім бұкіл игерілген тың жерлердің енімімен пара-пар болар еді. 2. Экстенсивтік бағыт - астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңцады. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осы-лайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрыл-ды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі кеп жайтты аңғар-тып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кан-темировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Кекшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шақ-канда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын. Тың игерудің непзп қорытындысы - ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақ-стан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жыл-дарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халық-тың әлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі туды. 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан ас-там мал басы болды. Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, XX съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды.