Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының есебі.

Өнімнің өзіндік құн есебі көпшілік жағдайда өндіріс технологиясы мен оның ұйымдастырылуына, өндірілетін өнімнің әртүрлігі мен өндіру жиелігіне байланысты болады.Өндірісті ұйымдастыру – белгіленген мерзімде, бекітілген ккөлемде және сапамен ақшалай, материалдық және еңбек ресурстарын үнемді жұмсауды қамтамасыз ететін өндіріс процесінің құраушы элементтерінің өзара байланысы және жалғасы деп түсінуге болады. Өндірісті ұйымдастыру өзіне мыналарды енгізіеді:

- еңбекті ұйымдастыру, яғни жұмыс күшін орналастыру;

- материалдарды ен жартылай фабрикаттардың қозғалысы, олардың көлемін анықтау;

- жедел жоспарлау;

- техникалық бақылау;

- қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

- өндіріс барысын жедел реттеу.

Жалпы өндірісті ұйымдастыру алғашқы құжаттармен рәсімделеді. Өндіріс шығындарының есебініе сонымен қатар, өндіріс технологиясы әсер етеді. Өндіріс технолгиясы дегеніміз - өнімді өндірудің нақты тәсілдерін айтамыз. Өнім өндіру тәсілдерін, олардың әртүрлігіне өнеркәсіп өндірісінде қарамастан екі үлкен топқа бөледі: өндіруші және өңдеуші. Өндірушіге: кен, көмір, мұнай, газ, балық, орман дайындау және т.б. Бұларды шикізат пен негізгі материалдар шығыны болмайды. Яғни, өндірілген бір өлшем өнімнің өзіндік құнын жұмсалған шығындар мөлшерін алынған дайын өнімінің көлеміне бөлу арқылы анықтайды. Тек көмір өндірісінде жердің бетіне шығыарылған көмірдің өзіндік құны анықталады.Өңдеуші салаға ауылшаруашылығы шикізаттары мен өңдеуді қажет ететін өнеркәсіп саласын жатқызуға болады. Оларға метеллургия, машина құрылысы, химия, текстиль, тамақ және т.б. кәсіпорындарын жатқызуға болады. Өңдеуші өнеркәсіптерде өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру күрделі процесс болып саналады. Себебі, мұнда өнім брнеше технологиялық сатылар арқылы өтіп, жартылай фабрикатттар ретінде бір сатыдан екінші сатыға беріледі. Мніе осы кезде әрбір сатыдан өткен жартылай фабрикаттардың немесе дайын өнімнің өзіндік құнны анықтау қажет болады. Міне, мұның өзін шығындардың бухгалтерлік есебін әрбір сатыда жартылай өндірілетін өнімдер бойынша жүргізуді қажет етеді. Технологиялық процестердің күрделігіне байланысты өндіріст күрделі және жәй деп екіге бөлінеді. Күрделі өндіріске өндірілетін өнім бірнеше күрделі технологиялық сатылардан немесе фазалардан өтетін металлургия, текстиль, аяқ киім, машина құрылысы, балық өңдеу, ет өңдеу өнеркісіптері жатады. Күрделі өндірісте, міндетті түрде аяқталмаған өндіріс қалады.Жәй өндіріс бір ғана технологиялық сатыдан тұратын өнім өндіріс жатады, мысалы: көмір, энергия, жылу өндіру, яғни бұл өнімдер қысқа мерзімнің ішінде өндірілгендіктен мұнда аяқталмаған өндіріс болмайды.Шығындардың аналитикалық есебін ұйымдастыруға сонымен қатар, ұйымның мамандануы, яғни қызмет бағыты,өндірілетін өнімнің жиелігі мен көлемі, оның жие қайталануы сияқты факторлар әсер етеді. Сондықтан осыған байланысты өндірісті массалық, сериялық және жеке деп бөледі.

Көмекші өндірістердің бір-біріне көрсеткен қызметері және шығындарының есебіНегізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып, жұмыс жасайтын және қызметтер көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Оған электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу механикалық цехы, т.б. жатады. Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдер шығарады. Оларда, әдетте аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттар болмайды.Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім шығарады, аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдар, өнім, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша есеп жүргізуді ұйымдастыруды талап етеді. Күрделі өндіріске жөндеу, үлгілік, аспаптық, ыдыс цехтары жатады.Қарапайым өндірісте шығындар есебі баптар калькуляциясы бойынша жүргізіледі.Күрделі өндірісте тікелей шығындар объектінің түрлері бойынша жүргізіледі де, үстеме шығындар есебі ерекше жүргізіледі. Көмекші өндірістер шығындардың есебі келесі шоттарда жүргізеледі:

8030 “Көмекші өндірістер”

8031 “Материалдар”

8032 “Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы”

8033 “Еңбекақыдан аударымдар»

8034 “Үстеме шығыстар”

Наши рекомендации