Тақырып 2. 1917 жыл Қазан төңкерісі және В.И. Ленин

1. Ленин және большевизм: «Апрель тезистерінен» Қазан декреттеріне дейін.

2. Большевиктік және басқа да саяси партиялар. Әскери-пролетарлық диктатура.

3. Қазақстанда большевиктік биліктің орнауы. В.Ленин және Түріккомиссия.

В.Ленин 1917 жылы 4 сәуірде партияның Орталық Комитетінің, Петербург комитетінің мүшелері алдында, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің бүкіл Ресейлік большевик делегаттары алдында «Пролетариаттың үстіміздегі революциядағы міндеттері туралы» баяндамажасады. Баяндаманың тезистері 7 сәуірде «Правдада» жарияланды. Ол тарихта «Апрель тезистері» деген атпен қалды. Онда айтылған басты мәселе «буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революцияға ұластыру». Ленин өз серіктеріне «бұрынғы большевик» қалпында, яғни 1905-1907 жылдардағы саяси-идеялық деңгейдеқалып қоймауды ескертті. Ол революцияның мақсаты буржуазиялық-демократиялық болатын. Тоталитарлы мемлекеттің болашағын болжап берген В.Лениннің «Мемлекет және революция» деген еңбегі болды. Ол «жаңа пролетарлық мемлекет... «жаңа диктаторлық» мемлекет» - деп атады. Диктатурада басшылық жасап, бағыт беруші коммунистер партиясы болатынын атап көрсетті. В.Ленин өз хаттарында партияны көтеріліс ұйымдастыруға шақырды. Оның нәтижесі 1917 жылғы 25 қазанда (7 қараша) көрінді. Осы күні Кеңестердің ІІ съезі В.Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттарға және шаруаларға!» үндеуін қабылдады. 2 қарашада «Ресей халықтарының деклорациясы», «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі және жер туралы, бітім туралы, сауатсыздықты жою туралы бірқатар дектреттер қабылданды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауының орталықтан басқаша өзіндік ерекшеліктері болды. 1917 жылғы көктем мен жаз айлары қазақ қауымының барынша жанданған кезеңі болды.

Ол бірнеше бағытта: халық өкілдерінің Ақпан төңкерісінен кейін мемлекеттік құрылысқа қатынасу, ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар құру, әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламаларын жасау және елдің саяси өміріне араласу бағыттарында көрініс тапты. Либерал-демократиялық бағыттағы зиялылар Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, М.Шоқай Ақпан төңкерісі жеңісінен кейін қазақ интеллигенциясы өкілдерінен кімдерді жаңа мемлекеттік құрылым қызметіне ұсыну қажет деген мәселе төңірегінде кеңесе бастады. Олардың ұсынысы бойынша Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының әртүрлі дәрежедегі басқару жүйесінің чиновниктері болып А.Бірімжанов, Ғ.Кенесарин, А.Тұрлыбаев, М.Саматов т.б. тағайындалды. Елде қос үкіметтің жергілікті органдары және қазақ комитеттері құрылды, сонымен қатар еңбекшілердіңбұқаралық ұйымдары да құрыла бастады.

Қазақстанның 20-ға жуық қалалары мен елді мекендерінде оқушылардың, ауыл мұғалімдерінің бастарын біріктірген қазақ жастарының ұйымдары пайда болды. Омбыда «Демократиялық оқушы жастар кеңесі» мен «Бірлік» ұйымы, Ақмолада «Жас қазақ», Спаскі заводында «Жас жүрек» Әулие ата уезі, Мерке қыстағында Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революциялық одағы», Семейде «Жанар», Қызылжарда «Талап» т.б. жастар ұйымдары құрылды. Жастар ұйымдарының көпшілігі алғашқы кезде өздерінің алдына ағартушылық мақсаттар қойды. Елдегі әлеуметтік-саяси өзгерістердің ықпалымен кейбір жастар ұйымдары: «Қазақ жастарының революциялық одағы», «Жас қазақ», «Демократиялық оқушы жастар кеңесі» өз бағдарламаларына ағартушылық мақсаттармен қатар ауылдағы үстем таптарға, уақытша үкіметке қарсы кұрес талаптарын кіргізіп, түбірлі әлеуметтік, таптық мәселелерді көтере бастады. 1917 жылдың жазына қарай Ақмолада С.Сейфуллин, Б,Серікбаев басшылығымен құрылған «Жас қазақ» ұйымы»Тіршілік» атты газетін шығарып ауылдағы үстем таптарға, Уақытша үкіметке, алашшылдарға қарсы күрес жүргізді.

Қазақ жастары ұйымдары барлығы бірдей болған жоқ. Семейдегі «Жанар», Қызылжардағы «талап», Омбыдағы «Бірлік» ұйымдары «Алаш» партиясының ықпалында болып, әлеуметтік-таптық тартыста соның саяси бағытын қолдады. 1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демокатиялық қозғалыс жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімін әлсіретті. Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер шешімін таппады. Уақытша үкімет ұлт және аграрлық мәселелерді демократиялық тұрғыда шешуге талпынбады. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болып қала берді. Осыдан кейін УЦақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейханов пікірі де күрт өзгерді. Ол өзінің «Мен Кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында оқырман назарын негізгі үш мәселеге аударды: жер, автономия, дін мәселесі.

Сөйтіп Ә.Бөкейханов Ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға кірісті. 1917 жылы 21-26 шілдеде өткен І Бүкілқазақтық съезд «Алаш» партиясының құрылғандығын жариялады. 1917 жылдың қазан-қараша айларында тағы да бір ұлттық-саяси ұйым «Үш жү» партиясы дүниеге келді. Ол өзін «қырғыздың (қазақтың) социалистік партиясы» деп атады.

1917 жылғы қыркүйек-қазан айларында лениндік ұрандарға сенген Қазақстанның жұмысшылары, кедей шаруалары өкіметті Кеңестердің қолына беруді, өнеркәсіп орындарында жұмысшы бақылауын орнатуды талап ете бастады. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде терең бетбұрыс жасаудың алғышарттары пісіп жетілді. Қазан төңкерісіне тікелей дайындық кезеңінде Қазақстанға большевиктік эмиссарлар келе бастады. Қазақстанда Кеңес өкіметін түпкілікті орнатуда В.Ленин қол қойған арнайы мандатпен келген эмиссарлық орган Түріккомиссия да ерекше белсенділік көрсетті. 1917 жылы 28 қарашада Халық Комиссарлар Кеңесінің шығарған «Төңкеріске қарсы болған азамат соғысы көсемдерін тұтқындау» туралы декреті шықты. Осы декретте кадет партиясы мүшелеріне қаратылып «халық жауы» деген термин енгізілді. Халық Комиссарлары Кеңесінің 1918 жылғы 5 қыркүйектегі «Қызыл террор туралы» қаулысында «террор», «концлагерь» терминдері де енді.

Коммунистік партия мүшелері идеялық жағынан біркелкі, саяси мәселелер жөніндегі көзқарастары, ой-пікірлері бір жерде тоғысып жатуы тиіс болды. Алайда, партия мүшелерінің бәрі тең құқықты болған жоқ. Партия мүшелерінің тең құқықтығы партия құжаттарында айтылғанымен, төменгідлер партияның жоғарғы органдарындағы көсемдерінің көзқарасын ұғынып, істі жалғастыру дәстүрі қалыптастырылды. Партияның басшылық рөлі алғашқыда социализм құрудағы қажеттіліктен туындаса, уақыт өте келе билікті толық қолға алған соң тоталитардық жүйенің асыра сілтеулерін ақтап қалуға қажет болды. Төңкерістен кейін орнаған билік – жұмысшы мен шаруалар табының билігі деп ұрандалғанымен, шын мәнісінде партиялық билік орнады.

Негізгі әдебиет: [2, 5, 7, 9, 10].

Қосымша әдебиет: [17, 20, 22, 24, 30, 31, 32, 37].

Наши рекомендации