Карантиндік зиянкеспен күресу шарасы

Қазіргікездекарантиндікзияндыорганизмдер (КЗО) - жатағанукекіре, американдықақкөбелек, қауыншыбыны, жусанжапырақтыжэнекөпжылдықойраншөп, жүлсызжібеккөбелегіт.б. республикажерінемил-лиондағаншығынкелтіреотырып, шапшаңтарапкеледі. Егертүбегейліжоюшараларынқолданбаса, осымиллиондағаншығынмиллиардтағаншығынғаайналуыдағажапемес. Осығанбайланысты, «Карантиндiкобъектiлер, бөтентектітүрлержәнеерекшеқауiптi зияндыорганизмдертiзбелерiнбекiтутуралы» ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295 Қаулысынаөзгерістеренгізілді. Қызылордаоблысыныңаумағында 2005 жылданберібұрынбайқалмағанкарантиндікзиянкес - қауыншыбыныпайдаболды. Облысәкімінің 2007 жылдың 7 наурыздағы №46 қаулысыменөсімдіктерзиянкесі - қауыншыбыныныңтаралуынабайланыстыоблысаумағындакарантиндікаймақбелгіленді. Облыстаүшжылдақауыншыбынынақарсымемлекетқаржысынан 31 млнтеңгежүмсалған. БұлзиянкесҚызылордаоблысыаймағытүгілі, ОңтүстікҚазақстанжәнеЖамбылоблыстарынатарапкетті. Қазақстан Республикасы бойынша қауын шыбыны 2012 жылғы маниторинг бойынша 9 облыста 31950 га жерге тексерілген. Барлығы залалданған жер көлемі 7891 га жерді құрады. Олар Қызылорда облысында (56,4%), Оңтүстік Қазақстан облысында( 43,4%), Атырау облысында (0,2%) таралған. Химиялық өңдеу жұмыстары 3170, 5 га жерде жүргізілді. Өңдеу жұмыстары Қызылорда облысында 2360 га ( 74,4%), Оңтүстік Қазақстан облысында 802,5 га ( 25,3%), Атырау облысында 8 га (0,2%) жүргізілді. Ал 2013 жылы 4720 га жер өңделді, нақты Қызылорда облысында 2360 га, Оңтүстік Қазақстан облысында 802,5 га, Атырау облысында 8 га жер. Жоғарыда келтірілген мәлеметтерге сүйенсек, қауын шыбынының негізгі шоғырланған жерлері Қызылорда облысында болып отыр. Жалпы қауын шыбыны омыртқасыздар жүйесіндегі қосқанаттылар жасағының (Diptera) алақанаттылар (Trepetidae) тұқымдастарына кіреді. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, жер бетінде өсімдіктердің жемістеріне зиян келтіретін шыбындардың 5000-нан астам түрлері бар. Олардың ішінде бақша дақылдарының жемістерін ішінен зияндайтын екі түрі өте қауіпті болып табылады. Оның біреуі - бұл жерортатеңіздік (шығыс) қауын шыбыны (Bactrocera cucurbitae Cog), ол Австралия, Үндістан, Жапония, Малайзия, Гавай аралдарының аумағында кеңінен таралған. Екіншісі - ортаазиялық қауын шыбыны(Myiopardalis pardalina Big) көптеген жылдар бойы Израиль, Ауғанстан, Түркия, Әзірбайжан, Иран, Иракта кеңінен тарап, ауыл шаруашылығы дақылдарына елеулі зиянын тигізді. Ал соңғы жылдары Түрiкменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстанның бақшалы егістіктерінде пайда болды да, бақша дақылдарына нұқ- сан келтіре бастады. Ортаазиялық қауын шыбыны Өзбекстанда өте қауіпті ішкі карантинді нысан болып табылады. Оның ғылыми атауы Carpomya pardalina Bigot. Негізгі синонимі: Myiopardalis pardalina Bezzi, Carpomyia caucasica Zaitzev. Carpomya pardalina атауын шыбынға француз ғалымы Биго 1891 ж Белуджистанда (Пакистан мен Иран территориясындағы тарихи аймақ) жиналған үлгі деректері бойынша атаған. Кейінірек Бецци (Bezzi 1910) бұл түрді Myiopardalis pardalina атауымен әкелді. Бұл бунақденелілер азия елдерінде кездеседі деп хабарланған: Азербайджан, Афганистан, Египет, Израиль, Индия, Ирак, Иран, Левант, Пакистан, Сирия, Таджикистан, Түркменстан, Түркия және Өзбекстан. Қауын шыбынының денесі 5,5 – 6,5 мм, түсі ақшыл-сары болады. Арқасында қызыл-қара-ақ түстерден тұратын қабыланның терісінің суретіне ұқсаған дақтардың жиынтығы шоқтанып орналасқан. Қанатында қоңырлау түсті үш көлденең жолақ бар. Шеткі екі жолақтың ұштары түйісіп, латынша V әріпіне ұқсап тұрады. Ұрғашы шыбындардың денесі ұзынша, сопақтау болып, реңі қанық сары болады. Олардың қарынының астыңғы жағында жұмыртқа салуға арналған іші түтік инесі бар. Жұмыртқаның тұрқы 1 мм шамасында. Құрттары ақ түсті, ұзындығы 8 – 10 мм-ге жетеді. Қуыршақтың сыртқы қабығы бірнеше бунақтардан тұрады, ұзындығы 7 – 8 мм болып, түсі қызыл-қоңыр болады. Қауын шыбынының қуыршағы жалған қуыршақтар тобына жатады. Қауын шыбыны өзінің өмір сүру кезеңінде 100 – 150-ден астам жұмыртқаны қауынның гүл шоғырына, түйнегіне, қабығына салады және сонымен қатар қауынның етін 1мм тереңдікке дейін тесіп кетеді. 16 – 18см тереңдікте топырақ астында қуыршақ күйінде қыстап шығады. Қауынның гүлдеу және түйнек салу кезеңінде қауын шыбыны жемістің шырынымен қоректенеді. Қауынның түйнегіне қауын шыбыны өзінің 120 жұмыртқасын қалдырып кетеді. 5 – 7 күннен кейін жұмыртқадан жас қауын етімен қоректенген дернәсіл пайда болады. Дернәсіл қауынның етімен қоректенгенде оның сілекейі бөлінеді, сілекейінің құрамында қауынның етін қатты, ащы және жеуге жарамсыз күйге келтіретін ферменттер болады. Қауын шыбынының өзіне тән ерекшелігі – ол қауынға оның белгілі өсу кезеңдерінде ғана зақым жасайды. Негізінен қауын шыбыны қауынның тек түйнектерін ғана, қауын іспек сала бастаған кезден бастап зақымдайды да оның басқа бөліктеріне тиіспейді. Зақымдалған қауындар шіріп кететіндіктен пайдалануға жарамайды [1,2]. Қауын шыбыны қауынға үлкен зиян келтіреді, жыл сайын орташа есеппен өнімнің 40 – 50%, ал кейде 60 – 70% жойылады. Қарақалпақстан Өзбекістан республикасының құрамында жылдар бойы қауын шыбынынан бақша дақылдарының жарты зиян шегіп отыр, сонымен қатар келесі жылдары мақта алқабына зиянын тигізеді деген қауіп бар. Мақта Өзбекістан үшін экспорттық дақыл және де мемлекетке түсетін пайданың жартысын қамтамасыз етеді. Қарақалпақстандық өсімдік қорғау инспекциясы Қарақалпақстанның оңтүстік ауданынан былтыр көктемде қауын шыбыныныңдернәсілі табылғаны туралы айтылды. Бұл туралы басшылық хабардардар еді, бірақ бұл зиянкеспен диқандар өздері күресе алады деп ешқандай шара қолданбады. Қарақалпақстан халқы үшін қауын – өте маңызды өнім, диқандар сатып пайда табады. Көп балалыларға және жағдайы төмен отбасылар үшін қауынның жазғы-күзгі кезеңде қолжетімді бағамен сатылуы олардың негізгі тағамдары болып саналады. Қауынды қыста кептірілген түрінде және жаңа піскен түрінде сақтайды. Қызылорда облысының аумағында биылғы жылы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерде қауын шыбынының зияндылығы аз болып, өңдеу жұмыстары жүргізілмеген жеке есік алдындағы қауындарға қауын шыбынының зияндылығы мол әсерін тигізді.Сол себептен химиялық өңдеу жұмыстарын есік алдындағы жеке бақшадан бастау қажет. Химиялық өңдеу жұмыстарын гүлдеп болып, түйнек сала бастағаннан 3-рет жүргізілуі керек. Жүргізілген бақылаулар мен ғылыми-зерттеулер көрсеткендей, қауын шыбынымен күресу үшін оған қолайлы кезеңдер мен мерзімдерді таңдап алу керек.Себебі ересек шыбындар ұшып жүреді әрі жылдам қозғалып отырады. Жұ- мыртқалары мен дернәсілі жемістің ішінде, қуыршақтары топырақта болады. Тиісінше қауын шыбынының көбеюінің алдын алу мен олармен күресу шараларын жүргізу кезінде осы жағдайларды есепке алу қажет. Тамыздың соңы мен қыркүйектің басында пайда болған қауын түйнектерінің көпшілігі толықтай пісіп үлгермейді. Зиянкестің осы жемістерде жұмыртқалайтынын ескере отырып, диқандардың егіс алқаптарында қалған өнімді дернәсілдер шыққанға дейін толықтай жинап алып, 50-100 см тереңдікте көміліп тасталынады.

Дәріс

Наши рекомендации