Ажеттілікті аныҚтаудыҢ негізгі приницптері

МАҚСАТЫ: Арнайы әсер ететін, нормаланатын дәрілік заттар мен әсер спектрі кең дәрілік заттарға тұрғындар мен емдеу алдын алу ұйымдарының қажеттілігін анықтау әдістерімен студенттерді таныстыру.

ЖОСПАРЫ

1. Дәрілік препараттарға қажеттілікті анықтаудың маңызы.

2. Дәрілік препараттарды тұтыну түрлері. Дәрілік препараттарға қажеттілікті қалыптастыратын факторлар.

3. Дәрілік препараттарға қажеттілікті анықтау әдістерінің жіктелуі.

4. Арнайы әсері бар, қатаң нормаланатын және әсер спектрі кең дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау әдістері.

Нарық - бұл өндіріс және тұтынумен тығыз байланысты экономикалық қызметтің объективті қажетті сферасы. Нақты тұтынушыны білу және оның барлық талаптарына икемді жауап бере білу қазіргі кезде маңызды болып табылады, өйткені онсыз тауарлардың сатылуы, кәсіпорын кірісінің жоғарылауы қамтамасыз етілмейді.

Дәрілік зат – бұл тауар, яғни сатуға арналып шығарылған адам еңбегінің өнімі.

Тауарлық саясатты жүргізе отырып, кәсіпорын немесе фирма, сапасы және бәсекелестік мүмкіндігі жоғары, яғни тұтынушылар басқа тауарларға қарағанда сатып алуға ұмтылатын өнімдерді шығаруды мақсат тұтады. Дәрі-дәрмектерге қажеттілікті зерттеу және анықтау келесілермен байланысты:

1) нақты тұтынылуын анықтаумен;

2) оларға сұраныстың өзгеруіндегі заңдылықтарды анықтаумен;

3) тұтынылуға әсерін тигізетін факторлардың толық комплексін ескерумен.

Нақты қажеттілікті білу өндіріс ассортиментін дұрыс анықтауға, тауарлардың бір түрі бойынша тапшылықты азайтуға және басқа тауарлардың жатып қалуын болдырмауға мүмкіндік береді. Басқа жағынан, дәрі-дәрмектерге және басқа медициналық тауарларға қажеттілікті дұрыс анықтау тұрғындарды және емдеу алдын алу ұйымдарын қажетті дәрілік препараттармен барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дәрі-дәрмектерге қажеттілікті дұрыс анықтау мәселесі дәріхана ұйымдарында және дәрі-дәрмекті жеткізумен айналысатын әртүрлі фирмаларда жетекші орындарды алады.

Барлық дәрілік препараттар үш топқа бөлінеді:

а) арнайы әсер ететін препараттар;

б) құрамында есірткі зат болуына байланысты тұтынылуы қатаң нормаланатын препараттар;

в) әсер спектрі кең препараттар.

Арнайы әсер ететін препараттардың тұтынылуы негізінен ауыруға және бір науқасты емдеу үшін бір жылға тағайындалатын дәрі-дәрмектердің мөлшеріне байланысты болады. Есептеу әрбір препарат үшін жеке келесі формула бойынша жүргізіледі:

П = Р •К•Б ,

мұндағы П – арнайы әсер ететін препаратқа бір жылға қажеттілік; Р – бір науқасты емдеудің бір курсына кететін препарат; К – бір жылдағы емдеу курсының саны; Б – жоспарлы жылға осы аурумен ауыратын науқастардың болжамдық саны.

Алынған нәтижелерді алдыңғы бірқатар жылдардағы және ағымдағы жылдағы осы препаратты тұтынудың нақты динамикасымен салыстырады, ауытқуларын анықтайды және қажет болған жағдайда қажетті түзетулерді енгізеді.

Диабетке қарсы препараттарға қажеттілікті есептеу:

П = ажеттілікті аныҚтаудыҢ негізгі приницптері - student2.ru а•в•с•365   ,
1000

мұндағы П – бір жылға препаратқа қажеттілік; а – қызмет көрсетілетін тұрғындардың саны; в – препаратқа орташа тәуліктік қажеттілік; с – зерттелетін жылдағы ауыру дәрежесі (1000 тұрғынға науқастың саны); 365 – жылдағы күндер саны.

Қант диабетін емдеу үшін препаратқа қажеттілікті есептеу ағымдағы жылдың 1 қаңтарына емдеу алдын алу ұйымдарында диспансерлік байқауда және есепте тұрған, диабеттің әртүрлі формасымен ауыратын науқастардың санына байланысты жоспарлы жылға жүргізіледі. Құрамында инсулині бар препараттарға қажеттілікті бір науқасқа орташа күндік қажеттілік - 0,2 флакон есебі бойынша анықтайды.

Нақты әдісті таңдау келесі факторларға байланысты болады:

· жоспарлы кезеңнің ұзақтығына;

· дәрілік зат топтарының спецификасына;

· қажеттілікті қалыптастыратын факторлар туралы сандық өлшенетін бастапқы ақпараттың болуына;

· дәрілерді тұтыну шамасы туралы ретроспективті шынайы ақпараттың болуына;

· фармацевтикалық қызметті басқару деңгейіне;

· ЭЕМ көмегміен есептеулерді автоматтандыру құралдарының болуына;

· дәрілерге және басқаларына қажеттілікті жоспарлаумен айналысатын мамандардың біліктілігіне.

Ағымдағы, жылдық және қысқамерзімдік жоспарлау үшін нормативті және индекстік әдістерді қолданған дұрыс, ал песрпективалы және ұзақмерзімдік болжам үшін – ұжымдық сараптық бағалау комплексінде модельдеу әдістерін.

Тұтынылуы қатаң нормаланатын препараттар үшінесептеу келесі формуламен жүргізіледі:

П = Н•Ч   ,
1000

мұндағы П – осы препаратқа жылдық максималды қажеттілік мөлшері; Н – осы препараттың жылына 1000 тұрғынға шаққандағы тұтынылу нормасы; Ч – тұрғындар саны.

Есірткі және психотропты заттарға жылдық қажеттілікті анықтау кезінде оларға емдік және ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған қажеттілікті есептеуді жетекшілікке алады, бұл препараттардың уақытша шекті рұқсат етілген шығын нормасынан асырмайды. Осы топтағы дәрілердің қажеттілігіне қатаң ыңғайдың болуы тапсырыстардың көп мөлшерде берілуіне және олардың емдеу алдын алу ұйымдарында жиналып қалуына жол бермейді.

Этил спиртіне қажеттілік те ҚР ДСМ бекіткен нормативтердің негізінде анықталады. Бұл нормативтер дифференцияланған және оған ауруханаларға, ауруханалық-емханалық ұйымдарға, балалар мекемелеріне, интернаттарға және т.б. арналған нормалардың 100-ден аса түрі кіреді. Медициналық ұйымдардың әрбір топтары үшін бірыңғай көрсеткіштер белгіленген. Мысалы, барлық емдеу алдын алу ұйымдары үшін (оның ішінде диспансерлер) арнайыландырылған медициналық көмектің түріне байланысты жылына 1 төсекке норматив белгіленген. Олар төсек специализациясын ескере отырып қалалық және ауылдық жерлердегі медициналық ұйымдар үшін бірдей.

Әсер спектрі кең дәрілік заттарға қажеттілікті есептеу.Бұл топқа дәрілік заттардың кең көлемі кіреді. Оған көптеген аурулар қоздырғыштарына қарсы белсенділігі бар препараттар жатады: антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, нитрофуран туындылары, галоидтар, тотықтырғыштар, ауыр металл тұздары, фенолдар және т.б.

Бұл топтың препараттарына қажеттілікті есептеу сұраныстың толық қанағаттандырылуын ескере отырып олардың нақты жұмсалуы туралы мәліметтерге негізделген.

Әсер спектрі кең препараттарға қажеттілікті анықтау бойынша барлық жұмыс екі этапқа бөлінеді: 1) қажетті мәліметтерді жинау және оларды талдау; 2) жеке дәрілік заттарға қажеттілік мөлшерін есептеу бойынша есептеулерді жүргізу.

Дәрілік заттарға құажеттілікті дұрыс анықтау тапсырыстарды жасауға негіз болып табылады.

ӘДЕБИЕТ

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

3. Косова И.В. Организация и экономика фармации. – Москва, 2004.

4. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Дәрілік заттарға қажеттілікті және оның дәріхана, фирма және дәріханалық қойманың қаржы-шаруашылық қызметіне әсерін анықтау.

2. Дәрілік заттарды тұтыну түрлері.

3. Дәрілік заттарға қажеттілікт іқалыптастыратын факторлар.

4. Дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау әдістерінің жіктелуі.

5. Туберкулезге қарсы дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау әдістері.

6. Диабетке қарсы препараттарға қажеттілікті анықтау әдістері.

7. Қолданылуы сәйкес нормативті құжаттармен шектелген, қатаң нормаланатын дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау (есірткі дәрілік заттар, этил спирті).

8. Әсер спектрі кең препараттарға қажеттілікті әртүрлі әдістермен анықтау.

ДӘРІС 13

ТАҚЫРЫП:ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ АЙНАЛЫМ СФЕРАСЫНДА ЛОГИСТИКАЛЫҚ

Наши рекомендации