Тасқынды құрылыстың жалпы түсініктемесі және оны анықтау
Құрылыс объектілерінің функционалды қызметі бойынша және құрылыстық
конструктивтік сипаттамалары бойынша жіктелуі
Салынып және жаңғыртылып жатқан құрылыс жобалары мен техниканың ең жаңа жетістіктері негізінде тұрғызылуы қажет, ал өндірістік кәсіпорындар пайдалануға берілгенге дейін салынатын тұрғын үй, қоғамдық және басқа да үймереттер мен ғимараттар техникалық жағынан озық және қазіргі заман талаптарына сай болуы керек. Барлық құрылыс-құрастыру жұмыстары сапалы әрі қысқа мерзімде жүзеге асырылуы тиіс.
Құрылыс салуды жеделдету, құрылыс-құрастыру жұмыстарының өзіндік құнын арзандату және құрылысшылардың еңбек өнімділігін арттыру үймереттер мен ғимараттардың түрлеріне және олардың ең қолайлы деген құралымдық шешімін табуына едәуір дәрежеде байланысты.
Құрылыс өндірісінің негізгі өнімі үймереттер мен ғимараттар болып табылады.
Үймереттер – көтергіштер мен қоршаулардан немесе олардың жиынтығынан (көтергіштер мен қоршаулардан) құралған құралымдардан жасалған, жер үстінде өзара тұтасатын аумақ болып қалыптасқан құрылыс жүйесі. Онда адамдар тұрады, болмаса атқаратын міндеттеріне байланысты келіп-кетіп жұмыс істейді. Және ол түрлі өндірістік процестерді атқару үшін пайдаланылады.
|
1-сурет. Құрылыс объектілерінің жіктелуі |
|
Ғимараттар – түрлі өндірістік процестерді атқаруға, түрлі материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды сақтауға, адамдардың болуына, жүк және адамдардың алмасып тұруына және басқа да мақсаттарға пайдаланылатын құрылыс жүйесі. Ғимараттар аумақты, жазықты немесе ұзынша, жерастылық, жерүстілік және жердегі болып бөлінеді.
Телевизиялық мұнаралар, көпірлер, стадиондар тағы басқалар ғимараттар болып табылады.
Үймереттер мен ғимараттар пайдалану мақсатына қарай өндірістік және азаматтық, инженерлік және гидротехникалық болып бөлінеді.
Өндірістік ғимараттар - өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісін орналастыру, адамдардың еңбек етуіне және технологиялық жабдықтарды пайдалануға қажетті жағдайлар жасау үшін қызмет етеді.
Азаматтық үймереттер мен ғимараттар – тұрғын үй және қоғамдық болып бөлінеді. Тұрғын үй үймереттерді қатарына адамдардың тұрақты тұруына арналған пәтерлік үйлер, уақытша тұруына арналған жатақханалар мен қонақүйлер жатады. Қоғамдық үймереттер мен ғимараттар тұрғындарға әлеуметтік қызмет етуге (мектептер, театрлар, мұражайлар, ауруханалар) арналған; қоғамдық ғимараттарға метрополитендер, стадиондар және басқалар жатады.
Территориялық-шашылыңқы объектілер бір-бірінен мақсаты жағынан байланыспаған, едәуір қашықтықта орналасқан, пайдалану мақсаты жағынан бір-біріне байланысты емес.
Құрылыстық-технологиялық белгілері жағынан бұл объектілер біртекті және әртекті болып бөлінеді.
Біртекті объектілер – бірыңғай құралымдарды қолданумен ерекшеленеді. Сондықтан мұндай объектілер біртүрлі тұрақты технологиялар бойынша салына береді. Бұл объектілер біртүрлі және әртүрлі учаскелерден тұруы мүмкін. Оларда атқарылатын жұмыс көлемі мен мөлшері құралымдарды құрастыру реттілігі мен әдістеріне байланысты болады.
Біртекті объектілердің мөлшері мен көлемі бірдей және бірнеше рет қайталанатын типтік секциялардан құралатындығына байланысты оларды салуда ырғақты объектілік тасқын әдісін өолдану тиімді. Мұндай объектілерге жеңіл, аспаптар жасау, радиотехникалық және басқа да өнеркәсіп салаларының тұрғын үйлері, бірқатар азаматтық, бірқабатты және көпқабатты үймереттер, бойлап салынған ғимараттар (жолдар, құбыр жүйелері және басқалар) жатады.
Әртекті объектілерде типтік көп қайталанатын секциялар болмайды, жұмыс көлемі әркелкі, үймереттің түрлі бөлектерінде әртүрлі құралымдар (болатты, құрама темірбетон, біртұтас темірбетон және басқалар) пайдаланылады, күрделі және үлкен іргетас құйылады. Әртекті объектілер қатарына көмір және тау кен кәсіпорындарының, қант және цемент зауыттарының, жылу және атом электр станцияларының және тағы басқалардың корпустары жатады.
Үйлер мен ғимараттарды тұрғызудың тасқынды әдістері.
Жұмысты жүргізу жобасы
Құрылыс өнімдері – үймереттер немесе олардың бөліктерін бірқалыпты шығару үшін жұмыстың үздіксіз және ырғақты жүргізілуін қамтамасыз ету, қаржы, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік базаларды, құрылыс машиналарын және жабдықтарды толық іске қосу тасқынды құрылыстың міндеті болып есептеледі.
Осыған орай қажетті қазіргі заманғы және кешенді материалдық-техникалық ресурстармен жабдықталған еңбек ұжымдарының (бригадалар, тасқындар) тұрақты құрамдарының үздіксіз және бірқалыпты жұмыстарының нәтижесінде дайын құрылыс өнімдерін (салынып біткен үймереттер, ғимараттар, аяқталған жұмыс түрлері және тағы басқалар) жоспарлы түрде, ырғақты шығарып отыруын қамтамасыз ететін құрылыс жұмыстарын және тұтастай құрылысты ұйымдастыру мен жүргізуді тасқынды әдіс деп атайды.
Жалпы құрылысты жүйелі, жарыспалы немесе тасқынды әдістермен ұйымдастыруға болады.
Жүйелі әдіс бойынша әрбір келесі үймерет (ғимарат) оның алдындағы құрылыс аяқталғаннан кейін салынады. Бұл жағдайда құрылыс мерзімі ұзарады.
Жарыспаллы әдіс бойынша барлық үймереттер (ғимараттар) бір мезгілде салынады, бұл қаржылардың көп шоғырландыруын талап етеді, ал құрылыстың жалпы ұзақтығы едәуір қысқарады.
Тасқынды әдісті қолдану кезінде үймереттер мен ғимараттарды салудың технологиялық процесі құрама процестерге жіктеледі, олардың әрқайсысын салу үшін бірдей уақыт бөлінеді және әртүрлі үймереттерде олардың ырғақты орындалуы қадағаланады.
Тасқынның есепті параметрлері
Уақыттық, технологиялық және кеңістіктік сипаттамалар – тасқынның уақыт және кеңістік бойынша даму көрсеткіштері болып табылады.
Тасқынның уақыттық параметрлеріне мыналар жатады:
Т0 – тұтастай тасқын бойынша жалпы жұмыс ұзақтығы;
Т1 – тасқын бригадаларының бір алымдағы барлық жұмыстар орындалуының жалпы ұзақтығы;
Тбр – барлық алымдардағы әрбір жеке бригаданың жалпы жұмыс ұзақтығы;
t6р – алымдағы бригаданың жұмыс ырғағы, бригада жұмысының ұзақтығы;
tұй – бір алымдағы шектес бригадалардың жұмыстары аралығындағы ұйымдық үзілістер;
tтехн – бір алымдағы шектес бригадалардың жұмыстары аралығындағы технологиялық үзілістер;
tырғағы – тасқын ырғағы (адымы), бір алымдағы жеке немесе мамандандырылған тасқынды құрайтын және бір бригада (звено) күшімен атқарылатын барлық технологиялық және ұйымдық жағынан бөлінбейтін операциялар мен жұмыстардың орындалу уақыты.
Алмаспайтын құрылыс тасқыны.
Алмаспайтын үздіксіз құрылыс тасқынын әдетте өздерінің практикалық қызметінде үй салынатын комбинаттар, ал соңғы жылдары селолық құрылыс комбинаттары да пайдаланып жүр. Ол құрылыс және өндірістік тасқындар жиынтығынан құралады.
Құрылыс тасқыны – үймереттер құрылысын салуды қалыпты және үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, уақыт және кеңістік бойынша дамитын, өндіретін процесс.
Өндірістік тасқын – бұл да уақыт және кеңістік бойынша дамитын өндірістік процесс. Ол кесілген уақыт ішінде белгіленген барлық технологиялық процестердің қатаң орындалуын және тапсырмаға сай қарқынды шығарылатын өндіріс өнімдерін технологиялық бағыт бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді.
Уақыт және кеңістік бойынша тасқынның дамуын сипаттайтын тәуелсіз өлшемдер мен қатынастар жүйесі алмаспайтын құрылыс тасқынының параметрлері болады.
№30 дәріс