Рылыстағы келісім-шарт жүйесі
Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
жұмыс оқу жоспарлары және оқу
бағдарламалары комитетінің төрағасы
_____________________Шомантаев А.Ә.
«____» ________________20___ж.
«ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ»
пәні бойынша
5B072900 – «Құрылыс» мамандығының студенттері үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қызылорда 2013
«Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару» пәнінен оқу-әдістемелік кешен 050729 – «Құрылыс» Қазақстан Республикасы 3.08.355-2006 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (Астана, 2006) және пәннің оқу бағдарламасының (Қызылорда, 2012) негізінде жасалған.
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастырған: «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы
Будикова Айгуль Молдашевна
«Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару» пәнінен оқу-әдістемелік кешені «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарында талқыланған және бекітілген.
№01 хаттама « 31 » тамыз 2013ж.
Кафедра меңгерушісі ________________ К.Н.Байтасов
Пәннің оқу-әдістемелік кешені политехникалық институтының оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитеті мәжілісінде қаралып, бекітілді.
№01 хаттама «01қыркүйек 2012ж.
жұмыс оқу жоспарлары және оқу
бағдарламалары комитетінің төрағасы: Шомантаев А.Ә.
МАЗМҰНЫ
Реттік саны | бет | |
Пәннің оқу бағдарламасы | ||
Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы (syllabus) | ||
Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат | ||
Пәннің еңбек сыйымдылығы | ||
Пәннің сипаттамасы | ||
Пәннің мақсаты мен міндеттері | ||
Пәннің мазмұны | ||
Негізгі әдебиеттер тізімі | ||
Студенттердің білімдерін бағалау критерийлері | ||
Саясаты және процедуралары | ||
Дәрістер жинағы | ||
Практикалық сабақтар жинағы | ||
Аралық бақылау сұрақтары | ||
Студенттің өзіндік жұмыстары тақырыптары | ||
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ
«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Оқу бағдарламалары комитетінің
төрағасы____________А.Ә.Шомантаев
« 02 » қыркүйек 2013ж.
«Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару» пәнінен
5B072900 – Құрылыс мамандығы бойынша
ОҚУ БАҒДАРЛАМА
Қызылорда 2013
Оқу бағдарлама 5B072900 – Құрылыс мамандығы үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен (№528 04.08.2003) бекітілген типтік оқу бағдарлама негізінде құрастырылды.
Құрастырған: «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының
техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы Будикова А.М.
Оқу бағдарлама кафедра мәжілісінде қарастырылды.
Хаттама №01 « 02 » қыркүйек 2013ж.
Кафедра меңгерушісі: Байтасов К.Н.
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл бағдарлама 5B072900 – Құрылыс мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға ортақ білім стандартына сай және «Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару» пәні үшін оқу ақпарында қарастырылған сағат көлемі негізінде жасалған.
Қазіргі заманғы инженер-құрылысшы құрылыс өндірісін жоспарлау және атқару бойынша терең білімге және машыққа ие болуы тиіс.
«Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару» курсын үйрену мақсаты студенттерге құрылыс өндірісін ұйымдастыру, жоспарлау және басқарудың теориялық негіздері жайлы түсінік беру болып табылады.
«Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару» пәнін үйрену міндеттері.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:
- құрылыс өндірісін ұйымдастырудың осы заманғы әдістерін; құрылыстағы ұйымдық және келісім-шартты қатынастарды; жобалау және ізденістерді ұйымдастыруды; сумен жабдықтау және суды әкету желілері мен тораптары құрылысын желілі жоспарлау және басқару желілері мен тораптары құрылысын материалдық-техникалық қорлармен жабдықтау жүйесін білуі тиіс;
- сумен жабдықтау және суды әкету желілері мен тораптары құрылысына келісім-шарт жасай алуы;
- қоршаған ортаны қорғау және су қорларын тиімді пайдалану талаптарын ескере отырып, сумен жабдықтау және суды әкету жүйелері құрылысына және оларды пайдалануға байланысты міндеттерді белгілеуге және оларды шешуге қабілетті болуы;
- сумен жабдықтау және суды әкету желілері мен тораптары құрылысын ұйымдастыру жобасының негізгі бөлімдерін жасай алуы;
- таңдалынып алынған критерийлерді ескере отырып, сумен жабдықтау және суды әкету желілері мен тораптары құрылысының күнтізбелік жоспарын жасауға;
- сумен жабдықтау және суды әкету желілері мен тораптары құрылысына қажетті материалдық-техникалық ресурстардың көлемін анықтай алуы;
Құрылыс – монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз етуі, желілерді төсеу, жүйелерді жинақтау және тұрғызу барысына авторлық бақылау жүргізуі.
Жобалық шешімдерге техника-экономикалық баға беруі тиіс.
Курсты оқып үйрену құқықтану, математика, информатика, экономикалық теория негіздері, психология және педагогика, менеджмент және маркетинг негіздері, құрылыс өндірісінің технологиясы пәндеріне арналған білімге арқа сүйейді.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Пәннің мақсаты мен міндеттері. Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару пәні зерттеу объектісі. Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару пәнін зерттеудің негізі. Пәннің басқа пәндермен байланысы. Курс бойынша оқу семинарларын ұйымдастыру.
I-тарау. Өнеркәсіптік және азаматтық тұрғын үй объектісінің құрылысын ұйымдастыру негіздері.
рылыстағы келісім-шарт жүйесі
Құрылысты ұйымдастырудың мердігерлік әдісі. Оның мәні мердігерлік құрылыс. Құрылыс ұйымдарын жіктеу. Құрылыс ұйымдарының сапасын сандық сипаттамалары. Субмердігер ұйымдардың тапсырысшыларымен жүйесіндегі басмердігерлермен әрекеттесуі. Жалпы құрылыс өндірісі жүйесі өндірістік мамандандырылған ұйымдардың алатын орны. Құрылыс ұйымдардың іс-әрекет ерекшеліктері. Тапсырыстар және оларды алу процесі. Саудаға қатысу процедурасы.
Құрылыстағы келісім-шарттар жүйесі. Оның заңдық негізі. Келісім-шарт типтері және оларды жасау тәртібі. Келісім-шарт бойынша пікір алшақтығын шешу.
1.2. Құрылыстағы жобаларды басқарудың