СӨЖ ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
««БЕКІТЕМІН»
ОӘЖ бойынша проректор э.ғ.д., профессор
________________ Г.Ж. Нұрмұханова
« 31 » тамыз 2012ж.
Студенттерге арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Пәннің аты:__Жобаларды басқару
Мамандық (шифры, атауы ) 5В050700 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В090800 «Оценка», 5В070300ИС
Оқу түрі: күндізгі
Пәннің коды: UPR3223
Күндізгі оқу бөлімі | Кешкі оқу бөлімі | Сырттай оқу бөлімі | |
Кредит саны | - | - | |
Курс | - | - | |
Семестр | - | - | |
Аралық бақылау (саны) | - | - | |
Экзамен (семестр) | - | - | |
Дәрістер (сағат) | - | - | |
Тәжірибелік (семинар) сабақтар (сағат) | - | - | |
СОӨЖ (сағат) | - | - | |
СӨЖ(сағат) | - | - | |
Барлық сағат саны | - | - |
Алматы, 2012
Оқу бағдарламасын дайындаған аға оқытушы Ибрагимова Акгул Амангельдиевна
(Оқытушының аты-жөні)
«Экономика» мамандықтарына арналған типтік бағдарлама негізінде дайындалды
(қандай құжаттар негізінде)
Оқытушы туралы мәлімет және қосымша ақпарат: мамандығы экономист, «Менеджмент», «Персоналды басқару», «Маркетинг» т.б. нарықтық қатынастарға байланысты білімін жоғарлату курстарын аяқтаған. Соңғы он бес жылда менеджменттің түрлі бағыттарынан дәріс оқиды, семинарлық сабақтарды өмір тәжірибесі мысалдарымен байланыстыра жүргізеді. Орыс тілді экономикалық бағыттағы әдебиеттерді қазақ тіліне жоғары сапада аударады. Тел.: 8-775-523-56-84.
Оқу бағдарламасы «Менеджмент» кафедрасының жиналысында талқыланды
(кафедраның аты)
«_28_» тамыз 2012 ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент Бреслав Е.П.
(қолы, аты-жөні)
«Экономика және есеп» факультетінің деканы э.ғ.д.,проф. Мұхаммедов Ә.О.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған
№ 1 хаттама
« 31 » тамыз 2012 ж.
КІРІСПЕ
Кредиттік оқу жүйесі оқытушылардың жұмысын айтарлықтай өзгертеді, студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының сапасын жоғарлату үшін оқытушылардың үнемі ізденіп, өзін-өзі жетілдіріп отыру қажеттігі туындайды. Әсіресе аудиториялық сабақтарда студенттердің біліктілігін арттыру мәселелерін ұйымдастыру және басқару үшін арнайы әдістемелік және дидактикалық дайындық кешені болу қажет.
Кредиттік оқу жүйесінде шәкірттердің талабын толық ескеретіндей білім беру талаптарын қамтамасыз ететін, оқытушылар арасында бәсеке туғызатын, түрлі оқыту әдістемелерін жетілдіре отырып пайдаланатын, оның ішінде оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен сапасын жетілдіріп, жақсарта түсу қарастырылған. Білім беру жүйесінде қоғамның әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру жолында қазіргі заманға лайықты жаңар- тылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау көзделген.
Syllabus– бұл курстың жан-жақты, терең дайындалған түрі, оны сол пән бойынша дәріс оқитын, сабақ жүргізетін оқытушы дайындайды.
Оқу жұмыс бағдарламасы (syllabus) пәнді оқыту бағдарламасын көрсететін негізгі оқу-әдістемелік құжат. Syllabus әрбір академиялық кезеңнің басында студентке ұсынылады.
Оқу жұмыс бағдарламасының (syllabus) сыртқы беті қатаң түрде берілген форма бойынша (1 қосымша) дайындалады. Бұл бетте: университеттің, кафедраның аты, бағдарламаның, пәннің атауы, кредит саны, нешінші семестр екені көрсетіледі. Қарсы бетінде (1.1 қосымша) осы бағдарламаны дайындауға негіз болған типтік бағдарламаның аты, оқытушы туралы мәлімет беріледі.
Бағдарлама кафедра жиналысында талқыланып бекітіледі, унивеситеттің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап, ең соңында университеттің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры «Бекітемін» деп қол қояды.
Оқу жұмыс бағдарламасы (syllabus) кафедрада оқытылатын әр сабақ бойынша дайындалады. Егер аттас пәндер әртүрлі мамандықтарға оқытылатын болса, ол пән үшін барлығына бір бағдарлама дайындау мүмкіндігі кафедрада анықталады.
Пәнді оқыту міндеттері студенттердің білімі мен қабілетін дамыту жолындағы талаптарға сай белгіленеді. Білім беру міндеттемелері бекітілген квалификациялық сипаттамада көрсетілген мамандарды дайындау талаптарын жүзеге асыру ережелеріне сәйкес болуы тиіс.
Өткізілетін курсқа дейінгі (пререквизиттер) және сол курстан кейін өтетін (постреквиэиттер) пәндер тізімі берілуі тиіс.
Пререквизиттер – осы пәнді игеруге негіз болатын пәндер: Экономикалық теория, макроэкономика, микроэкономика.
Постреквизиттер – аталған пәнді қорытындылап, бекіте түсетін пәндер тізімі: Еңбек ресурстарын басқару, инновациялық менеджмент, стратегиялық менеджмент.
Пәннің сипаттамасы.«Жобаларды басқару» пәнін оқу барысында болашақ мамандар өз білімдерін, инвестициялық шешімдер қабылдау үшін қажет, қаржылық және экономикалық талдау тәсілдерімен толықтырады. Сонымен қатар, кезкелген саладағы басқаруды ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-қимылын қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының нақты жағдайларында қолданудың әістерін түсінуге қол жеткізу болып табылады.
Осы пән бойынша студенттерді оқытудың белсенді әдістері: имитациялық (жағдайды талдау, имитациялық жаттығулар), ойындық, (іскерлік ойындар, рольдерде ойнау, жобалау), имитациялық емес (тәжірибелік сабақ, тақырыптық пікірталас) тәсілдер қолданылады.
Пәнді оқыту мақсаты. Студенттердің жобаларды басқару игеруі, олардың аталған курсты оқу арқылы алған білімдері фирмалар мен компанияларда іс жүзінде, тәжірибеде қолдануға ықпал етеді.
Пәнді оқыту міндеттері. Білім алушылардың бойында жобаларды басқару жайында нарықтық катынастарға сай нақты, қазіргі заманға байланысты толық көзкарас қалыптастыру, яғни жобаларды басқару пәнін ғылым және өнер ретінде түсіну, түрлі ұйымдарды басқарудың жүйесі ретінде, жоғары коммерциялық нәтижелерге жетудегі тиімді стратегиялық бағдарламалар жасауға бағытталған қызмет ретінде түсінік қалыптастыру.
Пәннің мазмұны
1.1 Күнтізбектік -тақырыптық жоспар:
Апталар | Тақырып атаулары | Сағат саны | |||
Лекциялар | Практика | СОӨЖ | СӨЖ | ||
1. | Жобаның экономикалық мазмұны. | ||||
2. | Жоба түрлерінің жіктемесі. | ||||
3. | Жобалардың мақсаты мен стратегиясы. | ||||
4. | Жобалардың өмірлік циклы. | ||||
5. | Жобаны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық экономикалық жүйесі. | ||||
6. | Жобаларды басқару әдістері. | ||||
7. | Жобаларды талдауда қолданылатын есептеу тәсілдері Проценттерді есептеу тәсілдері. | ||||
8. | Дисконтау, NPV, ARR, IRR. | ||||
9. | Ұзақ мерзімдік қарыздарды қайтару тәсілдері. | ||||
10. | Инвестициялық жобаларды қаржылық-экономикалық бағалаудың негізгі ережелері. | ||||
11. | Ақша ағымын анықтау тәсілдері. | ||||
12. | Жобалардың тәуекелдігін бағалау. | ||||
13. | Инфляция жағдайының инвестициялық жобаларды бағалауға тигізетін әсері. | ||||
14. | Жобаларды қаржыландыру | ||||
15. | Жобаны басқарудың нәтижесі. | ||||
БАРЛЫҒЫ |
1.2 СӨЖ орындау және тапсыру мерзімдері:
№ | Тапсырманың тақырыбы | Тақырыптың мазмұны | Ұсынылатын әдебиеттер | Бақылау түрі | Тапсыру мерзімі (апта) | Ең жоғарғы бағалау көрсеткіші (балл) |
Жобаларды басқарудың мәні және түсінігі. Жоба мақсаты. | Жобаны түсінудегі екі негізгі тәсілдер. Жобаны басқарудың базалық түсінігі. Жоба мақсаты. | Нег.әдеб.1,2,3,4 Қос. әдеб. 1,2, | Жазбаша (реферат) | |||
Жобалық және тұрақты қызмет: ұқсастығы және ерекшелігі. | Жобалық және тұрақты қызметтердің ұқсастығы. Операциялар мен жобалардың арасындағы айырмашылық. Қазіргі жағдайдағы жобалық қызметтердің айырмашылығы. | Нег.әдеб.1,2,5,6 Қос. әдеб. 2,3 | Реферат | |||
Жоба сәттілігінің триплеті: бюджет және сапа, мерзімдері. | Жоба сәттілігі түсінігінің мәні. Бюджет жобасы және сапа, мерзімі белгілері сәйкестігін қамсыздандыру күрделілігі.Сәттілік триплетінің жобасы. | Нег.әдеб.1,2,5,6 Қос. әдеб. 6,7 | Реферат | |||
Бағдарлама жобалық топ ретінде. Жоба негізінде. | Жоба үддерісінің негізгі екі тобы. Жоба негізінің түсінігі және оның қажеттілігі. Бағдарлама түсінігі жобалық топ ретінде. Жобаларды басқару мен жалпы басқару байланысы. | Нег.әдеб.1,2,3,6 Қос. әдеб. 2,4 | Реферат | |||
Жоба портфелін басқару. | Жоба партфелі түсінігі және оны қазіргі жобаны ұйымдастыруындағы қажеттілік. Жоба партфелінің тиімділігін қамсыздандыру. Жоба партфелін басқару. | Нег.әдеб.1,2,4,9 Қос. әдеб. 2,3 | Тақырыпқа сай пікірталас өткізу | |||
Жобаның өмірлік партфелі. | Жобаның фазалары және сатылары. Жобаның тармақтары. Жоба сатылары: инвестиция алдында, инвестициялық, жалдамашылық. | Нег.әдеб.1,2,3,10 Қос. әдеб. 2,3 | Реферат | |||
Жобаны басқару қызметтері. | Жобаны басқару қызметтері: жоспарлау, басқару, бақылау, ұйымдастыру, әкімшілік және басқа жалпы жүйелік қызметтері. Жобаны басқарудың астарлы жүйесі. Фазалардың, қызметтерінің өзара байланыстылығы және жобаны басқарудағы астарлы жүйесі. | Нег.әдеб.1,2,3,11 Қос. әдеб. 4,5 | Реферат | |||
Жобалардың классификациясы. | Жобалардың классификация типтері: шағын жобалар, мега жобалар, күрделі жобалар, халықаралық жобалар. | Нег.әдеб.1,2,3,12 Қос. әдеб. 5,6 | Реферат | |||
Жоба қатысушылары (мүдделі жақтары). | Жоба қатысушылары және мүдделі жақтары. Жобадағы рөлінен. Бұйырушы, атқарушы ұйымымен және командалық жоба арасындағы өзара қатнастары. | Нег.әдеб.10,12,13 Қос. әдеб. 7,8 | Реферат | |||
Жобаны ұйымдастырушылық құрылымын басқару. | Құрылымды ұйымдастыру қызметі. Жобаға бағытталған ұйымдастырушылық құрылымы. Матрицалық ұйымдастырушылық құрылымы. Аралас ұйымдастырушылық құрылымы. | Нег.әдеб.1,2,3,5 Қос. әдеб. 8,9 | Реферат | |||
Жобаны басқару процессінің моделі. Жоба инициациясы. | Жобалар инициациялары. Жоба идеясын қалыптастырудың негізгі себептері. Жобаны алдын-ала мақсат, міндеттерін өңдеу. | Нег.әдеб.1,2,4,5 Қос. әдеб. 10,13 | Реферат | |||
Жобаны жоспарлау процессі және әдістері. | Негізгі ұғымдар және анықтама. Жоба жоспары. Жоспарлау деңгейі. Жобаның күнтүзбелік жоспары. Жобаны жоспарлау дәйектемесі. SWOT - анализ әдістері | Нег.әдеб.1,2,8,9 Қос. әдеб. 8,13 | Реферат | |||
Жұмыстың иерархиялық құрылымы(WBS). | Мазмұнының декомпозициясы. WBS егжей-тегжейлі деңгейі. WBS негізіндегі жобаны иерархиялық құрылымы. Жобаның құрылымдық мүмкін болатын қателігі. | Нег.әдеб.1,2,9,10 Қос. әдеб. 9,10 | Реферат | |||
Жобаларды басқарудағы желілік жоспарлау: желілік моделі және оның құрылымы. | Желілік диаграмма ұғымы. Желілік диаграмма типтері. Желілік жоспарлау әдістері. Желілік моделі және оның құрылымы. | Нег.әдеб.1,6,10 Қос. әдеб. 1,2 | Реферат | |||
Сыни жолдар әдісі (Critical Path Method). | “Сыни жол” ұғымы. Сыни жолдар әдісі. Уақыттың толық қоры. | Нег.әдеб.1,2,3,5 Қос. әдеб. 2,3 | Реферат | |||
Гант диаграммасы. | Гант диаграммасын құру үшін желілік процедура жиынтығы. Желілік моделін өңдеу процессі. Жұмыс кешенін анықтау. Жұмыс көрсеткіштерін бағалау. | Нег.әдеб.1,2,3,9 Қос. әдеб. 2,3 | Реферат | |||
Орны толатын және орны толмайтын ресурстар. | Ресурстардағы қажеттілікті анықтау. Ресурстарды теңестіру. Операция ұзақтығын жоспарлау. | Нег.әдеб.1,2,3,6 Қос. әдеб. 6,7 | Реферат | |||
Жобаны атқару процесі немесе іске асыру. | Жобаның жоспарын атқару. Салыстырмалы негізгі жоспарды ағымдағы атқару мониторингісі. Мерзім және бюджет бойынша келешектегі атқару кезеңдерін болжау. Жобаның түзетуші іс-қимылы және тәжірибиесі. Жоба жұмысын санкциялау процедурасы. Жобаны атқару жағдайы жайында ақпараттарды алмасу үшін кезеңдік жиналыс. Жоба жұмыстарының нәтижесі. | Нег.әдеб.1,2,4,5 Қос. әдеб. 2,3 | Реферат | |||
Жобаны талдау және бақылау процессі. | Талдау және бақылау процессі. Жоспардан ауытқу. Атқару жайындағы есеп беру: мерзімі, құны, ресурстары, тәуекелі, келісімдері. Меңгерілген көлемді талдау. | Нег.әдеб.1,2,3,6 Қос. әдеб. 2,3 | Реферат | |||
PERT жобасын атқару мерзімін бақылау әдісі(Program Evaluation and Review technique). | Бақылау жүйесіндегі талаптары. Жобаны атқару мерзімі. PERT жобасын атқару мерзімін бақылау әдісі. | Нег.әдеб.1,2,3,7 Қос. әдеб. 2,3 | Реферат |
СӨЖ ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар
Өзіндік жұмыс кең мағынада өз бетінше ойлауды және студенттің таным белсенділігін ынталандыруға жағдай жасайтын кез-келген іс-әрекет. Өзіндік жұмыс семинар сабақтарына дайындалу барысында, консультацияларда, жеке тапсырмаларды орындауда, баяндама, рефераттар жазуда, конспект жазуда жүзеге асады. Бұл жұмыстар арасында айқын шек жоқ, сондықтан өзіндік жұмыс аудиторияда және аудиториядан тыс орындалады. Білім беру стандарттары өзіндік жұмыстарға арнайы сағаттардың бөлінуін қарастырған. Бұл оның оқу үрдісіндегі маңыздылығын көрсетеді.
«Жобаларды басқару» пәнін оқыту барысында СӨЖ жүргізудің жазбаша түрде, реферат дайындау формалары қолданылады. Өзіндік жұмыс түрлерінің тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, лекция материалдарымен және тақырып бойынша ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттермен танысу қажет. Қажетті ақпаратты іріктеп алғаннан соң, қысқаша конспект жазған орынды. Пысықтау мақсатында қосымша бірнеше сұрақтар ұсынуға болады. Бұл топ алдында сөйлеу үшін пайдалы. Мысалы, “Жобаларды талдау” тақырыбы өте ауқымды, күрделі мәліметтерді талдауды қажет етеді. Мұндай ауқымды материалды игеру сатылық сипатта жүруге тиісті. Алдымен осы тақырыптың негізгі мазмұны мен мәселелерін түсіндіруші лекция материалдарын игеру, одан соң СӨЖ барысында жекелеген сұрақтар бойынша қысқаша конспектілеу, одан әрі нақты бір мәселеге (функциялар түрлеріне) байланысты реферат жазу қарастырылады. Жеке тапсырмалар әртүрлі формада болу қажет. Оның үстіне, студенттің тілегі бойынша, ғылыми зерттеуге қабілеті мен ынтасын ескере отырып, жеке тапсырмаға өзгеріс енгізуге болады. Сонымен қатар, СӨЖ жеке тапсырмалар ретінде және шағын топтарда оындалуы мүмкін. Келесі нұсқада барлығына бірдей сұрақтарда СӨЖ тапсырмасы беріліп, оны бағалауда олардың бірдей сұрақтарды дербес, шығармашылық тұрғыда талдауы ескеріледі.
1.3. СОӨЖ орындау мерзімі:
№ | Сабақтардың тақырыптары | Тапсырманың мазмұны | *Ұсынылатын әдебиеттер | Өткізу түрі | Апталар және сағат саны | Ең жоғарғы бағалау мөлшері (балл) |
Жобаны аяқтау процесі. Жобаны түзетуші іс-қимылы және тәжірибиесі. | Аяқтау процесі. Келісімнің аяқталуы. Әкімшілік аяқтау. Жоба нәтижелерін белгілеу және құжаттау. Тапсырыс беруші жоба өнімдерін формалды қабылдау. Жобалық материалдар архивін құру. Жобаны аяқтау түрлері. Аяқтау бойынша іс-әрекет. | Нег.әдеб.1,2,3,4 Қос. әдеб. 1,2, | Іскерлік ойы | |||
Жобаларды талдау мағыздылығы, мәні және мазмұны. | Жобаларды талдаумағыздылығы. Жобаларды талдау мәні. Жобаларды талдау мазмұны. | Нег.әдеб.1,2,5,6 Қос. әдеб. 2,3 | Әл-Фараби бойынша басшының 12 қасиетін талдау | |||
Жобаларды іске асырудағы инвестициялардың экономикалық тиімділігін бағалау маңыздылығы және көрсеткіштері. | Тиімді инвестициялық жобаларды бағалаудың негізгі принціптері. Тиімді жобаларды есептеу үшін бастапқы көрсеткіштері. Жобаның тиімділігін негізгі көрсеткіштері. Тиімді инвестициялық жобаларды бағалау. | Нег.әдеб.1,2,5,6 Қос. әдеб. 6,7 | Пікірталас | |||
Дисконттау ұғымы. Берілген капитал салымдарының құнының ұғымы. | Ақша легінің дисконттау түсінігі. Дисконттауды пайдаланудағы негізгі экономикалық нормативтері. Дисконт нормасы. | Нег.әдеб.1,2,3,6 Қос. әдеб. 2,4 | Іскерлік ойын өткізу: | |||
NPV және IRR көрсеткіштерінің экономикалық мәні. | NPV және IRRкөрсеткіштерінің экономикалық мәні. Көрсеткіштердің есептеу формуласы. | Нег.әдеб.1,2,4,9 Қос. әдеб. 2,3 | Реферат | |||
Жобаны ақтау мерзімінің мәні және маңыздылығы. Ақтаудың дисконттық мерзімі. | Жобаны ақтау мерзімінің мәні. Жобаны ақталу мерзімін есептеу формуласы. Дисконттық ақтау мерзімінің мәні. Жобаны ақталу мерзімін дисконттық есептеу формуласы. | Нег.әдеб.1,2,3,10 Қос. әдеб. 2,3 | психологиялық тест өткізу | |||
Жоба құнын басқару: мәні және мазмұны. | Жоба құнын басқарудың негізгі принціптері. Жоба құнын бағалау. Ресурстар құны. Жоба операциясының тұрақты және өзгермелі құрамдас құны. Ресурстар құнының ұқсас бағалары. Төменгі және жоғарғы әдіс бойынша ресурстарды бағалау(WBS). Компьютерлік әдістер. Нақты бағалау диапозоны. | Нег.әдеб.1,2,3,11 Қос. әдеб. 4,5 | фирманыңқұрылымын талдау | |||
Бюджеттеу ұғымы. Жоба бюджеттері және жоба партфелі. | Бюджеттеу ұғымы. Бюджет түрлері. Бюджеттер көрсету формасы.Жоба бюджеттері және жоба партфелі. | Нег.әдеб.1,2,3,12 Қос. әдеб. 5,6 | Бірнеше топқа бөлініп, жобаның бюджетін талдау | |||
Жоба құнын басқару: меңгерілген көлем әдісі. | Меңгерілген көлем әдісі. Жұмыс графигі мен құнындағы алшақтықты анықтау. Жұмыс аяқталуының пайыздық бағалауы. | Нег.әдеб.10,12,13 Қос. әдеб. 7,8 | Жаңа ұйыммен таныстыру (презентация) | |||
Жоба құнын бақылау. | Жоба құнын бақылау әдісі. Жоба құнының бақылау құрамы. Дәстүрлі құнды бақылау әдісі. | Нег.әдеб.1,2,3,5 Қос. әдеб. 8,9 | Іскерлік ойын: | |||
Тәуекелдерді басқару жобасы. | Тәуекелдерді жоғалту және қайтару мүмкіндігі. Тәуекелдік оқиғасы . Тәуекелдер категориясы. Форс-мажор. Құндық басқару нәтижесінің бірегейлігі. Қалыптасқан деңгейге дейінгі тәуекелділік әсерінің төмендеуі. Анықтылық және белгісіздік. | Нег.әдеб.1,2,4,5 Қос. әдеб. 10,13 | Іскерлік ойын:Топтардың келіспеушілік себептері және оны шешеу жолдарын анықтау | |||
Тәуекелдер классификациясы. | Субъекттер байланысты тәуекелдер түрлері. Зақым деңгейі бойынша тәуекелдер түрлері. Сфералық көрінісі бойынша тәуекелдер түрлері. Пайда болу көздері бойынша тәуекелдік түрлері. Тұйықталған жүйедегі жобаларға байланысы бойынша тәуекелдердің түрлері. Шығын немесе табыстағы нәтижесі бойынша тәуекелдер түрлері. | Нег.әдеб.1,2,8,9 Қос. әдеб. 8,13 | Өткен тақырыптар бойынша «Ойлан, тап» ойыны | |||
Тәуекелдерді сандық және сапалық бағалау. | Математикалық статистикалық әдістер көмегімен тәуекелді сандық бағалау. Тәуекелдерді эксперттік бағалау әдісі. Тәуекелдерді имитациялық моделдеу әдісі. Бірнеше жеке әдістердің бірігуі немесе олардың жеке элементтерінің білдіретін үйлестіру әдісітері. | Нег.әдеб.1,2,9,10 Қос. әдеб. 9,10 | Пікірталас | |||
Жоба сапасы. | Жобаның сапа менеджменті. Жоба сапасы және жоба өнімінің сапасының өзара байланыстылығы. Жобаларды пайдалану сапасын көтеру. | Нег.әдеб.1,6,10 Қос. әдеб. 1,2 | Іскерлік ойын өткізу: | |||
Жоба сапасын басқару. | Қазіргі басқару сапасының концепциясы. Деминг бойынша сапаны басқару. Кайзен. Дәл мерзіміне. Сапаны марегиналдық талдау. Жалпыламалық сапаны басқару(TQM). Концепциясының негізгі жағдайы TQM. Сапаны жоспарлау. Исикава диаграммасы. Сапаны қамтамасыз ету. Сапаны бақылау. | Нег.әдеб.1,2,3,5 Қос. әдеб. 2,3 | Реферат | |||
Сапа менеджмент стандарттандырылған жүйесі: ИСО 9001-2000 және т.б | Компания сапасы бойынша құжаттау жүйесі. Сапа элементері бойынша методологиялық инструкциясы. Сапаға жалпы регламенттеуші талаптары, стандарттары.(стандарттар сериясы ICO 9000 және EN 29000). Мемлекет стандарттары, стандарт баламалығы ICO және EN. | Нег.әдеб.1,2,3,9 Қос. әдеб. 2,3 | Пікірталас | |||
Адамдар ресурсын басқару процестерінің жобасы. | Билік және әсер етуі. Ұйымдағы саясат. Мінез құлқы саясаты.Қарым қатнас принціптері. Командалық менеджмент. Ұйымдастырушылық мәдениет. Келіссөздер күрделілігі. Жобалық менеджердің негізгі сапасы. Персоналды басқаруды психологиялық аспектілері. | Нег.әдеб.1,2,3,6 Қос. әдеб. 6,7 | Іскерлік ойын өткізу: | |||
Қатысушылар мүддесінің шиеленісі. Шиеленістердің шешу тәсілдері. | Шиеленістер. Шиеленістердің әскери фазасы. Шиеленістің конструктивті фазасы. Шиеленістің коммуникативті фазасы. Шиеліністерді шешу тәсілдері. | Нег.әдеб.1,2,4,5 Қос. әдеб. 2,3 | Реферат | |||
Жоба коммуникациясын басқару процессі және мәні. | Жоба коммуникациясын басқару. Жобаны басқарудағы ақппараттық технологиясы. Жобаларды басқарудағы ақппаратты жүйесін енгізу ерекшелігі. Қоғаммен байланысы. | Нег.әдеб.1,2,3,6 Қос. әдеб. 2,3 | Реферат |