Авторлық сыйақының ең төмен ставкалары

"Туындыларды көпшілік алдында орындау, көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшін, туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын қолдану тәртiбi жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 362 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 қазандағы N 1083 "Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын бекiту туралы" қаулысының 3-тармағын орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Туындыларды көпшiлiк алдында орындау, көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн, туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын қолдану тәртiбi жөнiндегі нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министрдiң
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрi мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 362 бұйрығымен бекiтiлген
Туындыларды көпшiлiк алдында орындау, көпшiлiкке
хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн, туындыларды
қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн
авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын
қолдану тәртiбi жөнiндегi нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық туындыларды көпшiлiк алдында орындау, көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн, туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын қолдануды белгiлейдi.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) көп актiлi драмалық және музыкалық-драмалық туындылар кемiнде екi актiсi бар туындылар;
2) "үлкен құқықтар" туындылары - басқару немесе лицензиялау жеке негiзде жүзеге асырылатын туындылар;
3) "кiшi құқықтар" туындылары - басқару ұжымдық негiзде жүзеге асырылатын туындылар;
4) өлеңмен жазылған туынды - сахнадан айтылатын мәтiннiң кемiнде жартысы өлең түрiнде жазылған туынды;
5) авторлық құқықпен қорғалмайтын туындылар - халық шығармашылығы туындылары, қорғау мерзiмiнiң аяқталуына байланысты қоғамдық игiлiкке айналған туындылар;
6) "кiшi құқықтар" туындыларын көпшiлiк алдында орындау дербес маңызы бар музыкалық-драмалық туындылардың бөлiмдерiн (ариялар, әндер) көпшiлiк алдында драмалық емес орындау;
7) пьеса - театралдық көрсетуге арналған драмалық туынды;
8) сахналау-пьеса - басқа туындылар, оның iшiнде халық шығармашылығы туындыларының сарындары бойынша жазылған пьеса.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 қазандағы N 1083 "Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын бекiту туралы" қаулысында (бұдан әрi - қаулы) көзделген туындыларды көпшiлiк алдында орындау үшiн ставкалар бойынша авторлық сыйақы Қазақстан Республикасының аумағында орындаушы-әртiстердiң, сондай-ақ техникалық құралдар арқылы да драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық туындыларды, концерттiк, цирк, би бағдарламаларын, мәтiнi бар және мәтiнсiз музыкалық туындыларды көпшiлiк алдында орындағаны үшiн есептеледi.
4. Қаулыда көзделген туындыларды көпшiлiк алдында хабарлау үшiн ең төменгi ставкалар бойынша авторлық сыйақы Қазақстан Республикасының аумағында туындыларды көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн есептеледi.
5. Қаулыда көзделген туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн ең төменгi ставкалар бойынша авторлық сыйақы Қазақстан Республикасының аумағында туындыларды жалға беру, көпшiлiкке прокатқа беру жолымен қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн есептеледi.
6. Қаулыда көзделген авторлық сыйақы ставкалары ең төменгi деңгей болып табылады және, егер пайдаланушы мен автордың, оның құқықтық мирасқорының немесе авторлардың мүлiктiк құқықтарын олардан алған өкiлеттiлiгi шегiнде ұжымдық негiзде басқарушы ұйымның арасында жасалған шартта өзгеше белгiленбесе және сыйақы мөлшерi мүдделi тараптардың арасында дау туғызу нысаны болмаса қолданылады.
7. Туындыларды көпшiлiк алдында орындағаны үшiн авторлық сыйақы:
1) бiр туындыны немесе бағдарламаны көпшiлiк алдында орындағаны үшiн билеттердi сатудан түскен алымның жалпы сомасынан;
2) шарт бойынша кепiлдiк төлем сомаларынан не табыстардың өзге сомаларынан пайызбен есептеледi.
Төлеушi табысының дәл мөлшерiн анықтау қиын болған немесе мүмкiн болмаған жағдайларда, мәтiнi бар немесе мәтiнсiз музыкалық туындыларды, әдеби туындыларды орындаушы әртiстер, сондай-ақ техникалық құралдардың (кез келген дыбыс тасушылардың) көмегiмен дискотекаларға, түнгi клубтарға, мейрамханаларға, кафелерге, кинотеатрларға, сауықханаларға, барларға, бистроларға, асханаларға, ашық алаңдарға, ойын аттракциондарына және басқа да қоғамдық орындарға тегiн кiру кезiнде орындалғаны үшiн авторлық сыйақы қаулымен бекiтiлген Туындыларды көпшiлiк алдында орындау үшiн ең төменгi авторлық ставкалардың 26-тармағында көзделген сыйлық есептiк көрсеткiшпен есептеледi.
8. Туындыларды көпшiлiк алдында хабарлау үшiн авторлық сыйақы табыстың жалпы сомасында пайызбен белгiленген мөлшерлерде есептеледi. Бұл ретте авторлық сыйақы есептелуге тиiс жалпы табыс деп жарнаманы орналастыру, хабарларды жасауға түскен демеушiлiк түсiмдер, демеушiлiк не өзге қаржыландыру түрiндегi түсiмдерден, егер ондайлар бар болса, абоненттiк ақы, туындыларға қол жеткiзу үшiн ақы түрiндегi және тағы да басқа түсiмдерден құралатын табыс түсiнiледi.
9. Авторлық құқықпен қорғалатын, сондай-ақ қорғалмайтын туындыларды қамтитын дыбыстық жазу даналарын қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақы тек авторлық құқықпен қорғалатын даналар үшiн ғана есептеледi.

Наши рекомендации