Дәріс мақсаты: Мемлекеттік аудиттің мәні және маңыздылығы жайлы түсінік беру.

Дәріс сұрақтары:

  1. Мемлекеттік аудиттің мәні
  2. Мемлекеттік аудиттің маңызы, мақсаты
  3. Мемлекеттік аудиттің қағидалары

4. Мемлекеттік аудит көрсеткіштері, міндеттері және сыныптау

Дәріс тезисі:

Мемлекеттік аудиттің негізгі мәні – экономикалық саясаттың табысты іске асуына ықпал ету, елдің, аймақтың, салалардың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану. Қазіргі таңда ИНТОСАИ (қаржылық бақылаудың жоғары органдарының халықаралық ұйымы) мүшелік ететін 190 елдің әлемдік тәжірибесі осы бағытқа айтарлықтай үлесті SAI(Supreme Audit Institutions) аудиттің жоғарғы ұйымы қосып жатқандығын көрсетеді. Қаржылық аудиттің тәуелсіз жоғарғы ұйымы басқару жүйесіндегі айырмашылықтарға қарамастан, дамудың бір бағытын яғни, халқының игілігі үшін ресурстарды пайдалану ашықтығы мен тиімділігін арттыруды ұсынады. Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау , көптеген елдерде мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік аудит саласына айналуына әкеп соқты. Бақылаудың жаңа түрі ретінде аудиттің пайда болуы алғаш рет 1977 жылы ИНТОСАИ конгресінде қабылданған Лимдік декларациясында белгіленген. Лимдік декларацияның талаптарына сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы сыртқы әсерден қабылданатын шешімдердің және оның әрекеттеріне тәуелділігін қамтамасыз ететін сыртқы(ішкі мемлекеттік органдармен құрылмаған, үкіметтің құрамына және оның ведомостваларына кіретін) орган болуы қажет. Танымал қазақстандық аудит саласының ғалымдары Дюсембаев К.Ш. және Абленов Д.О. айтуы бойынша объектінің анықталуы басқа ғылымдардан ажырата алатындай ерекшеліктері болуы керек: ғылымның мақсаты, объектінің ерекшеліктері, танылуы; мәлімет көзі.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау» туралы заңына сәйкес мемлекеттік аудит – бұл талдау, бағалау және басқарудың тиімділігін тексеру және бюджеттік қаражаттың жұмсалуы, квазимемлекеттік сектордың субъектілері мен мемлекеттің активтері, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сонымен қатар мемлекет кепілдік болған қарыздар, бюджеттік қызметті орындауға қатысты басқару тәуекелділіктерінің негізінде.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты басқару тиімділінің артуы мен бюджеттік қаражатты, мемлекеттің активтері мен квазимемлекеттік сектордың субъектілерін орнымен пайдалану.

Мемлекеттік аудиттің объектілеріне мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектордың субъектілері, сонымен қатар бюджеттік қаражатты алушылар жатқызылады. Осыған орай квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, соның ішінде ұлттық басқарудағы холдингтер, ұлттық кәсіпорындар, негізін салушылар, акционерлер мен қатысушылар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңи актілеріне сәйкес аффирленген еншілес, тәуелді, басқа тұлғалар жатады.

ISSAI 100 «Мемлекеттік сектордағы аудиттің негізгі қағидалары» талаптарына сәйкес аудиттің 3 түріне қарай анықтамалар қарастырылған. Қаржылық аудиттің объектісі болып қаржылық жағдайы, өндірістілігі, ақша қаражаттарының қозғалуы және қаржылық жағдайдың басқа элементтері жатқызылады. Пәндік ақпарат ретінде қаржылық жағдайы болып табылады.

Аудит тиімділігі. Аудит тиімділігінің пәні аудит мақсатымен және аудит сұрақтарымен анықталады. Аудит тиімділігің пәні ретінде ағымдағы жағдайдағы нақты мемлемекеттік немесе өнеркәсіптік ақпараттар, ұйымдар, құралдар немесе анықталған қызметтер, сонымен қатар аталған элементтер туралы қаржылық және қаржылық емес ақпараттар бола алады. Аудитор қанағаттандыра алатын немесе алмайтын қабылданған критерийлері бар сатыны бағалау мағсатында нысанды өлшейді немесе бағалайды.

Сәйкестігіне қарай аудит: Сәйкестігіне қарай аудит пәні аудит ауқымдылығымен анықталады. Бұл қызмет, қаржылық операциялар немесе ақпараттар болуы мүмкін.

Аудит объектілеріне байланысты мемлекеттік аудит қызмет атқара алады: тексерілетін бюджеттік құралдарды қолдану саласын немесе тексеру объектісінің қызметін реттейтін құқықтық-нормативтік актілер; тексеру объектісі бойынша қаржылық шаруашылық қызметінің ақпараттарын қамтитын қаржылық есептілік және басқа да құжаттар; ішкі бақылау жүйесі, жиналыстар бойынша тексеру объектісін қамтитын құжаттар.

Мемлекеттік сектордағы кез келген аудит өткізілген аудит түріне байланысты ерекшелене алатын есептерден басталады. Алайда, мемлекеттік сектордағы барлық аудит басқаруға төмендегідей жағдайда үлесін қосады:

· Мемлекеттік аудитке жатқызылатын жеткілікті және тиісті дәлелдерге негізделген қорытындысымен және пікірімен тәуелсіз, объективтік және сенімді ақпарат пайдаланушыларды қамтамасыз ету;

· Мемлекеттік құралдарды және активтерді, соынмен қатар мемлекеттік басқарма тиімлігін пайдалануға жарамды болатын және тұрақты кепілдік беретін есептілікті нығайту;

· Жалпы тексерісті және үкімет алдындағы шараларды түзетуді жүзеге асыратын конституциялық құрылғылар ішіндегі органдардың тиімділігін нығайту;

· Ақпараттарды жеткізу, жан-жақты талдауды жүзеге асыру бойынша ұсынымдарға негізделген ынталандыру шараларын құру.

Аудиттің нақты міндеттері алға қойған мақсатына, оның түріне және жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудит кезінде олардың саны ақпараттық базаның ұлғаюына талдамалық рәсімдердің екпініне байланысты өседі.

Мемлекеттік аудитті жүргізу бойынша қағидалары 1 суретте көрсетілген.

Мемлекеттік аудиттің негізгі қағидалары
Тәуелсіздік
Сенімділік
Анықтылық
Мемлекеттік аудит натижесін өзара мойындау
Жариялылық
Объективтілік
Кәсіби құзыреттілік
Құпиялылық

Сурет 1 – Мемлекеттік аудит қағидалары

Тәуелсіздік мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде мемлекеттік аудит органдарына қол сұғылатын кедергілерді болдырмау.

Объективтілік – бұл мемлекеттік аудитті ҚР заңнамасына, мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес жүргізу, мемлекеттік аудит органдарының объективтілік жағын және мемлекеттік аудит жүргізу кезінде кедергілерді болдырмау жағдайын қолдану.

Кәсіби құзыреттілік білікті және сапалы мемлекеттік аудит жүргізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік аудиторлардың қажетті білім және дағдының барын, мемлекеттік аудит стандарттарын, кәсіби этика ережелерін сақтауды, сонымен қатар кәсіби міндеттерін орындауды көздейді.

Құпиялылық – бұл мемлекеттік аудит органдарының мемлекеттік аудит барысында алынатын немесе олармен құрастырылатын, ҚР заңнамаларында өзгеше көзделмесе, үшінші тұлғаға беруге немесе онда қамтылған ақпарат бойынша ауызша келісімге келуге тиісті емес құжаттарды сақтау бойынша міндеттері.

Сенімділік – мемлекеттік аудит қорытындыларын аудиторлық дәлелдермен растау.

Анықтылық – мемлекеттік аудит қорытындыларын анық көрсету.

Жариялылық – бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік аудит қорытындыларын құпиялылық қағидасын ұстана отырып жариялау.

Мемлекеттік аудит натижесін өзара мойындау – мемлекеттік аудит органдарымен және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтай отырып қаржылық бақылау қорытындыларымен тану.

Мемлекеттік аудитті әртүрлі беліглері бойынша сыныптауға болады. Субъектіге қатысты мемлекеттік аудит ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Сыртқы мемлекеттік аудит міндеттері талдау, бағалау және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен халықтың өмір сүру жағдайының динамикалық өсімін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстармен тиімді және заңнамалық басқаруды тексеру болып табылады.

Қолданылған әдебитеттер:

1. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі: оқу құралы/ Д.О. Абленов. –Алматы: Экономика, 2007.

2.Зейнельгабдин А.Б.Финансовая система Казахстана: становление и развитие. Монография- Астана: Изд.КазУЭФиМТ, 2008

3.Оксикбаев О.Н. Независимый финансовый контроль в Казахстане: становление, институциональное укрепление и перспективы развития. Астана, 2006

4. Бейсенова Л.З. Основы финансового контроля. Учебное пособие для студентов и магистрантов – Астана «Центр Элит»,2010

Наши рекомендации