Gl] 7 ТАҚЫРЫП.ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 4 страница
Бұл факторлардың ықпалын есептеу тізбекті қойылым, абсолюттік және салыстырмалы айырымдар тәсілдері арқылы жүзеге асады.
Өнім шығарылымы мен қор қайтарылымын көбейту резервтері.
Талдаудың аяғында өнім шығарылымы мен қор қайтарымын көбейту резервтері есептелінеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады: орнатылмаған жабдықты іске қосу, оны алмастыру және жетілдіру, бүкіл күндік және ауысым ішіндегі тоқтап қалуларды қысқарту, ауысымдылық коэффициентін жоғарылату, оның одан да қарқынды (интенсивті) пайдаланылуы, ҒТП шараларын енгізу. Өнім шығарылымының ұлғаю және қор қайтарымын көбею резервтері келтірілді. Ағымдық және болашақтағы резервтерді анықтаған кезде факторлық көрсеткіштердің жоспарлық деңгейінің орнына олардың мүмкін болатын деңгейі есепке алынады.
Мысалы, жаңа жабдықты іске қосу есебіне өнім шығарылымын көбейту резервтерін оның қосымша мөлшерін орташа жылдық өндірімнің нақты шамасына немесе оның деңгейін қалыптастыратын барлық факторлардың нақты шамасына көбейту арқылы анықтайды:
Р↑ЖӨс = Р↑С × ОЖӨн = Р↑С × Кн × Кауысым.н × Ұн × СӨн.
Жабдықтың бүкіл күндік тоқтап қалуларының қысқаруы бір жылдағы оның әрбір бірлігімен істелінген күндерінің орташа санының көбеюіне әкеледі. Бұл өсімді жабдықтың мүмкін болатын санына және бірліктің нақты орташа күндік өндіріміне көбейту керек:
Р↑ЖӨк = См × Р↑К × ОКӨн = См × Р↑К × Кауысым.н × Ұн × СӨн.
Өндірістің жақсырақ ұйымдастырылуы нәтижесінде ауысымдылық коэффициентінің жоғарылуы есебінен өнім шығарылымының көбею резервін есептеу үшін ауысымдылық коэффициентінің мүмкін болатын өсімін жабдықтың бүкіл паркі жұмыс істеу күндерінің мүмкін болатын санына және нақты ауысымдық өндірімге (АуысымӨн) көбейту керек:
Р↑ЖӨауысым.к = См × Км × Р↑Кауысым × АуысымӨн = См × Км × Р↑Кауысым × Кауысым.н × Ұн × СӨн.
Ауысым ішіндегі тоқтап қалулардың қысқаруы есебінен ауысымның орташа ұзақтылығы, яғни өнім шығарылымы да көбейеді. Бұл резервтің шамасын анықтау үшін ауысымның орташа ұзақтылығының мүмкін болатын өсімін жабдықтың орташа сағаттық өндірімінің нақты деңгейіне және оның бүкіл паркімен істелінген ауысымдардың мүмкін болатын санына (Ауысымм) (жабдықтың мүмкін болатын санының, жабдық бірлігімен істелінген күндердің мүмкін болатын санының және ауысымдылықтың мүмкін болатын коэффициентінің көбейтіндісі) көбейту керек:
Р↑ЖӨұ = Ауысымм × Р↑Ұ × СӨн = См × Км × Кауысым.м × Р↑Ұ × СӨн.
Жабдықтың орташа сағаттық өндірімін жоғарылату есебінен өнім шығарылымын көбейту резервтерін анықтау үшін ең алдымен жабдықтың орташа сағаттық өндірімінің оның жетілдірілуі, одан да қарқынды (интесивті) пайдалану, ҒТП шараларын енгізу және т.с.с. есебінен өсу мүмкіндіктерін айқындап алу қажет. Одан кейін орташа сағаттық өндірімді жоғарылатудың айқындалған резервін жабдық жұмысының мүмкін болатын сағаттар санына Тм көбейту керек (жабдықтардың мүмкін болатын санының, жұмыс күндері санының, ауысымдылық коэффициентінің, ауысым ұзақтылығының көбейтіндісі):
Р↑ЖӨсө = Тм × Р↑СӨі = См × Км × Кауысым.м × Ұм × Р↑СӨі.
Қор қайтарымының өсу резервтері – бұл өнім өндірісі көлемінің көбеюі және негізгі өндірістік қорларының (НӨҚ) орташа жылдық қалдықтарының қысқаруы:
Р↑ҚҚ = ҚҚм – ҚҚн = (ЖӨн + Р↑ЖӨ) / (НӨҚн + НӨҚқос – Р↓НӨҚ) – ЖӨн / НӨҚн,
Мұндағы:
Р↑ҚҚ – қор қайтарымының өсу резервісі;
ҚҚм, ҚҚн – қор қайтарымының сәйкесінше мүмкін болатын және нақты деңгейлері;
Р↑ЖӨ – өнім шығарылымын көбейту резервтері;
НӨҚқос – өнім шығарылымын көбейту резервтерін меңгеру үшін қажетті негізгі өндірістік қорлардың қосымша сомасы;
Р↓НӨҚ – керексіз негізгі өндірістік қорларды сатып өткізу мен жалға беру және жарамсыз НӨҚ-ды есептен шығару арқылы НӨҚ-дың орташа қалдықтарын қысқарту резерві.
3. Өнім өндірісі бойынша жоспарлар орындалуының, оның өзіндік құны төмендеуінің, пайда, пайдалылық (рентабельділік) өсуінің қажетті шарты – бұл кәсіпорынның қажетті ассортиментте және сапада шикізат пен материалдармен уақытында қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның өнім бірлігіне кететін материалдық ресурстар қажеттілігінің өсуі экстенсивті жолмен (материалдар мен энергияның көп мөлшерін сатып алумен немесе өз бетінше өндірумен) немесе қарқынды (интенсивті) жолмен (өнімнің өндірісі барысында қолда бар ресурстарды үнемдірек пайдаланумен) қанағаттандырылуы мүмкін.
Бірінші жолы өнім бірлігіне кететін үлестік материалдық шығындардың өсуіне әкеледі, дегенмен, оның өзіндік құны бұл кезде өнім өндірісінің көлемі ұлғаюы және тұрақты шығындар үлесінің азаюы есебінен төмендеуі де ықтимал. Екінші жол үлестік материалдық шығындардың қысқаруын және өнім бірлігінің өзіндік құнының төмендеуін қамтамасыз етеді. Шикізаттың, материалдардың және энергияның үнемді пайдаланылуы олардың өндірісінің көбеюіне тепе-тең. Материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін және пайдаланылуын талдау мәселелері:
а) материалдық-техникалық жабдықтау жоспарларының нақтылығын, олардың пайдаланылу және өнім өндірісінің көлеміне ықпалының деңгейін, оның өзіндік құнын және басқа да көрсеткіштерді бағалау;
ә) материалдық ресурстардың пайдаланылу тиімділігінің деңгейін бағалау;
б) материалдық ресурстарды үнемдеудің өндіріс ішіндегі резервтерін айқындау және оларды пайдалану бойынша нақты шараларды жасап шығару.
Материалдық ресурстарды талдау үшін ақпарат көздері: материалдық-техникалық жабдықтау жоспары, шикізат пен материалдарды жеткізуге өтінімдер мен келісім-шарттар, материалдық ресурстардың қолда бары және пайдаланылуы жөніндегі №1-СН, 3-СН, 4-СН, 11-СН; 12-СН статистикалық есеп беру нысандары және өндіріске кеткен шығындар жөніндегі нысан №5-з, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің жедел деректері, аналитикалық бухгалтерлік есептің материалдық ресурстардың келіп түсуі, шығындалуы және қалдықтары жөніндегі мәліметтері және т.б.
Материалдық-техникалық жабдықтау (МТЖ) және материалдық ресурстармен қамтамасыз етілу жоспарының орындалуын талдау.
МТЖ жоспарының нақтылығын және оның материалдардың көлемі, ассортименті, сапасы және жеткізілімдердің ырғақтылығы бойынша нақты орындалуын тексеру. Қоймалық запастардың жағдайын талдау. Материалдардың қажетті мөлшерде жеткізілмеуі, олардың жаман сапасы, материалдарды алмастыру, жеткізілім графиктерінің бұзылуы және т.с.с. есебінен өнім өндірісін көбейтудің пайдаланылмаған резервтерін анықтау.
Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдаған кезде алдымен материалдық-техникалық жабдықтау жоспарының сапасын тексереді. Жоспар нақтылығының тексерісін кәсіпорынның материалдық ресурстарға қажеттілігін есептеу негізіне қойылған нормалар мен нормативтерді зерделеуден бастайды. Одан кейін жабдықтау жоспарының өнім өндірісінің қажеттіліктеріне және материалдардың прогрессивтік шығын нормаларына қарай қажетті запастардың құрылуына сәйкестігін тексереді.
Кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысының маңызды шарты – бұл материалдық ресурстарға қажеттіліктің толық мөлшерде жабу көздерімен қамтамасыз етілуі. Олар сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы көздерге – қол қойылған келісім-шарттарға сәйкес жеткізушілерден келіп түсетін материалдық ресурстар. Ішкі көздер – шикізат қалдықтарын қысқарту, қайталама шикізатты пайдалану, материалдар мен жартылай фабрикаттарды өз бетінше даярлау, ғылыми-техникалық прогрессдің жетістіктерін енгізу нәтижесінде материалдарды үнемдеу.
Материалдық ресурстарды сырттан әкелуге нақты қажеттілік – бұл материалдардың белгілі бір түріне жалпы қажеттілік пен оны жабуға меншікті ішкі көздерінің сомасы арасындағы айырым.
Талдау барысында материалдық ресурстарды әкелуге қажеттіліктің оларды жеткізуге келісім-шарттармен қамтамсыз етілуін және олардың нақты орындалуын тексеру керек.
Сонымен қатар, жеткізушілерден алынған материалдардың сапасы, олардың стандарттарға, техникалық шарттарға және келісім шарттарына сәйкестігі тексеріледі және олардың бұзылуы анықталған жағдайда жеткізушілерге наразылық білдіріледі. Кәсіпорынға мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінген материалдар жеткізілімі және кооперацияланған жеткізілімдер орындалуын тексеруге көп көңіл бөлінеді.
Материалдарды жеткізудің мерзімдері (ырғақтылық) бойынша жоспардың орындалуының маңызы зор. Жеткізілім мерзімдерін бұзу өнімді өндіру және сатып өткізу жоспарының жеткіліксіз орындалуына әкеледі. Жеткізілімдер ырғақтылығын бағалау үшін ырғақтылық коэффициенті, вариация коэффициенті қолданылады.
Шикізат ен материалдардың қоймалық запастарының жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Ағымдық, маусымдық және сақтандыру запастарын айыруға болады. Ағымдық запастың шамасы күндермен берілген жеткізілім интервалына және і-ші материалдың орташа тәуліктік шығынына тәуелді:
Зағым = Инт × Штәулік.
Талдау барысында шикізат пен материалдардың аса маңызды түрлер запастарының нақты мөлшерінің нормативті мөлшеріне сәйкестігі тексеріледі. Бұл мақсатпен материалдардың табиғи түрде қолда бары туралы және олардың орташа тәуліктік шығындалуы жөніндегі деректердің негізінде материалдармен қамтамасыз етілуін күндер түрінде есептейді де, оны нормативті қамтамасыз етілумен салыстырады.
Сонымен қатар, шикізат пен материалдар запастарының жағдайын артық және керексіздерді анықтау мақсатымен тексереді. Оларды қоймалық есепке алудың деректері бойынша кіріс пен шығысты салыстыру арқылы орнатуға болады. Егер қандай-да материалдар бойынша бір жыл немесе одан да көп уақыт бойы шығыс жоқ болса, онда оларды өтімсіз тобына жатқызады да, жалпы құнын санайды.
Соңында келесі себептердің кесірінен болған өнімнің жоғалтулары саналады:
а) материалдардың қажетті мөлшерде жеткізілмеуі;
ә) материалдардың жаман сапасы;
б) материалдарды алмастыру;
в) материалдарға бағаның өзгеруі;
г) жеткізілім графиктерінің бұзылуы есебінен тоқтап қалулар.
Материалдардың қажетті мөлшерде жеткізілмеуі есебінен өнім өндірісі көлемінің азаюы келесі түрде анықталады: і-ші түрдегі қажетті мөлшерде жеткізілмей қалған материалдардың мөлшері олардың өнім бірлігіне кететін шығын нормасына бөлінеді.
Шикізат пен материалдардың төмен сапасы есебінен жоспардан артық қалдықтар пайда болады. Осы фактордың кесірінен өнім шығарылымы қаншалықты азайғанын есептеу үшін і-ші шикізат немесе материалдың жоспардан артық қалдықтарының мөлшерін оның өнім бірлігіне кететін шығын нормасына бөлу керек.
Жеткізілетін материалдардың ассортименті бұзылған кезде кәсіпорын келіп түскен материалдың жетілдірілуін жасау мүмкін немесе оны алмастыратын материалды табу керек. Материалды жетілдірген кезде оның өнім бірлігіне артық шығындалуы пайда болады; ал бұл айнымалы шығындар сомасының көбеюіне әкеледі. Жоғалтуларды анықтау үшін материалды жетілдіру нәтижесінде өнім бірлігіне материалдардың артық шығындалуын осы материалдан даярланатын өнімнің нақты шығарылымына және оның бағасына көбейту керек.
Сонымен қатар, материалды жетілдіргені үшін жұмыскерлер еңбегіне ақы төлеуге қаражаттардың қосымша шығыны болады.
Бұндай операцияның тиімділігін кешенді түрде бағалау үшін өнім бірлігінің өзіндік құны, сәйкесінше, кәсіпорынның пайдасы да қалайша өзгергенін анықтау керек.
Егер бір материалдың одан қымбатырақ материалмен алмастырылуы жүзеге асатын болса, онда шығындардың сомасы міндетті түрде өседі. Оны анықтау үшін алмастырылған материалдың мөлшерін (Аа) өзара алмастырылатын материалдардың бағаларындағы айырымына көбейту керек:
Аа = Ма × (Ба.к. – Ба.д.).
Жеткізуші шикізат пен материлдардың бағаларын көтерген кезде ұқсас жағдай пайда болады. Бұнда да кәсіпорын үшін не тиімдірек екенін анықтай керек:
а) қымбатырақ материалдарды пайдалану есебінен айнымалы шығындарды көбейту, бірақ көлемді ұлғайту есебінен қосымша пайда табу;
ә) егер қымбаттық шикізатты пайдалану нәтижесінде өнім залалдық болса, онда өнімнің бұл түрінің өндіріс көлемін азайту, немесе жаңа арзанырақ шикізат нарықтарын іздестіру, немесе өндіріс құрылымын өзгерту.
Үлкен жоғалтулардың себебі – шикізат пен материалдардың ырғақсыз жеткізілулері, өйткені кәсіпорындар тоқтап тұрады да, көп өнімді қажетті мөлшерде өндірмейді, осының нәтижесінде көп пайдасын жоғалтады. Бұл жоғалтуларды анықтау үшін материалдардың жоқтығынан тоқтап қалулардың адам-сағаттар санын өнімнің жоспарлық орташа сағаттық өндіріміне көбейту керек. Шығындар сомасы да көбейеді, себебі кәсіпорын кесірінен тоқтап қалуларды жұмыскерлерге төлейді.
Материалдық ресурстардың пайдаланылуын талдау.
Материалдық ресурстардың пайдаланылу тиімділігін бағалау үшін қолданылатын жалпылама және дербес көрсеткіштердің жүйесі. Оларды есептеу және талдау әдістемесі. Өнімнің жалпы, дербес және үлестік материал сиымдылығының өзгеру факторлары. Олардың өнімнің материал сиымдылығына және шығарылымына ықпалын анықтау.
Материалдық ресурстардың пайдаланылу тиімділігін сипаттау үшін жалпылама және дербес көрсеткіштердің жүйесі қолданылады.
Жалпылама көрсеткіштерге – материал қайтарылымы, материал сиымдылығы, өнім көлемінің өсу қарқындары мен материалдық шығындар қатынасының коэффициенті, өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың үлес салмағы, материалдардың пайдаланылу коэффициенті.
Материал қайтарылымы өндірілген өнімнің құнын материалдық шығындардың сомасына бөлу арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш материалдардың қайтарылымын сипаттайды, яғни тұтынылған материалдық ресурстардың (шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның және т.с.с.)әрбір теңгесінен қанша өнім өндірілгенін білдіреді.
Өнімнің материал сиымдылығы материалдық шығындар сомасын өндірілген өнімнің құнына қатынасы түрінде есептелінеді. Ол өнім бірлігін өндіруге керекті немесе нақты келетін материалдық шығындарды көрсетеді.
Өнім көлемінің өсу қарқындары мен материалдық шығындар қатынасының коэффициенті жалпы немесе тауарлық өнім индексінің материалдық шығындар индексіне қатынасы түрінде анықталады. Ол салыстырмалы түрде материал қайтарылымының динамикасын сипаттайды және, сонымен бірге, оның өсу факторларын айқындайды.
Өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың үлес салмағы материалдық шығындар сомасының өндірілген өнімнің толық өзіндік құнына қатынасы ретінде есептелінеді. Бұл көрсеткіштің динамикасы өнімнің материал сиымдылығының өзгерісін сипаттайды.
Материалдық шығындардың коэффициенті – бұл материалдық шығындардың ноқты сомасының шығарылған өнімнің нақты көлеміне қайта саналған жоспарлық сомасына қатынасы. Ол өндіріс барысында материлдар қаншалықты үнемді пайдаланылатынын көрсетеді, олардың орнатылған нормалармен салыстырғанда артық шығындалуының барын не жоқтығын бейнелейді. Егер коэффициент 1-ден артық болса, онда бұл өнім өндірісіне материалдық ресурстардың артық шығындалуын білдіреді, және, егер керісінше болса, яғни коэффициент 1-ден аз болса, онда материалдық ресурстар үнемді пайланылды деген сөз.
Материал сиымдылығының дербес көрсеткіштері материалдық ресурстардың жеке түрлерінің пайдаланылу тиімділігін сипаттау үшін (шикізат сиымдылығы, металл сиымдылығы, отын сиымдылығы, энергия сиымдылығы және т.б.), сонымен қатар, жеке бұйымдардың материал сиымдылық деңгейін сипаттау үшін (өнім бірлігіне барлық тұтынылған материалдар құнының оның көтерме бағасына қатынасы) қолданылады.
Үлестік материал сиымдылық ақшалай түрде де, табиғи немесе шартты-табиғи түрде де (і-ші өнімнің түрін өндіруге шығындалған материалдық ресурстар мөлшерінің немесе салмағының осы түрдегі өнімнің шығарылған мөлшеріне қатынасы) есептелуі мүмкін.
Талдау барысында материалдық ресурстардың пайдаланылу тиімділігі көрсеткіштерінің нақты деңгейі жоспарлық деңгеймен салыстырылады, олардың динамикасы және өзгеру себептері, сонымен қатар, өнім өндірісінің көлеміне ықпалы зерделінеді.
Материал сиымдылығы, материал қайтарылымы секілді, жалпы (тауарлық) өнімнің көлеміне және оны өндіруге кеткен материалдық шығындардың сомасына тәуелді болады. Құн түріндегі жалпы (тауарлық) өнімнің көлемі өндірілген өнімнің мөлшері (ЖӨ), оның құрылымы (ҮС1) және сату бағаларының деңгейі (СБ) есебінен өзгеруі ықтимал. Материалдық шығындардың сомасы (МШ) да өндірілген өнімнің көлеміне, оның құрылымына, өнім бірлігіне жұмсалған материалдардың шығынына (ҮШ) және материалдардың құнына (МБ) тәуелді болады. Нәтижесінде жалпы материал сиымдылығы өндірілген өнімнің құрылымына, өнім бірлігіне кететін материалдар шығынының нормасына, материалдық ресурстар бағаларына және өнімнің сату бағаларына тәуелді болады. Материал қайтарылымына немесе материал сиымдылығына бірінші реттегі факторлардың ықпалын тізбекті қойылым тәсілімен анықтауға болады. Бұдан кейін өнімнің жеке түрлерінің материал сиымдылығын және оның деңгеінің өзгеру себептерін зерделеу қажет. Ол материалдардың шығын нормаларына, олардың құнына және өнімнің сату бағаларына тәуелді болады. Өнімнің дербес материал сиымдылығы үлестік материал сиымдылығына (ҮМС) (өнімнің бірлігіне шығындалған материалдардың құнына) және өнімнің сату бағаларының деңгейіне (СБД) тәуелді болады. Олардың ықпалын есептеу үшін тізбекті қойылым тәсілі немесе интегралдық әдіс пайдаланылады.
Сонымен қатар, бұндай факторлардың ықпалын есептеу үшін абсолюттік айырымдар тәсілін қолдануға болады.
Өнім бірілігіне материалдық ресурстардың шығыны материалдардың сапасы, бір түрінің екінші түрімен алмастырылу, өндірістің техникасы мен технологиясы, материалдық-техникалық жабдықтаудың және өндірістің ұйымдастырылуы, шығын нормаларының өзгеруі, қалдықтар мен жоғалтулар және т.с.с. есебінен өзгеруі мүмкін.
Шикізат пен материалдардың құны олардың сапасына, топ ішіндегі құрылымына, шикізат нарықтарына, құнсыздануға байланысты олардың бағаларының өсуіне, көліктік-дайындама шығындарына және т.б. тәуелді болады.
Өнім бірлігіне кететін шикізаттың үлестік шығынының өзгеріс себептерін зерделеу және оны қысқартудың резервтерін іздестіру аса маңызды мәселелер болып табылады.
Кейінгі талдау барысында осындай факторлардың есебінен өнім шығарылымы қалайша өзгергендігін анықтау керек.
Өнім өндірісінің көлеміне материалдық ресурстардың ықпалын нақтылаудың әртүрлі деңгейінде анықтауға болады. Бірінші деңгейдегі факторлар – бұл пайдаланылған материалдық ресурстар сомасының және олардың пайдаланылу тиімділігінің өзгерісі.
Егер материал қайтарылымы (материал сиымдылығы) ненің есебінен өзгергендігі белгілі болса, онда өнім шығарылымы қалайша өзгергендігін есептеу қиынға түспейді. Бұл үшін і-ші фактордың есебінен материал қайтарылымының өсімін материалдық шығындардың нақты сомасына көбейту керек. Материал сиымдылығы есебінен өнім өндірісі көлемінің өзгерісі тізбекті қойылымдар тәсілі арқылы анықталады.
Нақтырақ талдауды материалдық ресурстардың әр түрі бойынша жасауға болады:
а) дайындалған шикізат салмағы бойынша;
ә) ауысатын шикізат қалдықтары бойынша;
б) шикізат қалдықтары бойынша;
в) шикізаттың үлестік шығыны бойынша.
Дәл осындай үлгі бойынша шикізат мөлшерінің көбеюі, оның қалдықтарының және өнім бірлігіне шығынының қысқаруы есебінен өнім шығарылымының өсу резервтерін есептеуге болады.
Өнім бірлігіне кететін шикізат шығынын – бұйымдар конструкцияларын қарапайымдандыру, өндірістің техникасын және технологиясын жетілдіру, сапасы жоғарырақ шикізатты дайындау және оны сақтау барысындағы жоғалтуларын азайту, ақауды болдыртпау, қалдықтарды максималды пайдалану және т.с.с. арқылы азайтуға болады.
Талдау аяғында барлық өнім өндірісін көбейтудің айқындалған резервтерін өндірістің барлық негізгі факторлары бойынша (еңбек ресурстарының, еңбек құралдырының және еңбек заттарының жақсырақ пайдаланылуы) жалпыландыру қажет және барлық ресурстар бойынша баланстандырылған оның нақты шамасын анықтау керек. [kgl]